Комиссиялық сараптама күрделі сот сараптамалық зерттеу
жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда тағайындалады, жəне
бір мамандық саласынан кем дегенде екі сот сарапшысының қа-
тысуымен жүргізіледі.
Мұнымен қатар комиссиялық сот сараптамасын тағайын-
даған орган (тұлғаның) қаулысының, анықтамасының орындалуы
міндеттеледі.
Сот сараптамасы органының жетекшісі ұсынылған материалдар
бойынша комиссиялық сот сараптамасын жүргізу жəне оны ұйымда-
стыру туралы дербес шешім қабылдауға құқылы.
Комиссия құрамына енетін сот сарапшыларының қызметін (жұ-
мысын) үйлестіру үшін сот сараптамасы органының жетекшісі са-
рапшы-үйлестірушіні тағайындайды.
Сарапшы-үйлестіруші сот сараптамалық зерттеу жұмысының
жалпы жоспарының талдамасын жасайды, сот сараптамасын жүргізу-
дің жалпы мерзімі аясында жекелеген зертт еулерді жүргізу уақытын
анықтайды жəне олардың сақталуын бақылайды, сот сараптамасын
тағайындаған органмен (тұлғамен) байланыс орнатады, сот сарапшы-
ларының мəжілісін басқарады.
Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыла-
рының əрқайсысы тəуелсіз əрі дербес түрде толық көлемде зерттеу
жүргізеді.
Сараптамалық комиссия мүшелері алынған нəтижелерді бірлесіп
17
талдайды немесе барлығы бір ортақ пікірге тоқт ай отырып, сот са-
раптама қорытындысына қол қояды немесе қорытынды берудің мүм-
кін еместігі туралы хабарлама жасайды. Əртүрлі пікірлер туындаған
жағдайда тұжырымы комиссияның басқа мүшелерінің пікірлерінен
өзгешеленетін сот сарапшысы сол өз тұжырымын қорытындыда жеке
рəсімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |