Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет19/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

Фонетика  бойынша:  қазақ  тілінің  фонемалық  және  фонетикалық  жүйесі 

туралы;  тірек  кестелер  арқылы  қазақ  тіліне  тән  үндестік  заңын  қолдануды; 

белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды; 

Лексика бойынша: бастауыш сыныпқа ұсынылған лексикалық минимумның 

480-5


00 сөзін; лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орынды пайдалануды; 

34 


 


  

Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша: сөздердің түбірі мен қосымшаларын 

айыруды; сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды;  



Грамматика  бойынша:  септік,  тәуелдік,  жіктік,  көптік  жалғауларын,  

жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне қарай пайдалануды; лексикалық 

минимум көлеміндегі сөздерді көптеуді, тәуелдеуді, септеуді, жіктеуді; сөздің 

мағынасына  қарай  сөз  таптарын:  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім  мен  етістікті  

ажырата  алуды;  сөйлем  түрлерін  ажыратуды;  сөйлемдегі  сөздердің 

байланысын; 



Орфография бойынша: үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп 

отырып сауатты жазуды білуі тиіс. 

Сонымен  бірге  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларына  қойылатын 

талаптар сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша да айқындалады. 



Айтылым бойынша: 

логикалық бірізділікпен әңгіменің сабақтастығын сақтап баяндауды; 



- 8-

9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-әрекетті сипаттауды

естіген, оқыған ақпаратты қайта баяндауды; 



Тыңдалым бойынша: 

- 10-


12 сөйлемнен тұратын диалогтағы мұғалімнің, сыныптастарының сөзін,    

шағын ақпараттарды түсінуді; 

естіген ақпараттағы негізгі ойды ажыртуды, негізгі мазмұнын түсініп  



айтуды;  

тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіруді; 



Оқылым бойынша: 

шағын мәтінді түсініп оқуды; 



- 10-1

5 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқуды; 

іштей оқу дағдысын дамыта отырып, мәтіннен негізгі және қосымша  



ақпараттарды айыруды; 

оқыған мәтін бойынша: мәтінге тақырып қоюды, қарапайым жоспар  



жасауды, сұраққа жауап беруді және логикалық тұрғыдағы сұрақтар  

құруды, өз пікірін білдіруді, бағалауды, әр азат жолдың негізгі ойын 1  

сөйлеммен айтуды;  

- 9-


10 жолды өлеңді мәнерлеп түсініп оқуды; 

өз бетінше сөздіктен сөздердің аудармаларын табуды; 



қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді; 

көркем мәтіндердің танымдық мазмұнын түсінуді;  



контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді танып, күнделікті өмірмен 

байланыстыруды, өз пікірін білдіруді; 

Жазылым бойынша: 

белсенді лексикаға енген сөздерді естіп отырып  сауатты жазуды; 



лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды; 

грамматикалық дағдыларды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауды;  



қарым-қатынас әрекетін жасауға арналған тапсырмаларды орындауды; 

өз кестесін құруды (күн тәртібі, сабақ кестесі т.б.); 



35 

 



  

ашық хатқа құттықтау сөздер мен тілектер жазуды; 



Тілдесім бойынша: 

диалог-сұрастыру  жүргізуді,  сөйлеу  мәдениетін  ескере  отырып, 



келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде білдіруді; 

күнделікті өмірлік және сабақта жиі кездесетін жағдаяттарда тілдік этикет 



нормаларын қолдана отырып, қатысымға түсуді; 

қатысымдық  тұрғыдағы  диалогқа  қатысуды:  әңгімені  бастауды,  әңгімеге 



кірісуді, қайталап беруді өтінуді; 

таныс тақырыпқа шағын диалог құрастыруды; 



өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда тілдесуді меңгеруі тиіс.  

Мемлекеттік  тілді  меңгертуде  пәннің  білім  мазмұнын  және  оқушыларда 

қалыптасуы тиіс білік, дағдыларды анықтаумен қатар, оқытудың ұстанымдары 

мен әдістерін нақтылаудың да маңызы ерекше.  

Өзге  тілді  мектеп  оқушыларына  мемлекеттік  тілді  меңгертуде  негізге 

алынатын дидактикалық ұстанымдар екі бағытта белгіленді.  

1. Мемлекеттік тілді меңгертудің дәстүрлі ұстанымдары.  

2. Мемлекеттік тілді меңгертудің арнайы ұстанымдары.  

Мемлекеттік  тілді  меңгертудің  дәстүрлі  ұстанымдарына  дидактика 

ғылымында  негізін  Я.А.Коменский,  Ж.Ж.Руссо,  И.Г.Песталоцци  және 

К.Д.Ушинский  қалаған,  қаншама  жылдық  тарихы  бар  жалпы  дидактикалық 

ұстанымдар жатады.  

Оқыту  үдерісінде  кез  келген  пән  бойынша  оқушылардың  білім,  білік, 

дағдыларын  қалыптастыруда,  ең  бастысы,  оқушыларды  ғылыми  біліммен 

қаруландыру  міндеті  аса  маңызды.  Осы  орайда  оқытудың  ғылымилығы 

ұстанымы жетекші рөл атқарады. Бұл ұстаным бойынша оқушыларға берілетін 

білімнің  мазмұнының  ғылымның  қазіргі  даму  деңгейіне  сәйкестігі,  оларға 

заттар  мен  құбылыстардың  заңдылықтарын  ұғындыру  және  олардың 

арасындағы  себеп-салдарлық  байланысты  ашу  ескеріледі.  Бастауыш  мектепте 

кез  келген  пәнді  оқытуда  оқушылардың  қарапайым  ғылыми  зерттеу 

дағдыларын  қалыптастыру,  заттар  мен  құбылыстардың  негізгі  және  жанама 

белгілерін  ажырату,  қоршаған  әлемде  және  табиғатта  болып  жатқан 

құбылыстарды  түсіну,  салыстыру,  талдау,  жіктеу,  жүйелеу,  жалпылау  білік, 

дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделеді.  

Оқушыларды  ғылыми  біліммен  қаруландыруды  көздесек,  оның  жүйелілігі 

мен  сабақтастығы,  бірізділігі  де  ескерілуі  міндетті.  Бұл  орайда  дидактиканың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет