Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді



Pdf көрінісі
бет27/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді 

меңгертудің тиімді жолдары 

 

 

Қазіргі  кезеңде  ғылымның,  техниканың,  ақпараттық  және  инновациялық 



технологиялардың  аса  қарқынды  дамуы  барысында    адамның  білім  алуымен 

қатар,  оның  білігін,  дағдысын  және  құзыреттерін  жоғары  деңгейде 

қалыптастыру,  соның  негізінде  әлемдік  деңгейде  бәсекеге  қабілетті  мамандар 

дайындау елдегі білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. 

  

«Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 



жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы           1 

ақпандағы  № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы 

Президентінің  2011  жылғы  29  маусымдағы  №  110  Жарлығымен      Қазақстан 

Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011  -  2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік  бағдарламасында[3]  елдегі  қоғамдық-экономикалық  

барлық  салаларда  мемлекеттік  тілді  кең  көлемде  қолдануға  тиісті  жағдайлар 

жасаудың өзекті проблемаларын шешудің нормативтік құқықтық негізі ретінде 

қарастырылады. 

 

Бұл бағдарламада  қазақ тілінің қолданыс аясын  кеңейту  үшін техникалық 



және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  мемлекеттік  тілді  деңгейлеп  оқыту 

мәселелері де қарастырылған.  

Жаңа  жүйе  бойынша  құрастырылған  оқыту  бағдарламасында  мемлекеттік 

тілді  оқытуға  арналған  әр  модуль  лексикалық  және  грамматикалық 

тақырыптарды қамтиды. Тақырыпқа сәйкес мәтіндер мен жаттығу жұмыстары, 

диалогтар  беріледі. Оқу  барысында  әр  деңгейдің  тыңдаушыларынан  аралық 

тесті  алынады.  Сол  арқылы  үйренушілердің  материалды  қалай  меңгеріп 

жатқандығы анықталады.  



      

Бастауыш  деңгейде  тыңдаушылар  1000-1500  сөзді  жұмыс  барысында 

мамандықтарына  сәйкес  қолдана  алатын  деңгейге  жетеді,  қазақ  тілін  сөйлеу 

құралы  ретінде  және  жазбаша  түрде  меңгеретін  дәрежеге  жетуі  көзделеді. 

Мамандыққа қатысты кәсіби тілде сөйлей алатын болады.  

      

Жалғастырушы  деңгей  күнделікті  қоғамдық-әлеуметтік  және  тұрмыс-

тіршілік  қатынаста  қолдануға  қажет  білім,  білік  дағдыны  меңгеруге 

бағытталған.  Ісқағаздарын  қазақша  жүргізудің  үлгілері  мен  өз  салаларына 

қатысты  терминдік  сөздерді  игеру  көзделеді.  Жалғастырушы  деңгейде 

тыңдаушылар  меңгеруге  тиісті  салалық  бағыттағы  1500-2500  терминдік 

сөздерді меңгеріп шығады.  



Тереңдетілген  деңгей  тыңдаушылар  мамандықтарына  сай  мемлекеттік 

терминология  комиссиясында  бекітілген  терминдерді,  ресми  құжаттар  тілінде 

қолданылатын  тұрақты  сөз  орамдарын  дұрыс  қолдана  білетін  болады. 

Тыңдаушылар курсты аяқтаған кезде ісқағаздарын толық меңгеріп, өздері сол 

ісқағаз үлгілерін сауатты толтыра алатындай дәрежеде болады.  

Еуропада  қабылданған  осы  «шет  тілін  білудің  жалпыеуропалық 

құзыреттері:  оқып-үйрену,  оқыту,  бағалау»  (Common  European  Framework  of 

50 


 


  

Reference  или  CEF)    тілдерді  оқып-үйренудің  әр  деңгейіне  қойылатын  нақты 

стандартты  анықтаудың,  сонымен  қатар  халықаралық  жүйе  бойынша  оқыту 

нәтижесін бағалаудың практикалық инструменті болып табылады.  

«Құзыреттер»  1989  жылдан  1996  жылдар  аралығына  Еуропа  Кеңесі 

дайындаған  «еуропалық  азаматтың  тілді  оқып-үйрену»  жобасының  бір  бөлігі 

ретінде жасалған. Бұл құжат аттестаттау жүйесінің бес дағдысын қамтиды: оқу, 

жазу,  дауыстап  оқу,  ауызша  диалог  және  ауызша  презентация  (монологтік 

сөйлеу). Осы шкала бойынша тілді білудің алты деңгейі белгіленген. 

Ел  экономикасының  әр  салалары  бойынша  қазақ  тілін  оқыту деп  оны  әр 

салаға  бейімдеп  оқытуды,  сол  салада  қолданылатын  терминдерді  ұтымды 

пайдаланып   ауызша  сөйлеуге  жаттықтыруды,  сол  саланың   іс  құжаттарын, 

нормативтік  құқықтық   актілерін,   құжаттарды   қазақ  тілінде  толтыруға  

жаттықтыруды  айтамыз.  Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  толыққанды  

қызмет  етуінің  негізгі  шарттарының  бірі  ретінде    оның  қоғамдық  өмірдің 

барлық саласында қолданылуын және іс қағаздарының, әсіресе кәсіптік салалар 

бойынша,  қазақша жүргізілуін айтуға болады.   

Мемлекеттік  тіл  орта,  арнаулы  орта,  жоғары  оқу  орындарында  негізгі 

пәндердің бірі ретінде ұзақ жылдардан бері оқытылып келе жатыр. Бұл бағытта 

жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктер де аз емес.  

Дегенмен басқа ұлт; ұлыс өкілдерінің мемлекеттік тілді нашар меңгеруінің 

негізгі  себептерінің  бірі  -  мемлекеттік  тілді  оқуға  деген  уәждеменің  төмен 

болуы.  

Уәждеме  кез  келген  тілді,  оның  ішінде  қазақ  тілін    оқытуда  тұтас  оқыту 

процесінің  сәттілігіне  ықпал  ететін  және  соңғы  нәтижені  анықтайтын  негізгі 

фактор болып табылады, оның екі түрі бар: ішкі және сыртқы [20]. 

Сыртқы  уәждеме  сыртқы  факторлардың,  басқа  адамдардың  немесе белгілі 

бір  оқиғалардың  әсерінен  болады.  Оған  мысал  ретінде  оқытушының  қатаң 

талабын,  студентке  берілген  тапсырманы  орындауға  мәжбүрлеуін  немесе 

керісінше  берілген  тапсырманы  орындаған  студентке  жоғары  балл  алуға 

қосымша  мүмкіндіктер  беруін  жатқызуға  болады.  Өкінішке  орай, 

уәждеменің

 

бұл  түрі  тапсырма  орындауға  мәжбүрлеген  тиісті  фактордың  босаңсуына 



немесе аяқталуына байланысты тез тоқтайды.   

Ішкі  уәждемесі  –  бұл  адамда  өзінің  ойы,  ақылы,  ынтасы,  қажеттілігі, 

эмоционалдық  әсеріленуі  арқылы  пайда  болатын 

уәждеме


.  Онда  белгілі  бір 

әрекетті  аяқтауға  (мысалы  сабақ  оқу)  және  нақты  нәтижелерге  қол  жеткізуге 

деген ішкі саналы қажеттілік туындайды. Бұл 

уәждемені

 

көңіл-күйді көтеретін 



жағымды жаймен өрнектеледі, алайда оны (

уәждемені

) табу өте қиын, ал оны 

ұзақ уақыт бойы ұстап тұру одан да қиын.  

Қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларының  мемлекеттік  тілге  көшуі,  қазақ 

тілінің  ұлтаралық  қатынас  тілі  ретінде  маңызының  күннен-күнге  арта  түсуі 

мемлекеттік тілді оқытудың сыртқы және ішкі 

уәждемелерін

 

қалыптастыруда. 



Мемлекеттік  тіл  қоғамымыздағы  әлеуметтік-экономикалық  фактор ретінде де, 

51 


 


  

жалпымәдени-құқықтық  фактор  ретінде  де  негізгі  факторлардың  біріне 

айналып келеді. 

«Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қазақ тілін оқыту 

уәждемесі

 

ретінде  білім  беру  мекемелерінде  мемлекеттік  тілді  меңгеру  үдерісін 



ынталандыру  жүйесін  құруды  және  оны  шешудің  мынадай    жолдары 

ұсынылды:  

білім  берудің  барлық  сатыларында  мемлекеттік  тілді  білу  деңгейін 



бағалау және бақылау жүйесін енгізу; 

мемлекеттік тілді мектептен тыс оқыту жүйесін құру (жазғы тіл үйрену 



лагерьлері,  балалар  бос  уақытын  өткізетін  мекемелердің  жанындағы  тіл 

үйірмелері т.б.).  

Студенттердің  мемлекеттік  тілді  оқуға  деген  ішкі  уәждемесін,  яғни, 

білімгерлердің  мемлекеттік  тілді  оқуға  деген  жеке  қызығушылығы  мен 

қажеттілігін  туғызатын  жағдайлар  жасау  қажет.  Мұндай  қажеттіліктер  ішкі 

уәждеменің коммуникативтік (мемлекеттік тілде тікелей қарым-қатынас жасау), 

лингвотанымдық (тілге деген жағымды қатынас) және елтанымдық (білімгердің 

тақырыптық  және  эмоциональдық  қызығушылығы)  сияқты  түрлеріне  сәйкес 

келуі  тиіс 

[21]


.  Мемлекеттік  қызмет  көрсететін және  халыққа  қызмет  көрсету 

(банк,  сауда  ұйымдары,  қызметтер  көрсету  т.б.)  саласындағы  ұйымдар 

қызметкерлерінің  мемлекеттік  тілді  меңгеру  үдерісін  ынталандырудың 

мынадай жүйесін құруды ұсынады: 

 



мемлекеттік  тілді  білу  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  бекітетін 



құқықтық базаны әзірлеу және қабылдау;

 



мемлекеттік  тілді  білу  деңгейіне  қойылатын  міндетті  ең  төменгі 

талаптарды айқындау;

 



мемлекеттік тілді білуді бақылаудың жыл сайынғы жүйесін енгізу;



 

мемлекеттік  тілді  білу  деңгейін  табысты  (мерзімінен  бұрын)  үздік 



игергендерді материалдық ынталандыру жүйесін енгізу;

 



салалар  бойынша  көппішімді  арнайы  әдістемелік  құралдарды 

(тілдескіштерді,  сөздіктерді  және  т.б.)  әзірлеу  және  көп  таралыммен  жүйелі 

түрде шығару.

 

Бұл  аталғандар  білімгерлердің  мемлекеттік  тілді  үйренуге  деген  ішкі 



мотивін қалыптастыруға жақсы серпін болатыны анық.  

Кәсіптік  және  техникалық  оқу  орындарында  қазақ  тілін    оқыту  негізінен 

сұхбат  түрінде  жүргізіледі,  студентке   курс  соңында   мамандық  саласына 

қатысты   сұраққа  жауап  бере  алу,  сала  терминдерін  пайдаланып  сөйлей  білу, 

мамандық саласына қатысты туындаған мәселелер бойынша сұрақтар қою және 

нақты саладағы құжаттарды қазақ тілінде жүргізе білу қажеттігі туралы талап 

қойылады.  Оқу  барысында  оқу-әдістемелік  материал  ретінде  негізінен  өз 

мамандығына  байланысты  мәтіндер алынады. Аталған құжаттарды дайындай 

білумен  қатар  оларды  белгілі  бір  дауыс  ырғағымен  оқи  білуге   жаттықтыру  

жұмыстары да атқарылады.  

52 

 



  

Мамандардың  кәсіби  тілде  сөйлеуіне  жағдай  жасаудың  бір  жолы  кәсіби 

тілде  сөйлейтін ортаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар қазақ 

тілін  кәсіби  салалар  бойынша   оқыту-үйрету  барысында  кәсіби  сала   сөздерін 

тілде  қолданғанда  ол  сөздердің  дұрыс  тіркеспен  айтылуын,  қалыптасқан 

тұрақты  тіркеспен   айтуға  жаттықтыру,  қалыптасқан   кәсіби  сөздердің  дұрыс 

тіркестікте  пайдалануын  қалыптастыру,  бір  жағынан   іс  қағаздарындағы   сөз 

тіркестерінің лексикалық мүмкіндігінің шектелгендігінен шығады.  

Тілді үйрету екі бағытта: ауызша және жазбаша жүргізіледі. Жалпы алғанда 

тілді  оқытуды  бұл  екі  бағыт  қатар  байланыста  жүргізіледі.  Бірақ  қазақ  тілін 

оқытудың  ең  алғашқы   кезеңінде    тілді  ауызша  оқыту  басымырақ  болады. 

Сөйлеу   тілі   кейінірек  жазба  тілді  дамытуға   негіз  болады.  Осыған  орай  

жаңадан  еңгізілген  кәсіби  қазақ  тілі  пәніне  байланысты  бағдарламада  кәсіби 

лексиканы  меңгертуге  тиімді  тақырыптарды,  жаттығулар  жүйесін, 

тапсырмаларды іріктеп қолданылады. 

Жаттығулар  жүйесі    кәсіби  түсініктер  мен  терминдердің  мәні  мен 

мағынасын  түсіндіре  отырып  тілді  мамандыққа  сәйкес  үйрететін,  алған  тілдік 

білімді  тәжірибемен  ұштастырып,  шеберлік  пен  дағдыны  қалыптастыру 

мақсатында  орындалатын  жұмыс  кешені  болып  табылады.  Жаттығулардың 

түрлеріне  мыналар  жатады:  машықтандыру  жаттығулары;  шығармашылық 

жаттығулар; кәсіби-жағдаяттық жаттығулар. 

Машықтандыру  жаттығулары деп студент  үйренген сөздік қорын ұтымды 

пайдаланып,  оны  кәсіби  тілдік  қатынаста  шеберлікпен  қолданудың  амал-

тәсілдерін берік меңгеруін  қалыптастыру мақсатында орындалатын жұмысты 

айтады.  

Нақты мамандыққа  байланысты  лексиканы меңгерту үшін, біріншіден, тіл 

үйренушіге жаңа сөзді  қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын 

айқындап,  оны  дұрыс  қолдану  амалдарын  игерту;  үшіншіден,  сөздер  мен  сөз 

тіркестеріне  қатысты  грамматикалық  ережелерді  байланыстыра  үйрету; 

төртіншіден, сөздердің қатысымдық бағыттылығын ескеру керек.  

Кез келген  тақырыпты өту барысында берілген сөздерді мұқият тыңдатып, 

қайталатқызу  арқылы  тіл  үйренушілер  жаңа  кәсіби  лексиканың  айтылуы  мен 

оқылу  ерекшеліктерін,  тілдесімде  дұрыс  қолдануға  машықтанады.  Әр  сабақта 

үйретілетін  жаңа  кәсіби   лексиканы  олар  өздерінің  жұмыс  жағдайында 

күнделікті   қарым-қатынаста   белсенді  қолдануға  үйренеді,   кәсіби  сөздік 

қорын  байытады. Келесі кезең – жаңа сөздерге түсініктеме беріледі: ( ақпарат – 

нақтылы бір тақырып, жағдай бойынша алынатын хабар, мәлімет); одан кейін 

осы  сөзбен  бірнеше  сөз  тіркестері  (ақпараттық  жүйе,  ақпараттық  кеңістік, 

ғылыми  ақпарат),  сөйлем  (Елімізде   ақпараттық  жүйе  мамандығы  сұраныста) 

құрастыру  дағдысы  қалыптастырылады,  синонимдік  (ақпарат  –  мәлімет), 

антонимдік  (ақпарат  алу-ақпарат  беру)  қатарын  табуға  үйрету  жұмыстары 

жүргізіледі. Кейін бұл сөз басқа да жаттығу түрлері мен шағын сұхбат, мәтін 

ішінде  келесі  сабақтарда  да  қайталанып  беріледі.  Сөйтіп  сөз  тіл  үйренушінің 

санасында  әбден бекіп, оны кәсіби жағдайда тілдік қатынаста қолдану дағдысы 

53 

 



  

қалыптасады.  Сөздіктермен  аударма  жасау,  оларды  жадында  сақтату 

аударылған  сөздерден  сөз  тіркестерін,  сөз  тіркестерінен  сөйлем  құрастыру 

жұмыстары үнемі назарда болады. 

Орыс  тілді  ортада  мемлекеттік   тілде   іс  қағаздарын  жүргізу   студенттерді 

келешек мамандығында қолданатын іс қағаздарының түрлерімен таныстырады. 

Оларды кәсіби бағытта  тілдік қатынасқа дайындауда; болашақ маман ретінде 

қазақ  тілімен  қатар   мамандыққа  байланысты   сөздерді  үйреніп,  сөздік  қорын 

байытады және оны келешекте үйреніп қызмет барысында қолданады, оларды 

өз мамандығын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді. 

Мемлекеттік тілде іс қағаздардың  жүргізуге арналған әдістемелік құралдар 

мен  оқулықтарда    іс  қағаздарының  жалпыға  ортақ  түрлері:  арыз,  өмірбаян, 

анықтама, қолхат, жеделхат, түсінік хат т.б. беріледі. Іс қағаздарының жалпыға 

бірдей  бұл  түрлерін  жүргізумен  оқушылар  мектеп  қабырғасында  танысады. 

Сондықтан орыс тілді ортада мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу туралы 

мәселе  студенттерді   келешек  мамандығында  қолданатын  іс  қағаздарының 

түрлерімен  таныстыру,  оларды  кәсіби  бағытта  тілдік  қатынасқа  даярлаумен 

байланысты.  

Пәнді   оқыту  жұмысы  тақырыптық  ұстанымға  негізделіп,  коммуникативті 

бағытта функционалдық – жүйелік әдісті қолдану  негізінде, орыс тілі мен қазақ 

тілін салыстыру   жолымен іске асады. Іс  қағаздарының қай-қайсысы болса да 

мәтін  деп  алынып,  тіл  дамыту  жұмыстарының  барлық  түрлері  жүргізіледі. 

Яғни, іс қағазының мәтінін тыңдау, оны оқу, сауатты жазу, сөздік  жұмыстарын 

жүргізу, сұраққа жауап әдісімен  диалогтар құрастыру, үлгі, кесте бойынша іс 

қағаздарын   толтыру,  тыныс  белгілерімен  жұмыс   істеу,  тест  сұрақтарына  

жауап беру; сын жұмыстарын жүргізу, т.б. 

Мемлекеттік  тілді  оқыту  барысында  әр  мамандықтың  өзіне  тән  кәсіби 

сөздері  мен  терминдері,  іс  қағаздарының  түрлері  мен   құжаттары  бары 

ескеріледі. 

Тілді  мамандыққа  байланыстырып  оқытудың  тыңдаушылар  үшін  ұтымды 

жақтары ретінде мыналарды атауға болады: 

қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алу; 



кәсібіне  байланысты  қалыптасқан  сөздік  қорының  негізінде  мамандыққа 

қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысының қалыптасуы; 

     - 


Қазақстан  тарихымен,  мәдениетімен,  әдебиетімен,  халықтың  салт-

дәстүрімен танысуы; 

күнделікті  қызмет  бабында  мамандыққа  қатысты  ісқағаздарды  жазуды 



үйренуі; 

болашақ  маманның  тұлға  ретінде  қалыптасу,  өсу  және  даму,  өз 



мамандығын саналы сезіну мүмкіндігі. 

Мамандыққа  сәйкес  қазақ  тілін  сапалы  оқыту  қазіргі  уақыт  сұранысынан 

туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

Білім алушыларды мәдени-әдеби сөйлей білудің нормаларын үйрету, яғни, 

оларға  орфоэпиялық  дағдыны  меңгерту,  мәнерлеп  оқу  дағдыларын 

54 


 


  

қалыптастыру; лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы сөздік қорларын байыту; 

есту, сөйлеу қабілетін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  

Мемлекеттік тілдің көркейуіне колледждің ұстаздары, оның ішінде тіл мен 

әдебиет пәндері циклінің оқытушылары өз үлестерін қосуда. 

Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуына  орай,  техникалық және  кәсіптік 

білім  берудің    оқу  орындарында  қазақ  тілін  оқыту,  оны  жаңа  сатыға  көтеру, 

оның мазмұны мен мақсаты келешектегі даму жолын анықтау аса жауапты да 

күрделі мәселе. 

      


Қазақ тілін оқыту барысында қазақ халқының тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы, 

салт-дәстүрі,  ғылымы,  өнері,  ақын-жазушылары  және  т.б  жөніндегі  білім 

жинақталып 

жүйеленеді. 

     

Қазақ  тілін  оқытудың  сапасын  арттыру  көптеген  факторларға:  білім 



мазмұнына,  әдістемелік  оқу  құралдарының  сапасына,  оқытушының 

шеберлігіне, оқу-материалдық базасының деңгейіне байланысты. Осы тұрғыда 

қазақ тілінің кемелденіп қалыптасуына  мол ғылыми-әдістемелік тұрғады еңбек 

сіңірген  ғалымдарды:  А.Байтұрсыновты,  Қ.Бегалиевті,  С.Жиенбаевты, 

Ш.Сарыбаевты,  Қ.Мұсабаевты  атап  өтуге  болады.  Пәннің  білім  мазмұнын 

түзеудегі  классикалық  дәстүрін  дамыта  отырып,  заман  талабына  сай  оны 

жетілдіріп,  жаңа  арналарға  түсіруде  еңбек  сіңіріп  жүрген    ғалымдардың 

қатарында: 

Ш.Бектұров, 

Ф.Оразбаева, 

Ж.Адамбаева, 

Ә.Жүнісбек, 

Б.Құлмағамбетова және т.б. бар. 

Қазақ  тілі   пәнінің білім  мазмұны  түпкілікті құрылған,  ол енді өзгермейді 

деп  айтуға  болмайды,  ол  педагогика  ғылымының  дамуына  байланысты  үнемі 

жетілдіріліп,  динамикалық  даму  үрдісінде  болады.  Мемлекеттік  тілді  оқып 

үйрену  білім  алушылардың  интеллектуалдық-танымдық,  психологиялық, 

іскерлік  саналарын,  өз  бетінше  әрекетшілдігін,  коммуникативтілігін, 

әлеуметтенуге  бейімділігін,  эстетикалық,  рухани-адамгершілік,  экологиялық, 

дене шынықтыру мәдениетін т.б қалыптастыру және дамытуға бағытталады. 

Көптеген зерттеулер нәтижесінде орыс тілдік ортада қазақ тілін екінші тіл 

ретінде  үйрету  үшін  пәндік  білім  мазмұнын  құруда  тиімді  әдістердің  бірі 

модульдік  әдіс  ұсынылды.  Бұл  әдіс  оқу  үрдісінде  ерекше  қолайлылық 

туғызады. 

Бүгінгі таңда студенттер қабылдайтын ақпарат аса үлкен қарқынмен көбейіп 

келе жатқаны белгілі. Интернет желісінің, электронды поштанының күнделікті 

тұрмыста  қолданысқа  енуі  студенттердің  ойлау  жүйесінің  артуына, 

ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Осыған орай оқытушы 

студенттермен  шынайы  шығармашылық  қатынас  орната  отырып,  әріптес 

ретінде  байланыста  болуы  шарт.  Оқытушыны  студенттің  ішкі  жан  дүниесіне 

әсер  ететін    тәрбиелеуші  деп  қарастыру  керек,  оның  кәсіби  шеберлігінің 

арқасында  тілді  үйрету  қызметінің  тәрбие  берумен    ұштастырылуы  -  өмір 

талабы.  Ата-бабаларымыздың  салт-дәстүрлерін,  әдет-ғұрпын,  әдеби,  мәдени 

бай  қазынасын  студенттердің  санасына  сіңіріп,  тәрбиелеу  -  оқытушының 

міндеті.  

55 


 


  

 XXI-


ғасырдың  оқытушысы  өте  білімді  болу  керек,  тек  қана  жоғарғы 

білімінің бар болуы басқаларды оқытуға құқық береді. Оқытушы - бұл кәсіпкер, 

ол әрбір педагогикалық мәселелерді шеше алуға қабілеті бар адам.  

Педагогикалық  қызметте,  оның  ішінде  тілді  үйретуде  негізгі  мыналай 

принциптерді атауға болады:  

студенттердің  қызығушылығын  дамыту.  Ол  үшін  жекелеген 



тапсырмалар,  шығармашық  тапсырмалар  беру  қажет.  Көлемі  аз  мәтіндерді 

оқуға беру, студенттерді  әр уақытта мадақтау әдісі қолданылуы тиіс; 

сенімді қарым-қатынас орнату. Оқытушы мен студенттің өзара қарым-



қатынасында  сыйластық,  сенімділік  гармониясы  болуы  қажет,  өзара  

сыйластық-ең қажет нәрсе; 

қызығушылықты  бірлесе  істеу.  Оқытушының  және  студенттің 



қызығушылығын екі жақтың талабын үйлестіре отырып бірлестіру керек; 

сенімділік,  қайырымдылық.  Сенімділік  –  өмірдің  негізі,  болашаққа 



үміттену  және  сену,  логика  негізі,  даму  заңдылығын  ұғыну.  Студенттерге 

жақын,  сенімді  оқытушы  болуға  тырысу  қажет.  Сенімділік  мен 

қайырымдылық–ең қажетті нәрсе. 

Қазіргі кезеңде техниканың, аудио-бейнетехниканың аса дамыған шағында, 

оқу әдістемелік жұмыстарда инновациялық технологияны қолдануға мүмкіндік 

туып  отыр.  Осыған  байланысты  колледждерде  электронды  оқулықтар,  аудио-

бейне, үнтаспамен жұмыс істеу қарқынды дамып келеді.  

Ұлттық ақпараттандыру орталығының базасында орыс тілді сыныптар мен 

топтарда  қазақ  тілін  оқытуға  арналған  мультимедиалық  бағдарламалар  мен 

электрондық  оқулықтар  дайындалғаны  белгілі.  Алайда,  педагогикалық 

тәжірибеде дайындалған ақпараттық электрондық, мультимедиалық өнімдердің 

орыстілді  топтарда  қазақ  тілін  оқытуда  қолданылуының  білім  берудің 

талаптарына, қазақ тілін оқытудың мақсаттарына, жинақталған тәжірибеге және 

қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымның  даму  деңгейіне  сай  еместігі 

байқалады.  

Қазіргі  кезде  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  «Қазақ 

тілі»  пәні  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2009 

жылғы  19  қарашада  №  530  бұйрығымен  бекітілген  Үлгілік  оқу 

бағдарламасының негізінде оқытылады. 

Бұл  үлгілік  оқу  бағдарлама  «Орта  білім.  Техникалық  және  кәсіптік  білім» 

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп жасалған. 

Жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  9-сыныбынан  кейін  келген  білім 

алушылардың  қазақ  тілі  пәні  бойынша  білім  мазмұны  жалпы  орта  білім 

деңгейіндегі  10-11  сыныпта  оқытылатын  оқу  бағдарламалары  негізінде 

оқытылады. Негізгі орта білімнен кейін білім алушылардың қазақ тілі бойынша 

білім  мазмұнының  негізгі  деңгейін  меңгеріп  келгендігі  ескеріліп,  1  курстың 

қазақ тілінен білім көлемі көтеріңкі деңгей бойынша 192 сағатқа, орта деңгей 

бойынша 170 сағатқа есептелген. 

56 

 



  

Жалпы орта мектептен кейін колледжге түскен  студенттер Қазақ тілі пәнін 

оқымайды, олар өз мамандықтары бойынша кәсіптік қазақ тілі пәнін (19- кесте)  

оқып үйренеді.  

 

19- 


кесте- Қазақ тілі пәні үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны 

 

1. Бөлім. Қазақстан Республикасы 



1.1 тақырып.  Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан –менің Отаным.       

Атамекен, ел туралы. Туған жер ұғымы. Жер –Ана. 

1.2 тақырып.  Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. Тіл 

тазалығы. Тіл құдіреті. Тіл өнер жайында. Туған тіл.  

1.3 тақырып.  Егемен еліміздің рәміздері. Қазақстан Республикасының 

саяси-әкімшілік құрылымы.  Қазақстанның экономикасы.  

19- 

кестенің  жалғасы 



 

Қазақстанның мәдениеті. Қазақстанның халықаралық 

қатынастары. 

2. Бөлім. Фонетика. 

2.1 тақырып.  Дыбыстау мүшелері. Дыбыс және әріп. Дыбыстардың 

құрамы. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қазақстанның 

білім ошақтары. Біздің колледж. 

2.2 тақырып.  Дыбыстардың үндесуі. Буын үндестігі. Дауыссыз 

дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі. Ілгерінді, кейінді 

және тоғыспалы ықпал. Менің мамандығым. 

2.3 тақырып.  Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшеліктері. Газет, журнал 

материалдарының түрлері. Кітапханада. 

2.4 

тақырып.  Сөздің жазылуы мен айтылуы. «И»мен «У»,  «Ы»мен «І» 



және «Я» мен «Ю» әріптерінің жазылу емлесі. Қос 

дауыссыз әріптерінің қолданылуы. Түбір сөздердің 

жазылуы. 

2.5 тақырып.  Бас әріптің қолданылуы. Қосымшалардың жазылуы. Қазақ 

тіліне орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жалғанғанда 

байқалатын құбылыстар. Қазақ тілі сабағында. 

2.6 тақырып.  Буын (ашық, тұйық, бітеу буындар). Тасымал. Екпін. Ана 

тілі. 


2.7 тақырып.  Тіл ұстарту. Отаным – Қазақстан. Қазақ жері. 

3. Бөлім. Лексика. 

3.1 тақырып.  Қазақ тілінің сөз байлығы туралы жалпы түсінік. Сөздік 

және оның түрлері. Тіл құдіреті. 

3.2 тақырып.  Кірме сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер), жаңа 

сөздер(неологизмдер). Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш. Мақал – 

сөздің мәйегі. 

57 


 


  

19- 


кестенің жалғасы. 

 

 



3.3 тақырып.  Арнаулы сөздер (терминдер). Диалект сөздер. Кәсіби  

сөздер. Алтын адам (халық тарихынан). 

3.4 тақырып.  Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Менің отбасым. 

3.5 тақырып.  Омоним, синоним, антоним. Қара шаңырақ. 

3.6 тақырып.  Тұрақты сөздер тіркестері. Киіз үй. 

3.7 тақырып.  Тіл ұстарту. Қазақстан астаналары. 

4. Бөлім. Морфология. 

4.1 тақырып.  Сөздер құрамы. Түбір сөз (Негізгі морфема). Қосымша 

(көмекші морфема). Жұрнақ, жалғау. Қазақтың кіндік 

қаласы – Астана. 

4.2 тақырып.  Зат есімнің жалғаулары. Тәуелдік жалғау. Жіктік жалғау. 

Есім сөзбен етістіктің жіктелуіндегі ерекшеліктер. Көптік 

жалғау. Септік жалғау. Түркістан қаласы. 

4.3 тақырып.  Жалғаулардың орналасу тәртібі. Отырар. Отырарлық ғалым 

– 

Әбу Насыр Әл-Фараби. 



4.4 тақырып.  Зат есім және басқа сөз таптарының септелуі. Қазақ 

батырлары. Бөгенбай батыр. 

4.5 тақырып.  Жұрнақ. Сөз тудырушы жқрнақтар. Сөз түрлендіруші 

жұрнақтар. Қабанбай батыр. 

4.6 тақырып.  Сөз тұлғасы, негізгі және туынды түбір. Райымбек батыр. 

4.7 тақырып.  Қосымшалардың орын тәртібі. Махамбет Өтемісұлы. 

4.8 тақырып.  Қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөздер. 

Бауыржан Момышұлы. Талғат Бигелдинов. 

4.9 тақырып.  Негізгі және көмекші сөздер. Сөз таптарының түрлері. 

Мәншүк, Әлия. 

4.10 тақырып.  Зат есім. Зат есімнен сөз тудыратын жұрнақтар. Жалпы есім 

мен жалқы есім. Зат есімнің морфологиялық белгілері. 

Күрделі зат есімдер. Зат есімнің сөйлемде атқаратын 

қызметі. 16 желтқсан – Тәуелсіз Қазақстан күні. 

4.11 тақырып.  Сын есім. Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары. Дара 

және күрделі сын есім. Қазақстан мемлекетінің ұлттық 

теңгесі. 

4.12 тақырып.  Сапалық  сын есім және қатыстық сын есім. Сын есімнің 

шырайлары. Сын есімнің заттануы. Қазақ билері. Төле би.  

4.13 тақырып.  Сан есім. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің емлесі. Сан 

есімнің зат есім жалғауын қабылдауы. Сан есімнің 

сөйлемдегі қызметі. Қазыбек би. 

4.14 тақырып.  Есімдік. Көмекші есімдік. Есімдіктің емлесі. Есімдіктің 

түрлері. Әйтеке би. 

58 

 



  

19- 


кестенің жалғасы. 

 

 



 

4.15 тақырып.  Етістік. Сабақты және салт етістік. Етістіктің болымды және 

болымсыз түрлері. Түбір етістік, туынды етістік, біріккен 

етістік. Шешендік сөздер. 

4.16 тақырып.  Етіс және оның түрлері. Көсемше және оның түрлері. 

Есемше және оның түрлері. Қазақ хандары. 

4.17 тақырып.  Негізгі етістік пен көмекші етістік. Абылай хан. 

4.18 тақырып.  Дара, күрделі және құрамды етістіктер. Түйық етістік. Тәуке 

хан. 

4.19 тақырып.  Етістіктің шақтары (Осы шақ, өткен шақ, келер шақ). 



Белгілі адамдар. Ыбырай Алтынсарин. 

4.20тақырып.  Етістіктің райлары (Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, 

қалау рай). Қазақтың ұлы ақыны – Абай. 

4.21 тақырып.  Үстеу. Үстеудің тұлғалық түрлері. Үстеудің мағынасына 

қарай түрлері. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеудің 

емлесі. Ұлы ғалым саяхатшы – Шоқан Уалиханов. 

 

4.22 тақырып. 



Шылау. Шылаудың түрлері. (Септеулік шылаулар, 

жалғаулықтар, демеуліктер). Қаныш Сәтбаев. 

4.23тақырып.  Еліктеу сөздердің түрлері. Ана тілі туралы өлеңдер. Мақал-

мәтелдер. 

4.24 тақырып.  Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайлардың емлесі мен 

тыныс белгілері. Жыл мезгілдері. Наурыз мейрамы. 

4.25тақырып.  Көмекші сөздер. Көмекші есімдер. Көмекші етістік. Ұлттық 

тағамдар. 

4.26 тақырып.  Тіл ұстарту. Ұлттық ойындар. 

5 Бөлім. Синтаксис. 

5.1 тақырып.  Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесі. Сөздердің байланысу 

тәсілдері. (Қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу). Жай 

сөйлемнің синтаксисі. Сөздердің  байланысу тәсілдері. 

Сөздердің  байланысу түрлері. Ұлттық ою-өрнек түрлері. 

5.2 тақырып.  Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай  түрлері. (Хабарлы, 

сұраулы, лепті, бұйрықты). Ұлттыұ аспаптары. 

5.3 тақырып.  Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрлері. (Жақты және 

жақсыз сөйлемдер, атаулы сөйлем, толымды және толымсыз 

сөйлемдер, жалаң және жайылма сөйлемдер). Жеті ата. 

5.4 тақырып.  Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен 

баяндауыштың байланысы. Бастауыштан кейін 

сызықшаның қойылуы. Баяндауыш болатын сөз таптары. 

Тұрлаулы мүшелердің сһйлемдегі орны. Қонақ күту. Бата. 

59 


 


  

19- 


кестенің жалғасы. 

 

5.5 тақырып.  Тұрлаусыз мүшелер. Тура толықтауыш пен жанама 



толықтауыш. Анықтауыш. Қосарлы айқындауыш. 

Пысықтауыш және оның түрлері. Тұңғыш қазақ ғарышкері. 

5.6 тақырып.  Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Қазақстан экономикасы, 

мәдениеті 

5.7 тақырып.  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері,  оның  тыныс  белгілері. 

Бірыңғай    мүшенің  тыныс  белгілері.  Бірыңғай  мүшелі 

сөйлемдегі  жалпылауыш  сөздер.  Халықаралық  қарым-

қатынас. 

5.8 тақырып.  Оңашаланған  айқындауыш  мүше  және  оның  тыныс 

белгілері. Қазақстан жұлдыздары. 

5.9 тақырып.  Қысытрма сөз. Қаратпа сөз. Одағай сөз. Театр, кинотетрада 

(сұхбат) 

5.10 тақырып.  Сөйлемнің  басында  айтылатын  «жоқ»  және  «ия»  сөздері. 

Мұражайда (сұхбат) 

5.11 тақырып.  Тыныс белгілерге қатысты ережелер. Төл сөзбен төлеу сөз. 

Төл  сөзбен  автор  сөзінің  байланысы  және  олардаң  орын 

тәртібі. Шаштаразда. Тігіншіде (сұхбат). 

5.12 тақырып.  Құрмалас  сөйлем  туралы  түсінік.  Мейрамханада,  асханада 

(сұхбат) 

5.13 тақырып.  Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас 

сөйлемнің түрлері. Емханада, дәріханада  (сұхбат). 

5.14 тақырып.  Сабақтас  құрмалас  сөйлем  туралы  түсінік.  Сабақтас 

құрмалас  сөйлемнің  түрлері.  Көп  бағыныңқылы  сабақтас. 

Әуежайда, темңр должа, аялдамада. 

5.15 тақырып.  Аралас  құрмалас  сөйлем.  Аралас  құрмаластың  белгілері. 

Менің сүйікті жазушым. 

5.16 тақырып.  Тіл ұстарту. Қазақ ақындарының қлең-жырлары. 

6 бөлім. Іс қағаздары. 

6.1 такырып.    Іс қағаздарының стилі туралы түсінік. Өмірбаян. Түйіндеме. 

6.2 такырып.     Мінездеме. Өтініш. Қол хат. Сенім хат. Анықтама. 

6.3 такырып.     Жарнама. Хабарландыру. Хаттама. Баяндау хат. Түсінік хат. 

7 бөлім. Жазба жұмыстары. 

7.1 такырып.    Бақылау жұмысы (диктант) 

7.2 такырып.     Бақылау жұмысы (мазмұндама) 

7.3 такырып.     Бақылау жұмысы (тест жұмысы) 

7.2 такырып.     Бақылау  жұмысы  (шығарма  немесе  әр  оқушыға  деңгейлік 

тапсырмалар) 

8 бөлім. Кәсіби тәл дамыту 

8.1 тақырып 

Мамандыққа байланысты кәсіби термин сөздері 

60 

 



  

Лексикалық тақырыптар: 

Қазақстан Республикасы 



Туған жер Атамекен. Ата кәсіп 

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» 



Еліміздің ата заңы 

Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік құрылымы, тарихы, 



экономикасы, мәдениеті, халықаралық карым-қатынасы. 

Қазақстан  белгілі  адамдары-ғалым,  жазушы,  ақын,  қазақ  ғарышкері, 



сазгер, әнші, спорт жұлдыздары. 

Сөз  өнері  –  біздің  тарихи  мұрамыз  (шешендік  сөз,  жұмбақ, 



фразеологизм) 

Тіл құдіреті. Ана тілі, инабаттылық, әдептілік. 



Сөздіктер тарихы туралы мәліметтер 

Жеті ата, салт-дәстүр, әдет-ғұрып 



Қазақ батырлары, билері, хандары 

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  оқитын  студенттер 

мектептің  10-11-сыныптары  сияқты  Ортадан  жоғары  деңгей-В 

 

екі  игерімді 



қамтиды: 

тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В 



1.1

  



тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В 

1.2


 

В 

1.2



  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет