тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі
қолданылған сөздерді; өзі және өз отбасы туралы, мектеп өмірі туралы, мекен
жайы туралы, оқуы жайлы айтылған сөздерді; жай сөйлем түрінде қысқаша
айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс
тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;
тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннен
тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды салыстыра сипаттау; қазақ тіліндегі
өлеңдерді жаттау дағдыларын;
айтылым: қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы
және басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өз
ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын;
жазылым: тақырыптар көлемінде қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар
жазу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; тақырып аясында
түрлі мәліметтер жазу дағдыларын;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша
қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша
сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен
тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
6-
сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі
қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді,
сұрақтарды түсіну (жасы, туған жері, тұратын жері, қызығушылығы, оқуы,
сүйікті нәрселері); үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс,
бұрыстығын түсіну; өзінің достары, тұрған жерінің табиғаты және өз отбасы
туралы, мектеп өмірі, сүйікті кейіпкерлері жайлы айтылған сөздерді түсіну;
қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс
тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу;
түрлі жанрдағы мәтіндерді дауыс ырғағын, фонетикалық және орфоэпиялық
ережелерді сақтай отырып, мәнерлеп және жүргізіп оқу; тақырып көлеміндегі
мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннің тақырыбы, берілген
қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай
алу дағдыларын;
айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы
және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке
басы, отбасы, досы, жақсы көретін ісі, кейіпкері және мектептегі үйірмелері,
Астана, өзі тұратын жердің табиғаты т.б. туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін
бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын;
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жаза алу; мәтіні оңай
хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; түрлі мәлімет жеткізе алу; оқыған
мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы, әншісі
45
т.б. туралы мәліметтерді қосып хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып,
берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын;
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша
қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша
сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен
тіркестерін түсіну; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау; амандасу,
қоштасу, танысу сияқты жағдаяттарда диалог құрау, полилогке қатысу
дағдыларын меңгеруі тиіс.
7-
сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
Достарыңызбен бөлісу: |