алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі
-
Біздің сабағымызға Англиядан қонақ келіп отыр. Оның осында келу
мақсаты- Қазақстан туралы көп мәлімет алу.
Қазір осы қонағымызбен танысайық. Алдымен біз өзімізді таныстырып
өтейік.
Оқушы: Біз Абай атындағы №6 гимназия мектебінің оқушыларымыз. Биыл
біз 7 «Б» сыныбында оқимыз. Біздің сыныпта 25 оқушы бар. Мектепте үш тілді
меңгеріп жүрміз: қазақ,орыс,ағылшын тілдерін. Біз бәріміз жақсы оқимыз.
Қонақ: Менің атым- Элис. Мен Англиядан келіп отырмын. Журналист
болып істеймін. Қазір мен дамыған елдер туралы мақалалар жазып жүрмін.
Енді Қазақстан туралы жазғым келеді.(Қонақ ағылшын тілде сөйлейді,
аудармашы аударады).
Мұғалім: Ал , біз сендермен өз Отанымыз туралы көп білеміз, берілген
тапсырмаларды орындау арқылы қонақтарға қажетті ақпарат бере аламыз деп
ойлаймын.
Айтылым 1- тапсырма. « Бәйге ойыны». Қазір «бәйге ойыны» арқылы
мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
2.
Біздің республикамызда қанша ұлт өкілдері тұрады?
3.
Мемлекеттік тіл қай тіл?
4.
Қазақстанның жер көлемі қандай?
5.
Қазақстан рәміздерін ата.
2-
тапсырма.
Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер
Шымкентте не өседі? Қызылордада не өседі? Астана неге бай?
Қарағанды не береді? Павлодар не шығарады?
Осы қалалардың арасындағы әсем қалалардың бірі – Астана.
3-
тапсырма Тірек- сызба арқылы әңгімелесу.
Қазақ халқы, қазақ тілі.
Достарыңызбен бөлісу: