75
ISSN 2616-8901.
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
№ 4 / 2018
техникалық ғылымдар» сериясы
Педагогикалық технология терминін кеңінен танытқан бірнеше анықтамалар жиыны бар:
- Технология – қандай да бір істі, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы; (орыс
тілінің түсіндірме сөздігі);
- Оқыту технологиясы - бұл дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі
(М.Чошанов);
- Педагогикалық технология - оқыту процесін жүзеге асыратын мазмұндық техника
(В.П.Беспальков);
- Педагогикалық технология - бұл барлық құраушылары ойластырылған мұғалім мен
оқушыға қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, оқу процесін жобалауды, ұйымдастырып,
өткізуді қамтамасыз ететін бірлескен педагогикалық іс-әрекет моделі (В.М.Монахов);
- Педагогикалық технология - оқытуда пайдалынатын материалдық және идеалдық
(білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері (Е.И.Машбиц);
- Педагогикалық технология - білім берудің формаларын оптимизациялау міндетін
қоятын техникалық және адамдық ресурстарды ескеретін, барлық оқыту мен білімді меңгеру
процесін құрудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі (ЮНЕСКО).
“Педагогикалық технология” ұғымының әртүрлі анықтамасын салыстыра отырып,
барлық анықтамалардан жүйелік талаптың бар екенін байқауға болады. Сонымен қатар, бұл
процестің динамикалық қозғалсыта екенін атауға болады, яғни берілген күйден белгілі бір
шарттарды ескере отырып, жаңа белгілі күйге көшу. Басқа сөзбен айтқанда, оқыту
технологиясы деп жүйелі ұйымдастырылған, берілетін білім көлемі (білім мазмұны), тарату
тәсілдері (оқыту әдісі, құралдары мен формалары) және соңғы нәтиже (білім беру стандартында
жазылған) алдын-ала тағайындалған, қоғамдық білімді оқушыларға беру процесін түсінеміз.
Оқыту технологиясы жөнінде әңгіме қозғағанда, білімді меңгеру мен іскерлік пен
дағдыларды қалпытастыруды ғана емес, сонымен бірге, оқушылардың интеллектуалдық
дамуын қамтитын, жеке тұлғаға бағдарланған дамыта оқыту жөнінде айтылады [7].
Достарыңызбен бөлісу: