І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет53/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   198
Ключевые слова: физика, образование, качественное образование, метод, урок, программа  
 
This article discusses the improvement of new methods of teaching physics in the context of the updated 
educational form. And also considered the issue of introducing a system of secondary education and assessment 
based  on  the  criteria  of  the  national  education  system  of  Kazakhstan.  The  teacher  of  physics  can  use  the 
standards, programs and manuals for their class. 
Kеy words:  physics, education, quality education, method, lesson, program 
 
Бұл мақалада жаӊартылған бiлiм беру аясында физика пәнiнен оқытудыӊ жаӊа әдiс-тәсiлдерiн 
жетiлдiру  қарастырылған.  Қазақстанныӊ  ұлттық  бiлiм  жүйесiне  арналған  орта  бiлiм  беру 
бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылады. Физика пән мұғалiмi осы 
жаӊартылған  бiлiм  беру  аясында  жасалынған  нормативтiк  құжаттар  мен  бағдарламалар  және 
әдiстемелiк құралдармен өз сабағына қолданады. 
Кiлт сөздер: физика, бiлiм беру, сапалы бiлiм, әдiс, сабақ, бағдарлама . 
 
Барлық дамыған елдер өзiнiӊ бiрегей жоғары сапалы бiлiм беру жүйесiне ие. Бiлiм саласындағы 
түбегейлi  өзгерiстер  ұстазға  үлкен  жауапкершiлiктi  талап  етедi.  Өздiгiнен  бiлiм  алатын,  жан-жақты 
iзденетiн,  алдағы  өмiр  жолын  өзi  болжай  алатын  тұлға  тәрбиелеу-ұстаздыӊ  қолында.  Елiмiздегi  жаӊа 
бағдарлама бойынша жаӊаша көзқарас қалыптасып, бiлiм деӊгейi биiкке көтерiлiп келедi. 
Жаӊа бағдарлама мұғалiмдерге қазiргi заманға оқыту әдiстерiн жетi модуль арқылы ұсынады. 
1. Бiлiм беру мен бiлiм алудағы жаӊа тәсiлдер. 
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.  
3. Бiлiм беру үшiн бағалау және оқуды бағалау.  
4. Бiлiм беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.  
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.  
6. Оқушылардыӊ жас ерекшелiктерiне қарай бiлiм беру және оқыту.  
7. Бiлiм берудегi басқарушы және көшбасшылық. 
Негiзгi  мектеп  үшiн,  барлық  мектептердегi  оқыту  стандарттарын  Назарбаев  Зияткерлiк 
мектептерiнiӊ  деӊгейiне  дейiн  жақсарту  қажет.  Жоғарғы  мектеп  түлектерi  қазақ,  орыс  және  ағылшын 
тiлдерiн  меӊгерiп  шығулары  тиiс.  Оқытудыӊ  нәтижесi  сын  тұрғысынан  ойлау,  өздiгiнен  зерттеу  және 
ақпаратты  тереӊ  талдау  дағдыларын  меӊгеруге  тиiс.  Қазiргi  мемлекеттiк  бағдарламаларда  Назарбаев 
Зияткерлiк  мектептерiнiӊ  бiлiм  берудегi  озық  iс-тәжiрибелерiнiӊ  еӊ  үздiк  үлгiлерiн  елiмiздiӊ  барлық 
бiлiм беру мекемелерiнде кiрiктiру көзделген [1]. 
Жаӊартылған  бiлiм  беру  аясында  физика  пәнiнен  оқытудыӊ  жаӊа  әдiс-тәсiлдерiн  жетiлдiру 
мақсатында  оқытудыӊ  жаӊа  әдiс-тәсiлдерiн,  Қазақстанныӊ  ұлттық  бiлiм  жүйесiне  арналған  орта  бiлiм 
беру бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылады. Физика пән мұғалiмi 
осы  жаӊартылған  бiлiм  беру  аясында  жасалынған  нормативтiк  құжаттар  мен  бағдарламалар  және 
әдiстемелiк құралдармен өз сабағына қолданады. 
Жаӊартылған  бiлiм  беру  аясында  физика  пәнiнен  оқытудыӊ  жаӊа  әдiс-тәсiлдерi  оқушыныӊ 
құзыреттiлiгiн арттыру үшiн бiлiм сапасын күшейтiп, оқушы тұлғасыныӊ үйлесiмдi қолайлы бiлiм беру 
ортасын  құра  отырып  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргiзу,  тәжiрибе  жасау,  АКТ-ны 
қолдану, коммуникативтi қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай бiлу, функционалды 
сауаттылықты,  шығармашылықты  қолдана  бiлудi  және  оны  тиiмдi  жүзеге  асыруға  мүмкiндiк  бередi. 


 
33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет