ISSN 2616-8901. Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы № 4 / 2018 техникалық ғылымдар» сериясы платформалары — TurtleBot, Lego Mindstorms және т.б. — ашық кодқа негізделген [4]. Сипатталған
тәсіл бағдарламалық қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ аппараттық жобалауға (схемалар,
сызбалар және т.б.) қолданылады. Атап айтқанда, Robotic Open Platform Open Hardware
лицензиясының шарттары бойынша роботтардың конструкцияларына еркін қол жеткізуге
мүмкіндік береді және кез келген ұсынылған жетілдірулер барлық пайдаланушыларға қолжетімді
болады. Робототехникалық инновациялық жүйенің қаншалықты икемді болып қалу мәселесі
коммерциялық ставкалар жоғары жерлерде зияткерлік меншік құқығын қолдана отырып және бір
мезгілде ашық тәсілдердің көмегімен жалпы ғылыми бағыттарды дамытуды қолдай отырып,
конкурстарды ұйымдастыруды, жас мамандар мен әуесқойлар арасындағы ынтымақтастықты
ынталандыруды, ашық коды бар қосымшалар мен т. б. қоса алғандағы сұрақтар
қарастырылуда.Робототехникалық саладағы кооперацияның жоғары деңгейі және көптеген
елдердің тиісті инновацияларды дамытуға мүдделілігі байқалатындықтан, зияткерлік меншікті
бірлесіп иеленуге қатысты ұлттық заңнаманы қайта қарау қажеттілігін болжайды. Егер мүдделі
жеке және заңды тұлғалар бұған жол бермеуге мүмкіндік беретін арнайы келісім-шарттар
жасамаса, мұндай заңдар күтпеген және әділетсіз салдарға әкеп соғады.