І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет79/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   198
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
  
Сурет 1. Демонстративті робот. 
міндеттерге  байланысты  бейімделе  алуы.  Роботтар 
бағдарламаланған автоматизмнен жартылай автоматты 
және  автономды  күрделі  жүйелерге  эволюциялана 
алуға  қауқылы.  Толығымен  автономды  жүйелер 
өздігінен  әрекет  етеді  және  адамның  қатысуынсыз 
"шешімдер"  қабылдай  алады.  Жалпы  анықтамаға 
сүйенсек,  қашықтықтан  басқарылатын  құрылғылар 
"Роботтар"  болып  саналмайды.  Дегенмен,  олардың 
кейбірі 
роботтар 
қатарына 
жатады.Роботтық 
техниканың 
"қашықтықтан" 
басқарылатын 
құрылғыларының 
қатарына 
андроидтар, 
роботтандырылған 
хирургиялық 
құрылғылар, 
экзоскелеттер  және  пилотсыз  ұшу  аппараттары 
("дрондар")  кіреді.  Бұл  кейбір  ойыншықтар  мен  оқу 
жабдықтарына да қатысты айтылған жайт. 
Роботтар  типтік  конструкциясымен  бұрыннан 
белгілі.  Роботтық  техника  тарихы  Ежелгі  Грецияда 
қозғалмалы элементтері бар электрлік емес қозғалатын 
машиналардан  басталды.  Алайда,  қазіргі  кезде 
роботтар  қайталанатын  операцияларды  орындау 
құралы  ретінде  индустрияландыру  нәтижесінде  пайда 
болды (cурет 1). 
Соңғы  жылдары  өнеркәсіптік  роботтарды  қолдануына 
байланысты екі технологиялық бағыт белсенді дамуда: 
1.  адамдарға  немесе  компьютерлерге  роботтарды 
қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер; 
2."қолдар"  немесе  "аяқтар"  сияқты  механикалық 
манипуляторлық жүйелер. 
Пилоттық  өнеркәсіптік  робот-манипулятор  1937  жылы  шағын  кран  түрінде  құрылды. 
1942  жылы  DeVilbiss  Co  компаниясының  қызметкерлері  Виллард  Поллард  және  Харолд 
Роузланд  бағдарламаланатын  механикалық  бүріккішті  патенттеді.  Механикалық  қолдар  мен 
аяқтарды әзірлеуге Уильям Уолтер үлкен үлес қосты, ол 1940-шы жылдардың соңында бірінші 
автономды  роботты  құрастырған.  Дегенмен,  роботтық  техниканың  индустрия  ретінде  пайда 
болуына себеп болған серпіліс 1950-ші жылдардың ортасында болды. Джордж Девол автоматты 
бағдарламаланатын  қолды-манипулятор  ойлап  тауып,  патенттеді.  1956  жылы  ол  Джозеф 
Энгельбергермен  бірге,  «Unimation»  компаниясын  құрды.  Бұл  өнеркәсіптік  роботтардың 
коммерциялық қолдануына бастау алды. Тағы да атап өтетін жайт ол, көптеген ғалымдар мен 
тәжірибешілер,  әсіресе,  алыстан  басқарылатын  құрылғыларды  роботтық  техника  саласына 
жатқызатын  адамдар  Никола  Тесланы  осы  саланы  құрушы  деп  санайды.  Жасанды  интеллект, 
мехатроника,  навигация,  объектілерді  қабылдау,  тану  және  ақпаратты  өңдеу  сияқты  аралас 
салалардағы  жаңа  әзірлемелер  роботтық  техниканы  дамыту  үшін  жаңа  мүмкіндіктерді  ашты. 
Коммуникацияларды,  сенсорлар  мен  процессорларды  дамыту  роботтарға  ақпаратты  тиімді 
пайдалануға,  күрделі  зияткерлік  желілерге  қосылуға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  уақытта 
инновациялар  негізінен  бағдарламалық  және  аппараттық  қамтамасыз  етуді  біріктіруге,  яғни 
интеграцияланған  робототехникалық  және  зияткерлік  операциялық  жүйелерді  құруға 
бағытталған [1].  
Роботтық  техниканың  экономикаға  қосқан  үлесі.  Кейбір  бағалаулар  бойынша  2016 
жылы  өнеркәсіптік  роботтар  нарығының  айналымы  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің, 
перифериялық құрылғылар мен инженерлік жүйелердің құнын қоса алғанда 29 млрд долларды 
құрады.  Сатылған  роботтар  саны  230  мыңға  жақындады.  Алдағы  бірнеше  жылда  оларды 
өндірудің одан әрі серпінді өсуі болжануда (сурет 2) [3]. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет