Ключевые слова: робототехника; робот; искусственный интеллект; инновации;
атент; производственный секрет; интеллектуальная собственность; авторское право
Robotics and progress in the field of artificial intelligence — breakthrough innovations that have
significant prospects and can radically change the economic and social aspects of society. Studies on the
development of robotics are still few.
44
ISSN 2616-8901.
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
№ 4/ 2018
This article fills the gap by analyzing the creation and dissemination of innovations in the field
of robotics and the role of intellectual property in this process.
Key words: robotics; robot; artificial intelligence; innovation; patent; industrial secret;
intellectual property; copyright
Роботтық техника және жасанды интеллект жасау саласындағы прогресс маңызды
перспективаларға ие және қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік аспектілерін
түбегейлі өзгертуге қабілетті серпінді инновациялардың бірі. Роботтық техниканы
дамытуға арналған зерттеулер әлі де болса аз.
Бұл мақалада роботтық техника саласындағы инновациялардың құрылуы мен таралуын
және осы үдерістегі зияткерлік меншіктің рөлін талданылған.
Кілт сөздер: роботтық техника; робот; жасанды интеллект; инновациялар; патент;
өндірістік құпия; зияткерлік меншік; авторлық құқық.
Роботтық техника - бұл біздің өміріміздің бағытын модельдей алатын пән. Қазіргі таңда,
роботтық техника саласының динамикалық дамуы, ақылды роботтардың пайда болуы, жасанды
интеллект және осы мәселелердің мүмкін болатын салдары қызу пікірталастарқа негіз болып отыр.
Еуропа, АҚШ және Жапонияда гуманоидты роботтар супермаркеттерде, мектептерде,
ауруханаларда және қарттар үйлерінде тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізгендіктен, роботтық
техникаға деген назарымыз тым жоғары болып келуде. Инженерлер, экономисттер, заңгерлер және
басқа да мамандар роботтық техниканың инновациялық қолданудың ықтимал салалары мен
әлеуметтік-экономикалық тиімділігі туралы ой қозғауда. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту
барысындағы роботтық техниканы енгізу барысындағы әлеуметтің оның қабылдаудағы оң (немесе
теріс) әсерлері және адамның жасанды компаньондарының пайда болуының әлеуметтік
салдарларына назар аударылады. "Машинадан" (Ex_Machina) немесе "Ол" (Her) сияқты Голливуд
фильмдері жасанды интеллекттің адам ойынан асып түсу қабілетін көрсете отырып,
жұртшылықтың назарын аударды. Сарапшылар роботтық техниканың кең таралуы сөзсіз
инновациялық жетістік деген пікірде. Алайда, қарастылырылып отырған салаға аса көңіл
аударылып отырғанына қарамастан, инновациялық роботтық техниканың дамуы мен олардың
негізінде орналасқан экожүйелер әлі де болса толық қарастырылмаған жүйе болып қалуда.
Біздің бұл жердегі мақсатымыз роботтық техника саласындағы инновациялық жүйенің
және зияткерлік меншіктің рөлін талдай отырып, осы бос орынды толықтыру. Біз роботты
жасау тарихына жүгінеміз, оның экономикалық дамуындағы әлеуеттік үлесін бағалаймыз,
инновациялық роботтық техниканың экожүйесін қарастырамыз және зияткерлік меншіктің
түрлі нысандарының мәнін талдаймыз. Роботтық техника – автокөлік өндірісі, құрылыс саласы,
мектептер, ауруханалар, үй шаруашылықтары және т. б.қолдану ортасына байланысты түрлі
салалар үшін роботтарды жасайтын технологиялық орта. Қазіргі таңда автопромда және басқа
да өнеркәсіптік секторларда робот-манипуляторлар бірнеше онжылдықтар бойы қолданылуда.
Сонымен қатар, жасанды интеллект және когнитивті ғылымдар сияқты салалардағы жаңа
ғылыми жетістіктер экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін жан-жақты
әлеуметті автономды "жетілдірілген" роботтарды құруға мүмкіндік берді. Бейнефантастиканың
арқасында көптеген адамдар роботтарды негізінен гуманоидты роботтармен байланыстырылып
отыр, олар қарастырылып отырған бағыт осы роботтық техниканың ауқымды бағытының тек
шағын бөлігін ғана көрсетеді. "Британник" энциклопедиясы роботты "адамның кез келген
жұмысын орындайтын автоматты машина" деп анықтайды. Робот - бұл бірнеше оське
бағытталған міндеттерді орындай отырып, белгілі бір орта шегінде қозғала алатын жұмыс
механизмі. Роботтардың басқа машиналардан негізгі айырмашылығы "автономдық" болып
саналуы және де орналасқан ортасына қарай интерпретациялай алынып, қойылған
|