Лагердің жұмыс мақсаты-жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын
жақсартуды ұйымдастыру.
Міндеттері:
-уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау;
-ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің
арасындағы айырмашылықты азайту;
-оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттықты қалыптастыру;
-оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
-оларда салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;
-балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;
-мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту.
Лагерь ауысымдарын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер-бұлар:
-барлық шаралардың сөзсіз қауіпсіздігі;
-әрбір адамның ерекшеліктерін ескеру;
-лагердегі барлық адамдардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әркетте өз
қабілеттіліктерін көрсету мүмкіндігі;
-күн бойында эмоциялық және дене жүктемелерінің бөлінуі;
-тәрбиешілер мен жетекшілер және лагерде демалушы балалар арасында да міндеттер мен
уақыттардың нақты бөлінуі;
-әр санаттағы балалар мен ересектер қарым-қатынасында табысқа жету жағдайын үлгілеу және
жасау.
Бағыттары:көркемдік шығармашылық, эстетикалық, білімдік.
Әрекет түрлері:еңбектік, дене шынықтыру-сауықтыру, бос уақытты өткізу, үйірмелік.
Лагерь бағдарламасының мазмұны әрекет бағыттарының кең спектрін ұсынады және әрбір балаға
еркін таңдау мен қызығушылық негізінде өзінің даралығын, әртүрлі істерде бірегейлігін ашып,
көрсете білуге мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың міндеттері мен әрекет түрлерінің қарқынды өзгеріп отыруы олардың
шығармашылығы мен дербестігіне әсерін тигізеді. Үйірмелер мен шығармашылық
шеберханалардың жұмыс істеуі де балалардың өзін-өзі таба білуіне, кәсіби негізін іздестіру
қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі.Шығармашылық шеберханалар қызметі жазғы
мектеп лагерінде қосымша білім беру жүйесін қажет етеді.Балалардың аздығынан педагогтың
олармен жеке жұмыс жасау, сабақтан сабаққа баланың ілгері жылжу барысын бақылауға
мүмкіндігі болады.Шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға өзін бағдарлық жағынан
сынап көруге мүмкіндік береді.Нақ осы сынақ балаға ақпарат беріп қоймай, белгілі бір әрекет
түрін үлгілеуге, өзінің осы әрекет түрін меңгеруге даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік
береді.Сондықтан психологиялық –педагогикалық сипаттағы ең үлкен мағыналық жүктеме екінші
жартысында болатын –шығармашылық жүктеме. Оның үш құрамы бар, олардың реті өзгеріп
отырады, бірақ құрамының өзі өзгермейді:бірінші тестілеу, ол балалардың қабілеттіліктерін,
бейімділіктерін анықтауға арналған,екіншісі-балалардың шығармашылық шеберханаларындағы
жұмыс бастылығы; үшінші-әрбір сабақтың аяқталғандығы.
Бала ұйымдастыру кезеңінде бірнеше шеберханалар жұмысына қатысып,өзіне ең ұнағанын
таңдап алады да ,ауысым бойынша сонымен айналысады.
Әрбір күн ертеңгілік гимнастикадан басталады, ол 10-15 минут жүргізіледі:күн ашық күндері-
далада,жауынды-шашынды болғанда-желдетілген бөлмеде. Бұл режимдік сәттің негізгі міндеті
(денесін шынықтыру мен дамытудан басқа)-күні бойына жақсы эмоциялық көңіл күй және мықты
дене тонусын сыйлау. Қимыл-қозғалыс ойындарына дене шынықтырудың барлық элементтері:
жүру,жүгіру,секіру кіреді. Олар балалардың көңіл күйін көтереді, ептілігі мен шапшаңдығын,
төзімділігін дамытады, ал ұжымдық ойындар оған қоса достыққа тәрбиелейді.
Бізді қоршаған заттардың барлығы әдемі: табиғатта да, қоғамда да және адамдар арасындағы
қарым-қатынаста да. Тек оны көре білу, сезіне білу, түсіне білу қажет. Осындай білік өскіні әрбір
адамның бойында бар. Оларды дамыту –эстетикалық тәрбиелеу. Сондықтан да эстетикалық
тәрбие әрқашанда балалардың сауықтыру лагерінде педагогикалық әрекеттің маңызды бөлігі
болып табылады.Лагерде рухани-адамгершілік,эстетикалық тәрбие шеңберінде көп нәрсе жасауға
болады. Бұл жерде бірнеше бағыттарда қарым-қатынас жасалады.
Шығармашылық әрекет- бұл адам белсенділігінің ерекше саласы, онда жеке адам өзінің рухани
және дене күші көрінісінен ләззат алудан басқа мақсат көзделмейді.Лагердегі шығармашылық
әрекеттің негізгі міндеті –балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту болып
табылады.
Сурет салу лагерде балалардың көркемдік қабілеттерін дамытуда үлкен мүмкіндіктер
береді.Сурет сала отырып,балалар көркемдеу әрекетінің бірқатар дағдыларын меңгереді, көру
жадын бекітеді, түстер мен қоршаған орта формаларын аңғарып,айыра білуге үйренеді.Өз
суреттерінде олар өзінің әлемді қабылдауын, өз қиялын қағаз бетіне түсіреді.
Еңбек тәрбиесі балаларды әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектің педагогикалық ұйымдастырылған
түрлеріне тарту үрдісі, оларға аздаған еңбек біліктерін, дағдыларын беру, еңбексүйгіштіктерін,
басқа да адамгершілік сапаларын, еңбек мақсаты, процесі мен нәтижесіне эстетикалық
көзқарасты қалыптастыру.
Тұрмыстық өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі балалардың жеке еңбек әрекеттері есебінен оның
тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қарастырады.Оған төсегін жинау, киімі мен аяқ
киімін күтіп ұстау,өзі отырған ортаны таза ұқыпты ұстау кіреді.
Балалардың лагердегі өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне лагерь бойынша, асханадағы кезекшілік те
жатады.
Жазғы демалыс жағдайында балалардың жаңаны, бейтанысты танып- білу тілегі жоғалмайды, тек
бұл ұмтылыс мектептегі сабақтан басқа формада жүзеге асырылады. Бір жағынан балалар
өздеріне мектептен, қоршаған ортадан берілген білімдерін жүзеге асыруға тырысады. Мысалы,
саяхаттар, танымжорықтарға шығу, концерт, спектакльдер көру, психологиялық тестілер
балаларға өзін жаңа бір қырынан көруге көмектеседі.
Бос уақытын ұйымдастыру- бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас
жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерде
болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады. Оның негізі
әртүрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-
адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық
ережелерін бекіту жүзеге асырылады. Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене
және рухани қабілеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.
Концертке, спорт жарыстарына, қойылымдарға бару, қыдыруға, саяхатқа шығу да баланың көңіл
көтеріне ықпал жасайды. Демалыс белгілі бір шамада балаларды күнделікті шаруаларынан
босатады, оларға эмоциялық көңіл күймен өз сезімдерін ашып көрсету мүмкіндігін
береді.Өздігінен білім алу балаларды мәдени құндылықтарға тәрбиелейді.Өздігінен білім алуға
экскурсиялар, пікірталастар, іскерлік ойындар жатады.
Лагердегі тәрбие жұмысының маңызды бағыты-балаларды қызығушылығы бойынша шағын
топтарға біріктіретін үйірмелік әрекет. Лагердегі үйірмелерді ұйымдастыру вариативті сипатта
болады, яғни әрбір ауысым кезеңінде мектеп мұғалімдерінің басшылығымен тұрақты үйірмелер
жұмыс жасайды. Үйірмелерде жұмыс жасау балаларды бірлескен шығармашылық арқылы
дамытады. Бұл кезде мінез-құлық нормасы мен этикет ережелерін бекіту, жаңа пәндермен және
құбылыстармен танысу, табиғатқа қамқорлық жасау, еңбексүйгіштікке баулу жүзеге асырылады.
Балалардың қызығушылығын неғұрлым пайдалы жүзеге асыруға жағдай жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |