7
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда
дамып,
тақырыптық-мазмұндық
тереңдігімен,
көркемдік-эстетикалық
қуатымен, адам болмысына ерекше назар аударып, ішкі дүниесінің нәзік
иірімдерін сөз етуімен халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алып отыр.
Яғни, көркем әдебиет адам баласына рухани азық болуы тиіс міндетін өз
деңгейінде атқаруда. Оған өз кезегінде әлем әдебиетінде орын алып жатқан
өзгерістер мен жаңалықтар, көркемдік ізденістер де игі ықпалын тигізуде.
Егемен қазақ елінің әлемдегі өркениетті елдер қауымдастығында алатын орны
рухани саладағы құндылықтары арқылы білінеді. «Әдебиет дегеннің өзі «құдай
көпсінбесін» дейтін нәрсе емес. Халыққа талант сыйлаған ырыздықты ешкім
тартып ала алмайды, ол тарих бойына таусылмайтын аса берекелі азық.
Ендеше, соны молырақ өндіру үшін, барды тамашалай бермей, жоқты
қарастыру шарт. Өсер адамның өз міні көлеңкесіндей көзіне көрініп, қалбаңдап
қасында жүретіні сияқты, әдебиетіміздің де олқы жақтары осы жұрттың өзіне
аян» [1,3] деген Х.Ерғалиевтің сөзін ескерсек, әдебиеттану ғылымында деталь
мәселесінің көркемдік қызметі зерттелу қажеттігі айтылып та, жазылып та
жүргені белгілі. Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасында: «ұлттық
мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа
аманаттау басты мақсат» [2] екенін атап көрсетуі де – бүгінге дейін белгілі,
белгісіз себептермен зерттелмей, зерделенбей келген кезең мұраларын тәуелсіз
ел әдебиеттану ғылымы тұрғысынан қарастыру – ғылыми, мәдени тұрғыда
қажетті міндеттердің бірінен саналады.
Материалдық байлығы ғана емес, рухани байлығын сақтап, рухани
құндылықтарын дәріптеген елдің ұлттық ерекшелігі де сақталып қалады.
Ұлттық ерекшелікті көрсететін басты дүние – әдебиет екені әмбеге аян. Бүгінгі
қазақ әдебиетінің, соның ішінде әдебиеттану ғылымының алдында тұрған
маңызды міндеттер мен өзекті мәселелер де жетіп артылады. Өзгенің таптаурын
болған дүниелерін дәріптеп, шиырлап жүре бермей, тұнық бастаудан тарайтын
таза бұлақ секілді, әдебиетіміздің төл дүниелерін танып, білуіміз аса маңызды
болмақ. Рухани тамырымыз тереңге қанат жайғанда ғана біз жаһандану
заманында
жұтылып кетпей, биікке
қанат қағып, өсіп-өркендейтініміз анық.
Деталь әр жазушыдан ерекше қабілетті, суреткерлік икемділікті талап етеді.
Оның үстіне новелла жанрының шарты басым болуы да көптеген
қаламгерлерге сын болған секілді. Бұл кірпияз, шарттылығы көп жанр
суреткерден шеберлікті ғана емес, жанр ерекшелігін түсіне білетін
сезімталдықты талап етеді. Біз өз жұмысымызда деталь мәселесіне арнайы
көңіл бөліп, оларды новелланың үздік үлгілері аясында талдау жасауға
тырыстық. Әрине, бұл саладағы теориялық тұжырым, ғылыми ой-пікірдің осы
еңбекпен шектеліп қалмайтыны, алдағы уақытта да жалғасын табары анық.
Қазақ әдебиетіне әдеби байланыстың негізінде келіп енген, жанрлық
табиғаты ерекше, көркемдік-тағылымдық болмысы бөлек жанр – новелла.
Новелла жанрының жай күйіне тоқталсақ, қазақ прозасындағы адамгершілік,
8
рухани-психологияық, қоғамдағы терең қайшылықтар мәселесі, адам мен
табиғат сабақтастығы уақыт мінберінен басты орын алған ХХ ғасырдың 60-80-
жылдары ерекше дамығаны байқалады. Осы кезеңде ерекше орын алған қазақ
әдеби үдерісінде айрықша қарқынмен дамыған барлық жанрлар сияқты новелла
жанры да кең қарқынмен дамыды. Оған сүбелі үлес қосқан жазушылар
қатарында С.Жүнісов, Т.Ахтанов, Д.Әбілев, М.Әлімбаев, Н.Сералиев, О.Бөкеев,
Х.Ерғалиев, И.Жақанов, Ө.Қанахин, С.Мәуленов, Қ.Найманбаев, Ә.Нілібаев,
Т.Әлімқұлов,
М.Сәрсекеев,
Э.Төреханов,
Х.Әдібаев,
Ш.Құмарова,
О.Әбділдабаев, К.Сегізбаев, Р.Тоқтаров, М.Мағауин, Қ.Мүсірепов, М.Шаханов,
С.Шаймерденов сынды бірқатар прозаиктер есімін атауға болады. Новеллистер
шама-шарқынша Ы.Алтынсарин, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, С.Ерубаев сынды
алыптар салған сара жолды жалғастырып, көтерген биігін аласартпау, идеялық-
көркемдік іздерін әлсіретпеу бағытында барынша еңбек етті. Новеллистер сөз
өнерінің маржан тізбектерін пайдалана отырып, детальды – көркемдікті
шыңдаудың, шеберлікті арттырудың құралы ретінде пайдаланды деуге болады.
Суреткерлеріміз халықтың рухани қазынасын игеріп, сапалы новеллалар
тудырды. Олар қоғамдық өмірдегі, адам мінезіндегі кемшін, жағымсыз
қылықтарды ашып көрсетуде ғана деталь пайдаланған жоқ, туындының
символдық мәндегі тақырыбын, өзіндік көтерген идеясын ашып көрсетуде де
деталь үлкен рөл атқарды. Көлемі шағын новелла жанрында аз сөзге салмақ
салып, көп мағына жүктей білді. Қазақ прозасындағы новелла жанрының даму
сипатына мән беріп қарағанда, дәл осы авторлар өнімді еңбек етіп, новеллалар
тудырған дәуір, яғни, ХХ ғасырдың 60-80-жылдары қазақ новелласының
шарықтап, қарыштап дамыған кезеңі болды десек артық айтқандық емес.
Ұлттық ой-сана қанша жылдар бойы бұғауда ұсталса да, бүгінгі тәуелсіз ел
әдебиетінің әдеби үдерісінде новелла жанры жанрлық форма жағынан да,
мазмұндық
тұрғыдан да,
тақырыптық жағынан да кеңейіп, құнарлана түсті.
Достарыңызбен бөлісу: