Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

Көп нүкте 

 

 §24. Айтып отырған ой желісі түрлі себептермен үзіліп қалған жағдайда 

аяқталған не аяқталмаған сөйлемнен кейін көп нүкте (үш нүкте) қойылады: 

Жоқ,  ешкім  де  ұрған  жоқ,  кейін  айтам...  Апа,  төсек  салып  берші, 

жатқызшы! (М.Әуезов). Жиренше атты байлай сала топқа қарай жүгіргенде, 

Абай көзін басып отыра кетті... Бітті, өлді... (М.Әуезов). 

§25. Алынған цитаттың (дәйексөздің) ара-арасына сөйлем не сөздер қалып 

қойған жағдайда сол жерге көп нүкте қойылады: Ол тайпа мен оның диалектісі 

жайында: «...тайпаның өзіне ғана тән ерекше диалектісі болады. Шындығында, 

тайпа мен оның диалектісі бір жерден шығып отырады» десе, тайпаның бөліну 

процесін  «бөліну  арқылы  жаңа  тайпалар  мен  жаңа  тілдердің  жасалуы»  деп 

сипаттайды (К.Аханов). 

§26.  Дәйексөзге  алынған  сөйлем  не  бірыңғай  ой  желісі  аяқталмай  қалса, 

дәйексөздің  соңына  көп  нүкте  қойылады:  Өнер  тудырушылардың  ең  негізгі 

қасиетін  Л.Н.Толстой  оның  реализмінде  деп  білді.  «Өзіңіз  суреттеп  отырған 



адамдардың өмірімен өмір сүріңіз, – деп жазды Толстой, – әр образда оның ішкі 

түйсінулерін  суреттеңіз;  сонда  олардың  өздері  өз  мінездеріне  лайық  қимыл-

әрекеттерді өздері жасайды...» (З.Қабдолов). 

Е с к е р т у. Сөйлем ішіне оның бір мүшесі ретіңде кіргізілген дәйексөзге 

(олар толық алынбаса да) көп нүкте қойылмайды: Қазірде де кейбір талантты 



жазушылар қаламынан шыққан «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерліктей» сөз 

түйдектерін кездестіруге болады (К.Аханов). 

 

§27. Көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем лепті не сұраулы болып келсе, әуелі 



леп белгісі (сондай-ақ сұрау белгісі), одан кейін қатарынан екі нүкте қойылады: 

Ой, тәйір алғыр!.. Бұл кім өзі? – деп ашумен сырт айнала беріп Абайды көрді де: 

– Ой, Абай, сенбісің?.. Ай, шырағым-ай, бір тыныш жерде отырсаң етті!.. – деді 

(М.Әуезов). 

§28. Кейде көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем әрі лепті, әрі сұраулы болып 

келсе, әуелі мағынасына қарай не леп, не сұрау белгілері, олардан соң бір нүкте 

қойылады: Ән салған жылқышының дауыстары да кейде шырқала, кейде баяулай 

естіліп  жатады...  Ол  да  маған  таныс  түндер...  Көл  ше?!.  Алуа  ше?! 

(С.Мұқанов). 

§29. Лептік  те,  сұраулық  та  мәні бар сөйлемдерден кейін екі белгі қабат 

қойылады.  Сұраулық  мәні  басым  болса,  әуелі  сұрау  белгісі  және  керісінше 

қойылады: 

Кешіре көр, тақсыр балық, 

Не кылмақсың бұл ессізге ?! (А.С.Пушкин). 

Отаным, еркелегем өзге кімге? 

Өзіңмен нені болсын көргем бірге! 

Қалайша қабырғама батпас менің 

Басыңа қатер бұлты төнген күнде!?(Ғ.Орманов). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет