Қазақ тілінің пунктуациялық


дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!)



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!) қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін 

түсіріп алады (С.Мұқанов). 

 

Нүктелі үтір 



 

§20.  Нүктелі  үтір  санамаланып  берілген  құрылымдардың  араларына 

қойылады:  Шешім  (орысша  развязка)  –  шығарма  сюжетінің  де  шешуші 

кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған 

«үкімі»;  адамдар  арасындағы  қарама-қарсы  тайталастардың,  күрделі 

күрестердің  бітуі;  түрліше  тағдырлар  тартысынан  туған  нақты  нәтиже; 



оқиғаға  қатысушылардың  ең  ақырғы  хал-күйі;  күллі  құбылыс-көріністердің 

соңғы сахнасы (З.Қабдолов). 

§21. Нүктелі үтір бірыңғай мүше түрінде келген, мазмұндас сөйлемдерден 

кейін қойылады: 

1) Біз Алатаудай ел едік, – 

Теңемек болды ойға жау; 

2) Біз тасыған теңіз сел едік,– 



Теңемек болды шөлге жау; 

3) Біз атып болған таң едік, – 



Түн етпекші болды жау; 

4) Біз әлемге жарық күн едік, – 



Өшірмекші болды жау. 

Жау ма бізді бөгейтін?! 

Жау ма бізді жеңетін?! (Жамбыл) 

 

§22.  Нүктелі  үтір  өз  ішінен  үтірмен  айырылған  ыңғайлас  мәнді 



құрылымдардың (сөйлемдердің) арасына қойылады. 

§23.  Жайылма  (күрделі)  бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысының  (немесе 

бірқатарының) өз іштерінде үтір кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне 

нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Қала деген аты ғана болмаса, Н... қаласы екі 

қабат үлкен үйлер көшелерінде ғана бірен-саран кездесетін; өзге үйлерінің көбі 

бір қабат қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш үйден шым үй көп 

кездесетін;  азғана  жаңбыр  себелеп  өтсе,  көшелерінен  адам  батпақтап  жүре 

алмайтын; бірақ етек-жеңі мол; таусымақтау жерге жалпая салынған; Сібірде көп 

кездесетін үлкен бір деревня еді (С.Мұқанов). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет