Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

Леп белгісі 

 

§9. Леп белгісі лепті сөйлемдерден кейін қойылады.  

А) Лепті сөйлемдер бұйрық мәнді болуы мүмкін: Малтықпай тез көшсін! 



Шұбалмасын!  Қатар  қозғалсын!  Қауырт  жөнелсін!  –  деп,  қысқа-қысқа 

әмірді ауыл басы сайын кісі шаптырып айтқызып жатқан (М.Әуезов). 

Ә) Өтіну, жалыну түрінде болуы мүмкін.  

Ә) Қолпаштау, қайрау мәнді болуы мүмкін.  

Б) Жекіру мәнді болуы мүмкін: Тәйт! Жә!  

В) Ұран, үндеу түрінде болуы мүмкін.  

Г)  Бір  ғана  етістіктен  құралған,  ерекше  интонациямен  айтылған 

сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады: Барсын! Кетсін!  

Ғ)  Көңіл  күй  одағайы  боп  келетін  бір  ғана  сөзден    сөйлемнен  кейін  леп 

белгісі қойылады: Ойбай! Апырмау! Япырай! Пәләй! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен 

нені айттым!? (М.Әуезов). 

Д)  Кұрамында  көңіл  күй  одағайы  бар  сөйлем  ерекше  интонациямен 

айтылса, сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады:  



Е)  Шақыру  одағайынан  ғана  тұратын  сөйлемнің  соңына  леп  белгісі 

қойылады: Шөре-шөре! Құрау-құрау!  

Ж) Шақыру одағайлары ерекше интонациямен айтылса, сөйлемнің соңына 

леп белгісі қойылады:   

З) Иә, жоқ деген сөздер сөйлем басында келіп, ерекше екпінмен айтылса, 

олардан  кейін  леп  белгісі  қойылады:  Жоқ,  жоқ!  Жалғыз  емес,  мен болармын 



қасында (Ғ.Мүсірепов).  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет