Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет129/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

— Қадиша оқыған әйел болса керек, кім біледі. Балташ рас дейді.
Оны қоя тұрайық:


«Март — 15.
Тыныс   кезінде   тысқа   шығып   ем,   қатар   есіктен   Күлән   жымың
етіп,   жылт   етті.   Ымдап   мені   шақырды.   Жолықтым.   «Хат
жазсам да, әкеле алмадым. Және жазумен айта алатын емеспін.
Ауызша   сөйлессек   екен   деді.   Қашан,   қай   жерде   сөйлесуді
айтыстық. Мен:
«Жеңгең біле ме?»— деп едім; — «Білмейді»,— деді. Уақытын өзі
айтпақ болды».
«Март —16.
Бүгін түсімде Күләнді көріп, сөйлесіп, сүйісіп жүрмін. Ғылымда:
адам түсінде өңінде көп ойлаған нәрсесін көреді,— дейді. Ендеше,
менің   ойымды,   еркімді   ол   билеп,   аударып   жүр   екен.   Мен   өзімді
талай ауыздықтамақ болдым. Өзіме өзім ұрыстым. Өзімді сөктім,
сынадым. «Сүйгенің бекер, алдап, алданып жүрсің. Құмар болатын
не бар?» деп, өзімді тоқтатпақ болдым. Оның да мінін көрейін,
жек көрейін, безейін деп ойландым, талпындым. Өзімді түзетпек
болып, өткендегі жаман істерімді еске түсірдім. Оқыған қызды
алғанмен   бақытты   болмаймын   деген   пікірді   ойыма   келтіріп
көрдім.   Қалай   талпынсам   да   болмады.   Талпынған   сайын,   торға
түскен   қаршығадай,   шырматылып   орала   беріппін.   Менің   қол-
аяғымды байлап ұстап алыпты. Ол тор — Күләнға ауып кеткен
көңілім екен...
Оны мен түсімде көргенім бүгін бе? Биыл ма? Есімде бар: еткен
жаз   осы   қалаға   келерде   де   көрдім.   Онда   ол   үстінде   күпісі   бар,
күжірейіп,   қырындап   өте   беріп   еді.   Биыл   Орынборға   жүрерде
тағы   көрдім.   Онда   тағы   түзу   қарап   сөйлеспеді,   адам   әйел
аңсағандықтан кіре беретін шығар деп, өзімді жұбаттым. Оның
бәрі бос жұбаныш екенін енді біліп отырмын.
Онымен   жолығамын,   сөйлесемін   дегелі   бақ   үміті   көзге
елестегеңдік пе, келешектегі жақсы өмірдің суреті қиялыма келіп,
өзімді   әлде   қайда   сүйреп   әкетті.   Қазір   жүрегімде   қан   қайнай
бастады.  Көңілім  алып-ұшып бір  жаққа кететін тәрізді.  Тәубе,
тәубе... Асатпай жатып құлдық демейінші».


— Байғұс-ай! Қайтсін! Құмар болған екен...
—   Камила-ау!   Тіршіліктің   сәні   де   құмарлықта   ғой.   Құр   атқа
мінгендей көңілің бір серпіліп кетеді ғой!
«Март —17.
Школға бардым. Оны көрдім. Жәкім екеуі тұр екен. Басымды идім.
«Мен — сенің құлыңмын» дедім ішімнен. Ол көзін жаутаң еткізді.
Неткен сүйікті, жылы көз!
Оның   көзінен   шыққан   сиқырлы  жіптің   бір   ұшы   менің   жүрегіме
жалғаулы.   Көзіне   көзім   түссе,   сиқырлы   жібін   шертіп,   жүрегім
селт   еткендей   болады.   Сиқыр   жібін   шерткені,   қобыздың   нәзік
шегінен шыққан майда күй секілді, жүрекке жылы тиеді, жанға
ләззат   береді.   Әттең   өкініш!   Жанға   жайлы   майда   күйін   ұзақ
шертіп   тұрмайды.   Бір   қағып   қалады   да,   ғайып   болады.   Күйлі
қобызға бір шерткен де қанағат: ол шертісте күйлі қобызға үн
(тон)   беріледі;   қобыз   үн   шығаруы-ақ   мұң;   мұңды   тәтті   күйін
қозғап   ала   жөнеледі;   талай   қияға   соғады,   тербетеді,   әлдилейді
жүректі.   Күй   дәуірлейді,   сорғалайды,   жаяулайды.   Бейне   құйып
жүрген   су   жүзіндей   толқындап,   жыбырлап,   сыбырлап   барып
басылады...
Бүгін ол сағат алтыда жолықпақ. Мен сағатқа қарай беремін. Бір
баланы   көшеге   жіберіп,   андытып   қойдым.   Минут   өткен   сайын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет