Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет126/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

— Ойбай-ау! Бұ да емес. Тұра тұр. Міне біреуін оқиық.
«Февраль — 11.
Осы күні өміріме керекті нәрсе — өмірлік жар сықылды...
— Е, осы екен?
...Жанымда сүйген жарым болса, қызметке бір беткей, алаңсыз.
қарар едім деймін. Көңіл алаң боп жүргенде, іске құлқым соқпайды.
Бір   нәрсем   жоғалған,   бір   мүшем   жетпеген   кісідей,   сыңар   жақ
боламын да тұрамын...
Кешке Ақымдікінде қонақта болдық. Күләндар да келді. Еркектер
оны-мұны   сөйлесіп   отырды.   Мен   әңгімеге   кіріспей,   солғын


отырдым. Күлән шашын бұйралап, жақсы қызыл кофтасын киіп
келіпті...
— Коптасы немене?
— Мынадай омырауша көйлек,— деп Ақбілек өз көйлегін көрсетті.
...Бұрын   ондай   киім   кимегендікі   ме   ұялған,   сезіктенген   кісіше
қызарып отырды... Ол бұрын шығып кетіп еді. Біраздан соң мен де
шығып, артынан келе жатсам, ілбіп келеді екен. Менде ақырын
жүрдім: мені күтпек болса, тоқтар деп ойладым. Ойлағанымдай
тоқтады.
— Қарашы, еркектер ылғи сынап жүреді-ау!
— Е, өзіміз де сынамаймыз ба?.. Аржағын қарайық:
...Ол   сөзді   бұрын   бастады.   Мен   қысқа,   салқын   жауап   бердім.
Хаттарымды сұрадым. Оған жат көрінді ме, күлген, білдірмеген
болып,   басқа   сөзге   бұра   берді.   Менің   хаттарымды   қайтаруды
сұрағанымды X. қаласының өсегінен болды ма деп, майдалағысы
келді.   Мен:   X.   адамдарымен   танысқым   келмейді   —   дедім.   Ол:
қыздармен   де   ме?—   деді.   —   Қыздармен   де   —   дедім.   Ол   мұны
күткен жоқ еді: таңданды. Көшеде біреу келе жатыр екен: қош,
деп, айрылысып кеттік».
— «Қы» қаласы дедің бе? Онысы немене?
— Онысы: қаланың атын қысқартып, бір қарыппен айтқаны ғой.
«Февраль — 12.
Күлән   күнде   екі-үш   серігімен   сенекте   қолтықтасып,   сөйлесіп,
сыңқылдасып жүруші еді. Бүгін көрінбеді. Класынан шыққан жоқ.
Сабақпен шұғылданса керек. Көңіл күндегідей емес қой. Әйтседе
іштегісін білдірмейтін әйел».
«Февраль —14.
Екінші   басқыштың   балалары   үйірме   ашып,   іс   қылмақ   екен.   Іс
қылмаған   соң   бұрынғы   басқармасын   түсіріп   жаңадан   сайлаған
екен, бұрынғылар орыс балаларын, самогон беріп, азғырып алып,
жаңа   басқарманың   жиылысын   қуып   таратыпты.   Төбелесе
жаздапты.   Бұрынғы   басқармадағы   бай   балалары   болса   керек.
Бұлардан қандай жақсы адам шығар екен?..»


— Мынау басқа нәрсе боп кетті ғой.
— Ия. Мұны неге белгілеп қойды екен?
«Февраль —16.
X. қазақтары — әрқайсысы келіп, оны-мұны айтады: маған сөзін
сөйлетпек, мені керегіне жаратпақ, өздеріне кісі қып алмақ, Қапай
менің   жолдасым   болғанға,   көңілдегісін   істетіп   береді   деп,
дәмеленеді. Қазақтың та лай былық жұмысы бар. Кімдікі дұрыс,
кімдікі теріс екеніне көз жетпейді. Кімнің сөзін сөйлерсің?.. Келіп
отырған   соң,   тыңдайсың.   Шық!—   деуге   ұяласың.   —   Мұнысы
керекті сөз екен — оқып шығайық:
Және   елдің   сырын   білгім   келеді.   Сондықтан   ғана   тыңдаймын.
Әйтпесе, ел қазағының толып жатқан шатақ жұмысына кірісе
берсем,   тұтынған   мақсұттарым   далада   қалады   ғой.   Бірақ
қазақтың кіріп-шыққаны да зиян ба деп ойлаймын: сырттан кім
көрінгенге   иемденіп,   арқаланып,   бұтып-шатады.   Жолатпайын
десең, жаман да болса, бұзық та болса, өз елің ғой деп ойлайсың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет