Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет29/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

отырмаушы ма еді? Жиекте жол жатыр ғой... ойбай-ау, жақын
жердегі ел шаттағы орыстардан босып кеткен екен ғой! Маңайды
жын   орнағандай   қылды   ғой!   Мал,   жанында   билік   қалды   ма?..


Талай   қыз   мен   сияқты   соры   қайнады   ғой!..   Бірақ   тап   мендей
болғаны жоқ шығар. Қостарына әкелген әйел көрінбеді ғой. Әлде
өлтіріп тастап жүрді ме?.. Орыс шіркін адамды аямайды екен-ау!
Құрғырдың   атын   атамайыншы,   тағы   келіп   қалар.   Олар   неғып
қайтпады? Әлде бірдеңеге ұшырады ма. Олар кіммен соғысып жүр
екен? Әлде төңіректегі қазақтармен... қой, қазақ бұлармен неғып
соғыса   алсын?   Не   қауқары   бар?   Әлде   қазақ   біткенді   қырып
тастап,   малдарын,   қыз-келіншектерін   тартып   алғалы   жүр   ме?
Онда   бәрі   бірдей   неге   кетті?   Бес-алтауы   барса   да,
мылтықтарымен бір тайпы елді жусатпай ма? Өздері қорыққан
кісіше асығып-үсігіп, алды-артына қарамады ғой. Әлде бір күшті
жауы келіп қалды ма? Олардың жауы кім? Ойбай-ау! Әлгі әкемдер
«Ақтар, қызылдар» деп отырушы еді. Сонысы ма әлде? Қызылы да
орыс па екен? Олар да қыз алып қаша ма екен? Орыс болса... Қара
мұрттай-ақ болар. О да мені өлтіріп кетем деді ғой. Апрым-ай,
апрым-ай! Жасаған-ай! Енді қайтейін!.. деп тамсанып-тамсанып
қойды.
Сылдыр-сылдыр су ағады. Суға қараса, Ақбілекті бұлдыр-бұлдыр
ой тербетеді. Тербеткен сайын көздері кішірейе түседі. Ұйықтап
қап, масқара боп жүрмейін деп, сығырайып бара жатқан көздерін
ашып   алады.   Сонда   да   болмайды:   бір   жағынан   күннің   қызуы
маужыратып,  бір  жағынан  ағын  су ойын  тербетіп,  түні бойы,
ұйқы   көрмей   сілесі   құрып,   жаяу   жүріп   шаршап   келген   сорлы
қалғып кетеді...
Ақбілек   ояна   келгенде,   селк   етіп   басын   оқшита   жұлып   алды.
Бөтен   жерде,   өзен   бойында,   жар   түбінде   жападан-жалғыз
шошайып   қалғанына   өзінен-өзі   қорқып   кетті.   Қара   шаттан
қашып келе жатқаны лезде есіне түсе қалды. Ұшып түрегелді. Күн
еңкейіп, түс қаңғып кетіпті. Өзеннің о жақ, бұ жағына бойлап-
бойлап қарады да, еткел іздеп, кебісі тырпылдап тағы жағалады.
Әлі жүріл келеді, әлі жүріп келеді. Өткел жоқ. Сойылшасын суға
бойлатып, әр жерді бір керді, бәрі де терең тәрізді.


Әлден уақытта бір жадағайлау жерге жетті, екі жағы домалақ-
домалақ   қиыршық   тас.   Ағыны   бұжырланып   жатыр.   Балағын
тізеден   асыра   түріп   етегін   жиыра   көтеріп,   кебіс-мәсісін
қолтықтап, мамық табанын қия тасқа бұлтылдатып, судан өтті.
Жарты шақырымдай жерде бір дөңес көрінеді. Соған шығып ел
көздемек.
Ол белеске шығып еді, ар жағы одан да биіктеу адырсымақ екен.
Ақбілек   жан-жағына   барлап,   жер   болжады.   Алғы   беті   ашық,
арты   —   кенере   тау.   Ақбілектің   ауылы   осынау   кенере   таудың
түбінде.   Шығыста   емес,   құбыла   жақта.   Өйткені   артындағы
таулар   өз   тауларына   ұқсамайды,   сонау   бір   көлденең   таулармен
тұтасып   кетіпті.   Ендеше,   таудан   онша   алыстамай,   құбыла
жаққа   таумен   жарыса   жүру   керек.   Ақбілек   соны   ойлады   да,
белестен асып, жадағайлау ылдимен аяндай берді.
Адыр,   адыр.   Елсіз   дала.   Бозғыл   көде.   Кербетеге,   тобылғылы
беткей.   Төбешік,   обашық.   Қызыл   құмайт.   Шөптесін   шөңейіт.
Қоңыр тышқан, ала сауысқан. Ор қоян. Бозторғай. Осыдан басқа
кезге түсер қара-құра жоқ. Даланың көркі ел екен-ау! Елсіз дала –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет