ақыры сол 230 ат Матайұғлының қолында қалып, Ақбанұғлы,
Темірбайұғлы, Төребай балалары һәм... (міңгірлейді) ұғлы
пайдаланып кетті...»
— О жолы біздің әкей телімнен құр қалған шығар: араздығының
басы со ғой.
— Оған мен таласпаймын, әйтеуір бірге жүрген кісі ғой.
— Оны нетуге болмас па?
— Жоқ оны артынан сөйлесерміз.
11. «Ианеде Калшак өкіметі жығылып, аклар қашқанда Әбен
Матайұғлының атағына келген бір палкаунік, бір нашелнік канта
жолдастары илан, баршысын алғашқы келген қызылдар ұстап
алды. Бұдан бұрын Степанский полкінің арғы Сарытау
сыртындағы Жаманқала поселкесінен жүргелі тұрғанда,
Матайұғлы, Ақбанұғлы, Ермекбайұғлы, Темірбайұғлы һәм... ұғлы
басқа болыстан қанша жолдаслары бар ақтардың 60 ғаскерін
ұстап алған. Бір полемет, қанша ат, арба, қанша киімлар, қанша
ақшалар, — баршаларын олжа қылған. Ұстап отырған үстіне
қызылдар келіп қалып, алған нәрселерді тап деп, иане өзіңе тән
жылқыңнан бізге екі жүз ат даярла деп бұйрық салған. Сонан
кейін Матайұғлы пленнің нәрсесін жиылған ел таратып алып
кетіпті, кім алғанын білмеймін. Бір кісі қосып берейін, өзлерің кісі
жібер, солар жисын деп сұранған. Полк бастығы үш салдат қосып
беріп, төрт кісіні нәрсе жинауға жіберген. Матайұғлы елден 200
ат жиғызып бергенде, бұлар арық ат нашар елдікі, өзіңнен 200
семіз ат бер деп қаһарлы бұйрық қылған. Елден тағы ат жинап
жүргенде полктың жүретұғын уақыты болып алдыңғ 200 арық
атпен жүріп кеткен. Сол аттар баршасы кетті. 10 ат қайтқан
еді, оларды Матайұғлы иесіне бермей алып қойды; себебі лаушыны
мен жібердім деп. Плен нәрсесін жиған үш кісіге үш мың сом, бір
полемет беріп, қалған қанша қару-жарақ, бұйымларны жоғарда
айтылмаш үш-төрт адам пайда серік болып бөліп алды».
— Бұған не айтасың?
— Ақтың нәрсесінен пайда қылды ғой жұрт.
12. «Мүнден кейін елге сайлаушы шықты. Сарытау еліне келген
Шамен Айдарбекұғлы Матайұғлы илан сөйлөсіп 20 жылдан бергі 3-
нші ауылнай старшыны боп жүрген Жүсіпұғлын болыснай репком
сайлады. Шар жоқ, ауызша сұрау жоқ, бір болыс елдің барша
ауылнай репкомларын да жазған. Матайұғлы жаздырып жіберді.
Мүнден кейін сойысқа 40 өгіз берсін деген бұйрық келді деп, өгізі
бар 40 кісіге бөлдік деп мелитсемен жиып алды...»
— Бұл рас. Біздікінен де бір өгіз алды.
«Сол малдарға қазына ақша бергенін де білмейміз. Берсе де
өзіміздің жалмауыздар жеп қойғанын да білмейміз».
13. «Ианеде Матайұғлы екі жерге қыстау салып отыр. Біреуі
Шақат бұлағындағы Әлкебай балаларының, Қорабай,
Боқсарыұғларының... жерін тартып алып, екінші көл басында, күн
батыс жағында Құрман балаларының күн шығыс жағында
Тойбазар балаларының жерін тартып алып, тамам нашарларды
жылатып, қаңғыртып отыр. Ианеде Әлкебай балаларының қора-
мүлкі бар еді. Екі бөлмелі үй, қанша қора жабдық: есік, терезелерін
өзіне бермей жылатып отыр».
— Бұ да өтірік пе?
— Қыстау салып, жер алып отырғаны рас қой.
14. «Ианеде бір қыстауынан бір қыстауын аударыстырып
салатын ағаш үй иане түрлі жұмысларын елден жігітлер жинап,
ақысыз олар жұмыс істейді. Өз үйінен тамақ жоқ, маңайдағы
|