Бір мүлиен бұт тас-көмір тасылған. Сонда барша кірекшелерден 20 мың сом пайда қылған. Ол уақытта орта қисап илан орта жылқы 20 сом болушы еді. Сонда барша крекешерден бір мың жылқы пайда қылған болар. Сол зауаттың опраблайшыны екі иақшы ат беріп, тамыр болып, бір иақшы мылтығын алды; үш ауызды, алыстан тиетұғын. Ол подрет біліп, опрабылайш қайтар уақытта тамыр болып берген екі буырлы атты өзі ұғырлатып алды. Осындай досына опасыздығы бар». — Осыларды да естімедің бе? — Естідік қой. Мұның бекері жоқ. Подреттен қанша пайда қылғанын қайдан білейік? Атын қайта алуы рас қой.
6. «Ианеде 1916 жылғы Сарыадыр жәрмеңкесінде Петрепаблының көпесі Патқұлланың 30 мың бұт жиған жүн-жабағысын подретке алып, Ертіске түсіріп беруге бұтына бір сомнан; крекешке 90 тиыннан беріп, халықтың үш мың сомын жеді. Ол уақытта қой 6 сом еді. Сонда 500 қой пайда қылған болады». 7. «Ианеде 1916 жылғы 25 июнь жарлығы болып, бұратана елден қара жұмысшы шақырғанда, Қарабас зауатынан Әбен Матайұғлы қорғасын тартатүн подрет алып, сол подретке кіргізіп, қара жұмыстан алып қалам деп, кіргізген кісілерінен 96 ат алды һәм ол тартқан қорғасынның кіре қақысын Әбен Матайұғлы өзі пайда қылды. Ианеде 19 бен 31-нің арасында болған жігітлерінің орнына бала салып һәм кәрі кісі салып, һәм ауру болып қалғандардан кісі басына бір ат алды; бермесең, көрсетем деп қорқытып. Осылардан алғаны 140 ат. Төрт кісі пайда серік боп бөліп алды: Ақып Жамшыбайұғлы, Адамбай Жүсіпұғлы иане Сейіт Төлемісұғлы...» — деп келе жатып, Жылтыр міңгірлеп кетеді. Өйткені Сейіт Бекболаттың әкесі еді. Бекболат сасып: — Жоқ біздің әкей аман шығар...— дей берді. — Аман болса, аман шығар,— деп Жылтыр тағы оқыды: 8. «Ианеде 1919 жылы дуандағы камендант Алексеевпен тамыр болып, жек көрген адамдарын абақтыға салғызды. Оларды шығарам деп кеп ақшасын алды. Камендант Матайұғлын земский сабранияға председатель сайлады. Мұнан Әбен Матайұғлы Шилі, Шеңгелді елдеріне барып, қорқытып 30 ат әкелді». 9. «Ианеде осы иыл ағүс айында Калшак өкіметі илан земстба бұйрық қылды деп, опрабител Аббас Матайұлы елге жариялады: бір июз отыз мың сом жиып налок салсын деп. Тез жинап салмасаңыз атрет шығарамыз деп, ауылнай, поштабайларын шапқызып, барша аталмыш ақшаларны жиып алды. Сол ақшаның үштен бірін салып, өзгесін болыснай Аббас Матайұғлы, Әбен Матайұғлы һәм... (міңгірлеп кетеді) һәм ауылнай Жүсіпұғлы пайда қылып отыр деп естиміз...» — Бұған таласың жоқ шығар.
— Мен оған несіне таласайын? Ақша жиылып жүрді ғой. Бірақ кім-кім пайда қылғанын кім біледі. — Білмесең, міне тыңдай бер: , 10. «Ианеде 1919 жылы ағүс айында Семей барып, Калшак қазнасымен жақын болып, ғаскерге 300 ат беруге уағыда қылып қайтты. Үйіне келіп, 70 ат жіберді. 70 мың сомның кезлемесін һәм бір иуз он мың сомның ақшасын әкелген. Қалған 230 ат үшін Калшак өкіметі 500 сом перуат қылған. Мұнан соң қазнаға ат жиямыз деп, елдің яқшы атларын Әбен Матайұғлының қоса берген атларын жібер деп неше мәрте тілгарам келсе де жібермей