89
пайдалану және дамытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу негізінде
жұмыс сапасын тиімді арттыруға қол жеткізу, кірістерді ұлғайту және
шығындарды оңтайландыру.
Техникалық саясатының негізгі бағыттары-поездар қозғалысының
қауіпсіздігін
қамтамасыз
ету,
перспективалы
техникалық
құралдар,
технологиялар мен материалдар жасау; жылдамдық және жоғары жылдамдықты
қозғалысты ұйымдастыру; энергия үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ
инновацияларды тиімді басқару болып табылады. Дегенмен, теміржол көлігін
дамыту бағдарламасын іске асыру жүйелі қиындықтарға тап болуда.
Қызмет ету мерзімі мен техникалық жай-күйі бойынша жылжымалы
құрамның істен шығуы жаңарту қарқынынан едәуір озады. Қолда бар паркті
ұстау үшін жыл сайын 3
мыңға жуық істен шыққан вагондарды ауыстыру қажет.
Сонымен қатар жоғары физикалық тозу темір жол көлігінің технологиялық
тұрақтылығын жоғалту тәуекелін туғызады. Атап айтқанда, саланы жеткіліксіз
инвестициялау жолдың нормативтік жөндеулерінің орындалмауына алып келеді.
Мысалы, 2007 жылы 626 км, 2008 жылы – 486,6 км, 2009 жылы− барлығы 264,7
км, 2010 жылы – 478 км жөнделді, ал жыл сайын 1200-1300 км жолды жаңарту
талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: