Баярыстанова э. Т


Педагогикалық менеджмент туралы түсінік, оның мақсаты және



Pdf көрінісі
бет13/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

Педагогикалық менеджмент туралы түсінік, оның мақсаты және 

функциялары

   Басқару  туралы  ғылым  және  ӛнер  ретінде  менеджмент  табысты  еңбек  етіп 

отырған кез келген ұйым үшін аса маңызды. Білім беру саласы да бұдан шетте 

қала алмайды, себебі қазіргі нарықтық  және бәсекелестік  жағдайда басқару  ісі 

жаңа ғылыми ережелер мен заңдылықтарға негізделуі тиіс.  Ғылым мен білімнің 

қазіргі  даму  кезеңінде  тұтас  педагогикалық  процесті  басқару  ісіне  ғылыми 

негізделген  сипат  беруге  деген  ұмтылыс  күшеюде.  Шындығында,  басқару  тек 

техникалық  және  ӛндірістік  процестерге  ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогика 

сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет. 



21 

 

  Сондықтан  басқару  теориясында  педагогикалық  менеджмент  ерекше  орын 



алады.  

Практикалық  іс  әрекет  ретіндегі  педагогикалық  басқару  (менеджмент)  – 

оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару. Педагогикалық басқару теориясы  – 

мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдар  жүйесі,  ұжымдар  мен  жеке  адамдар 

жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер. 

«Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең. Себебі 

ол  тәрбие  мен  оқытуды  жүргізетін  басқа  мемлекеттік  және  қоғамдық 

құрылымдарда  (жанұя,  қоғамдық  ұйымдар,  біліктілікті  арттыру  жүйелерінде, 

т.б.)  да  қызмет  етеді.  Шындығында,  педагогикалық  басқарудың  кез  келген 

«адам-адам»  жүйесінде  орны  бар.  Бұл  жағдайда  педагогикалық  мақсаттар 

басқарудың  негізгі  түріне  –  педагогикалық  процесс  субъектісінің  іс-әрекетін 

басқаруға бағынады. 

  Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі  – ӛскелең 

ұрпақ  болып  табылады.  Оларды  оқыту  мен  тәрбиелеуді  басқару  не  тікелей 

(мұғалімдер,  тәрбиешілер  арқылы),  не  жанама  –  мемлекеттік    қоғамдық 

ұйымдар арқылы жүргізіледі. 

 «Қысқаша 

педагогикалық 

сӛздік-анықтамалықта» 

педагогикалық 

менеджменттің  мынадай  басқарушылық  аспектілері  кӛрсетіледі:  болжау, 

бағдарламалау,  жоспарлау,  ұйымдастыру,  реттеу,    бақылау,  ынталандыру, 

түзету, педагогикалық процесті талдау.  

  К.В. Дрязгунов   мынадай анықтаманы ұсынады:  

оқытудағы    педагогикалық 

менеджмент  –  мұғалімнің  оқыту  процесін  басқарудың  нәтижелі  жүйесін 

қалыптастыруға  бағытталған  мақсатты  педагогикалық  іс-әрекеті.    Оның  негізгі 

компонентері:  

 мотивация құру

-  коммуникативтік байланыс орнату; 

-   меңгерілген білімді үнемі бақылау;   

-   кез келген педагогикалық жағдайда педагогикалық шешім қабылдау. 

Л.П.  Крившенко  педагогикалық  менеджментті  –  оқыту  процесінің  нәтижелігін 

арттыруға  бағытталған  басқару  ісінің  принциптері,  әдістері,  ұйымдық  формалары 

мен технологиялық тәсілдерінің кешені ретінде анықтайды. Оның бастапқы ӛзіндік 

ерекшелігі  менеджер  жұмысының  пәніне,  ӛніміне,  еңбек  құралы  мен    нәтижесіне  

байланысты. Менеджер еңбегінің пәні – басқарылушы субъектінің іс-әрекеті; еңбек 

ӛнімі  –  оқу-тәрбие  процесі  туралы  ақпарат,  еңбек  құралы  –  тіл,  яғни  сӛз  және 

сӛйлеу.  

  В.П.Симоновтың  еңбектерінде    педагогикалық    менеджмент    оқыту  процесін 

нәтижелі  басқарудың  теориясы,  әдістемесі  және  технологиясы  ретінде  

сипатталады.  Ғалым  оқыту  процесінің  ӛзара  байланысты  үш  үлкен  құрылымын 

бӛліп  кӛрсетеді:  оқу-тәрбие,  оқу-танымдық  және  ӛздігінен  білім  алу  процестері. 

Педагогикалық 

менеджмент 

философиялық, 

педагогикалық, 

әлеуметтік, 

психологиялық, экономикалық ұғымдар мен заңдылықтарға негізделеді.   

  В.П.Симонов  педагогикалық  менеджменттің  тӛрт  құрылымдық-функционалдық 

компоненттерін немесе жүйеқұраушы факторларын бӛліп кӛрсетеді: 



22 

 

1. Жобалаушы  компонент,  немесе  іс-әрекеттің  мақсаты    (жоспарланған,  күтілетін 



нәтиже) 

2. Коммуникативтік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет