Мектепішілік қадағалаудың түрлері:
• Қадағалаудық объектілерінің қамтылуына қарай: шолушылық, жекелік,
тақырыптық, фронтальдық, сыныптық-жалпылаушы;
• Орындаушыға
қарай:
ұжымдық,
ӛзара
қадағалау,
әкімшілік
(жоспарлы және жоспардан тыс);
• Логикалық
бірізділігіне
қарай:
ағымды,
алдын-ала,
аралық,
қорытынды;
• Мезгіліне қарай: эпизодтық, мезгілдік, әрдайым.
Қадағалау әдістері:
- бақылау;
-
мектептің құжаттарын зерттеу;
-
ауызша, жазбаша, графикалық, аралас тексерулер;
-
сабақтарға, сыныптан тыс сабақтарға қатысу; әңгімелесу;
-
шкалалау және рейтингілеу;
-
оқушылардың жұмыстарын зерттеу.
Қадағалаудың мазмұны:
•
мектептің
оқу-тәрбиелеу
процесінің
барлық
жақтары
мен
қызметкерлерінің бүкіл іс-әрекеті.
Қадағалаудың нәтижелілігінің шарттары:
-
оқу жоспарының әрбір пәні бойынша бағдарламаның талаптарын білу;
-
қадағалаудың перспективалылығы;
-
мұқият даярлық іскерлігі.
Мектеп кеңесі – мектептің ӛзін-ӛзі басқару құрылымындағы алқалық
(коллегиялық) басқарудың жаңа органы. Басқа ӛзін-ӛзі басқару органдарына
қарағанда оның ӛзіндік ерекшеліктері бар: заңшығармашылық әрекеті (жарғы,
ереже жиынтығы, нұсқаулар); мектеп процесінің ұйымдастырушылық – заңдық
параметрлерін бекіту және жүзеге асыру (жұмыс режимі, оқушыларды
қабылдаудың тәртібі, мадақтау және жазалау шаралары, киім түрі,
мұғалімдердің қосымша еңбегін тӛлеу тәртібі т.б.); тартыстардың алдын алу
және қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған келістіруші әрекет т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |