Үндестік заңы туралы ұғым Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі


к,  п.  Түбір  соңындағы  қатаң  қ,  к,  п



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата07.01.2022
өлшемі275,99 Kb.
#18742
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ппппп

к,  п.  Түбір  соңындағы  қатаң  қ,  к,  п  дауыстыдан  басталатын  қосымша  жалғағанда 

ұяңданып  ғ,  г,  б  дауыссыздарымен  алмасады.  Олар  түбір  мен  қосымша  аралығында. 

Бір  қарағанда бұлжымастай  көрінетін  осы  заңнан  ауытқу  да  ұшырайды: 

а) Еліктеуіштер бұл  заңға  илікпейді: жарқ  етті, жарқыл, күңк  етті. 

ә) Екінші буынындағы қысаң  дауыстылар  түсіп  қалған  жағдайда. Үрік: үрк-ек, үрк- 

е, үрк-іп, үрк-у. 

б) Сын  есім  тудыратын  -ы  жұрнағы  жалғанғанда: қазақы  қалмақы,  тозақы. 

в) Фамилияға  -ов, -ев  қосылғанда: Беков, Кеңесбаев.т.б

г)  Тәуелдік  жалғауы  жалғанғанда  екі  сөздің  соңындағы  п  сақталады:  тарапы, 



сапында. 

Дауыстылардың  регрессивті  ықпалынан  ұяңдайтын  және  бір  қатаң  дауыссыз  бар, 

оның  өзінде  бір-ақ  сөзде  кездеседі:  ренжі—рені-ші.  Негізгі  түбір  етістіктердің  соңы 

қатаң     п  дыбысына  бітсе, оған  көсемшенің     -ып, іп  жұрнағы  жалғанған  кезде  ол 

үнді  у  дыбысына  айналады.  Тілімізде  бып,  біп,  пып,  піп  тіркесімдері  морфемалар 

жігінде  де  ұшырайды:  қабы-п,  қарбы-п,  ілбі-п.  Көсемше  формалы  негізгі  етістікке 



жібер көмекші етістігі тіркескенде қатаң п-ның ұяндануы занды: жазыб-жібер— жазып-

жібер, айтыбжібер—айтып  жібер. 

Қарапайым  сөйлеу  тілінде бұдан  басқаша  айту  кездеседі: 

а)  Әлгіндей  бунақта  қатаң  п  және  көмекші  етістің  құрамындағы  қысаң  і  дыбысы 

мүлдем  түсіп қалады: айтыжбер—айтып  жібер, санажбер—санап  жібер. 

ә)  негізгі  етістік  ұяң  з-ға  аяқталса,  көсемшенің  жұрнағы  мүлдем  түсіп  қалады  да,  з 

регрессивті  ықпалға  ұшырап  ж-ға  айналады:  жажжбер—жазып  жібер,  бұжжбер— 



бұзып  жібер. 

б)  етістік  с,  сы-ға  аяқталса  с  шы-ға  жуықтайды:  кешіжберші—кесіп  жіберші, 



тошұжберші—тосып  жіберші. 

Тіпті  соңғы  буындағы  дауыссыздың  кейінгі  сөздің  басындағы  дауыссызбен 

гүндесуіне  де  қысаңдар  кедергі  келтірмейді:  қожжаурұн—қозы  жаурын,  еққыз—екі 

қыз. Ал  екі  сөздің  қатаң   к, қ-дан  басталатын  сөздермен  үндесуі  өз  алдына: еккүн— 

екі күн, екқатар—екі  қатар. 

Ассимиляция 

 

 

Ассимиляция--  морфемалардың  жігіне  көрші  келген  дауыссыздардың  акустика- 



артикуляциялық  жақтан  біріне-бірінің  ұқсауы,  бейімделуі, өзара  тріл  табысуы. Бұлар 


13 

 

да  бірін-бірі  дауыстының  қатысы  және  артикуляциясы  жағынан  игеріп  тұрады. 



Дауыссыз дыбыстардың  бір-біріне  ықпалын  үшке бөліп  қарауға  болады: 

1.  Прогрессивті  ассимилияция 

2.  Регрессивті  ассимилияция 

3.  Тоғыспалы  ассимилияция 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет