9
— пен,-бен, мен: ат-пен, қағаз-бен, ән-мен.
—
стан: Қазақ-стан, гүл-стан.
— тал: сезім-тал, өсім-тал.
— уар: тіл-уар, сөз-уар.
— хана: дәрі-хана, кітап-хана.
Көмектес септік—бертінде жазу-сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған
жалғау. Жуан-жіңішке варианталдымен жалғауға тән. Ол үшін тілдік элемент ауызша
ұзақ қолданудан, дамудан өтуге тиіс.
а) а,рк, нк, кс, кт сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар
жіңішке түрінде жалғанады.Мысалы, парк-ке, банкі-ге.
ә) Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әр уақытқа жуан түрінде жалғанады.
Мысалы, штрих-тар, тарих-тың.
б) ль әріптеріне біткен бір буынды сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде
жалғанады.
Ерін үндестігі
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп
келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік
дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Сөздің басындағы
немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстары және екі дауыстының
ортасында келген у дыбысы келесі буындағы ы, і дыбыстарыфн өзгертіп, ұ, ү-лерге
жуықтатынқырап естіртеді. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда
біртіндеп әлсірей береді. Мысалы, күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап,
соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсің. Қазіргі кезде
бұл секілді ерін үндестігі болатын сөздерді жазылуынша оқу орнын алып барады,
әсіресе екінші буындағы е дыбысы э етіп, өнэр, үлес, өрэн, түрінде айтылады.
Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі
тюркологтар В.В.Радлов , П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы
көруге болады. Академик В.В.Радлов « Опыт словаря тюрских наречи » деп
аталатын даңты еңбегінде қазақ сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан
сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған. Ал араб
алфавитімен жазылған сөздерден әсірісе ерін үндестігін айқындау мүлдем қиын
болатын. Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у дауыссызы да өз
айналасындағы қысаң дауыстыларға азды-көпті әсер етеді. Мұны кезінде В.В.Радлов
та, П.М. Мелиоранский де байқаған. Қазақ тілі фонетикасын экспериментті жолмен
10
зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков сингорманизм туралы « соны сүрлеуінде » ерін
үндестігінің күшін шектемейді.
Сонымен тап қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігін көпшіліктің айту практикасына
негіздейтін болсақ, былай болып шығады:
1. Байырғы сөздерімізде еріндік дауыстылар жазылып, келесі буында е, ы, і әріптері
ұшыраса, онда е әрпі ө болып, ы әрпі ұ,і әрпі ү болып айтылады. Сонда еріндік бір
буынды сөздерге қосымшалар көбіне еріндік болып
қосылады
да,
айтуда
қосымшалардың еріндік варианттары да болады деп ұғу керек. Үшінші, төртінші
буында еріндіктер әлсіреп айтылады да, трансклипциялау кезінде олардың
таңбасының үстіне кішкене дөңгелек қойылады, бұл—ол буында еріннің азды-көпті
әсері болады деген сөз: өлөңдері, өзөндерге, құлұнұмы, күлкүмүзді.
2. Қос ерін үнді
у өзімен бір буынға енетін қысаң дауыстылардыңтек еріндік
болып келуін талап етеді, яғни ол қысаң езуліктермен әсте қатар тұра алмайды.
Сондықтан да жасы, жары, байы, бекі, жері, шірі сияқты соңы ы, і дауыстыларына
біткен етістіктерге тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбысы ұ-ға , ү-ге
айналып ктеді. Мысалы, жасұу—жасу, шірұу—шіру, байұу—баю, бекүу—беку.т.б.
Аккомодация
Достарыңызбен бөлісу: