Тіл дыбыстары, әдетте жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөздердің
3
құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп,
бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылады. Сөз құрамында дауысты дыбыстардың бірімен-
бірі өз ара үндесіп айтылатыны секілді, дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп
өз ара үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-
біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.
Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар
буыннан кейін, соған сәйкес жуан дауыстының келуі, жіңішке дуысты дыбысы
бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауыстының келуітүрінде болады. Ал
түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан басталуынемесе ұяң дауыссыздан
кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы дауыссыздардың бір-біріне
ықпал етіп, өз ара үндесуі болып саналады.
Дыбыстардың алмасуы
Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп,
жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса,
мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парақтай алмаудан туады. Өйткені
жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип
басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне
өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған
(жоқ) сияқты формаларда түбірдің бастапқы қалпы сақталып жазылады. Алайда
осындағы н әрпі үш сөзформада үш түрлі дыбысталады. Қос ерін б өзінің
алдында тіл алды н-дан гөрі қос ерін м тұруын, ал тіл арты ғ өзінен бұрын тіл
арты ң тұруын талап етеді. Соның нәтижесінде нб тіркесі мб, нғ тіркесі ңғ
болып айтылады, яғни н дыбысы бірде м, енді бірде ң дыбысымен алмасады.
Әдетте мұндайда н дыбысы м немесе ң дыбысына өзгереді деп айту жиі
кездеседі.
Алмасу— альтернация әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір
морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі.
Жан, жанбады, жанған – үш түрлі сөз форма; олардың лексикалық мағыналары
бірдей, себебі түбірі ортақ. Алайда оның дыбысталуы бірдей емес. Біріншісінде –
Достарыңызбен бөлісу: