Үндестік заңы туралы ұғым Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата07.01.2022
өлшемі275,99 Kb.
#18742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ппппп

н,  екіншісінде  –  м,  үшіншісінде  –  ң  дыбысына  аяқталып  тұр.  Яғни,  үш 

сөзформаның  құрамында кездесетін  бір  мрфема  үш  түрлі  дыбысталады. 

Сонымен  дыбыстық  алмасу  –  фонетикалық  жағдайдың  нәтижесі 

мұны 


комбинаторлық  немесе  позициялық  өзгеріс  деп те  атайды. 


 

Ықпалдардың  түрлері 



 

 

Үндестік  заңы  көрші  дыбыстар  мен  буындардың  бір-біріне  ықпал  етіп,бірінің 



екіншісіне  бейімделіп  тұруына  негізделеді.  Ықпал  негізінен  морфема  мен 

морфеманың  аралығындақатар  келген  дыбыстар  мен  буындардың      арасында 

болады. Дыбыстардың  бір-біріне  етер ықпалы негізінен  екі  түрлі болады: 

а) акустикалық – дауыс  қатысына  қарай; 

ә) артикуляциялық – айтылу  орнына  қарай. 

Қазақ  тілінде  морфемалар  жапсарында  қатар  келген  дыбыстардың  көбіне 

алдыңғысы  кейінгісіне  дауыс  қатысы  жағынан  ықпал  етіп,  өзіне  бағындырып 

тұрады.  Мұндайда  дыбыстардың  күшті  не  әлсіз  болуы  ондағы  дауыстының 

мөлшеріне  байланысты.  Дауыстылар  тоннан  жасалатындықтан,  әрқащан  да  басқа 

дыбыстарға  ықпалын  жүргізеді.  Бұл  жағынан  үнділер  де  қалыспайды.  Олар  да 

дауыстылар  секілді  үнсіз  дауыссыздарға  күштілік  жасайды.  Дауыс      қатысы 

жағынан  әлсізі  –  үнсіз  дауыссыздар.  Сөйте  тұра,  қатаңдар  мен  ұяңдар  қатаңданып, 

кейде  қатаңдар  ұяңданып кетуге  мәжбүр. 

Көрші  дыбыстардың  бірі  игеріп,  екіншісі  соның  ықпалына  көніп,  игеріліп 

тұрады. Игерудің өзі екі  түрде  болады: 

а)  толық  игеру  –  дәл  өзіндей  ету;  ат-ты,  кес-се,  ашшы  (  ас-шы  ),ашша  (  аш-са  ), 



жүжжыл ( жүз  жыл ).т.б. 

б)  жартылай  игеру  —  өзіне  жуықтату  —  бейімдеу:  ат-қа,  кес-ті,  қап-қа,  аш-ты, 



жаз-ды.т.б. 

Игеретін  дыбыстың  орын  тәртібіне  қарай  қазақ  тілінде  дыбыстардың  бір-біріне 

ықпалы  үш  түрлі  болады. 

1)  Ілгерінді  ықпал  (  прогрессивті)  —  алдыңғы  тұрған  дыбыстың  кейінгі 

дыбысқа  әсер  етіп,  өзіне  ұқсатып  алу.Көрші  дыбыстардың  алдыңғысы 

кейінгісін  үнемі  дауыс  қатысы  жағынан  тәуелді  етіп,  игеріп  тұрады. 

Мысалы, алыппер—алып бер, тапу—табу.т.б. 

2)  Кейінді  ықпал  (  регрессивті  )  –  сөз  бен  қосымша  немесе  сөз  бен  сөздің 

арасындағы  кейінгі  дыбыстың  өзінің  алдында  тұрған  дыбысқа  әсер  етіп, 

ұқсатып  алуы.Соңы  қ,  к,  п  қатандарына  біткен  сөздерге  дауыстыдан 

басталатын  қосымша  жалғанғанда  әлсіз  қатаңдар  күшті  дауыстылардың 

регрессивті 

ықпалына 

ұшырайды: 

тарағы—тарақ-ы, 

күрегі—күрек-і 

т.б.Регрессивті ықпал күрделі сөздердің буындары арасында жиі кездеседі: 



 

бүгі—бұл 



күн, 

сөйтіп—солай 

етіп, 

ышқыр—іш 

құр.т.б.Дыбыстар 

акустикалық  жақтан  үндескенімен,  артикуляциясы  жағынан  үйлеспей  қалуы 

мүмкін.  Мұны  ілгерінді  ықпал  реттейді:  сөшшең—сөз-шең,  сөжжоқ—сөз- 

жоқ, жамбады—жан-бады.т.б. 

3)  Тоғыспалы  ықпал  —  көрші  дыбыстардың  ілгерілі-кейінді  қарсы  әсері. 

Әдетте,  мұның  өзі  екі-ақ  жағдайда  оның  өзінде  де      сөз      беғн      сөздің 

арасында  ұшырайды.Мысалы,  меңгелдім-  мен  келдім,  күңгөрдү-  күн  көрді, 



дошшаран-  дос-жаран,  қошшан-қос  жан.т.б.  Сөйтіп,  көрші  дыбыстардың 

көбіне  алдыңғысы  кейінгісіне,  кейде  кейінгісі  алдыңғысына,  ара-тұра  ілгерілі-

кейінді  ықпал  етіп, бірін-бірі  игеріп, біріне-бірі  бейімделіп  тұрады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет