нормативтік қосалқы жүйені құрайды. Бекітілген түрдегі
нормалар қоғамдық бірлестіктер мен институттардың
іс-әрекет нормасының құқықтық негізін (конституция,
заңдар, құқықтық актілер) құрайды. Бекітілмеген түрде:
ұрпақтан ұрпаққа дәстүр, әдет-ғұрып, этикалық-моральдық
принциптер мен нормалар түрінде беріле алады (3-сурет).
7
Барлық мүмкін болған формалар адамдардың саяси
өмірдегі әрекетін айқындайды. Осылайша, нормалар мен
заңдар заң шығару процесін айқындайды, саяси процеске
азаматтардың қатысуын регламенттейді, құқықтар мен
бостандықтарын бекітеді (ұйымдар құру, дауыстар т.б.).
Саяси өмірді регламенттейтін заң-нормаларсыз
тәртіпсіздік пен хаосты айналып өту мүмкін болмас еді.
Заң-нормалар дегенде көбіне нақты әлеуметтік және
саяси тәжірибенің ықпалымен қалыптасқан дәстүрлі саяси
қағидалар айтылады.
Саяси мәдениет қосалқы жүйенің элементі ретінде
қызмет етеді, ол адамның қоршаған шындық пен саяси
іс-әрекетке деген қатынасын қалыптастырады, мемлекет
саясатының мақсаттары мен мазмұнын түсінуге, халықтың
барлық қабаттарының бірігуіне (немесе бөлінуіне) септігін
тигізеді, осылайша билікті қолдау үшін немесе оны
тұрақсыздандыру үшін әлеуметтік база жасайды.
Жалғыз саяси-құқықтық нормалар ғана емес, сондай-ақ
тарихи тұрғыда қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер
де, қоғамда үстемдік етуші саяси көзқарастар да бұл жүйе
сүйенетін түпкі база ретінде саналады.
7
Е.В. Макаренков, В.И. Сушков. Политология: Альбом схем. – М.: Юристъ, 1998. –
схема 83.