Аспектілер мен


Саяси жүйе құрылымында келесі компоненттерді



Pdf көрінісі
бет7/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

Саяси жүйе құрылымында келесі компоненттерді бөліп 
көрсетуге болады: 
1)  саяси  құрылым-саяси  ұйымдардың,  институттардың 
және де олардың арасындағы қатынастардың жиынтығы
2)  конституция,  жарғылар  және  партиялардың 
бағдарламалары,  саяси  процестерді  реттейтін  саяси 
дәстүрлер мен процедуралар ретінде әрекет ететін саяси 
және құқықтық нормалар
3)  адамдар  әрекетінің  алуан  түрін  қамтитын  қоғамда 
саяси билікті жүзеге асыру жүйесін, жұмыс жасауын, қайта 
жаңаруын және қорғауда болуын қамтамасыз ететін саяси 
іс-әрекет; 
4)  саяси  сана,  бірінші  кезекте  оның  идеология  және 
саяси психология сынды құрамдас бөліктері, олар әр саяси 
жүйеде айырықша сипаттарға ие болады. 
Саяси  жүйе-бұл  күрделі,  иерархиялық  құрылым 
болғандықтан, оның қосалқы жүйелері және құрылымдық 
элементтері туралы сауал туындайды. Г. Алмонд оған жауап 
бере  отырып,  қосалқы  жүйе  ретінде  «объектілердің  үш 
қомақты класын бөліп көрсетеді: 
1) заң шығару және атқарушы немесе бюрократия сынды 
арнайы рөлдер мен құрылымдар
2)  жеке  монархтар,  заң  шығарушылар  және  әкімшілер 
сынды рөл орындаушылар
3)  нақты  қоғамдық  іс-шаралар,  шешімдер  немесе 
шешімдерді орындау».
Бұл  құрылымдар,  рөл  орындаушылар  және  шешімдер, 
өз  кезегінде,  олардың  саяси  процеске,  яғни  «кіріске» 
немесе  әкімшілік  процеске,  яғни  «шығысқа»  араласу  не 
араласпауына  байланысты  нақтырақ  жіктелген.    Оның 
үстіне, саяси жүйенің ішкі құрылысын талдай отырып
Г.  Алмонд  назарға  алдымен  құрылымдарды  емес, 
олардың  арасындағы  өзара  іс-қимылды,  сондай-ақ  саяси 
жүйеде олардың атқаратын рөлдерін шығарады.  
Саяси  жүйе  бір-бірімен  тікелей  байланысқан  қосалқы 
жүйелерден  тұрады  және  де  көпшілік  биліктің  жұмыс 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
11
жасауын қамтамасыз етеді. Әр зерттеуші қосалқы жүйелер 
сандарын әр түрлі көрсетеді. Алайда, оларды анықтау үшін 
осы әрбір элементтің орындайтын қызметін алатын болсақ, 
онда  институционалдық,  нормативтік,  коммуникативтік, 
мәдени және идеологиялық қосалқы саяси жүйелерді бөліп 
шығаруға болады (1-сурет).
5
 
Институционалдық,  нормативтік,  коммуникативтік, 
мәдени  және  идеологиялық  қосалқы  саяси  жүйелердің 
функционалдық мәнін қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет