Институционалдық қосалқы жүйе саяси институттардың
мынандай кешенінен тұрады: мемлекет, саяси партиялар,
бұқаралық қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, мүдделі
топтары. Институттардың осы жиынтығы саяси биліктің
жұмыс жасауымен байланысты.
Саяси қауымдастықтың жоғары ұйымдасқан формасы
болып табылатын және биліктің әлеуметтік қатынастары
мен қоғамдағы бақылауды қалыптастыратын мемлекет
олардың ішінде орталық рөл атқарады. Мемлекет өз
қолында билік пен ресурстарды барынша шоғырландырады,
құндылықтарды бөледі, халықты өз шешімдерін міндетті
орындауға итермелейді. (2-сурет).
6
Саяси жүйенің қызметінде қоғамның белсендірек бөлігін
біріктіретін және мемлекеттік билікке ықпал етуге қабілетті
саяси партияларға қомақты рөл тиесілі. Саяси партиялар
мен мүдделі топтар мемлекеттік құрылымдардың
қалыптасуына ықпал етеді, саяси мақсаттардың реттелуін
жүзеге асырады, саяси дамуды бағыттайды.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар (кәсіби,
шығармашылық, жастардың, қорғаныс саласының
және т.б.) өз мүшелерінің саяси, әлеуметтік, еңбек
белсенділіктерінің дамуына, олардың қажеттіліктері мен
мүдделерін қорғау мен қанағаттандыруға септігін тигізеді.
5
Қараңыз: 23 тематических занятия по политологии. Уч. пособие. Авт.- сост.
Булуктаев Ю.О., Капанов К.Х. – Алматы: Юнитекс, 1996.С.120-125; История и теория
политических институтов в определениях, логических схемах и таблицах: учебно-
методическое пособие / Г.Я. Козлов; Ряз. гос. ун-т им. С.А. Есенина. — Рязань, 2006.
– С. 15-17.
6
Е.В. Макаренков, В.И. Сушков. Политология: Альбом схем. – М.: Юристъ, 1998. –
схема
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
12
1-сурет.
Саяси жүйенің қосалқы жүйелері