САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
4
КІРІСПЕ
«Саяси жүйе» түсінігі саяси биліктің және оның әрбір
деңгейіндегі биліктік қатынастардың нақты шекарасын
анықтауға мүмкіндік береді. Саяси жүйенің жалпы
анықтамаларының оның ең басты сипаты жазалау, қысым
көрсету, бағындыру, яғни адамдардың мінез-құлқын реттеу
сынды заңды ерекшеліктерімен үнемі айқындалады.
Саяси жүйе – саяси қызметті ұйымдастыру мен оны
жүзеге асыру тетігі. Саяси институттар мен құрылымдар
арқасында ол қоғам өміріне тұтастай әсер ете алады. Саяси
жүйе механизмінің әрекеті қоғам ішіндегі құндылықтар
мен ресурстардың бөлінуіне билік ете отырып, көпшілікке
арналған белгілі бір тәртіп пен стандарттарды орнатады.
Қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы
мен дамуының теориялық аспектілері мен тәжірибесін
зерттеу:
• саяси процестерді реттеу механизміне сараптама
жасауға және жүйелік позиция тұрғысынан саяси билікті
қалыптастыру
және соған сәйкес қызмет етуге;
• саяси жүйелердің түрлі типтерін салыстыруға, бұл
өз кезегінде әр түрлі елдердегі саяси жүйелердің даму
ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді, әлеуметтік
дағдарыстар мен саяси шиеленістердің себептерін
анықтауға, оларды реттеудің
тәжірибесін зерделеуге;
• қоғам өмірінің саяси және саяси емес салалары
арасындағы айырмашылықтарды, сондай-ақ олардың
өзара әрекеті формаларын зерделеуге жол ашады.
Тақырыпты түсіну саяси өмірді белгілі бір тұтастық
пен тұрақтылықта қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл
ретте саясаттың құрылымдық, ұйымдастырушылық-
институционалдық және функционалдық жақтарына
ерекше назар аудару қажет. Мәселен, Қазақстан үшін
кеңестік саяси жүйемен салыстырғанда саяси өзгерістердің
нәтижесінде президенттік институт қалыптасты, ал
парламентаризм саласында Кеңестердің «тежемелі
билігінен» бірінші кезекте заң шығарушы
функциялар
жүктелген парламентке институционалдық ауысу жүзеге
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
6
Достарыңызбен бөлісу: