Аспектілер мен


Қоғамды  зерттеуге  «жүйе»



Pdf көрінісі
бет6/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

Қоғамды  зерттеуге  «жүйе»  түсінігін  американдық 
әлеуметтанушы  Т.  Парсонс  әкелген.  Ол  қоғамды  төрт 
қосалқы жүйенің өзара қарым-қатынасы ретінде көрсетті, 
ол жүйелер экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани 
өзара тәуелділік мен өзара алмасу қатынастарында болады. 
Қосалқы  жүйенің  әр  қайсысы  белгілі  қызметтерді 
атқарады,  іштен  не  сырттан  келетін  талаптарға  жауап 
қатады,  ал  олар  біріге  отырып  жалпы  қоғамның  тыныс-
тіршілігін қамтамасыз етеді.  
Осылайша, тұтынушылық тауарларға деген қажеттілікке 
бейімделуді экономикалық қосалқы жүйе жүзеге асырады. 
Ұжымдық мақсаттарды анықтауды, ол мақсаттарға жету 
үшін  ресурстарды  жұмылдыруды,  шешім  қабылдау  саяси 
қосалқы жүйенің қызметтеріне кіреді. 
Әлеуметтік қосалқы жүйе қалыптасқан өмір салтын ұстап 
тұруды,  тұлға  мінез-құлқы  мотивациясының  маңызды 
факторларына айналатын нормаларды, қағидаларды және 
құндылықтарды беруді қамтамасыз етеді. 
Қоғамды  біріктіруді,  олардың  элементтері  арасындағы 
ынтымақтастық  байланыстарын  орнату  мен  сақтауды 
рухани қосалқы жүйе жүзеге асырады.  
Т.  Парсонс  санағандай,  әлеуметтік  жүйе  дегеніміз 
–  субъектілер  арасындағы  әлеуметтік  өзара  әрекеттің 
жағдайлары мен процестері тудыратын жүйелер. 
Олардың құрылымдық компоненттерінің барлық негізгі 
элементтері  (құндылықтар,  нормалар,  ұжымдар,  рөлдер) 
бір-бірімен  қатынаста  тәуелсіз  өзгермелілер  болып 
табылады.
2
Американдық  саясаттанушы  Д.  Истон  жүйелі  әдістің 
көмегімен  саяси  жүйені  индивидтер  мен  топтар 
өздері  мойындаған  әлеуметтік  рөлдер  шегінде  жүзеге 
асыратын, ақырғы нәтижесінде қоғам мүшелері арасында 
қақтығыстарды  болдырмауға  септігі  тиетін,  қоғамдағы 
құндылықтарды  (материалдық  және  рухани)  сенімді 
бөлуге  бағытталған  өзара  әрекет  ретінде  айқындайды. 
Саяси жүйенің аталмыш түсіндірмесінде билік оның негізгі 
2
  Парсонс  Т.  Система  современных  обществ  /  Пер.  с  англ.  Л.А.  Седова  и  А.Д. 
Ковалева. Под ред. М.С. Ковалевой. — М.: Аспект Пресс, 1998. – С. 14-17. 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
9
атрибуты ретінде көрініс береді. 
Американдық  саясаттанушы  Г.  Алмонд,  құрылымдық-
функционалдық  тәсілдеме  тұрғысынан,  саяси  жүйені 
мемлекеттік  институттар  ғана  емес,  қоғамның  барлық 
құрылымдары жүзеге асыратын рөлдер мен өзара іс-қимыл 
жиынтығы ретінде анықтайды.
3
Американдық саясаттанушы Р. Дальдің пікірінше, саяси 
жүйені «билікті, басқаруды немесе беделді өз бойына негізгі 
компоненттер  ретінде  жинақтаған  адами  қатынастардың 
кез келген тұрақты түрі» ретінде қарастыруға болады. 
Р.  Дальдің  көзқарасы  бойынша,  саяси  жүйелер  саяси 
институттану мен саяси қатынасу деңгейімен ерекшеленеді. 
Жанұя,  шіркеу,  кәсіподақ  немесе  коммерциялық  ұйым 
сынды  субсоцитальдық  топтардағы  (яғни,  бүтін  ретіндегі 
қоғам деңгейінен төмен топтарда) шешімдер қабылдауды 
жүзеге  асыратын  топ  ішілік  құрылым  саяси  жүйе  ретінде 
қарастырылады.
4
 
Р. Даль, сонымен бірге, адамдардың бірде-бір бірлестігі 
барлық  тұрғыдан  саяси  болмайды  деп  атап  өтеді.  Белгілі 
бір ел халқының өкілетті өкілдерінен және оның үкіметінен 
құралған  саяси  жүйе  мемлекет  болып  табылады.  Өз 
кезегінде,  географиялық  ұйымдастырылуы  мен  ұлттық 
қосалқы жүйелері бар халықаралық саяси жүйе туралы да 
айтуға  болады.  Саяси  жүйені  бұлай  ұғынуды  кеңейтілген 
деп аталады, алайда ол Д. Истонның тәсілдемесіне қайшы 
емес. 
«Саяси  жүйе»  түсінігі  саяси  процестердің  қалайша 
реттелетінін, саяси биліктің қалыптасуы мен қызмет етуін 
көрсетеді.  Бұл  түсінік  мемлекет  пен  қоғам  арасындағы, 
мемлекеттік емес деңгейдегі түрлі әлеуметтік субъектілер 
арасындағы  өзара  қарым-қатынастарды  сипаттау  үшін 
қолданылады.
Саяси  институттар  мен  құрылымдардың  іс-әрекетінің, 
адамдардың  «басқарушылар  мен  басқарылушылардың» 
3
 Almond A.G., Verba S. The Civic Culture: Political Attitudes and Democracy in Five 
Nations. Boston, 1963. – Р. 26. 
4    
Даль Р. О демократии / Пер. с англ. А.С. Богдановского; под ред. О.А. Алякринского. 
– М.: Аспект Пресс, 2000. – С. 90-94. 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
10
саяси рөлдерін орындауының арқасында саяси жүйе қоғам 
өмірінің түрлі жақтарына ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет