САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
53
Тоталитарлық жүйелердің белгілері – тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарын теріске шығару (немесе
айтарлықтай шектеу); жеке мен қоғамдықтың, дербес
пен көпшіліктің арасындағы шекараны жою; дербес
тұлғаның бастамасын асыра шектеу, барлық дерлік саяси
проблемаларды шешуде дербес тұлғаның мемлекеттік
машинаға басы бүтін тәуелділігі.
Азаматтар үшін кейбір ғана экономикалық азаматтық,
рухани еркіндіктердің сақталғаны болмаса,
авторитарлық
саяси жүйе бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының шексіз
билігіне негізделген.
Авторитарлық саяси жүйенің белгілері – әлеуметтік және
саяси
проблемаларды шешкенде күшті, қатаң құралдарды
қолдану, билік қызметінде репрессивті органдарға иек арту;
азаматтардың саяси еркіндіктерін шектеу, оппозицияны
басып-шаншу; басқаруды орталықтандыру, аймақтық және
жеке тұлғалық автономияларды жаншу; қоғамды басқару
функциясының бір тұлғаның немесе тар әлеуметтік
қабаттың қолында шоғырлануы.
Достарыңызбен бөлісу: