Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет40/78
Дата07.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#18871
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

Демократиялық саяси жүйе  құқықтардың  басымдығын, 
биліктің қоғам бақылауында болуын меңзейді.  
Демократиялық саяси жүйелер белгілері ¬– көпшіліктің 
басқаруы;  үкіметті  сынау  мен  оппозицияның  еркіндігі; 
азшылықты  қорғау  және  оның  саяси  қауымдастыққа 
адалдығы;  мемлекеттік  істерді  шешуге  халықтың  қатысу 
құқығы, адам құқықтарын құрметтеу және қорғау. 
Қазіргі заманғы саяси ғылымда саяси жүйелердің басқа 
да  түрлері  бар:  дәстүрлі  және  заманауи  (жаңғыртылған), 
либералды демократиялар және радикалды-авторитарлық; 
ағылшын-американдық 
және 
құрлықтық-еуропалық; 
индустриалды дәуірге дейін және жартылай индустриалды 
және т.б.
26
Г.  Алмондтың  түрге  бөлу  жүйесінің  негізіне  кешенді, 
интеграциялық  критерий  алынған,  оған  сәйкес  билікті 
26 
Общая  и  прикладная  политология.  Учебное  пособие.  Под  общей  редакцией  
В. И. Жукова, Б. И. Краснова. М.: МГСУ: Изд-во «Союз», 1997. - С. 304-305; Булуктаев 
Ю.  О.  Концептуальные  интерпретации  понятия  «политический  режим»//  
Аль-Фараби. - 2007. - №3. - С. 71-77.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
54
орталықтандыру 
(орталықсыздандыру) 
дәрежелерін 
немесе    формаларын  есепке  алу  ғана  емес,  мемлекеттер 
мен қоғамдарда тараған құндылықтар мен саяси мәдениет 
түрі де кіреді.  
Осының  негізінде  ол  келесі  саяси  жүйелерді  бөліп 
шығарды: 
•  ағылшын-американдық  тип  (АҚШ,  Ұлыбритания, 
Канада, Австрия); 
•  құрлықтық-еуропалық  тип  (Франция,  Германия, 
Италия); 
•  индустриалды  дәуірге  дейінгі  және  жартылай 
индустриалды елдер (Мексика, Бразилия); 
•  тоталитарлық саяси жүйелер (Италия мен Германиядағы 
фашистік режимдер, Солтүстік Корея); 
Ағылшын-американдық типтегі саяси жүйелер: 
•  саяси  мәдениеттің  нормалары  мен  құндылықтарын 
(тұлға  еркіндігі,  әл-ауқаттын  өсуі,  дербес  қауіпсіздік) 
қоғамның және мемлекеттік институттардың басым бөлігі 
қабылдайды;
• топтар арасындағы қарама-қайшылықтар ашық түрде 
айтылады, ал биліктің әрекеттерімен оның қарсыластары 
келіспейді; 
•  партиялар  мен  мүдде  топтар,  элитарлық  және 
элитарлық  емес  қабаттардың  саяси  рөлдерінің  айқын 
дифференциациясы бар; 
•  саяси  күрестің  заңды  формаларының  үстемдігі 
қамтамасыз етілген, бұл жайт, жалпы алғанда, режим мен 
саяси тәртіптердің жоғары деңгейдегі тұрақтылығын алдын 
ала айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет