75
59
42
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
72
болған жоқ.
Осы кезең аралығында Мемлекет басшысы 511 жарлық
шығарды, оның 132-сі заң күші бар жарлықтар болды,
бұр жарлықтар дені жаңа нормативті база құру арқылы
экономиканы ширақтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік
құрылыстың өмірлік маңызды мәселелерін шешуге
бағытталған болатын. Міне дәл осы кезеңде, саяси
демократия мен нарықтық экономиканың құқықтық
базасын құру басты мақсатқа айналған сондай жағдайда
басқарудың президенттік жүйесі өзінің анағұрлым
эффективтілігін көрсетті.
Екі парламенттің сәтсіз тәжірибесіне қарамастан, XII
және XIII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес билікті легитимді
етудің маңызды институты болды. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының алғашқы парламенттерінің жұмыс
жасауын демократияның маңызды жеңістері деп санауға
болады.
Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасы
қалыптасуының үшінші кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы
28 қаңтарда жаңа Конституцияны қабылдаған уақытымен
басталады.
Қазақстан
Республикасының
алғашқы
Конституциясы тәуелсіз мемлекеттің конституциялық
негіздері болған тарихи-құқықтық құжат рөлін атқара білді.
Конституцияның кіріспесінде (преамбулада) Қазақстан
әлемдік қауымдастықтың мүшесі және өзін-өзі анықтаған
қазақ ұлтының мемлекеттілігі формасы ретінде өзінің
барлық азаматтарына тең құқықтар қамтамасыз етеді.
Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
президенттік билікті орнатты.
1993 жылғы Ата заңда келесі жайттар анықталып бекітілді:
• адамның іргелі құқықтары мен еркіндіктері;
• мемлекеттік құрылыстың негіздері – халық билігі,
унитарлық, аумақтық бөліндеу мен тұтастық;
• биліктің үш тармаққа бөлінуі: 1) заң шығарушы 2)
атқарушы – Министрлер кабинеті 3) Сот – Конституциялық,
Жоғары және Жоғары арбитражды сот.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
73
Бүкілхалықтық талқылаудан өткеннен кейін, тәуелсіз
Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1990-шы жж.
басында
қоғамдық
өмірдің
барлық
саласында
реформаларды жүргізуге қажетті заңнамалық негіздің
рөлін табысты түрде атқарды.
1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы
қоғам бірлігін сақтау және елдегі саяси және әлеуметтік
жағдайдың күрт нашарлауын болдырмау үшін ҚР
Президентінің өкілеттілігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін
созу бойынша республикалық референдум өткізу қажеттілігі
туралы қарар қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясы
Президент жанындағы кеңесші орган ретінде құрылып,
жаңа мемлекет құру жолында елді демократияландыруға
қомақты үлес қосты.
1995 жылғы 29 сәуірде ҚР Президентінің өкілеттілігін 2000
жылғы 1 желтоқсанға дейін созу бойынша республикалық
референдум өткізілді. Ресми деректер бойынша, дауыс
беруге құқығы бар азаматтардың 91% дауыс беруге қатысып,
олардың 95% ҚР Президентінің өкілеттілігін создыруды
қолдап дауыс берді.
Осылайша, Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру
процесі бейбіт-эволюциялық сипатта болды, міне осы жайт
егемендік алудың қазақстандық нұсқасының айырықша
белгісі. Республика егемендігінің бастапқы кезеңінде
(1991-1994 жж.) оның даму жолын анықтау мәселелері
басымдыққа айналды. Мемлекеттік құрылыс процесі
басқарудың ескі әкімшілік жүйесіне сүйеніп жүргізілді,
реформалар барысында ол біртіндеп трансформацияланып,
ауыстырылды.
2. Қоғамның саяси өміріндегі модернизациялық
өзгерістерді жеделдетумен байланысты мәселелерді
ағымдағы Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы шешу
мүкін еді, сол себепті жаңа Конституция қабылдау қажет
болатын.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда
жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Конституция
жобасының мәтіні Қазақстан халқы Ассамблеясының
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
74
қарауына ұсынылды. Оның қолдауымен және бүкілхалықтық
талқылаудан кейін 1995 жылғы 30 тамызда референдумда
Қазақстанның
жаңа
Конституциясы
қабылданды.
Нәтижесінде Қазақстан биліктің үш тармағының
өкілеттіктері нақты көрсетілген және Парламенті жаңа
құрылымға ие болған президенттік республикаға айналды.
Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституциясында
мемлекет түсінігі түрлі позицияда қарастырылады:
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары (1 бап)».
ҚР жаңа Конституциясын қабылдау және оны іске қосу
кеңестік саяси мұрамен түпкілікті түрде қош айтысуды
білдірді.
Ұлт құру және егемендікті нығайту процесі
мемлекетке одан ары қарай даму жолын таңдауға
мүмкіндік берді. Бұл таңдау демократияның пайдасына
жасалды. Қазақстанда қалыптасқан саяси алғышарттар
жиынтығы модернизациялық қайта құрулар жасауды
бастауға мүмкіндік берді. Жекелей алғанда, басқарудың
республикалық формасы енгізілді.
Басқарудың мұндай формасын таңдауға келесі
конституциялық қағидалар заңды заңды негіздер қызметін
атқарды:
• мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі - халық;
• парламентаризм;
• мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу: заң шығарушы,
атқарушы және сот;
• халық қабылдаған Конституцияның өктемдігі және
жоғары заң күші.
1995
жылғы
Конституцияға
сәйкес
Қазақстан
Республикасында басқарудың президенттік жүйесі
бекітілді. Мемлекеттік құрылыстың міндеттерін шешу
қуатты атқарушы үкіметке сүйенген шоғырландырылған
мемлекеттік ерік-жігер болғанда ғана мүмкін еді.
Мемлекеттің ішкі жағдайын сипаттаған саяси-әлеуметтік
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
75
және экономикалық белгісіздік жағдайында басқарудың
президенттік түрін таңдау сол кездегі объективті шындыққа
адекватты жауап болды.
Біріншіден, президенті бүкілхалықтық сайлау арқылы
таңдау биліктің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігінің
демократиялық нормасын жүзеге асыруға септігін тигізді.
Екіншіден, президенті бүкілхалықтық сайлау саяси
жүйенің демократиялық легитимділігін жоғарылатады,
өйткені президент сайлаушылардың көпшілігінің атынан
шығады.
35
Сонымен бірге, Сенатқа 7 депутатты Республика
Президенті тағайындайды. Төменгі палата (Мәжіліс) 67
депутаттан құралған, олар тікелей сайлау арқылы сайланды
(Конституцияға енгізілген 1998 жылғы өзгерістерден кейін
төменгі палата депутаттарының саны 77 дейін көбейтілді).
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған
1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «Қазақстан
Республикасының Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі
туралы», «Сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы»
конституциялық заңдар биліктің әр тармағының мәртебесі
мен қызметтерін реттеуге септігін тигізді.
1998 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының
Парламенті Ата Заңға конституциялық түзетулер енгізді, ол
түзетулер Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімін - 5
жылға, Сенат депутаттары өкілеттіктері мерзімін - 6 жылға
өзгертті.
1998 жылғы 8 қазанда Парламенттің қос палатасының
бірлескен сессиясында қаулы қабылданды, оған сәйкес
35
Қараңыз: О положении в стране и основных направлениях внутренней и
внешней политики: Демократизация общества, экономическая и политическая
реформа в новом столетии. Послание Президента Республики Казахстан народу
Казахстана // Казахстанская правда. - 1 октября 1998; Касымбеков М.Б. Институт
президентства как инструмент политической модернизации.- Астана: Елорда.,
2002; Майлыбаев Б.А. Становление и эволюция института Президента Республики
Казахстан: проблемы, тенденции, перспективы (опыт политико-правового
исследования): Монография. – Алматы: Издательство «Арыс», 2001; Малиновский
В.А. ЛИДЕР: президентская власть в Казахстане на рубеже эпох: Монография. –
Астана: ТОО «Изд-во «Норма-К», 2012.
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
76
Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын
сайлау 1999 жылғы 10 қаңтарға белгіленді.
Сонымен бірге, Сенатқа 7 депутатты Республика
Президенті тағайындайды. Төменгі палата (Мәжіліс) 67
депутаттан құралған, олар тікелей сайлау арқылы сайланды
(Конституцияға енгізілген 1998 жылғы өзгерістерден кейін
төменгі палата депутаттарының саны 77 дейін көбейтілді).
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған
1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «Қазақстан
Республикасының Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі
туралы», «Сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы»
конституциялық заңдар биліктің әр тармағының мәртебесі
мен қызметтерін реттеуге септігін тигізді.
1998 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының
Парламенті Ата Заңға конституциялық түзетулер енгізді, ол
түзетулер Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімін - 5
жылға, Сенат депутаттары өкілеттіктері мерзімін - 6 жылға
өзгертті.
1998 жылғы 8 қазанда Парламенттің қос палатасының
бірлескен сессиясында қаулы қабылданды, оған сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын
2-диаграмма.
ҚР Парламенті Мәжіліс (құрамы)
(1995 жылғы 9 желтоқсанда сайланған)
ПАРТИЯЛАР МЕН
ҚОҒАМДЫҚ
БІРЛЕСТІКТЕРДЕН
ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНҒАНДАР
Достарыңызбен бөлісу: |