Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата02.01.2017
өлшемі1,2 Mb.
#1011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§ 4. Италия 1918-1939 жж. 
 
Соғыстан  кейiнгi  Италиядағы  буржуазиялық-парла-
менттiк  жүйедегi  дағдарыс.  Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан 

74 
 
Италия жеңген  ел  қатарында  шықты.  Италия  соғыста  өзiнiң 
негiзгi  бақталасы  Австрия-Венгрияға  соққы  бердi.  Соғыста 
жеңген  ел  қатарында  шыққанымен,  Версаль  бiтiмiнде  Франция 
мен  Ұлыбритания  Италияға  толық  еркiндiк  бермедi.  Бiрақ  та 
соғыста  жеңген  ел  ретiндегі  Италия  қозғалысында  ұлы  держа-
валық  саясат  үстем  болды.  Италия  буржуазиясы  Балқан 
түбегiнде  және  Жерорта  теңiзiнде  өзiнiң  үстемдiк  саясатын 
жүргiзудi  көздеген  едi.  Балқан  түбегiнде  Антанта  елдерi  Ита-
лияның емес, Сербияның үстемдiгiн қолдады. Бiрiншi дүниежү-
зiлiк соғыс Италия буржуазиясын саяси дағдарысқа әкелдi. Ұлы 
держава  құру  идеясы  iс  жүзiне  аспады.  Франция  мен  Ұлыбри-
тания  жеңген  ел  ретiнде  өздерiнiң  Еуропадағы  билiгiн  нығайту 
үшiн  Италия  буржуазиясын  менсiнгiсi  келмедi.  Италияда  ұлы 
державалық  ойды  жүзеге  асыру  үшiн  күрес  жүргiзетiн  буржуа-
зиялық саяси партиялар жоқ болды. 
Соғыстан кейiн халықтың арасында беделдi бiрден-бiр саяси 
партия - Италия  социалистiк  партиясы  (ИСП)  болды.  Италия 
парламенттiк  Республика  болғанымен,  ИСП-ы  парламентте 
көпшiлiк  болды  да,  ұсақ  буржуазиялық  (либерал,  республика, 
радикалдар)  парламентте  айтарлықтай  саяси  күшке  айнала 
алмады. Сондықтан Италия парламентi шынайы демократиялық 
институтқа  айнала  алмады.  Италия  парламентi  ұсақ  буржуазия 
алдында  толық  әшкерлендi.  Саяси  дағдарыс  iрi  буржуазия  мен 
католик  шiркеуiнiң  бiрiгуiне  жол  ашты.  Бұдан  былай  елдi 
басқара алатындай саяси партия құру қажет болды. Сөйтiп, 1919 
жылы  Италияда  Халық  партиясы  құрылды.  Бұл  партияның 
әлеуметтiк тiрегi католик шiркеуi ықпалындағы буржуазия және 
шаруалар  болды. ИХП-ның  құрылуы  Ватиканның  католиктерге 
саяси  жұмысқа  араласуына  рұқсат  беруiн  білдірді.  Бірақ  Ва-
тикан мен Италия үкiметiндегi қарама-қарсылық толық жойыл-
ған жоқ болатын. Либералдар католик шiркеуiне деген сенiмсiз-
дiгiнен  бас  тартпай,  антиклерикалық  саясатын  жалғастырып, 
ИХП-ына қарсы болды. 
Соғыстан  кейiн  Италия  парламентiндегi  саяси  топтар 
демократиялық  сайлау  жүйесiн  енгiздi.  Парламенттегi  депутат-
тар  мандатының  алған  дауыс  санына  сәйкес  бөлiнуi  принципі 
енгізілді. 1919 жылы  жаңа  сайлау  заңы  негiзiнде  парламент 
сайлауы  өттi.  Сайлау  барысында  ИСП  мен  ИХП  депутаттар 

75 
 
палатасында 154 және 94 депутаттық орын алды. Ал либералдар 
және  басқа  ұсақ  буржуазиялық  партиялар 181 депутат  өткiзе 
алды.  Саяси  күштер  сайлаудан  кейiн  бiрiккенiмен,  ұсақ 
буржуазия  мен  соғысқа  қатысқан  әскери  топтар  Италияның 
соғыста  жеңiп  шыққанын  малданып,  өздерiн  жеңушi  ретiнде 
бағалап, содан ұлы державалық, шовинистiк пиғылдағы адамдар 
саны  көбейе  бастады.  Ұсақ  буржуазия  мен  майданнан  келген 
топтар  арасында  «ұлттық  шовинизм»  рухы  жоғары  болды. 
Сөйтiп,  Италияда  көптеген  саяси-қоғамдық  ұйымдар  Италияны 
ұлы державаға айналдыруға бағыт ала бастады. 
Саяси-қоғамдық ұйымдардың арасында фашистер әлдеқайда 
белсендi  болды.  Ұлттық  шовинизм  кең  етек  алып  Версаль 
бiтiмiнiң  шешiмiне  қарсы  шығып,  қайта  қарауын  талап  еттi. 
Италияның  Фиулле  аралын  аннекциялау  талабын  Антанта 
елдерi  қолдамай, 1920 жылы  аралды  Югославияға  бергiздi. 
Антанта  елдерiнiң  мұндай  шешiмi  фашистiк  ұйымдардың 
қарсылығына, ұлттың намысын оятуға негiз болды. 
1919-1920  жылдардағы  саяси  дағдарыс,  сыртқы  саясаттағы 
сәтсiздiктер  италияндықтардың  шовинистік  ойларын  күшпен 
орындауға  шақырды.  Италия  армиясында  бүлiкке  шақырушы-
лар көбейе бастады. Олар Адриат теңiзiнiң жағасына, Албанияға 
әскер  жiберудi  талап  еттi,  Италия  әскерлерiнiң  арасында  бүлiк 
шығып,  либерал  партиясы  үкiметтен  полиция  мен  жандарме-
рияның санын көбейтудi талап еттi. 
1920  жылдан  бастап  Италияда  саяси  күштердiң  ара  салмағы 
ұлтшыл  шовинистiк  топтарға  қарай  ауысты.  Елдегi  буржуазия 
дәрменсiздiк  бiлдiрдi.  ИСП-ы  революциялық  жолды  қолдап, 
Кеңестiк  Ресейдi  қолдап,  халықты  революцияға  шақырып  жат-
ты.  Экономикалық  дағдарыстар,  революциялық  толқулар  Ита-
лия буржуазиясының террорлық саясатқа көшуіне жағдай жаса-
ды.  Фашизмнің  халық  арасында  беделi  өстi.  Фашизм  Италияда 
iрi  әлеуметтiк  күшке  айналып,  жаңадан  әскери  ұйымдар  мен 
құрылымдар  құрып,  Италияны  дағдарыстан  алып  шығатын 
бiрден-бiр күш деп жарияланды. Елде саяси үкiметтiк дағдарыс 
жалғасты. 
Муссолинидiң  үкiмет    басына  келуi.  Либералдық  үкiмет 
револю-циялық  толқулардан  соң  террорлық  қимылға  көштi. 
Буржуазия дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, фашистiк 

76 
 
қозғалыс  кең  етек  алып,  халық  арасында  жаңа  беделге  ие  бола 
бастады.  Фашистiк  топтар  күштерiн  бiрiктiрiп, 1919 жылы 
«әскери  одақ» (fasci di combattmento) құрды. «Әскери  одақ» 
фашистiк ұйым ретiнде  құрылып, оның жетекшiсi Бенито Мус-
солини  болды.  Фашистер  елде  өздерiнiң  шовинистiк,  ұлтшыл-
дық  үгiт-насихатын  кең  түрде  жүргiздi.  Италия  үкiметiнiң 
дәрменсiздiгiн  сынға  алды. «Ұлттық  мүдде», «Ұлы  ұлт» 
идеясын  таратты.  Жұмысшы  табының  арасында  таза  эконо-
микалық  саясатты,  ереуiлдiк  қозғалысты  қолдап,  жұмысшы 
табының  мүддесiн  қорғады.  Шаруалар  арасында  «жердi  кiм 
өңдесе, жер соныкi» ұранын тастады. Италияда фашизмді негiзгi 
әлеуметтiк топтар, халықтың кедейленген саласы қолдады. 
Фашизмнiң  негiзгi  тiрегi  қалалық  ұсақ  буржуазия  болды. 
Олар  өз  меншiктерін  қорғау  үшін  үкiмет  қолдап  отырған  iрi 
буржуазияны  қатты  сынға  алып,  фашизмнiң  ұрандарын 
насихаттады.  Фашизмнiң  шабуылы  күшейген  кезде  халық 
арасында  ықпалы  бар  дәстүрлi  Италия  Социалистiк  партиясы 
оқшауланып,  тек  қана  социалистiк  идеяны  уағыздаумен 
шектелiп қалды. Жұмысшы табы реакциялық буржуазия жағына 
шықты. 
1920  жылдың  аяғында  Солтүстiк  және  Орталық  Италияда 
фашистер  ашық  террорға  шығып,  коммунистер  ықпалындағы 
жергiлiктi  ұйымдарды  талқандап,  большевиктерден  елдi  құтқа-
руға  шақырды.  Жұмысшы  табын  әлсiретiп,  ұсақ  буржуазия 
ықпалын  күшейту  бағытын  ұстанды.  Италия  үкiметi  де 
бiртiндеп  фашизмдi  саяси  жағынан  қолдап, 1921 жылы  соғыс 
министрi  И.Бономи  әскерлердi  фашистiк  ұйымдарға  көмекке 
жiберiп,  фашизмнің  қарулануына  жол  берді.  Италия  премьер-
министрi  либерал  Дж.  Джолити  парламенттегi 35 фашистiк 
депутаттармен  бiр  блокқа  кiрiп,  ИСП  мен  ИКП  депутаттық 
тобына  қарсы  күресiп  отырды.  Италияның  iрi  буржуазиясы  ел-
дегi либерал-парламенттiк саяси күштi сақтай отырып, фашизм-
дi  ашық  қолдады. 1921-1922 жылдарда  антифашистiк  күштер 
өте  әлсiз  болды.  Италияның  ұлылығын  қалпына  келтiретiн 
бiрден-бiр  саяси  күш  фашизм  деп  түсiндi.  Фашизмнiң  үкiметтi 
өз қолына алуына жол ашылды. 
1922  жылдан  бастап  фашистер  парламенттi  таратып,  дикта-
туралық билiктi орнатуға шақырды. Фашизм Ватиканмен тығыз 

байланыс  орнатып,  католиктер  де  фашизмдi  қолдай  бастады. 
Италияда  саяси  тұрақсыздықтан 1921 және 1922 жылдарда  үш 
рет үкiмет ауысты. 
Италия социалистiк партиясының реформалық тобы, үкiметтi 
қолдап,  елде  фашизмге  қарсы  тойтарыс  беру  үшiн  жұмысшы 
тобын  көтеріп,  ереуiлдер  ұйымдастырып,  Парме  қаласында 
фашистердiң қарулы құрамдарына қатты соққы бердi. ИСП-ның 
максималистiк  тобы  реформистерге  қарсы  шығып,  партиядан 
бөлініп,  Унитарлық  Социалистiк  партия  (УСП)  құрды.  Бұл 
жұмысшы  табын  әлсiретiп,  олардың  арасында  жiк  туғызды. 
Фашизмге  үкiметтi  өз  қолына  алуға  толық  жол  ашылды.  Олар 
1922  жылы  Неаполь  қаласында  өткен  фашистер  съезiнде, 
үкiметке  ашық  ультиматум  қойды.  Фашистер  әскерлерін  моби-
лизация  жасады.  Сөйтiп,  Неаполь  қаласынан  Римге  жорық 
ұйымдастыруға  кiрiстi.  Үкiмет  амалсыздан  отставкаға  кетуге 
мәжбүр  болды.  Италияда  төтенше  жағдай  жарияланды.  Король 
үкiметтiң  кетуiн  қолдамай,  Муссолинидi  шақырып,  үкiмет 
құруға  шақырды. 1922 жылдың 22 қазанда  фашистiк  отряд 
салтанатты түрде Рим қаласына келiп, Муссолини үкiмет басына 
отырды.  Италияда  фашистiк  диктатура  орнады.  Еуропада 
тұңғыш  рет  фашизм  үкiмет  басына  келдi.  Италияда  соғыстан 
кейiнгi либералдық-парламенттiк жүйе тарады. Саяси дағдарыс, 
революциялық  күштердiң  жеңiлуi,  антифашистiк  қозғалыстың 
әлсiздiгi, Италия буржуазиясының фашизмдi қолдауы, Италияда 
демократияның жеңiлiс табуына әкелдi. 
Италиядағы  «Маттеотти    дағдарысы».  Италияда  фашис-
тiк  диктатураның  құрылуы,  буржуазиялық  демократияның 
кейбiр  басқару  жүйесiнiң  уақытша  сақталуына  әкелдi.  Парла-
мент сақталды, саяси партиялар ашық жұмыс iстедi. Муссолини 
үкiметi  құрамында  либералдар  да  сақталды.  Бiрақ  та  фашистiк 
диктатура  бiртiндеп  өзiнiң  саяси  құрылымын  өз  қолдарына  ала 
бастады. 1923 жылы  жаңадан  сайлау  реформасын  жүргiздi. 
Бұрынғы демократиялық сайлау орнына, мажоритарлық жүйесiн 
енгiздi.  Сайлауда 25% дауыс  алған  партия  депутаттардың 
3
2
 
орнын қамтамасыз ете алатын болды. 
77 
 

Италия  парламентiнiң  орнына  құрылған  Үлкен  фашистiк 
кеңес (ҮФК) заң шығарушы институтқа айналды. Оның төраға-
сы  Муссолини  болып  тағайындалды. 1923 жылы  Ұлттық 
қауiпсiздiк  милиция – ерекше  фашистiк  қарулы  ұйымға 
айналды.  Олардың  мүшелерi  Корольге  және  Муссолиниге  таза 
жұмыс  атқаруға  уәде  бердi. Жергiлiктi  басқару  жүйесi  префект 
әкiмшiлiгiнде фашистiк партия өз бақылауын орнатты. 
Фашистiк  үкiмет  буржуазияны  қолдап,  көптеген  жеңiлдiкке 
барды. Iрi  өнеркәсiп  иелерiне  субсидиялық  көмектiң  мөлшерiн 
азайтқанымен, банктен кредит алуды жеңiлдетiп, салық жүйесi-
не  реформа  жүргiздi.  Ұсақ  буржуазия  фашизмнiң  әлеуметтiк 
тiрегi  болудан  қала  бастады.  Экономикалық  реформа  iрi 
буржуазия мүддесiне сәйкес жүргiзiлдi. Капитализмнiң уақытша 
тұрақтану  кезiнде    Италия  экономикасы  дами  түстi. 1922-1924 
жылдарда  Италияда  акционерлiк  қоғам  саны 5951-ден 8822-ге 
жеттi.  Ұлттық  капитал 
3
1
  өстi.  Өнеркәсiп  өнiмдерiн  көптеп 
шығара бастады. Еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы бiртiндеп 
жақсара түстi. 
1924  жылы  сәуiр  айының 6-ы  күнi  Италияда  парламент 
сайлауы  болды.  Сайлау  мажоритарлық  жүйе  арқылы  өткiзiлiп 
фашистiк партия депутаттардың 
3
1
 орнын алды. Оппозициялық 
партиялар 
3
1
  орынға  ие  болды.  Алғашқы  парламент 
отырысында  унитарлық  социалистiк  партиясының  депутаты 
Джакомо  Маттеоти  сайлау  қорытындысын  қатты  сынға  алып, 
фашистердiң  террорлық  жолмен  жеңiске  жетiп  отырғанын 
дәлелдеп сөз сөйледi. Бұл оның соңғы сөзi едi, оны 1924 жылы 
маусым  айының 10-ы  күнi  көшеде  кетiп  бара  жатқан  жерiнен 
ұстап  алып,  өлтiрiп  тастады.  Маттеотидың  өлтiрiлуi  елде  саяси 
дағдарысты  тереңдеттi.  Антифашистiк  қозғалыс  кең  етек  алды. 
Парламенттегi  оппозициялық  партиялар  депутаттары  шығып 
кетiп,  бөлек  Авентиндiк  блок  құрды.  Ежелгi  Римдегi  плебей 
топтары  кезiнде  патрицийлерге  қарсы  болып,  Авентин 
жотасында  жиналып,  содан  өздерiн  авентиндер  деп  атаған  едi. 
78 
 

79 
 
Авентин  блогы  антифашистiк  қозғалыстың  орталығына  айнал-
ды. Бiрақ та Авентин блогын социалистiк партияның оң қанаты 
қолдамады. 
Италия  коммунистiк  партиясы  да  авентиндiк  блокты  толық 
қолдамады.  Оппозицияда  бiрлiк  болмады. 1925 жылдан  бастап 
фашистер  шабуылға  шыға  бастады. 1925-1926 жылдар  аралы-
ғында фашистiк диктатура ашық террорлық әдiспен, буржуазия-
лық  демократияға  қарсы  шықты. 1926 жылы  қараша  айында 
төтенше заңдар қабылдады. Барлық оппозициядағы партияларға 
тыйым  салды.  Антифашистiк  баспасөздi  жауып,  цензура 
орнатты.  Муссолини  мен  Король  өмiрiне  қастандық  жасаған-
дарға өлiм жазасы қолданылатын болды. Төтенше заң шыққан-
нан  кейiн  елде  жаппай  тұтқындау  басталды.  Италия  комму-
нистiк партиясының басшысы А.Грамши тұтқындалып, партия-
ның ары қарай өмір сүруіне тыйым салынды. 
1927  жылы  Италияда  жаппай  қудалау  жүргiзетiн  Төтенше 
трибунал  және жасырын полиция әкiмшiлiк мекемелерi құрыл-
ды. Төтенше трибунал мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғап отырды. 
Премьер-министр  Муссолини  Король  алдында  ғана  жауап 
беретiн болды. Парламенттiң беделi түстi. 
1927 жылы Үлкен фашистiк кеңес Еңбек Хартиясы деген заң 
қабылдады.  Бұл  заң  экономиканы  корпорациялауға  негізделді. 
Мемлекет  корпорациялау  арқылы  өнеркәсiп  иелерi  мен  жұ-
мысшы арасында келiсiмге келу «ұлттық мүдденi» көтермелеуге 
сәйкес өнеркәсiп салалары мемлекеттiк қолдауға сүйенiп жұмыс 
iстейтiн  болды.  Италия  да  басқа  елдер  сияқты  мемлекеттiк-
монополиялық  жолға  түсе  бастады.  Бұл,  бiр  сөзбен  айтқанда, 
экономиканы  мемлекет  арқылы  реттеу  деген  сөз  еді.  Корпо-
ративтiк буржуазия үстем бола бастады. 
1930  жылы  үкiметтiң  шешiмiмен  Ұлттық  корпорация  кеңесi 
құрылды.  Бұл  кеңестiң  мiндетi  елдегi  экономиканы  мемлекет 
арқылы  басқаруға  негізделді.  Кеңеске 22 ұлттық  корпорация 
кiрдi.  Ол  еңбек  пен  капитал  арасындағы  қайшылықты  реттеп 
отырды. Еңбекшi халықтың мүддесiн қорғайтын корпорациялық 
кәсiподақ  ұйымы  өмірге  келді.  Италиядағы  еңбек  арасындағы 
дау  жанжалды,  өнеркәсiп  иелерiмен  жұмысшы  арасындағы 
келiспеушiлiктi  реттеу  үшiн  кәсiподақ  федерациясы  құрылды. 
Корпорациялық  Кеңес 1933 жылы  әлеуметтiк  салада  көптеген 

80 
 
шаралар  енгiздi. 8 сағаттық  жұмыс  күнiн  белгілеп,  жұмыссыз-
дықты  азайтты.  Ауыл  шаруашылығын  дамыту  үшiн,  астық 
тапшылығын  жоюда  көптеген  шаралар  жүргiздi.  Егiс  көлемiн 
көбейтiп,  суармалы  егiске  көп  көңiл  бөлiндi. 1929 жылы 
Италияда 81 млн  тонна  астық  алынды.  Сөйтiп,  Италия  өзiн-өзi 
астықпен қамтамасыз еттi. Бұл бұрын-соңды болмаған жеңiс еді, 
барлығы 4 млн га жер жаңадан игерiлдi. 
Италияның  саяси  дамуына  айтарлықтай  ықпал  жасайтын 
жағдай  мемлекет  пен  Ватикан  арасындағы  қатынас  едi. 1929 
жылы  Италияның  фашистiк  үкiметiмен  Ватикан  арасындағы 
Латеран сарайында келiсiм болды. 
Бұл  келiсiм  бойынша: 1. Рим  папасы  Италия  үкiметiнен 
алатын 1750 млн  лир  компенсациясынан  бас  тартты. 2. Италия 
үкiметi  Ватиканның  тәуелсiздiгiн  мойындап,  қасиеттi  Петр 
шiркеу айналасындағы ауданды мойындады. 3. Ватикан шiркеуi-
нiң  жанұя  және неке мәселесiнде толық еркiндiгiн мойындады. 
Мектептерде  католик  шiркеуi  өз  ықпалын  жүргiзуге  келiсiм 
алды. 
Италияның  фашистiк  диктатурасы  бұл  келiсiм  арқылы  өз 
идеологиясында  католик  ықпалын  қалыптастырды.  Мұның 
Италия қоғамы үшiн маңызы өте зор болды. 
Италияның  сыртқы  саясаты.  Италияда  фашистiк  үкiмет 
орнағаннан кейiн-ақ, сыртқы саясатта ұлтшылдық бағыт ұстады. 
Муссолини  үкiметi  жерорта  теңiзiнде  үстемдiк  орнату,  Балқан 
түбегiндегi  елдерге  ықпал  жасау  саясатын  iске  асыру  үшiн 
күрестi. 1924 жылы Италия мен Югославия арасындағы келiсiм 
бойынша  Фиум  аралын  өзiне  қайтарды. 1924 жылы  қаңтар 
айында  Италия  Кеңестiк  Ресейдi  мойындап,  елшiлiк  қатынас 
орнатты. 
30-жылдары Италия сыртқы саясатта империалистiк бағытты 
ашық  жүргiзе  бастады.  Ел  экономикасының  тез  дамуы  жаңа 
соғысқа  дайындалу  үшiн  қару-жарақтың  жаңа  түрлерiн  шыға-
рып, қарулануға мүмкіндік туғызды. Италияда фашистiк үкiмет 
соғысқа  дайындалуды  негiзгi  мақсат  етіп  қойды,  империялық 
көзқарас идеологияның негiзгi үгiт-насихатына айналды. 
Мемлекеттiк  аппарат  ұлы  державалық  сыртқы  саясатты 
жүзеге асыру үшiн жұмыс iстедi. 1933 жылы Муссолини елдегi 
әскери  басшылықты  өз  қолына  алды.  Халықты  соғысқа 

81 
 
дайындап,  жаппай  қарулану  күн  тәртiбiне  қойылды.  Тiптi 1934 
жылы  Муссолини  Аветрияны  жаулап  алуға  дайындалды. 1934 
жылдың  соңында  стратегиялық  маңызы  зор,  Африкадағы 
Эфиопия  елiн  жаулап  алуға  дайындық  жүргiзе  бастады. 
Франция  мен  Германия  арасындағы  келiспеушiлiктi  пайдала-
нып, 1935 жылы қаңтар айында Италия мен Франция арасында 
жасырын  келiсiмге  қол  қойылып,  Франция  үкiметi  Италияның 
Эфиопияны жаулап алу ойын қолдап, сенiм бiлдiрдi. 1935 жылы 
қазан  айының 3-і  күнi 500 мың  әскерiмен  Италия  Эфиопияға 
соғыс  жарияламастан  шабуыл  жасады.  Италия – Эфиопия 
соғысы  басталды.  Италия  өзiнiң  агрессиялық  саясатын  тұңғыш 
рет  жүзеге  асырды.  Әскери  күш  жағынан  Эфиопиядан  бiрнеше 
есе көп әскерiмен 1936 жылы ол елді жаулап алды. 1936 жылы 
мамыр  айының 9-ы  күнi  Муссолини  Италияның  Эфиопияны 
толық  басып  алып  жеңiске  жеткендiгiн  Венециан  сарайының 
балконынан халыққа жариялады. 
Италия – Эфиопия  (Абиссиния)  соғысын  империалистiк 
елдер  Франция  мен  Англия  қолдады.  Эфиопия  королi  Хасан I 
Ұлттар  лигасына  хат  жолдап,  Италияның  жаулап  алуын  айып-
тауға  шақырды.  Ұлттар  лигасы 1935 жылы  қараша  айында 
Италияға экономикалық санкция жариялады. 
Италияның  агрессиялық  саясаты 1936 жылы  жаз  айында 
Испания республикасына қарсы интервенция ұйымдастыруымен 
жалғасты. Испанияға қарсы соғыста Германиямен бiрiктi. Испа-
нияға  жiберген  Италия  әскерлерi 1937 жылы  наурыз  айында 
Гвадалахар  түбiнде  жеңiлiске  ұшырады.  Фашистiк  Италия  мен 
Германияның агрессиясын империалистiк елдер ашық қолдама-
ғанымен,  қару-жарақпен  көмектесiп  отырды.  АҚШ,  Франция 
және Ұлыбритания елдерi бейтарап саясат ұстанды. 
1936 жылы  қазан  айында Италияның сыртқы iстер министрi 
Чиано  Берлин  қаласында  саяси  ынтымақ  келiсiмiне  қол  қойды. 
Бұл  келiсiмдi  Муссолини  екi  ел  арасындағы  ось  (қазық)  деп 
атап,  басқа  елдердi  қосылуға  шақырды.  Сөйтiп,  Берлин – Рим 
келiсiмi пайда болды. Германия өз жағынан Италияның Жерорта 
теңiзi  аймағындағы  ықпалын  мойындаса,  Италия  Германияның 
Орталық  Еуропа  елдерiне  ықпал  жүргiзуiн  еркiн  мойындады. 
Екi  фашистiк  мемлекет 1937 жылы  «большевизмге»  қарсы 
күресу  үшiн  Германия  мен  Жапония  қол  қойған  ынтымақ 

82 
 
келiсiмiне  қосылды.  Берлин – Рим – Токио  агрессиялық  одағы 
құрылды. 1937 жылы желтоқсанда Италия Ұлттар лигасынан өз 
еркiмен шықты. 
1938  жылы  қыркүйек  айының 29-ы  күнi  Мюнхен  қаласында 
Муссолини  Гитлердi  қолдап,  Чехословакияның  Судет  облысын 
Германияға  беру  туралы  Мюнхен  келiсiмiне  қол  қойды.  Импе-
риалистiк  елдердiң  фашистiк  Италия  мен  Германияның 
агрессиялық  саясатын  ойланбастан  қолдауы  екiншi  дүниежүзi-
лiк  соғыстың  басталуына  жол  ашты. 1939 жылы  сәуiр  айында 
Италия, Албания королi Зогуге ультиматум қойып, ол орындал-
маған    соң  Италия  әскерлерi  Албанияны  жаулап  алды. 1939 
жылы 22 мамырда  Италия  мен  Германия  «темiрдей  берiк 
пактiсiне»  қол  қойып,  болашақта  «жерде,  теңiзде  және  әуеде» 
бiр-бiрiн  қолдау  туралы  ант  бердi.  Екi  фашистiк  мемлекет 
арасында осылай әскери одақ құрылды. Италия екiншi дүниежү-
зiлiк  соғысқа  дайындала  бастады.  Елдiң  экономикасы  жаңа 
соғысқа  бейiмделiп  автаркиялық  саясатқа  (өзiн-өзi  қамтамасыз 
ету)  көштi.  Соғыс  өндiрiсiне  қажеттi  стратегиялық  шикiзаттар-
мен,  азық-түлiкпен  қамтамасыз  ету  автаркиялық  саясаттың 
негiзгi бағыты болды. 
 
§ 5. Америка Құрама Штаттары (АҚШ)  
(1918-1939 жж.) 
 
Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстың  қорытындысы.  Саяси-
экономикалық дамуы.  Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыс АҚШ-ты 
халықаралық  қатынаста  түбегейлi  өзгерiске  әкелдi - АҚШ 
соғысқа  Антанта  жағында 1917 жылы  сәуiр  айында  кiрдi. 1918 
жылы  көктемде  Америка  әскерлерi  Еуропа  құрлығына  келiп, 
шiлде-тамыз  айларында  соғыс  майдандарына  қатысты.  Соғыс 
АҚШ-тың  жерiн  қамтыған  жоқ,  экономикасы  ешқандай  зиян 
шекпедi. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс 
майданында 50 мың адам өлiп, 230 мың адам жараланды. 
Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  жылдарында  АҚШ-тың  өнеркә-
сiп  орындары  тоқтаусыз  жұмыс  iстеп  Еуропа  елдерiнiң  соғыс 
тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық кор-
порация иелерi шексiз таза пайдаға кенелді. 1914-1918 жылдары 
АҚШ-тың  таза  кiрiсi 33,5 млрд  доллар  болды.  Өнеркәсiптiң 

дамуының дүниежүзiлiк саладағы үлес салмағы өстi. 1919 жылы 
АҚШ  дүниежүзiнде  өндiрiлген  өнеркәсiп  өнiмдерiнiң,  оның 
iшiнде  көмiрдiң 50%, шойын  мен  болаттың 
5
3
;  мұнайдың 
3
2

автомобильдiң 85% шығарды.  Соғыстың  қорытындысында 
АҚШ-тың  экономикалық  күш  қуаты  артты.  Сонымен  қатар, 
АҚШ  қаржы  саласында  Еуропа  елдерiне  көптеп  инвестиция 
арқылы көмектесiп, өндiрiсiн дамытуда. Олар қаржы саласында 
АҚШ-қа тәуелдi болды. 
АҚШ инвестициясы Еуропа елдерiне: 
– соғысқа қажеттi заем 11 млрд долларға жеттi; 
–  Канада  мен  Латын  Америка  елдерiне  жеке  инвестиция 
мөлшерi 7 млрд  доллар  болса, 20 жылдарда  дүниежүзi  елде-
рiндегi  АҚШ  инвестициясының  мөлшерi 18 млрд  долларға 
жеттi. 
Соғыстың  АҚШ  үшiн  қорытындысы,  Еуропа  елдерiне  Аме-
рика  капиталының  көп  мөлшерде  шығарылуы,  АҚШ  қарыз 
беретiн  елге  айналды.  Соғыстың  қорытындысында  АҚШ  дү-
ниежүзiне  өзiнiң  саяси  экспанциялық  саясатын  нығайта  түстi. 
Дүниежүзiлiк рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президентi 
Вильсонның  сөзiмен  айтқанда: «Бiздiң  мiндетiмiз  дүниежүзiне 
ақша беру болса, ақша берген ел әлемдi билей бiлуi керек». Бұл 
саясаттың  негiзi – АҚШ-тың  дүниежүзiлiк  гегемондық  билiкке 
шығуы болды. 
Соғыстан кейiн АҚШ президентi Вудро Вильсон (1856-1924) 
болып  қалды. Iшкi  саясатта  либерал-реформаторлық  бағыт  ұс-
тап,  Американың  қаржы  капиталының  мүддесiн  қолда-ды. 
Сыртқы  саясатта  Латын  Америкасы  елдерiне  қарсы  экспанция-
лық  саясат  жүргiздi. 1918 жылы  қаңтарда  атақты «14 пункт» 
бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты. 
1920-1921  жылдарда  АҚШ-та  экономикалық  дағдарыс  кең 
етек алды. Елде ереуiлдiк қозғалыс күшейдi. 
1919 жылы елде 210 мың өнеркәсiп орындары болса, ол 1921 
жылы 192 мыңға  қысқарды.  Жұмыссыздық 5-6 млн  адамға 
жеттi.  Ереуiлдiк  қозғалысқа  қатысқан  адамдар  саны 4,5 млн 
жеттi. 1921 жылы  АҚШ-та  екi  коммунистiк  партия  бiрiгiп,  бiр 
партияға  айналды.  АҚШ-та  дағдарыс  жылдарында  демократия-
83 
 

84 
 
лық  қозғалыс  кең  етек  алды.  Ереуiлдiк  қозғалысқа  Америка 
Еңбек  конфедерациясы  (АЕК)  кәсiподақ  ұйымы  басшылық 
жасады.  Экономикалық  дағдарыс  президенттiк  сайлау  қарса-
ңында  демократиялық  және  республикалық  партия  арасында 
саяси күрестi күшейте түстi. Вильсонның демократиялық партия 
үкiметiнiң, халықтың алдында беделi түсе бастады. 
1920  жылы  қараша  айының 2-і  күнi  АҚШ-та  президенттiк 
сайлау  өттi.  Сайлауда  республикалық  партияны  қолдап 16 млн 
дауыс  берсе,  демократиялық  партияны  қолдап 9 млн  сайлау-
шылар дауыс бердi. 8 жыл елдi басқарған демократиялық партия 
жеңiлiс тапты. АҚШ президентi болып республика партиясынан 
Уоррен  Гардинг (1865-1923) сайланды.  Вице-президентi  болып 
Калвин  Кулидж  болды.  Республикалық  партия  үкiметi  келген-
нен  кейiн  де  елдегi  экономикалық  дағдарыс  жалғасты. Iрi 
монополияға  сенiм  артқанымен,  Гардинг  үкiметi  қарсылыққа 
душар  болды. 1923 жылы  елдi  аралап  жүрген  кезде,  аурудан 
Гардинг  қайтыс  болып,  оның  орнына  вице-президент  Кулидж 
тағайындалды. 
Капитализмнiң  уақытша  тұрақтану  кезiндегi  АҚШ.  1924 
жылы  АҚШ-та  президенттiк  сайлау  болып,  республикалық 
партия екiншi рет жеңiске жетiп, Кулидж президент болды. 
1924 жылы АҚШ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңiне 
өттi.  Буржуазияның  саяси  ықпалы  күшейдi.  Ереуiлдiк  қозғалыс 
жеңiлiс тапты. Жалпы демократиялық қозғалыс сайлаудан кейiн 
әлсiредi.  Экономикалық  өрлеу  үшін  АҚШ  буржуазиясы  қаржы 
бөлуге  кірісті.  Экономика  құрылымын  өзгертiп, iшкi  өндiрiске 
капиталды  салып,  жаңа  технологияны  енгiзiп,  өндiргiш  күштiң 
тез  өсуiне  жағдай  жасады.  Өнеркәсiптiң  жаңа  салалары:  ауыр 
өнеркәсiп,  автомобиль,  машина  жасау,  энергетиканың  дамуына 
көңiл  бөліндi.  Өнеркәсiп  өнiмдерiн  өндiру  тез  өстi.  Мысалы: 
1923  жылмен  салыстырғанда  болат  қорыту 45 млн  т; 57 млн  т 
артты;  электр  энергиясы 71 млрд  квт  сағ, 117 млрд  кв  сағатқа 
өстi.  Жалпы  өнеркәсiп  өнiмi 70% артты.  АҚШ  өнеркәсiбi 
дүниежүзiнде  өндiрiлген  өнiмнiң 48%-ын  шығарды.  Сөйтiп, 
капиталистiк елдердiң арасында бірінші орынға шықты. Ғылым 
мен  техниканың  жаңа  жетiстiктерiнің  өндiрiске  тез  енгiзiлуi 
автомобиль  шығару  Америка  қоғамының  мақтанышына  айнал-
ды.  Автомобиль  өндiрiстің  негiзiн  қалаушы  Генри  Фордтың 

85 
 
атымен  шықты.  Жаңа  конвейерлiк  жүйенiң  енгiзiлуi,  өндiрiстiң 
үздiксiз жүргiзiлуi өндiргiш күштердің артуы, АҚШ-ты автомо-
биль  шығарудан  дүниежүзiнде  бiрiншi  орынға  алып  шықты. 
Мысалы: 1913 жылы 485 мың, ал 1921 жылы, 1.6 млн, 1929 жы-
лы 5,4 млн автомобиль шығарылды. Форд автомобиль заводын-
да кейбiр кезде күнiне 25 мың автомобиль шығарылатын болды. 
Өнеркәсiптiң  химия,  самолет  жасау,  радиотехника  салалары 
қарқынды дамыды. 1928 жылы капитализмнiң тұрақтануы өзiнiң 
ең  жоғарғы  деңгейiне  жеттi. «Американдық  гүлдену  заманы 
басталды» деп түсiндiрдi АҚШ президентi Кулидж. 
1928  жылы  АҚШ-та  кезектi  президенттiк  сайлауда  респуб-
ликалық  партия  жеңiске  жетiп  Герберт  Гувер  елдiң  президентi 
болып  сайланды.  Гувер  үкiметі  сайлаушылардың  үмiтiн  ақтай 
алмады. АҚШ экономикасындағы дағдарыстан шығудың жолын 
iздеген  «миллионер  үкiметi»  одан  еңбекшi  халық  арқылы 
шығудың жолын таңдады. «Қатал индивидуализм» идеясы елдің 
дағдарыстан мемлекеттiк қолдау арқылы шығуынан бас тартты. 
Еңбекшi  халықты  әлеуметтiк  жағынан  қолдауға  және 
жұмыссыздарға  көмек  көрсетуге  қарсы  болды.  Гувер  үкiметi 
реакциялық  саясат  ұстады.  АҚШ  фермерлерiнiң  талабын 
орындау  үшiн 1929 жылы  маусым  айында  конгресс  арқылы 
«Ауыл шаруашылық тауарларын өткiзу туралы» заң қабылдады. 
Жаңа  заң  бойынша  федералдық  фермерлердi  басқару 
басқармасын  құрды.  Фермерлердiң  өнiмдерiн  сатып  алу  және 
рыноктағы  артық  астықтың  мөлшерiн  азайту  үшiн  мемлекет 
фермерлерге 500 млн  доллар  бөлді.  Фермерлерден  сатып 
алынған ауыл шаруашылығы тауарлары мемлекеттiк қоймалар-
да  сақталды.  Қоймаларға 257 млн  т.  бидай, 1,3 млн  т.  мақта 
жиналды.  Халыққа  қажеттi  азық-түлiк  тауарларын  базарға 
шығаруды тежедi. Халық арасында аштық басталды. Ұсақ және 
орта  фермерлердiң  жағдайы  нашарлады.  Мемлекеттiк  қолдау 
саясаты уақытша ғана қолданылып, көп кешiкпей тоқтатылды. 
Гувер  үкiметi iшкi  саясатта  миллионерлердi  қолдап, iрi 
монополия  иелерiне  жеңiлдiктер  жасады.  Жеке  меншiк  компа-
нияларына  жеңiлдетiлген  несие  берсе,  корпорация  иелерiне 
салық  мөлшерiн  азайтты.  Шет  елдiң  тауарларына  баж  салығын 
өсiрiп, iрi  өнеркәсiп  монополиясы  тауарларының  бағасын 
көтерді. Iрi  монополияларды  мемлекеттiк  субсидия  (көмек) 

86 
 
арқылы  қолдап  отырды.  Гувер  үкiметi  дағдарыс  жылдарында 
мемлекеттiк-монополиялық  саясатты  жүргiзуге  мәжбүр  болға-
нымен,  оған  шектеу  қойып  отырды.  Бұл  саясатты  АҚШ-та 
кейіннен Рузвельт үкiметi толық жолға қоя алды. 
Гувер  үкiметiнiң  сыртқы  саясаты 20-жылдары  басталған 
экспанциялық  бағытта  жүргiзiлдi.  Қаржы-ақша  саясаты  АҚШ-
тың  халықаралық  қатынастағы  орнын  нығайтты.  Шет  елдерге 
АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды. 
1929  жылы  шет  елге  шығарылған  инвестиция  мөлшерi 16,5 
млрд  доллардан 27 млрд  долларға  өстi.  Американ  капиталы 
Латын  Америкасы  елдерiне  көптеп  шығарылды.  Бұл  АҚШ 
монополистерiне шексiз пайда әкелдi. Экономикалық экспансия 
саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейттi. 
АҚШ  үкiметi  Қиыр  Шығыста  Жапонияның  ықпалын 
әлсiретiп,  Вашингтон  конференциясынан  кейiн  Қытайда  өз 
беделiн  көтеруге  қол  жеткізді.  Бұл  саясат  Қытайда 1924-1925 
жылдарда  халық  көтерiлiсiнiң  басталуына  әкелiп  соқты. 20-
жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерiнде беделi нығая түстi. Оған 
1924  жылғы  Дауэс  жоспарының  Германияның  экономикалық 
дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, 
қаржы-ақша  көмегi  берiлдi.  Еуропада  Германия  арқылы  АҚШ-
тың  гегемендық  саясаты  басталды. 20-жылдарда  АҚШ  өзiнiң 
антисоветтiк саясатын жалғастыра бердi. 
Экономикалық  дағдарыс  жылдарындағы  АҚШ.  1929 
жылы  АҚШ-та  экономикалық  дағдарыс  басталады.  Бiрiншi 
дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiнгi  ең  бай  ел  АҚШ-та  дағдарыстың 
басталуына  не  себеп  болды?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшiн 
дағдарыстың  қалай  басталғанына  және  АҚШ  экономикасының 
даму  ерекшелiктерiне  тоқталып  өтейiк.  Экономикалық  дағда-
рыстың  басталуына 1929 жылғы  Нью-Йорк  қаласындағы  қор 
биржасындағы  оқиға  себеп  болды.  Бұл  былай  болған  едi. 20-
жылдарда  Нью-Йорк  қор  биржасында  дүниежүзiнде  сатылатын 
акция  (қағаз  ақшаның)  мол  қоры  болды.  Оның  мөлшерi 1927 
жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жеттi. 
1929 жылы қазан айының 24-і күнi қор биржасында 12,4 млн 
акция сатылса, бес күннен кейiн 16,4 млн акция сатылды. Қағаз 
ақша  құны  құнсызданып,  акция  иелерi 32 млрд  доллар 
жоғалтты.  Сөйтiп, 1933 жылы  Нью-Йорк  қор  биржасында 19 

87 
 
млрд  доллар  қалды.  Бұл  процесс  АҚШ-тың  экономикасының 
дағдарысқа  ұшырауына  әсер  еттi.  Сөйтiп,  дүниежүзiлiк 
капитализм дағдарысы басталды. 
Ол  АҚШ-тың  өнеркәсiп  салаларын  түгелдей  қамтыды. 
Өнеркәсiп  өнiмдерiн  шығару 54% қысқарды. 1932 жылы  болат 
өндiру  мен  автомобиль  шығару 15-16% төмендедi. 285 темiр 
қорыту пештерiнің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс iстедi. 
Экономикалық  дағдарыс  еңбекшi  халықтың  тұрмыс  жағдай-
ын төмендеттi. Әлеуметтiк қайшылық өстi. 1929-1932 жылдарда 
жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жеттi. Жұмыссыздық 30-
жылдардағы АҚШ-тың күнделiктi өмiрiндегi қалыпты көрiнiске 
айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ғақысқарды. 
АҚШ-тың  ауыл  шаруашылық  саласы  дағдарыс  жылдарында 
көп  зардап  шектi.  Ауыл  шаруашылық  өнiмдерi  артық  шыға-
рылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы 
үш  есе  арзандап  кетті.  Бұл  фермерлердiң  жағдайын  күйзелттi. 
Дағдарыс  жылдарында 900 мың  фермерлiк  шаруашылық  қыс-
қартылды.  
1929-1933  жылдарда  АҚШ-тың  банк  жүйесi  айтарлықтай 
дағдарысқа  жеттi.  Осы  жылдарда 5800 банк  жабылды.  Мил-
лиондаған американдықтар өздерiнiң банкке салған жинақтары-
нан  айрылып,  қайыршылық  жолға  түстi.  Экономикалық  дағда-
рыс  американ  халқының  психологиясына  айтарлықтай  әсер 
тигiздi.  Ең  бай  елдің  қайыршылыққа  душар  болуы  халықтың 
молшылыққа  деген  үмiтiн  үзе  бастады.  Американың  гүлдену 
дәуiрiне  сенiмсiздiк  күшейдi.  Индивидуализм  идеясына  байла-
нысты  әрбiр  американ  азаматы  өз  күшiне  сену  керек  екенiне 
көздерi  жете  бастады.  Мемлекет  халықты  әлеуметтiк  жағынан 
қорғаудан  бас  тартты.  Әлеуметтiк  қайшылықтың  тереңдеуi, 
бұқара халықтың күреске шығуына әкелдi. 1930 жылы 183 мың 
жұмысшы ереуiлге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 
мың соғыс ардагерлерi жиналып, өздерiнiң тұрмыс жағдайларын 
жақсартуын  үкiметтен  талап  еттi.  Мұндай  қозғалысқа  фермер-
лер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында 
Батыс  штаттағы  фермерлер  қозғалысы  бiрнеше  айға  созылды. 
Халықтың  бұқаралық  қозғалысы  барлық  әлеуметтiк  топтарды 
қамтыды.  Үкiмет  бұларға  қарсы  полицейлiк  күштердi  жiберiп, 
басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды. 

88 
 
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезектi Президент сайлау-
ына  дайындық  басталды.  Президенттiк  сайлау  қарсаңында 
республикалық  партия  Гувердiң  ел  алдындағы  атқарып  жатқан 
қызметiн  мақтаумен  ғана  шектелдi.  Елдегi  экономикалық  дағ-
дарыс  әрбiр  сайлаушының  көз  алдында  өтiп  жатты.  Күн  санап 
республикалық партияның беделi түсе берді. 
Демократиялық  партияның  сайлау  қарсаңындағы  үгiт-наси-
хат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық 
дағдарыс  жылдарындағы  республикалық  партияның  саясатын 
күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау 
бағдарламасы  еңбекшi  халық  алдында  жаңа  реформалық 
бағытты  ұсынды.  Демократиялық  партия  АҚШ  президенттiгiне 
Нью-Йорк  штатының  губернаторы  Франклин  Делано  Рузвельт-
тiң кандидатурасын ұсынды. 
Ф.Рузвельт  сайлау  алдында  өзінің  жаңа  экономикалық 
реформасын ұсынды. Реформаның негiзгi бағыты миллиондаған 
кедейленген  халықтың  мүддесiн  қорғау  деп  түсiндiрдi.  Рефор-
маның  жаңа  ұраны  тарихта  «жаңа  бағыт»  деп  аталды. 
Ф.Рузвельттiң  жаңа  бағытын  американ  қоғамы  онша  түсiне 
алған жоқ. Сондықтан бiрден саяси қайраткерге айнала алмады. 
Бiрақ  та  сайлау  қарсаңындағы  үгiт-насихат  жұмысының  бары-
сында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттiк 
тұрғыдан  реттеу  екенiн  түсiне  бастады.  Мемлекеттiк  реттеу – 
экономиканы  дағдарыстан  шығарудың  бiрден-бiр  жолы  екенiн 
сайлаушылар  да  түсiнiп,  Ф.Рузвельттiң  саяси  беделi  өсе  бас-
тады. Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзiнде Ф.Рузвельт елдегi 
азаматтық  құқықтың  сақталуын,  оған  мемлекеттiк  жауапкер-
шiлiктi  күшейтуi  керектігін  айтып  отырды. 1932 жылы  қыр-
күйек  айының 23-і  күнi  Сан-Франциско  қаласында  сөйлеген 
сөзiнде  «экономикалық  жоспарлау»  идеясын  ұсынды.  ХХ 
ғасырда  американдықтар  үшiн  тәуелсiздiк  Декларациясына 
өзгерiстер енгiзудiң қажеттiлiгiн айтты. «Әрбiр адам өмiр сүруге 
құқықты, сондықтан үкiмет әрбiр адамға еңбек етуге, еңбегiнiң 
нәтижесiн  көре  бiлуге  көмектесуі  керек,  қоғам  байлығы  халық 
үшiн  қызмет  жасауы  қажет» – деді.  Америка  мемлекетi  халық-
тың  әлеуметтiк  мақсаты  үшiн  жұмыс  атқаруы  керек,  әрбiр 
адамды  қорғау  үшiн  мемлекеттiк  әлеуметтiк  жүйе  қалыптасуы 
қажет  екенiн  айтып  отырды.  Жаңа  бағыт  саясатының  негiзгi 

89 
 
мәнi - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реформа жүргiзу 
екенін  сайлаушылар  алдында  сөйлеген  сөздерiнде  әр  уақытта 
ескертiп  отырды.  Республикалық  партияның  сайлау  бағдарла-
масы  халық  алдында  сенiмсiздiк  тудырып,  демократиялық 
партияның  өкілі  Ф.Рузвельттiң  беделi  өстi.  Ол  либералдық 
реформа саясатын батыл жүргiзудi талап еттi. 
1932  жылы  қазан  айында  АҚШ-та  президенттiк  сайлау  өттi. 
Сайлау  қорытындысында  демократиялық  партия  өкілі  Ф.Руз-
вельттi қолдап 22,8 млн сайлаушылар дауыс бердi, республика-
лық  партия  өкілі  Гуверге 15,8 млн  сайлаушылар  дауыс  бердi. 
Ф.Рузвельт  жеңiске  жеттi.  Демократиялық  партия  АҚШ 
конгресiнiң екi палатасында да көпшiлiк орын алды. 1933 жылы 
наурыз  айының 4-і  күнi  Ф.Рузвельт  президенттiк  қызметiне 
кiрiстi. 
Рузвельттiң  «жаңа  бағыт»  саясаты.  1933  жылы  наурыз 
айының 9-ы күнi Рузвельт үкiметi АҚШ парламентiнiң арнаулы 
сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшiн 
жаңа  заңдарды  қабылдады.  Жаңа  бағыт  саясатының  бiрiншi 
кезеңi 1933-1934 жылдарда  жүзеге  асуы  қажет  болды.  Бұл 
кезеңнiң  негiзгi  мақсаты  АҚШ-тың  қаржы-экономикалық  да-
муында  корпоративтiк  құрылымын  нығайту  болды.  Капита-
лизмнiң  әлеуметтiк  негiзiне  өзгерiстер  жасау  арқылы,  либерал-
дық реформалар жасауға кiрiстi. Жаңа бағыт саясатының алғаш-
қы  күнiнен  бастап  АҚШ-та  қаржы-банк  жүйесiнде  қайта  құру 
шаралары  жүргізілді. Мемлекет қаржы-банк жүйесiн өз қолына 
алу  үшiн  қаржы  корпорация  мекемесiн  құрды.  Мемлекеттiк 
қаржы  корпорациясы  (МФК)  арқылы  банктер  заем  алу  құқына 
ие  бола  алды.  Ол  үшiн  тек  қана  iрi  банктердiң  мүмкiндiктерi 
болды.  Мемлекет  банктерге  субсидиция  беру  үшiн 5 млрд 
доллар  бөлдi.  Бiрақ  мемлекеттiң  көмегiн  кез  келген  банк  алу 
құқына ие бола алмады. Банк жүйесiн iрілендiру арқылы жүзеге 
асыра алды. Сөйтiп, АҚШ-та банк жүйесiндегi реформа арқылы 
25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен 
көмек ала ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасын 
40%  арзандатты.  Банк  жүйесiнде  мемлекеттiң  ықпалын  күшей-
тiп,  қаржылық  қорды  нығайтты.  Мемлекет  толық  қаржы-банк 
жүйесiн  өз  қолына  алды.  Коммерциялық  банктердегi  халық 
салымын  биржаларда  сатуға  тыйым  салды.  Банктердiң  акция-

90 
 
ларына  мемлекет  қатал  бақылау  жасады.  Сөйтiп,  қаржы-банк 
жүйесi толық мемлекеттің бақылауына көштi. 
Әлеуметтiк-экономикалық  салада 1933 жылы  маусым 
айының 16-ы күнi жаңа заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсiптi 
қайта  құру  заңы  (НИРА)  деп  аталды.  Жаңа  заң  бойынша 
өнеркәсiптi  қайта  құру  үшiн  мемлекет  бақылау  жасап,  өндiрiл-
ген өнiм мөлшерi мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнер-
кәсiп иелерi корпоративтiк бизнес жасауға еркiндiк алды. 
НИРА  заңдарының  негiзгi  бағыты  жұмысшы  табының 
әлеуметтiк  саласын  қорғау  болды.  Бұл  заңның  7а-бабында 
жұмысшылар кәсiподақ ұйымдарына бiрiгуге болатынын, соны-
мен  қатар  ұжымдық  бiрлестiк  келiсiмдерiн  жасауға  толық 
құқықтарын  белгiледi.  Өнеркәсiп  иелерiмен  келiсiм-шарттарын 
жасап, жалақы және жұмыс күнiн белгiлеуге мүмкiндiк алды. 
Өнеркәсiптi  қалпына  келтiру  НИРА  заңы  жұмыссыздықты 
азайту  туралы  да  шаралар  жүргiздi.  Бұл  шараларды  жүргiзу 
үшiн  қоғамдық  жұмысты  әкiмшiлiк  реттеу (PWA) заңын 
қабылдады.  Мемлекет  бұл  саладағы  жұмыстар  үшiн 3,3 млрд 
доллар  қаражат  бөлдi.  Жаңа  бағыт  саясатының  алғашқы  айла-
рында  жұмыссыз  жүрген 4 млн  адамға  жұмыс  тауып  бердi. 
Жұмыссыз жүрген жастарға арнаулы мекемелер құрып, оңтүстiк 
америка штаттарында жер қазу, жердi суландыру үшiн каналдар 
қазып, тас жолдар салатын  ауыр қол күш еңбегi арқылы жұмыс 
тауып  бердi.  Сөйтiп,  дағдарыс  жылдарындағы 12 млн  адам 
жұмыссыз  болса,  жұмыссыздықтың  санын 25% азайтты.  Бур-
жуазиялық реформа барысында АҚШ-тың әлеуметтiк-экономи-
калық  саласында  алға  басушылық  жүзеге  асып,  дағдарыстың 
бәсеңдегені  байқалды.  Өндiрiстi  реттеу  реформасынан  кейiн, 
Рузвельт  әкiмшiлiгi  ауыл  шаруашылық  саласында  жаңа  бағыт 
саясатын  жүргiзуге  кiрiстi. 1933 жылы  мамыр  айының 12 күнi 
фермерлерге  көмек  заңын  қабылдады.  Бұл  заң  бойынша  ауыл 
шаруашылық  тауарларының  бағасын  өсiрдi.  Фермерлер  мемле-
кеттен  ақша  алу  үшiн  егiс  көлемiн,  мал  басын  азайту  арқылы 
мемлекеттен  арнаулы  ақшалай  сыйлық  алу  құқына  ие  бола 
алды.  Ауыл  шаруашылығын  қалпына  келтiру  (ААА)  бағдарла-
масын қабылдады.  
1933  жылы  жаз  айында  фермерлер  егiс  көлемiн  және  мал 
санын  азайтуға  кiрiстi.  Елде  азық-түлiк  тауарлары  жетiспей 

91 
 
жатқанда,  фермерлер  ақша  алу  үшiн  өздерiнiң  өндiрген  тауар-
ларын  жойып, iрi  фермерлер  ақшалай  сыйлық  алып  жатты. 
Батыс  штаттарында  егiс  көлемi 80% қысқартылды.  Оңтүстiк 
штатында  мақта  және  темекi  плантацияларында  егiс  көлемi 
қысқартылды.  Бұл  шаралар  кiшiгiрiм  фермерлерге  тиiмсiз  бол-
ды.  Азық-түлiктiң  жетiспеуiне  қарамастан,  көптеген  ауыл 
шаруашылық тауарлары шiрiп, мұхит суларына тасталып жатты. 
Фермерлердiң  мемлекетке  қарызы  кешiрiлiп,  көмек  ретiнде 
1,5  млрд  доллар  көмек  көрсетілді.  Ұсақ  фермерлер  мемлекетке 
қарыздарын өтей алмай, шаруашылықтарын сатып, қалаға кету-
ге  мәжбүр  болды.  Сөйтiп, 1933-1934 жылдарда  АҚШ-та 600 
мың  фермер  шаруашылығы  қысқартылды.  Бұл  барлық  фермер-
дiң 10%-ын қамтыды. Жаңа бағыт бағдарламасы алғашқы жыл-
дары  халықтың  қолдауына  ие  болса, 1934 жылдан  бастап  бұл 
саясатқа  қарсы  оппозиция  күшейе  түстi.  Жалпы  капитализм 
дағдарысы  халықтың  жағдайын  жақсартуға  мүмкiндiк  бере 
алмады.  Сондықтан  еңбекшi  халықтың  наразылығын  күшейттi. 
1933  жылы  елде 1 млн  адам  ереуiлге  қатысты. 1934 жылы 
ереуiлге 1,5 млн адам шықты. 
Рузвельттiң  «жаңа  бағыт»  саясатының  негiзгi  қорытындысы 
қалай  аяқталды?  Мемлекеттiң  өнеркәсiп  саласында  белсендi 
араласуы  дағдарыстан  шығуға  мүмкiндiк  жасады.  Өнеркәсiп 
өнiмдерi 1929 жылғы  өндiрiлген  деңгейдiң 80% жеттi. 1933 
жылы  өнеркәсiп  өнiмдерi 63% жеткен  болатын.  Жұмыс-
сыздықты  азайтқанымен,  ол  толық  жойылған  жоқ. 1935 жылы 
АҚШ-та 7 млн  адам  жұмыссыздар  қатарында  болды. «Жаңа 
бағыт»  саясаты  қалай  десек  те  АҚШ-тың  экономикалық  дағда-
рыстан  шығуына  көмектесті.  ХХ  ғасырдың 30-жылдарындағы 
АҚШ-тағы «жаңа бағыт» капитализмдi сақтап қана қойған жоқ, 
мемлекеттiк реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуы-
на  мүмкiндiк  жасады.  Буржуазиялық  реформа  капитализмнiң 
жаңаша дамуына жол ашты. Ал Еуропа елдерi -  Германия мен 
Италия  корпоративтiк  жолмен  дамуға  көштi.  Мемлекеттiк 
реттеу идеясы жаңа бағыт саясатының негiзгi бағыты болды. 
АҚШ-тың  сыртқы  саясаты 1933-1939 жылдарда.  Ф.Руз-
вельт үкiметi сыртқы саясатта жаңа  бағыт  ұстады.  Экспанция-
лық  саясаттан  толық  бас  тарта  алмағанымен, 30-жылдардағы 
Европадағы  фашистiк  үкiметтердiң  агрессиялық  саясаты  АҚШ 

92 
 
үкiметiнiң  сыртқы  саясатына  бiршама  өзгерiстер  жасауға 
мәжбүр етті. Бұрынғыға қарағанда өте сабырлы саясат жүргiзуге 
тырысты.  Ең алғашқы қадамдарының бірі - антисоветтiк саясат-
тан  бас  тартуы  болды.  Сөйтiп, 1933 жылы 16 қарашада  АҚШ 
үкiметi КСРО-ны мойындап, елшiлiк қатынас орнатты. Бұл сол 
жылдардағы  сыртқы  саясаттағы  ірі  жеңiсі,  Ф.Рузвельттiң  көре-
гендiк ақыл-ойының нәтижесi еді. 
30-жылдардағы  АҚШ-тың  Латын  Америка  елдерiне  бағыт-
талған  экспанциялық  саясаты  бәсеңдеді.  АҚШ  үкiметi  бұл 
елдермен  «көршiлiк»  саясатын  жүргiзе  бастады,  яғни  басқын-
шылық  саясатынан  бас  тартуға  тура  келді.  Еуропа  елдерiндегi 
фашистiк бiрлiктiң құрылуы АҚШ үкiметiн ойландыра бастады. 
Себебi,  олар  фашизм  қаупi  дүниежүзiлік  қауiп  екенiн  түсiне 
бастады.  Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  қарсаңында  АҚШ  үкiметi-
нiң  негiзгi  бағыты  «бейтараптық»  саясат  болды.  Бұл  саясаттың 
негiзгi бағыты фашистiк елдердiң агрессиялық саясатын қолдай 
отырып,  КСРО  үкiметiнiң  соғыс  қарсаңындағы  коллективтiк 
қауiпсiздiк саясатын қолдамау еді. 1937 жылы қазан айының 5-і 
күнi  Чикаго  қаласында  сөйлеген  сөзiнде  Ф.Рузвельт  «қазiргi 
уақытта  бүкіл  әлем  фашизмге  қарсы  күресте  бiрiгуiмiз  қажет» 
— дедi. Бейтараптық сыртқы саясат АҚШ үкiметiн оқшаулауға 
әкелдi. Бiрақ та екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы АҚШ-
тың  сыртқы  саясаты  Германияны  шығысқа  карай  соғыс  ашуға, 
яғни КСРО-ны күшпен жоюға итермелеп отырды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет