§ 3. Австрия. 1918–1939 жж.
Австрия Республикасының құрылуы. 1918 жылы қазан
айында Австро-Венгрия соғыста жеңiлдi. Габсбург мұрагерлiк
империясы өмiр сүруiн тоқтатты. Империя құлағаннан кейiн
Орталық Еуропада тәуелсiз мемлекеттер құрылды. Олар: Авс-
трия, Венгрия, Чехословакия, Польша. 1918 жылы қазан айының
30-ы күнi Вена қаласында еңбекшi халықтың қатысуымен iрi
демонстрация ұйымдастырылып, халық республиканың жария-
лануын талап еттi. Социал-демократ партиясының басшысы
Карл Реннер үкiмет құрды. Уақытша ұлттық жиналыс (парла-
мент) шақырылып, конституцияның жобасын қабылдады. 1918
жылы қарашаның 12-і күнi парламент Австрия Республика-
сының құрылғандығын жариялады.
Австрияның экономикалық дамуында дағдарыс басталды.
Экономикалық дағдарыс елде үкiметке қарсы наразылықты
күшейттi. 1920 жылы маусым айында социал-демократ үкiметi
отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1920 жылы 1 қазан айында
жаңа конституция қабылданды. Австрия демократиялық Рес-
публика болып жарияланды. Парламент екi палатадан: Ұлттық
кеңес және Федералдық кеңестен құрылды. Конститу-ция
жалпыға бiрдей сайлау, сөз бостандығы, ұждан, баспасөз және
әлеуметтiк құқықтарды жариялады. 1920 жылы 17 қазанда
парламент сайлауы өттi. Сайлауда негiзгi буржуазиялық хрис-
тиан-әлеуметтiк партиясы жеңiске жеттi.
Жаңа үкiметтi реакциялық бағыттағы И.Зейпель басқарды.
Ол алғашқы күннен бастап фашистiк ұйымдарды қолдап,
Австрияны Германияға қосуға шақырды. Экономикалық дағда-
рыстан шығу үшiн Австрия үкiметi Ұлттар лигасынан қаржы
көмегiн сұрауға мәжбүр болды. 1922 жылы қазан айында
Женева конференциясына қатысқан елдер Австрияға 650 млн
крон заем беруге келiстi. 1922 жылы Австрияда ақша рефор-
масы жүргiзiлiп, қазiргi Австрия ақшасы - шиллинг енгiзiлдi.
Шет ел капиталының қолдауымен Австрияда капита-лизм
уақытша тұрақтану кезеңiне аяқ басты.
1924–1929 жылдарында Австрия экономикасы тұрақтанып,
халықтың тұрмыс жағдайы жақсара бастады. Буржуазия өндi-
рiстi дамытып, жұмысшылардың әлеуметтiк талаптарын еске-
134
рiп, жалақыны өсiрдi, тұрғын үй мәселесiн шеше бастады. Вена
қаласының басшысы 1931 жылы тұрғын үй салу бағдар-ламасын
жасап, қалада жаңадан 45 мың пәтер салды. Жергiлiктi
жерлердiң бюджетiне түсетiн арнаулы салықтар жүйесi
енгiзiлдi. Бiрақ елде реакция мен фашизм кең етек ала бастады.
1927 жылы парламент сайлауы өттi. Сайлауда христиан демо-
кратиялық партиясы жеңiп, премьер-министр Зейпель үкiмет
басына келді. Зейпель бастаған үкiмет реакция мен фашизмдi
қолдау саясатын жүргiздi. Сыртқы саясатта Германияны қолдап,
антисоветтiк саясат ұстанды. 1927 жылы шiлде айында жұмыс-
шы табының реакция мен фашизмге қарсы қарулы көтерiлiсi
болды. Қарулы көтерiлiстiң жеңiлiс тапты, 140 адам өлiп, 1500
адам жараланды. Әйтсе де бұл реакция мен фашизмге тойтарыс
берген алғашқы үлкен соққы еді.
Дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс жылдарында Авс-
трияда өнеркәсiп өнiмдерiн шығару қысқарды. 1929 жылы 462
мың т шойын, 632 мың т болат шығарылса, 1933 жылы 88 мың т
шойын, 226 мың т болат өндiрiлдi. 1932 жылы елде 500 мың
жұмыссыз болды. Әлеуметтiк қайшылық күшейiп, халықтың
тұрмыс жағдайы ауырлады. Австрияда фашизм қайтадан күш
ала бастады. Фашизм қозғалысында екi ағым болды. Бiрiншiсi,
Италияны қолдағандар – хеймверлер, екiншi германияны
қолдағандар – нацистер болды. Үкiмет басында отырған
христиан-демократтар демократияға шабуыл жасай бастады.
Мұны Австрияның социал-демократтар партиясы қолдады. 1929
–1930 жылдарда Шобер үкiметi конституцияны өзгертуге шешiм
қабылдады. 1929 жылы желтоқсанда конституцияға өзгерiстер
енгiздi. Сайлауға 20 жастан емес, 21 жасқа толған адамдар
қатыса алатын болды. Президенттi 7 жылға жалпыхалықтық
сайлау арқылы сайлады. Президент парламенттi таратуға,
үкiметтi парламент келiсiмiнсiз тағайындауға құқықты болды.
Конституция бойынша парламент 3 палатадан тұрды: Ұлттық
кеңес және Федеративтiк кеңестен құрылса, үшiншi палата
Ұлттық кеңес екi палатаға бөлiндi. Бiреуi Австрияның жергiлiктi
басқару өкiлдерiнен, екiншiсi мұрагерлiк кеңес мүшелерінен
(совет сословий) тұрды. Жоғарғы палата жер және сословия
кеңесі болып қайта құрылды.
135
Конституциядағы саяси-әлеуметтiк құқықтың баптары қыс-
қартылып, демократиялық кеңшiлiктер шектелдi. 1929–1933
жылдардағы экономикалық дағдарыс кезінде Австриядағы ең
бiр ірі банк «Боденкредитанштальт» банкрот болды. Iрi өнер-
кәсiп орындары жабылды. Жұмысшылардың 53%-ы қысқар-
тылды. Донавиц қаласындағы «Альпинс Монтангезелль-шафт»
металлургия заводы тоқтатылды. 1932 жылы ағаш өңдеу
заводтарының 60% жұмыс iстемедi.
1934 жылы ақпан айында жұмысшы табы реакция мен
фашизмге қарсы қарулы көтерiлiстi бастады. Қаңтар айында
Тирол қаласында хеймверлар (фашистер) террор ұйымдастырып
елде фашистiк төңкерiске дайындалды. Австрия үкiметтi
фашизмге қарсы күрес жүргiзiп, қару-жарақтарын тартып алып,
тұтқындап жатты. Бiрақ фашистiк ұйымдардың қарсылығы
күштi болды. Вена, Линца, Грац қалаларында халық көтерiлiске
шықты. Фашизмге қарсы қарулы көтерiлiс 15 ақпанға дейiн
жалғасты. Көтерiлiске қатысқандар арасында бiрлiк болмады,
социал-демократ партиясы мен коммунистiк партия бiртұтас
жұмысшы майданын құра алмады. Фашизм жеңiске жеттi.
Көтерiлiсшiлер жеңiлдi. 1000 адам өлiп, 5 мыңдай адам жара-
ланды. 10–11 мың адам тұтқындалып, Вемерсдорф концлагерiне
жiберiлдi.
Фашистiк диктатураның орнауы. 1934 жылы мамыр
айында фашистiк күштердi қолдаған Дольфус үкiметi жаңа
фашистiк конституция қабылдады. Австрияда барлық саяси
партиялар мен кәсiподақ ұйымдарына тыйым салынды. Италия
мен Ватиканның ықпалы күшейдi. Дольфус үкiметiнiң бұл
саясаты Германияға жақпады. 1933–1934 жылдарда Дольфус
Муссолинимен бiрнеше рет кездесулер өткiздi. Германия өзiнiң
аншлюс саясатын жүзеге асыру үшiн күрес жүргiзiп, Дольфус
үкiметiн құлатудың жолын қарастырды. 1934 жылы шiлде
айында Германия Австрияда мемлекеттiк төңкерiс ұйымдас-
тырып, Дольфустi өлтiрдi. Жаңа үкiметке католик шiркеуiн
қолдаушы Шушинг тағайындалды. Германия Австрияны басып
алуға дайындала бастады. Аншлюс саясатын жүзеге асыруға
кiрiстi.
1936 жылы шiлде айында Австрия Германиямен келiсiмге
қол қойды. Австрия қағаз жүзiнде ғана дербес мемлекет болға-
136
нымен, мен өзiн «Германияның бiр бөлiгi» деп қарастырды.
1938 жылы қараша айында Австрия – Германия жасырын
келiсiмiне қол қойылды. Германия Австрияны экономикалық
жағынан тәуелдi жасай бастады. Гитлер Австрия премьер-
министрi Шушингтен фашистердi қолдау, үкiметтiң кейбiреу-
лерiн жұмыстан алуға дейiн талап еттi. Олардың орынына
нацист-министрлер тағайындалды. Қауiпсiздiк министрi болып,
нацист Зейс-Инквартты қойды. 1938 жылы наурыздың 11-і күнi
Гитлер Австрияны жаулап алу туралы нұсқауға қол қойды.
Зейс-Инкварт Шушингпен тiкелей телефон арқылы сөйлесiп,
Берлиннен Гитлердiң нұсқауларын жеткiзiп отырды. Наурыздың
13-і күнi Шушинг Австрияда плебисцит өткiзуге шешiм
қабылдайды. Сол күнi Берлиннен Геринг Зейс-Инквартқа
телефон соғып плебисциттi тоқтатуды талап етеді. Екi сағаттан
кейiн Зейс Берлинге телефон соғып, Шушинг плебисциттi
тоқтатқанын айтады. Шушинг отставкаға кетуге мәжбүр
болады. Үкiметтi Зейс-Инкварт өз қолына алып, Австрияда
мемлекеттiк төңкерiс жүзеге асады. Зейс үкiметi Германиядан
әскери көмек сұрайды. 1938 жылы наурыздың 13-і күнi аншлюс
саясаты жүзеге асып, Австрия Германияға қосылады. Орталық
Еуропада Австрия тұңғыш рет фашистiк Германияның агрес-
сиялық саясатының құрбанына айналды. Англиядағы Герма-
нияның бұрынғы елшiсi, әрi Германияның сыртқы iстер
министрi Риббентроп Англия премьер-министрi Чемберленмен
жолығып толық қолдау алғандығын айтып, Герингке телефон
соғады. 17 наурыз күнi КСРО үкiметiнiң сыртқы iстер министрi
Германияның Австрияны жаулап алуына байланысты үндеу
таратады. «Совет үкiметi агрессорларға қарсы бiрiгiп күресу
керектiгiн айта келiп, келесi қауiп Чехословакияға төнiп
отырғандығын ескертiп, Ұлттар лигасы арқылы коллективтiк
қауiпсiздiк саясатын қолдау таппаса, ертең кеш болатындығын
ескертедi» делiндi. 15 наурыз күнi таңертең Гитлер өзiнiң туған
елi Австрияға келедi. Бiрнеше мың адам қатысқан жиында
Гитлер сөз сөйлеп, өзiнiң арманының орындалғанын айтады.
Вена қаласының тұрғындары Гитлердiң сөзiн зор қуанышпен
тыңдап, қолдау тапқандарын бiлдiредi.
Австрия жерi 7 облысқа бөлiнiп, Германияның «шығыс марка
жерi» деп аталады. Австрияны рейхкомиссар басқарады.
137
Аншлюс саясатын елдегi реакция, фашистер, католик шiркеуi
оңшыл социал-демократтар қолдады.
§ 4. Венгрия. 1918–1939 жж
1918 жылғы буржуазиялық-демократиялық революция.
1918 жылы қазан айында Австрия–Венгрия соғыста жеңiлдi.
Венгрияда саяси күрес кең етек алды. 29 қазанда Будапешт қала-
сында тәуелсiздiк алу жолында саяси шерулер басталды.
Буржуазиялық-демократиялық революция барысында реакция-
лық Хадики үкiметi құлады. Үкiметтi Ұлттық Кеңес өз қолына
алды. Оның құрамына буржуазиялық және социал-демократ
партиялар кiрдi. 16 қарашада жұмысшы-солдат Кеңесі жеңiске
жетiп, Халық Республикасын жариялады. 24 қарашада Буда-
пешт қаласында Венгр коммунистiк партиясы құрылды. ВКП-
ның сайлауы болды. Венгрияда қос өкiмет орнады. Буржуазия
үкiметтi өз қолына алып, буржуазиялық республика жариялап,
Венгрия тәуелсiздiктi жеңiп алып, Габсбург империясының
құрамынан шықты. Буржуазиялық үкiметті граф М.Карольи
басқарды. Социал-демократ партиясы үкiметтiң құрамына кiрдi.
Соғыстан кейiн елдiң экономикасы өте ауыр жағдайда болды.
Жұмысшы тобы өз тұрмыс жағдайларын жақсартуды үкiметтен
талап етті. Елде ашаршылық басталды. Еңбекшi халық
көтерiлiске шықты, буржуазиялық үкiмет ешқандай экономика-
лық шараларды жүргiзуге шамасы келмедi. Венгрияда жергiлiктi
жерде басшылықты кеңестер қолына ала бастады. ВКП-ның
беделi өстi. Революциялық дағдарыс жалғасты. Қос өкiметтiң
билiгін солшыл күштер өз қолдарына ала бастады. 1919 жылы
19 наурызда Антанта елдерi буржуазия үкiметтiк билiктi өз
қолдарында ұстай алмаса, әскер жiберетiнiн ескертiп жатты.
Социал-демократ партиясы революцияны қолдамады. ВКП-ның
басшысы Бела Кундi және басқаларын тұтқындады. Антанта
әскерлерiнiң елдi басып алу қаупi күшейдi.
Пролетарлық революция. 1919 жылы 21 наурыз күнi
Будапешт қаласында социал-демократ партиясы мен Венгр
коммунистiк партиясы үкiметтi өз қолдарына алу үшiн келiсiмге
келдi. Будапешт қаласында жаңа үкiмет құрылды. Венгр Кеңес
Республикасын жариялады. Революциялық Кеңесті үкiметтiң
138
жұмысшы табы қолдады, буржуазиялық үкiмет амалсыздан
көнуге мәжбүр болды. Венгр Кеңес Республикасы 133 күн өмiр
сүрдi. Кеңес өкiметi саяси кеңшiлiктер жариялады (шерулер,
жиналыс, сөз бостандығы, баспасөз). 18 жасқа толған азаматтар
сайлау құқығына ие болды. Кеңес үкiметiн қорғау үшiн ескi
полиция мен жандармерияны таратып, Қызыл Армия құрды.
Экономика саласында көптеген шаралар жүргiздi. Өнеркәсiп
пен жердi национализациялады. Еңбекшi халықтың тұрмыс
жағдайын жақсарту үшiн жеңiлдiктер бердi. 1919 жылы
маусымда жалпывенгрлiк кеңес съезiнде Венгр Кеңес
Республикасының конституциясы қабылданды. Бұл шаралардың
көбi толық жүзеге аспады. Антанта елдерi, оның iшiнде
Францияның тiкелей басшылығымен Венгр Кеңес Республика-
сына интервенция ұйымдастырылды. Француз әскерiнiң
генералы Фош басқарған чехословак және румын әскерлерi
Қызыл Армия қарсылығын баса отырып, шет ел әскерлерiмен
бірігіп, Венгр жерiн жаулап алды. Венгр Кеңес үкiметi жалғыз
өзi көмек көрсете алмады, себебi Антанта елдерiнiң интервен-
циясымен азамат соғысын жүргiзiп жатты. Венгрияның
буржуазиясы мен социал-демократиялық партиясы Антанта
интервенциясын қолдады. Сөйтiп, 1919 жылы 1 тамызда Венгр
Кеңес Республикасы құлады. Үкiмет отставкаға кеттi. Оңшыл
социал-демократ Пейдл үкiмет құрды. Жаңа үкiмет Венгр Кеңес
Республикасының барлық декреттерiнiң күшiн жойды.
Буржуазия жеңiске жеттi.
Хорти үкiметiнiң iшкi контрреволюциялық қызметi.
Венгр Кеңес Республикасы құлағаннан кейiн реакция мен
террор кең қанат жайды. Тибор Самуэли, Отто Корвин, Ене
Ласло т.б. тұтқындалып, өлiм жазасына кесiлдi. Одан басқа
бiрнеше мың адам тұтқындалып, сотталды. 1919 жылы қараша
айында Антанта әскерлерiнiң қолдауымен адмирал Миклош
Хорти үкiметтi өз қолына алды. Венгрияда контрреволюциялық
үкiмет құрылды. 1920 жылы қаңтарда Венгрияда парламент
сайлауын өткiзiп, Хорти диктатурасын қолдаған саяси күштер
жеңiске жеттi. Венгрияда монархиялық билiк қайтадан қалпына
келтiрiлiп, Регент Хорти сайланды. Хорти диктатурасын iрi
қаржы монополиясы, кейiннен ұсақ және орта буржуазиясы
қолдады. Ұлттық фашистiк ұйымдары құрыла бастады.
1920 жылы маусымда Трианон келiсiміне қол қойылды.
Келiсiм бойынша бұрынғы Венгр жерiнiң
3
2
, халықтың 60%
Чехословакия, Румыния мен Югославияға берiлдi. Венгрия өте
көп мөлшерде репарациялық төлем төлеуге мәжбүр болды.
Хорти үкiметi антисоветтiк саясатты кең түрде жүргiздi. Польша
–совет соғысы жылдарында австро-венгро-польша антисоветтiк
одақ құру көзделдi. 1920–1921 жылдарда контрреволюциялық
үкiмет елдiң экономикасын қалпына келтiре бастады. Буржуазия
жеңiске жетiп, елде бейбiт өмiр басталды. 1921 жылы үкiметтi
граф Иштван Бетлен басқарды. Басқа Еуропа елдерi сияқты
Венгрия экономикасы капитализмнiң уақытша тұрақтану
кезеңiне өттi.
Капитализмнiң уақытша тұрақтануы кезеңiндегi Вен-
грия. ХХ ғасырдың 20-жылдарында барлық капиталистiк елдер-
дiң экономикасы уақытша тұрақтану кезеңiне өттi. Еуропа
елдерiндегi жұмысшы табының революциялық қозғалысы
жеңiлiс тапты. Буржуазиялық үкiмет капитализмдi сақтау үшiн
реформалар арқылы экономиканы қалпына келтiрiп, дамытуға
шараларын жүргiздi. Дүниежүзiлiк капитализм бiр-бiрiне қар-
жылай көмек көрсете бастады. Франция үкiметi Венгрияның
Хорти үкiметiне ақшалай көмек көрсетiп, өндiрiс саласын
дамытуға қолдау көрсетті. Венгрия 1924 жылы Ұлттар Лигасына
мүше болып, 250 млн крон заем алды. Хорти үкiметi салықтың
мөлшерiн өсiрдi. Еңбекшi халықты қанау арқылы экономиканы
көтеруге қол жеткізді. Өндiрiсте капиталдың шоғырлануы
күшейдi. 1929 жылы өндiрiстiң өсiмi 1913 жылмен салыстыр-
ғанда 19,3% өстi.
Ауыл шаруашылығында 1920 жылдары жүргiзiлген рефор-ма
айтарлықтай нәтиже бере алмады. Халықтың 95,6% ауыл
шаруашылығына тәуелдi болды. Өңделетiн жердiң 37%-ы ғана
шаруалардың меншiгiнде болды. Iрi жер иелiктерiнде 1000
хольда жер болды. 1 хольд – 0,75 га. Iрi помещиктiк жер иелiк-
терi сақталды.
Капитализмнiң уақытша тұрақтануы жылдарында Хорти
үкiметi фашистiк елдерiмен жақындасты. 1927 жылы Италия –
Венгрия достық келiсiмiне қол қойылды. Iрi капиталистiк
139
140
елдердiң қолдауымен Венгрия қарулана бастады. 1939 жылы
Гитлер үкiметiмен келiссөздер жүргiзе бастады. Венгрия сыртқы
саясатта агрессиялық фашистiк елдердi қолдап отырды.
Венгрияда экономикалық тұрақтану ұзаққа созылмады.
Елдегi аграрлық дағдарыс күшейiп, өндiрiс орындары жабылды,
1929 жылы экономикалық дағдарыс басталды. 1930–1932
жылдары егiс көлемi азайып, астық өндiру кемiп, шет елге астық
шығару 5,5 млн центнерге қысқарды. Iшкi рынок экономикалық
тоқырауға ұшырады. Шаруалар күйзелiске түсіп, мемлекеттiң
қарызы көбейдi. Мал саны қысқарып, азық-түлiк азайды.
Кедейшiлiк бүкiл елдi қамтыды.
Дағдарыс өндiрiс салаларын да кең түрде қамтыды. 700-ге
жуық өнеркәсiп орындары жабылды. Жұмыссыздық 800 мыңдай
адамды қамтыды. Ауыл шаруашылық машина жасау саласы
18% кемiдi. Ауыр машина жасау, металл өңдеу, жеңiл өнеркәсiп
өнiмдерi 65% қысқарды. 1929–1932 жылдары жұмысшылардың
жалақысы 81% қысқарды. Жұмыс уақыты 9–11 сағаттан 14
сағатқа ұзартылды. Венгрияда тұрмыс жағдайының нашарлауы
мен жұмыстағы ауыр еңбек салдарынан туберкулез ауруы кең
етек алды.
Венгриядағы экономикалық дағдарыс жылдарында саяси
жағдай шиеленiсе түстi. 1931 жылы Бетлен үкiметi отставкаға
кеттi. 1932 жылы үкiмет дағдарысы жалғасып, жаңа күштi билiк
үкiметi генерал Гембеш тағайындалды. Демократия шектелдi,
елде фашизм кең етек алды. Буржуазияның қолдауымен Гембеш
үкiметi Германиямен жақындасты. Венгриядағы дағдарыс
жылдарында халық қозғалыс кең етек алды. ВКП-сының
ұйымдастыруымен 1930 жылы Будапешт қаласында 100 мың
адам қатысқан демонстрация өткiзiлдi. 1931 жылы қыркүйек
айында үкiмет елде төтенше жағдай жариялады. Ньйртуре,
Балмазуйарош қалаларындағы жұмысшы ереуiлiне қатысқан-
дарға үкiмет зеңбiректен оқ атқылады. ВКП-ның басшылары
Имре Шаллай мен Шандор Фюреттердi тұтқындап, өлтiрдi.
1933 жылы маусым айында Гембеш бiрiншi болып Берлинге
барып, Гитлермен кездестi. Венгрия Германияның экономика-
лық жағынан тәуелдi болды. Гембеш үкiметii 1936 жылы от-
ставкаға кеттi. Оның орнына Кольмона Дараньи (1936–1938)
үкiметтi басқарды. 1937 жылы Венгрияда сайлау заңы шығарды.
141
Жаңа сайлау заңы бойынша 1 млн адам сайлау құқығынан
айрылды. Ұлттық-социалистiк партия мен фашистiк партияның
реакциялық террор саясаты күшейдi. Венгр еврейлерiн қудалау
басталады. Хорти диктатурасының билiгi елде толық орнады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Гитлер Чехословакияны
жаулап алғаннан кейiн Венгрияға сыйлық ретiнде оңтүстiк
Словакия мен Закарпат Украинасын бердi. 1939 жылы қаңтарда
Венгрия «антикоммитерн» пактiсiне қол қойылды. Закарпат
Украина жерiн Венгрия толық жаулап, екiншi дүниежүзiлiк
соғыста Венгрия Германия жағында соғысқа қатысты.
§ 5. Румыния
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi Румынияның
саяси-экономикалық дамуы. Румыния Антанта елдері жа-
ғында соғысты. Соғыс жылдарында еңбекшi, халықтың тұрмыс
жағдайы өте ауыр болды. Елдiң көп жерiн Германия әскерлерi
жаулап алды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 2 есеге азайды. Егiс
көлемi 25% қысқарды. 1918–1919 жылдар аралығында Румы-
ниядағы халық қозғалысы кеңінен етек алды. 1918 жылы Румы-
ния үкiметi кеңестік Ресейге қарсы соғыс бастап, Бессарабия
жерiн уақыт-ша басып алды. Кейін 1918 жылғы Бухарест бiтiмi
бойынша Бессарабия Румынияның құрамында қалды. 1918
жылы желтоқсан айында Трансильвания жергілікті халықтар-
дың талабына сәйкес Румынияға қосылды. 1919 жылы Париж
конференциясының шешімімен Солтүстiк Буковина, Тиссе
өзенiнiң жағалауындағы венгерлер тұрған жер, Батыс Баната,
Оңтүстiк Добрудже жерлерi Антанта мемлекеттерiнiң қол-
дауымен Румынияға берiлдi. Румынияның жер көлемi 138
мыңнан 295 мың кв км өстi, 7,8 млн халықтан, 1920 жылы 16
млн адамға жеттi. Сөйтiп Антанта мемлекеттерiнiң қолдауымен,
Францияның тiкелей басшылығымен 1921 жылы Орталық
Еуропада Румыния – Чехословакия – Югославия келiсiмдерi
өтiп, «Кiшi Антанта» саяси-әскери одағы құрылды. Румыния
үкiметi Орталық Еуропадағы антисоветтiк саясатты жүргiзуші
елдер қатарында болды. 1918–1922 жылдар арасында Румы-
нияда буржуазиялық-помещиктiктiк үкiмет жетi рет ауысып,
саяси тұрақсыздық ұзаққа созылды.
142
1922 жылы Румынияда революциялық қозғалыс бәсеңдеп, ел
экономикасы қалпына келтiрiліп, тұрақтану кезеңiне өттi. 1924–
1929 жылдар арасында өндiрiстiң дамуы соғыс алдындағы даму
деңгейiне жеттi. Өндiрiс пен капитал шоғырланып ұлттық
буржуазия капиталы өстi. Шетел капиталы мұнай өндiрiсiне
көптеп тартыла бастады. 1924 жылы жер байлығын игерiп
пайдалануда шет ел мен ұлттық капитал 50% теңестiрiлдi.
Өнеркәсiпте жұмысшылардың жағдайы бұрынғыша ауыр
жағдайда болды. Жұмысшылар 10–12 сағат жұмыс iстедi.
Жалақы 2 есеге қысқарды. Капитализмнiң уақытша тұрақта-
нуына байланысты ұлттық-либерал партиясы (1922–1926 жж.)
үкiметi аграрлық реформа жүргiздi. 1921 жылғы заң бойынша
жер алу құқығына ие болған 1369 мың шаруа жер алды. Бұл
шаруалардың 60% болатын. Ал жердiң 30% помещиктердiң
қолында болады. Аграрлық реформа жылдарында ауыл ша-
руашылығы капиталистiк жолмен тез дами түстi.
Ұлттық либерал үкiметi елде ішінара саяси қайта құрулар
жүргiздi. 1923 жылы наурызда жаңа конституция қабылданды.
Румыния бiртұтас мемлекет болып жарияланды. Барлық азамат-
тар заң алдында бiрдей құқыққа ие болды. Елде еркiндiк
жарияланғанымен, коммунистiк партия және басқа демокра-
тиялық күштерге қарсы террор мен реакция күшейдi. Румыния
коммунистiк партиясы 1921 жылы 8 мамырда құрылған бола-
тын. Үкiмет профашистiк ұйымдарды қолдап, оларды жұмысшы
табына қарсы қойып отырды. Капитализмнiң уақытша
тұрақтануы жылдарында еңбекшi халық өз тұрмыс жағдайын
жақсарту үшiн күресін жалғастыра берді. 1922–1924 жылдарда
Лупен, Ароде, Бухарест, Тимишоар, Браиле қалаларында iрi
жұмысшы қозғалыстары болды. 1924 жылы Бессарабияның
Татарбунар ауданында шаруалар қозғалысы кең етек алып,
кейбiр жерлерде кеңес өкiметiн орнатып, Молдава Кеңес Рес-
публикасын құрды. Көтерiлiсшiлердi басу үшiн әскер жiберiп,
көтерiлiсті басып, Кеңес республикасын құлатты. 3 мың кө-
терiлiсшi өлтiрiлiп, Татарбунар ауданы талқандалды.
Румынияда саяси билiк үшiн күрес күшейiп, ұлттық партия
мен Царанистiк (шаруалар) партиялары арасында өкiмет үшiн
бақталастық кең етек алды. Бiрақ, 1926 жылы екi партия бiрiгiп
Ұлттық-Царанистiк партия болып аталды. 1928 жылы парла-
143
менттiк сайлауда ұлттық-царанистік партия 77,9% дауыс алып,
ұлттық партия басшысы болған Ю.Маиу премьер-министр
болып тағайындалды. Жаңа үкiмет жүргізген реформалар
нәтижесінде кулактардың жағдайы жақсарды, жаңа жерлер
сатып алынып, жерсiз қалған шаруалардың көбi жұмыс iздеп
қалаларға кетуге мәжбүр болды. Аз ұлттар румындардың ез-
гісіне түсіп, ұлттық қақтығыстар күшейе түсті. «Ашық есiк»
саясаты ұлттық өндiрiске француз, ағылшын және американ
капиталының көптеп келуiне жол ашты.
1922–1924 жылдарда Румынияның ұлттық-царанист үкiметi
сыртқы саясатта «Кiшi Антанта» ұйымына арқа сүйеді, сол
арқылы Францияның беделi өстi. Италия өзiнiң ықпалын
нығайту үшiн, Румыниямен келiссөздер жүргiзе бастайды. 1926
жылы мамыр айында Румыния мен Италия арасында «достық
және ынтымақтастық» келiсiмiне қол қойылды. Бұл келiсiм
«Кiшi Антанта» ұйымының әлсiреуiне жол ашты. Франция
болса өз жағынан «Кiшi Антанта» ұйымын нығайту үшiн 1926
жылы маусымда Румыниямен келiсiмге келiп, Бессарабия
мәселесiн Румыния пайдасына қалдыруды қолдайды. Бұл
келiсiмге Кеңес үкiметi өз қарсылығын бiлдiредi. Екiншi дүние-
жүзiлiк соғысқа дейiн орталық Еуропада Кеңес елiмен елшiлiк
қатынас орнатпаған жалғыз Румыния болды.
Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Румыния
(1929–1933 жж.). 1927–1928 жылдарда Румынияда дағдарыс
басталды. Көмiр, металлургия, тоқыма өнеркәсiп орындарында
өнiм шығару қысқарды. Жұмыссыздық тез өстi. 1929 жылы
экономикалық дағдарыс кең етек алды. Өнеркәсiптiң көптеген
салалары тоқтатылды. Егiс көлемi 30–40% қысқарды. Азық-
түлiк жетiспедi. Темiржолдан түскен табыс 30% кемiдi.
1928–1931 жылдарда қаржы саласындағы дағдарысқа байла-
нысты iрi банк жүйелерi банкроттықа ұшырады. Румыниядағы
«Мараморан Бланк және Кә» өз жұмысыын тоқтатты. 1928
жылы үкiмет басына келген ұлттық-царанисттік партия елдi
дағдарыстан шығару үшiн шет елдiң қаржы көмегiне сүйенді.
Бұл шара Румынияның шет елге тәуелдiлiгiн күшейте түстi.
Дағдарыс жылдарында еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы
нашарлай түстi. Елде халықтың үкiметке қарсы күресi күн санап
көбейе түстi. 1927 жылы ереуiлге – 60 мың адам шықса, 1930
144
жылы – 120 мың адамға жеттi. 1929 жылы Лупен көмiршiлерiнiң
көтерiлiсi кең етек алды. Жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнiн,
жалақыны өсiрудi сұрады. Үкiмет көмiршiлердiң ереуiлiн
қарумен басты. 1930 жылдары Бухарест, Буковина, Тимишоар,
Галац, Клуже, Констанце қалаларында ереуiлдер жалғасты.
Экономикалық дағдарыс жылдарында үкiметтке сенiмсiздiк
күшейiп, бiрнеше рет ауысты. Ұлттық-царанистік үкiмет дағда-
рыстан шығу үшiн 1930 жылы елден қуылған Фердинанд
корольдiң баласы Карлды шақырып, таққа отырғызды. 1930
жылы маусымда Карл II таққа отырды. Ол елдегі монархияшыл
реакциялық саяси күштердiң қолдауына сүйендi. Ұлттық-
царанистiк үкiметтiң басшысы Маниу бұрынғыша американ,
француз және ағылшын заемдарына сүйене отырып, дағдарыс-
тан шығуға талпынды. Шет елдердiң қарызына белшеден батқан
Румыния экономикасы оларға бұрынғыдан да тәуелдi бола
бердi. 1932 жылы Маиу үкiметi Ұлттар лигасынан көмек
сұрады. Бұл шаралардың барлығы экономикалық дағдарыс
жылдарындағы еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайын жақсарта
алмады. Экономикалық дағдарыс жалғаса бердi.
Экономикалық-саяси дағдарыс әлеуметтiк қайшылықты
күшейттi. Румынияда Карл II билiгi реакция мен фашистiк
күштерге сүйенгендіктен, буржуазиялық-помещиктiк топтар
күшейе түстi. 1934 жылы Румыния экономикалық дағдарыстан
шыға бастады. Ұлттық монополия мемлекеттiң қолдауымен
өндiрiстi дамыта бастады. 1934 жылы өнеркәсiп орындарында
өнiм шығару 1,5 есе өстi. Мұнай өндiру 4,8 млн т – 7,3 млн т
жеттi. Болат өндiру мен химия өндiрiсi жедел дамып отырды.
Ауыл шаруашылығында аграрлық реформа толық аяқталмады.
2,5 млн шаруа жерсiз қалды.
1934–1937 жылдарда ұлттық-либерал партиясының басшы-
сы Г.Татареску үкiмет басына келді. Жаңа либералдық үкiмет
фашистiк Германиямен жақындаса бастады. 1935 жылы наурыз
айында Румын – Герман келiсiм болды. 1934 жылы маусымда
Румыния КСРО елiмен елшiлiк қатынас орнатты. Мұндай
саясатты жүргiзуде Румын сыртқы iстер министрi Н.Титулес-
кудiң жеке басының рөлi күштi болды.
1937 жылы желтоқсанда Румынияда парламент сайлауы өттi.
Сайлау мажоритарлық жүйе негiзiнде жүргiзiлдi. Ұлттық-
145
либералдық партия 40% дауыс жинап, парламентте көп орын
ала алмады. Бұл елде диктатураның орнауына жол ашты.
Сайлаудан кейiн 1938 жылы ақпан айында Карл II жаңа үкiмет
құрды. Үкiметтiң құрамына бiрде-бiр саяси партиялар кiрмедi.
Үкiмет тiкелей монархқа бағындырылды. Карл II елде жеке
билiктi өз қолына алды. Ол Конституцияға өзгерiстер енгiздi.
Парламенттiң шешiмiнсiз-ақ заңдарға қол қоя алды. Елде
фашистiк ұйымдар өз жұмыстарын қайта жоспарлап, жаңа фа-
шистiк партия құрылды. Ол «Ұлттық өркендеу майданы» деп
аталды. Сыртқы саясатта Германияны қолдап, екi ел арасында
экономикалық-сауда келiсiмiне қол қойылды. 1939 жылғы нау-
рыз айындағы келiсiм нәтижесінде Румыния экономикасы
Германияның шикiзат көзiне айналды.
Румын – КСРО қарым-қатынасы. Екiншi дүниежүзiлiк
соғыстың бiрiншi кезеңiнде екi ел арасында Бессарабия мәселесi
шешiмiн таппады. Румын үкiметi КСРО-ның бейбiт жолмен
шешу жөнiндегi ұсынысын қабылдамады. 1940 жылы 26
маусымдағы КСРО-ның соңғы ұсынысына, румын жағы 27
маусымда «бессарабия мәселесi» бейбiт жолмен шешуге келiсiм
беретiнiн хабарлады. 28 маусым күнi Кеңес армиясының
оңтүстiктегi әскерлерi армия генералы Г.К.Жуковтың бұйры-
ғымен Днестр өзенiнен өтiп, Бессарабия мен Солтүстiк
Буковина жерiне кiрдi. Румын жағы қарсылық көрсетпедi, оның
себебi Германия Румын үкiметiн алдын ала көндiрген болатын.
КСРО өзiнiң батыстағы шекарасын 200 шақырымға кеңейттi.
Бұған 1939 жылғы тамыздағы кеңес – герман пактiсiндегi
жасырын келiсiмнiң тiкелей қатысы болғаны кейiннен белгiлi
болып отыр. Бессарабия мен Солтүстiк Буковинаның қайтарыл-
ған жер көлемi 5 мың кв. км, халқының саны 4 млн адам. Азат
етiлген аудандарда кеңес өкiметi орнады.
1940 жылы 2 тамызда КСРО Жоғарғы Советiнiң жетiншi
сессиясы Молдава Совет Республикасының құрылғандығын
жариялады. Украин ССР-ының құрамына Солтүстiк Буковина,
Хотин, Аккерман және Измаил уездерi Бассарабиямен қоса
кiрдi. Бұл жерлерде украиндар көп тұрған болатын. «Бессарабия
мәселесi» шешiмiн тапқанымен, Румыния КСРО-ға қарсы
саясатын жалғастырып, Германияның одақтасына айналды. 1940
жылы қараша айында Герман – Румын келiсссөздерi жүргiзiлiп,
146
22 қарашада Румыния үштiк одаққа кiрдi. Фашистiк Германия
әскерлерi Румынияға кiргiзiлiп, жаңа соғысқа бiрiгiп дайындала
бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |