Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка


§ 6. КСРО – Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата02.01.2017
өлшемі1,2 Mb.
#1011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§ 6. КСРО – Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы 
(1917-1939 жж.) 
 
Петроградтағы  қарулы  көтерiлiс. II Бүкiлресейлiк  кеңес 
съезi.  Қарулы  көтерiлiстiң  басталуына  «Рабочий  путь»  және 
«Солдат»  газеттерiнiң  беттерiнде  қарулы  көтерiлiске  шақырған 
мақалалардың  жариялануы  себеп  болды.  Уақытша  үкiметтiң 
бұйрығымен 23 қазан  түнi  екi  газет  жабылды.  Сонымен  бiрге   
Керенский  Петроград  әскери  округiнiң  басшысы  Г.Полков-
никовке  большевиктердiң  әскери-революциялық  комитеті  мү-
шелерiн тұтқындауға бұйрық шығарды. Қазан айының 24-і күнi 
таңертең  большевиктердiң  Орталық  Комитетi  баспахананы 
қорғауға әскер жiберуге шешiм қабылдады. Уақытша үкiмет пен 

93 
 
большевиктер партиясы қарулы күштерi арасында қақтығыстар 
басталып,  большевиктер  қаладағы  маңызды  мекемелердi  өз 
қолдарына ала бастайды. Уақытша үкiмет қаладағы жағдайды өз 
қолдарына  алу  үшiн,  солтүстiк  теңiздегi  матростардан  көмек 
сұрайды.  Қаладағы  жағдай  бұрынғыдан  да  шиеленiсiп,  Қысқы 
сарай,  соғыс  министрi  және  Петроград  әскери  округ  үйлерi 
уақытша  үкiметтiң  қолында  қалды.  Уақытша  үкiметке  қарсы 
большевиктер  күшi  көбейiп, 25 қазан  күнi  таңертең  В.И.Ленин 
«Ресей  азаматтарына  арнап»  үндеу  таратады.  Ресейде  уақытша 
үкiмет  құлап,  Петроградта  билiк  Петроград  кеңесі  мен  әскери-
революциялық  комитеттiң  қолына  алғандығын  жариялайды. 
Керенский  уақытша  үкiметінің  қарсылық  көрсетуге  қосымша 
күштер  келiп  жетпедi,  Қысқы  сарайды  қорғауға  бiрнеше  жүз 
юнкерлер  және  үш  жүздей  казактар,  барлығы 900 адам  ғана 
қалдырылды 
Большевиктер  Қысқы  сарайға  шабуыл  жасау  үшiн 11-20 
мыңдай  солдаттарды  дайындады.  Петроград  әскери  округiнде 
сол кезде 160 мың адам болған. Әскерлердiң көбi «бейтараптық» 
саясат  ұстап,  екi  жақты  қолдамағанын  көремiз.  Қазан  айының 
25-і күнi түске жақын большевиктер Маршен сарайын, округтiң 
бас  штабын  өз  қолдарына  алады.  Петроград  әскери  округ 
әскерлерi қарулы көтерiлiсшiлер жағына шыға бастайды. Қысқы 
сарайды  күшпен  алу  керектiгiн  И.Сталин  мен  Л.Троцкий 
қолдамайды.  Бiрақ,  В.И.Лениннiң  Смольныйға  келуi  Қысқы 
сарайды  қарудың  күшімен  алуды  тездетті.  Қысқы  сарайдағы 
уақытша  үкiмет  мүшелерiмен  келiсiм  өз  нәтижесiн  бермедi. 
Большевиктер  «Аврора»  кемесiнен  оқ  атып,  Қысқы  сарайға 
шабуыл  бастады.  Бұл  кезде  уақытша  үкiметтi  қорғап  тұрған 
азғантай  юнкер  мен  казактар  айтарлықтай  қарсылық  көрсете 
алмады,  қызыл  гвардияшылдар  Қысқы  сарайды  алды.  Сөйтiп, 
қарулы  көтерiлiстiң  бiрiншi  кезеңi  Қысқы  сарайды  алып, 
уақытша  үкiмет  мүшелерi  тұтқындалып,  Петропавл  түрмесiне 
қамалды. Сол кездегi газеттерде Қысқы сарайды алу барысында 
6 адам өлiп, бiрнеше адам жараланды деп жазды. 
25  қазан  күнi  кешкi 10 сағат 40 минутта  Смольныйда 
жұмысшы және солдат депутаттары Советтерiнiң Бүкiлресейлiк 
II  съезi  ашылды.  Съезд  жұмысында  В.И.Лениннiң  «Ресей 
азаматтарына  арнаған  үндеуi»  бүгiннен  бастап  өкiмет  билiгi 

94 
 
советтердiң  қолына  көшкенiн  жариялады. «Сондықтан, - дедi 
советтер  съезiнiң  қаулысында, - жергiлiктi  жерлерде  бүкiл 
өкiмет  жұмысшы,  солдат  және  шаруа  депутаттарының  Совет-
терiне көшедi, Советтер нағыз революциялық тәртiптi қамтама-
сыз етуге тиiс». 
26 қазан күнгi съезд жұмысында Совет үкiметiн құру туралы 
мәселе  қаралды.  Солшыл  эсерлер  «барлық  партия  өкiлдерiнен 
үкiмет  құру»  туралы  ұсыныс  енгiздi.  Большевиктер  советтерде 
көпшiлiк болды, сондықтан солшыл эсерлер үкiметтiң құрамына 
кiруден  бас  тартты,  осының  өзі  таза  большевиктiк  үкiметтiң 
құрылғандығын  айғақтады.  Үкімет  Халық  комиссарлар  Советi 
(СНК),  ал  үкiметтiң  мүшелерi – халық  комиссарлары  деп 
аталды.  Советтер  съезi  Советтердiң  съездер  аралығында  елдегi 
өкiметтiң  жоғарғы  органы – Бүкiл-ресейлік  Орталық  Атқару 
комитетiн  (ВЦИК)  сайлады.  ВЦИК-те 101 мүшесiнiң 62-сi 
большевиктер, 29-ы  солшыл 
эсерлер, 
қалғаны 
басқа 
партиялардың өкiлдерi болды. 
Съезде  В.И.Ленин  бiтiм  туралы  баяндама  жасады.  Бiтiм 
туралы  декретте  Совет  өкiметi  барлық  соғысушы  елдермен 
аннексиясыз,  контрибуциясыз  әдiл  бiтiм  жасасуды  ұсынды. 
Декретте  құпия  дипломатияны  жою,  құпия  шарттарды  жария-
лау.  Бiтiм  туралы  декретте  совет  мемлекетiнiң  сыртқы  саяса-
тының  принциптерi:  пролетарлық  интернационализм,  барлық 
халықтардың  бостандығы,  тәуелсiздiгi  мен  теңдiгi  үшiн  күресі 
қолдау  табатыны  айқындалды.  Соғысты  тез  арада  тоқтату, 
соғысқа  қарсы  күрес,  бейбiт  қатар  өмiр  сүру,  қоғамдық  және 
мемлекеттiк  құрылысы  әр  түрлi  мемлекеттердiң  араларында 
туатын  дау-жанжалды  бейбiт  келiсiм  арқылы  шешу  туралы 
мәселелер көтерілді. 
Съезде жер туралы мәселе қаралды. 625 депутат бiр ауыздан 
эсерлердiң дайындаған 242 аманатын қабылдады. Бұл аманатты 
В.И.Ленин  бастаған  большевиктер  де  қолдады.  Декрет  жерге 
помещиктiк  жер  иеленушiлiктi  дереу  және  түбірімен  жоюды 
талап еттi. 
Заң  жерге,  жер  қойнауына,  орман,  суларға  жеке  меншiк 
жойылады, яғни национализацияланады. Жерге жеке меншiктiң 
жойылуы, декреттен кейiн аграрлық мәселедегi заңдар шаруалар 
мен помещиктер арасында наразылық туғызып азамат соғысына 

95 
 
әкелдi.  Помещиктер  мұра  жерлерiн  совет  өкiметiне  бергiсi 
келмедi.  Совет  өкiметi  кейiннен  помещиктердiң  жер  иелiктерiн 
күшпен  тартып  алып,  шаруаларға  бөлiп  берiп,  қоғамдық 
шаруашылық  ұйымдастыру  үшін,  жеке  меншiктiң  тамырына 
балта шапты. 
Съезд  жаңа  құрылған  Совет  үкiметiнiң  мүшелерiн  бекiттi. 
Халық  комиссарлар  Советiнiң  төрағасы  В.И.Ульянов  (Ленин), 
iшкi iстер  халық  комиссары  А.Рыков,  жер  халық  комиссары 
В.Милютин,  еңбек  комиссары  А.Шляпников,  соғыс  және  теңiз 
iстерi  жөнiндегi  комитет  В.Овсеенко  (Антонов),  Н.Крыленко 
және П.Дыбенко, сауда және өнеркәсiп В.Ногин, халыққа бiлiм 
беру  А.Луначарский,  финанс  И.Скворцов  (Степанов),  сыртқы 
iстер  Л.Бронштейн  (Троцкий),  Заң  Г.Оппоков  (Ломов),  тамақ 
жөнiндегi  И.Теодорович,  пошта  және  телеграф  Н.Авилов  (Гле-
бов),  ұлттар  iстерi  жөнiнде  И.Джугашвили  (Сталин)  сайланды. 
Бүкiлресейлік  Орталық  Атқару  комитетi (ВЦИК)  төрағасы 
Л.Каменов (Розенфельд) сайланды. Съезд жұмысы 27 қазан күнi 
таңғы сағат 5.00-те аяқталды. 
Большевиктердiң  елде  жеке  билiк  орнатуға  көшу  саяса-
ты. Советтердiң II съезiнде жеке-дара  көпшiлiк дауыс алу кезеңi 
ұзаққа созылмады. Саяси билiктi нығайту үшiн басқа партиялар-
мен келiсiмге келу қажет болды. Большевиктердiң билiгi уақыт-
ша  болды.  Социалистiк  бағыттағы  эсерлер  мен  меньшевиктер 
большевиктердiң  билiктi  күштеп  алуына  қарсы  шықты.  Совет-
тердiң II съезiнен  кейiн  меньшевиктер  мен  оңшыл  эсерлер 
«Отанды  құтқару»  комитетiн  құрып,  большевиктерге  қарсы 
бүлiк  ұйымдастыра  бастады.  А.Керенский  болса,  казактардың 
басшысы  генерал  Красновқа  сүйенiп,  Петроградқа  шабуыл 
жасауға дайындалды. 
Москва,  Петроград  жұмысшылары  социалистiк  партиялар-
дан  бiртұтас  үкiмет  құруды  жақтап,  ереуiл  өткiзуге  шақырды. 
Үкiметтiк дағдарыс жағдайында жұмысшылар арасында беделдi 
кәсiподақ  ұйымы,  яғни  Темiржол  кәсiподақ  ұйымы  комитетi 
(ВИКЖель) 700 мың  мүшесi  арқылы  ереуiлге  шақырып,  боль-
шевиктерден  бiрiккен  үкiмет  құруды  талап  еттi.  Большевик-
тердiң  Орталық  комитетi (ЦК  РСДРПб)  темiржол-шылармен 
келiсiмге келуге келiстi. В.И.Ленин бұл келiсiмдi Керенский мен 
Корниловқа  қарсы  «елшiлiк  келiсiм»  ретiнде  түсiнсе, Зиновьев, 

96 
 
Рыков,  Ногин  социалистiк  партиялар  арасындағы  келiсiм, 
көппартиялық демократиялық үкiмет құру деп түсiндi. 
Темiржол  кәсiподақ  ұйымы  комитетi  мен  большевиктер 
арасындағы  келiсiм барысында жаңа  үкiмет құруға уағдаласты. 
РСДРП(б)  Орталық  комитетiнен  Каменев,  Атқару  комитетi 
(ВЦИК)  атынан  Рязанов  қол  қойып, 18 адамнан  жаңа  үкiмет 
құруға  келiстi.  Бiрақ, 1918 жылы  қараша  айында  елдегi  саяси 
ахуал  большевиктер  жағына  ауысты.  Москвада  Совет  өкiметi 
жеңдi,  Корнилов  бастаған  казактардың  Петроградқа  шабуылы 
жеңiлiс  тапты.  В.И.Ленин  уақытша  келiсiмге  келгенiмен,  боль-
шевиктердiң билiктi өз қолына алып күшеюi, 1918 жылы қараша 
айында  бiрiккен  үкiмет  құрудан  бас  тартуға  негіз  болды. 
Каменев,  Рыков,  Милютин,  Ногиндер  В.И.Лениннiң  саясатына 
наразылық  ретiнде  РСДРП(б)  Орталық  комитетiнен,  халық 
комиссариаты мүшелiгiнен бас тартып, большевиктер арасында 
ашық жiк туды. Оңшыл эсерлер мен меньшевиктер большевик-
терге қарсы күрес жүргiзе бердi. 1918 жылы желтоқсан айында 
большевиктер  солшыл  эсерлермен  келiсiмге  келiп  бiрiккен 
үкiмет  құрды.  Үкiметтiң  құрамында:  Заң  (И.Штейберг),  пошта 
және телеграф, (П.Прошьян), жергiлiктi басқару (В.Трутовский), 
Республика  мүлiк  меншiгi (В.Карелин),  жер  мәселесi (А.Коле-
гаевтар)  кiрдi.  Қазан  төңкерiсiнен  кейiнгi  алғашқы  өкiметтiк 
дағдарыстан  большевиктер  солшыл  эсерлер  партиясының 
қолдауы арқылы шықты. 
Үкiметтiк  билiктi  жеке-дара  толық  алу  үшiн  большевиктер 
партиясына Құрылтай жиналысын шақыруды мақсат етіп отыр-
ған  меньшевиктер  мен  оңшыл  эсерлерге  қарсы  күресу  керек 
болды. Сондықтан күн тәртiбiнде екi мәселе тұрды. Большевик-
тер  В.И.Ленин  бастаған  топ  демократияның  жоғарғы  сатысы 
Советтердi  қалдыру  керек  десе,  меньшевиктермен  басқа  да 
социалистiк  бағытты  ұстаған  саяси  партиялар  Құрылтай  жина-
лысын  шақыруды  талап  еттi.  Құрылтай  жиналысын  жұмысшы 
табы мен шаруалар да қолдады. Большевиктер сол кездегi саяси 
жағдайды  түсiнiп,  Құрылтай  жиналысын  шақыруға  келiсiм 
бердi.  Жалпы  Құрылтай  жиналысын  шақыруды  қазан  төңке-
рiсiне дейiн уақытша үкiмет 1917 жылғы қараша айының 12-іне 
белгiлеп  қойған  болатын.  Сайлау  уақытында  өтiп,  Құрылтай 
жиналысын  қолдаған  партиялар  эсерлер 40,7%, меньшевиктер 

97 
 
2,7%,  большевиктер 24% дауыс  алды.  Эсерлердiң  жеңiске 
жетуiнiң негiзгi себебi, ұсақ буржуазия мен шаруалар қолдады. 
Сөйтiп,  Құрылтай  жиналысына  сайланған 715 депутаттың 412 
эсерлер, ал 183-i большевиктерден  болды. Елде демократиялық 
қос  өкiметтiк  билiк  орнады.  Кiмдi-кiм  жеңедi  деген  мәселе 
тұрды. В.И.Ленин большевиктер партиясының ұсынысымен Құ-
рылтай  жиналысы  туралы  қарар  дайындап  жариялады.  В.И.Ле-
нин: «Бiз буржуазиялық революциядан пролетарлық революция-
ға  көшуіміз  керек,  Құрылтай  жиналысы  арқылы  кадеттер 
халықты  парламенттiк  қиялмен  алдап  келедi,  сондықтан  Құ-
рылтай  жиналысын  қайта  қарап,  билiктi  Советтердiң  қолында 
қалдыру  керек» – дедi.  Билiк  жолындағы  күрес  революциялық 
жолмен шешiлуi мүмкiн деп, елдi азамат соғысына шақырды. 
1918  жылы  қаңтар  айының 3-і  күнi  В.И.Лениннiң  жазған 
«Еңбекшi  және  қаналушы  халық  құқықтарының  деклара-
циясын»  ВЦИК  бекiттi.  Декларация  бойынша  Бүкiлресейлiк 
жұмысшы,  солдат  және  шаруалар  Республикасы  болып  жария-
ланды.  Бұл  шешiм  Құрылтай  жиналысында  қаралып  бекiтiлуi 
қажет  болды.  Сонымен  қатар  Құрылтай  жиналысы  Советтердi 
мойындап, өзiнiң қызметiн аяқтау керек болды. 
1918  жылы  қаңтардың 5-і  күнi  Петроград  қаласындағы 
Таврия  сарайында  Құрылтай  жиналысы  өз  жұмысын  бастады. 
Құрылтай жиналысында Я.Свердлов «Декларация туралы» баян-
дама  жасады.  Декларацияны  депутаттар  қабылдамады.  Жина-
лыстың  төрағасына  ұсынған  М.Спиридоновтың  кандидатурасы 
өтпей,  жиналыстың  төрағасы  болып  оңшыл  эсер  В.Чернов 
сайланды.  Құрылтай  жиналысы  Бүкiлресейлiк  Советтердiң II 
съезiнiң  шешiмдерiн  де  бекiтпедi.  Жиналыста  большевиктер 
партиясы  жеңiлiс  тапты.  Бұл  сол  кездегi  Ресейдегi  шын  мәнiн-
дегi  саяси  ахуал  болатын.  Большевиктер  партиясы  Халық 
Комиссариаты  Орталық  комитетi  Құрылтай  жиналысын  тарату 
туралы  шешiм  қабылдады.  Құрылтай  жиналысының  депутат-
тары  Таврия  сарайынан  кетуге  мәжбүр  болды.  Ресейде  парла-
менттiк  демократия  кезеңi  аяқталып,  тоталитарлық  терроризм 
кезеңi  басталды.  Россия  тарихында  бiр-бiрiне  қарсы  тұрған  тап 
күресi  басталды.  Үкiметтiк  билiк  күш  арқылы  шешiлуі  қажет 
болды.  Бұл  елде  азамат  соғысының  басталуына  әкелдi.  Боль-

98 
 
шевиктер партиясы Советтердi сақтап қалу үшiн жеке саяси күш 
ретiнде күреске шықты. Ресей қоғамы екiге бөлiндi. 
1918  жылы  большевиктер  үкiметтiк  басшылықты  күшейту 
үшiн  Бүкiлресейлiк  Советтердiң III съезiн 10-18 қаңтарда 
шақырды.  ВЦИК  төрағасы  Я.Свердлов  және  Халық  Комиссар-
лар кеңесiнiң басшысы В.И.Ленин сөз сөйлеп, елдегi саяси билiк 
Советтерге  көшкенiн,  контрреволюцияға  қарсы  күресте  қарулы 
күштердi  барынша  пайдалану  құқығы  Советтерге  берiлуi  керек 
екенiн  айтты.  Меньшевиктер  пролетариат  диктатурасының 
жүргiзiп  отырған  қарулы  шараларына  қарсы  болды.  Троцкий 
жаңа  билiктi  орнату  үшiн  Советтердiң  жүргiзiп  отырған  күш 
көрсетуiне  қарсы  шықты.  Съезд  өз  шешімімен  жұмысшы, 
солдат және шаруалар советтерiн бiрiктiрiп, ұсақ буржуазия мен 
шаруаларды  қолдап  отырған  эсерлердiң  әлеуметтiк  тiрегiн 
әлсiреттi.  Жергiлiктi  Совет  органдарынан  эсерлердi  бiртiндеп 
шығара  бастады.  Бұл  процесс  елде  террорды  бұрынғыдан  да 
күшейттi.  В.И.Лениннiң  «Федералдық  құрылымы  туралы» 
қарарын бекiттi. 
Ең  жоғарғы  өкiметтiк  билiк  Бүкiлресейлiк  Советтер  съезi 
болды.  Съезд  аралығында  қызметтi  Бүкiлресейлiк  Атқару  Ко-
митетi (ВЦИК)  атқаратын  болды.  Ресей  Федерациясы  үкiметi 
болып  Халық  Комиссарлар  Советi  бекiтiлдi.  Съезд  Бүкiл-
ресейлiк  Атқару  Комитетiнiң 306 мүшесiн  бекiттi.  Оның 160 – 
большевиктер, 125 – солшыл  эсерлер, 7 – оңшыл  эсер  т.б. 
Сөйтiп,  В.И.Ленин  бастаған  большевиктер  елде  жеке  билiк 
орната  отырып,  тап  күресiне  дайындалып  жатты. 1918 жылғы 
шiлде айының 6-7 күндердегi Москва және Шығыс майдандағы 
солшыл  эсерлердiң  бүлiгi  Ресейдегi  қос  партиялық  жүйенiң 
аяқталып, бiр партиялық билiктiң орнауына әкелдi. 
Азамат  соғысы (1918-1920 жж.).  1918  жылдың  алғашқы 
айларында  Советтiк  Ресей  шет  ел  империалистерiнiң  қорша-
уында қалды. 1918 жылы Германия өзiнiң бiтiм келiсiмiн бұзып, 
Петроград  қаласына  қарай  соғыс  қимылдарын  бастады.  Псков 
және Нарва қалаларының маңында қызыл әскерлер жауға қарсы 
соғыста жеңiске жетiп, ақпан айының 23 күнi В.И.Лениннiң қол 
қоюымен жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясын құрды. Патшалық 
Ресейдiң  ескi  армиясын  таратып,  оның  орнына  жаңа  адамдар 
шақырып, 1918 жылы қыркүйек айында жалпыға бiрдей әскери 

99 
 
мiндеткерлiк енгiздi. Жаңадан қарулы күштердi құруда бұрынғы 
патша армиясының әскери басшыларын пайдалануға В.И.Ленин 
келiстi.  Олар:  И.Вацетис,  С.Каменев,  А.Брусилов,  Е.Снесарев, 
В.Альтфатер т.б. 
Соғыс  Халық  Комиссары  болып  Л.Троцкий  тағайындалды. 
Жергiлiктi  жерде  Қызыл  Армия  құру  үшiн  халықтық  әскери 
комиссариаттар  жұмыс  iстей  бастады.  Азамат  соғысы  басталар 
алдында Қызыл Армияда 6 армия және 54 дивизия, 450 мыңдай 
адам болды. 
1918  жылы  Советтiк  Ресейдiң  iшiнде  тап  күресi  шиеленiсе 
түстi.  Елде  бiр-бiрiне  қарама-қарсы  үш  саяси  топ  қалыптасты. 
Бiрiншiсi,  большевиктердi  қолдаған  жұмысшы  және  шаруалар; 
екiншi,  құлатылған  өкiмет  уәкiлдерi (офицерлер,  казактар, 
өндiрiстiк буржуазия); үшiншi, ұсақ буржуазия (орта шаруалар, 
саудагерлер  мен  қолөнершiлер).  Азамат  соғысының  алғашқы 
айларында  халықтың  арасында  ауытқушылар  көп  болды. 1918 
жылы большевиктерге қарсы ескi тәртiптi қалпына келтiру үшiн 
демократиялық контрреволюциялық саяси топтар күрес жүргiз-
дi.  Олардың  көбi  эсерлер  мен  меньшевиктер  болды.  Елдегi 
контрреволюциялық күштердi бiрiктiре отырып, азамат соғысын 
бастауға  негiз  болды.  Бұл  саяси  күштер  шет  ел  империа-
листерiнен  қолдау  тапты.  Ал  азамат  соғысының  басталуына 
негiзгi себеп болған 1918 жылғы мамыр айында Сiбiр темiржол 
бойында  басталған  чехословак  бүлiгi  болды.  Бiрiншi  дүние-
жүзiлiк соғыс жылдарында Австро-Венгрия қол астында болған 
чех  және  словак  халықтары  Ресейге  қарсы  соғысуға  мәжбүр 
болды. Кейiннен соғыс майданына қатысқан чех және словактар 
өз  еркiмен  Ресей  жағына  тұтқынға  түсiп,  Ресей  жағында  соғыс 
майданына  қатысты. 1918 жылы  Ресейде 200 мың  чех  және 
словактар болды. Оның 50 мыңдайы соғысқа қатысты. 
Брест  бiтiмi  бойынша  чехословак  корпусы  қарусызданып 
елiне  қайтуы  керек  болатын.  Совет  үкiметiнiң  шешiмiмен 
Владивосток  арқылы  теңiзге  шығып  Францияға  баруы  қажет 
болды.  Бүлiк 25 майда  басталып  тез  арада  Пензадан  Влади-
востокқа  дейiнгi зор  территорияны  қамтыды, осы  жолда  чехос-
ловак  корпусының  эшелондары  тұрған  болатын.  Францияның 
Ресейдегi  елшiсi  Нуланс 1918 жылғы  майда: «Одақтастар 
интервенция  бастауға  ұйғарды...  және  чехословак  армиясын 

100 
 
одақтас армиялардың авангарды деп қарайды» – деп мәлiмдеме 
жасады. 
Чехословак  корпусының    бүлiгi  Волгада  (Едiлде)  Уралда 
және  Сiбiрде  кулактардың  көтерiлiсiн  бастау  үшiн  қағылған 
дабыл болды. Бұған оңшыл эсерлер мен меньшевиктердiң ықпа-
лындағы орта шаруалар да қатысты. Самарада меньшевиктердiң 
Құрылтай  жиналысын  қолдаған  контрреволюциялық  үкiмет 
«Комуч»  құрды.  Дәл  осындай  үкiметтер  Омскi  мен  Екатерин-
бургте де пайда болды. Совет үкiметiне қарсы халық қозғалысы 
кең  етек  алды.  Қызыл  Армия  жеңiлiс  тауып  жатты.  Осындай 
ауыр  кезеңде  большевиктер  қызыл  террорға  көштi.  Соғыс 
комиссары  Л.Троцкий  соғыс  майдандарында  әскери  трибунал 
құрып,  өз  эмиссарларын  жiберiп,  ешқандай  сотсыз  жазықсыз 
адамды ату жазасына берiп жатты. Петроград полкiнiң 27 қызыл 
әскерлерiн атып тастады. Муром, Арзамас, Свиято қалаларында 
тұңғыш  концлагерлер  құрылды. 1918 жылы  қыркүйек  айынан 
бастап Советтiк Ресей «соғыс лагерiне» айналды. Революциялық 
әскери  совет  құрылып,  оны  Троцкий  басқарды,  уақытында 
меньшевиктер  мен  эсерлер  Троцкийдiң  бұл  iс-әрекетiн  сынап, 
әскери  басшы  бола  алмайтынын  айтқан  болатын.  Бiрақ 
В.И.Ленин  тыңдамай,  Соғыс  Халық  Комиссарының  басшысы 
етiп тағайындаған едi. Кейін Қызыл Армияның бас қолбасшысы 
Н.Вацетис  тағайындалды. 1918 жылы  қыркүйек  айынан  бастап 
Қызыл  Армия  күш  жинап,  шабуылға  шығып  Қазан  қаласын 
алды. 
Шығыс  және  Оңтүстiк  майдандағы  соғыс  қимылдары. 
Совет  үкiметiнiң  тағдыры  Шығыс  майданда  шешiлуi  тиіс  еді. 
1919 ж. Шығыс майданда Колчак 400 мың әскер жинақтап, Едiл 
өзенiң  бойындағы  Қазан  және  Самара  қалаларына  қауiп 
төндiрiп,  Мәскеу  қаласына  жақындай  түстi.  Екiншi  қауiп,  егер 
Шығыс  майданды  жоймаса,  оңтүстiк  майдандағы  Деникин 
армиясымен  бiрiгу  қаупi  төндi. 1919 жылы  В.И.Лениннiң 
айтуымен революция тағдыры Шығыс майданда  шешiлуi керек 
деп  танылып,  ол  үшiн  барлық  күш  Колчак  армиясын  талқан-
дауға  шақырылды.  Қызыл  Армияға  ерiктiлер  келiп, 800 мың 
әскер  жинақталды.  Жаңа  күштердiң  келуiмен 1919 жылы  сәуiр 
айында  Колчак  армиясы  алғаш  рет  жеңiлiс  тапты.  Бугуруслан, 
Белебей  және  Уфа  қалаларында  М.Фрунзе  бастаған  Қызыл 

101 
 
Армия  күштерi  жеңiске  жетiп,  Колчак  армиясы  Орал  тауынан 
асырып  тасталды.  Совет  үкiметi  Колчак  жеңiлгеннен  кейiн 
чехословак  корпусымен  келiсiмге  келiп,  Владивосток  арқылы 
Еуропаға кетулеріне мүмкiндiк берді. 
1919  жылы  шiлде  айында  Совет  үкiметiне  оңтүстiктегi 
Деникин  армиясының  шабуылы  қауіп  төндірді.  Деникин 
армиясына  Антанта  елдерi  көмек  көрсеттi.  Черчилль: «Бiз 
Деникин  армиясына 250 мың  мылтық, 200 пушка, 30 танк 
бердiк» – деп мойындады. Сол жылы мамыр айында Деникинге 
Украин ұлтшылдары айтарлықтай  көмек көрсеттi. Дон өзенiнiң 
бойындағы казактар, 6-Украин дивизия әскерлерi көмекке келдi. 
Олардың құрамында 20 мың адам, 50 пушка, 700 пулемет және 
6  бронепоезд  болды. 1919 жылы  маусым  айында  Деникин 
армиясы  Тавр,  Екатеринослав,  Харьков,  Донецк,  Воронеж, 
Царицын,  Астрахань  және  Дон  облыстарын  басып  алды. 
Врангель  армиясы  Царицын  қаласын  алды.  Деникиндер  Курск 
және Воронеж қалалары арқылы Мәскеуге қауiп төндiрдi. 
В.И.Ленин  халықтың  барлық  күшiн  «Деникинге  қарсы 
күресуге»  шақырды.  Деникинге  қарсы  жаңадан 40 мың  комму-
нистер  мен 30 мың  комсомолдар  шақыруға  үн  қосты. 1919 
жылы  шiлде  айында  Қызыл  Армия  құрамында 157,6 мың 
мылтық, 25,8 мың  атты  әскер, 4094 пулемет, 55 бронепоезд 
болса,  Деникин  армиясында 104,5 мың  мылтық, 50,9 мың  атты 
әскерi, 1212 пулемет, 28 бронепоезд  болды.  Деникиннiң  атты 
әскерi 2 есеге  көп  болды.  Атты  әскер  азамат  соғысы  жылда-
рында  негiзгi  әскери  күшке  айналды.  Деникиннiң  Мәскеуге 
шабуылы  сәттi  болып  Тамбов,  Козлов,  Елец,  Воронеж  қалала-
рын басып алып, 20 қыркүйекте Курск қаласын алды. 
1919  жылы  қазан  айында  Қызыл  Армия  қарсы  шабуылға 
шықты.  Оңтүстiк  майданда  атақты  С.Буденный  бастаған  атты 
армия  корпусы  шешушi  роль  атқарды.  Орел,  Воронеж  қалала-
рының  маңында  атты  корпус  iрi  жеңiске  жетiп,  Деникин 
армиясы оңтүстiкке қарай шегiне бастады. 1920 жылы Деникин 
армиясы  Украинаны  тастап,  Новороссийск  қаласы  арқылы 
Түркияға  қашып  кеттi.  Өзiнiң  орнына  генерал  Врангелдi  қал-
дырды.  Деникин  армиясының  жеңiлуi  азамат  соғысындағы 
шешушi кезең болды. 

102 
 
1920  жылы  қыркүйек  айының 1-і  күнi  Совет  үкiметi  Вран-
гель  армиясын  талқандау  үшiн  М.В.Фрунзе (1885-1925 жж.) 
бастаған Оңтүстiк майдан құрды. Врангель армиясында 50 мың 
адам  болды. 1920 жылы  Оңтүстiк  майдан  әскерлерi  шабуылға 
шығып,  Донбасс,  Днепрдiң  оң  жағалауы,  Таврия  және  Қырым 
азат етiлдi. 1920 жылы қараша айында Қызыл Армия қиындыққа 
қарамастан, Сиваш және Перекопты азат етiп, Қырымға шықты. 
Соғыс  майданында 2 атты  армия  басшысы  Ф.Миронов, 51 
дивизия басшысы В.Блюхер ерекше ерлiк көрсеттi. 
Врангель  армиясын  талқандап  Қызыл  Армия  Қырымды  азат 
еттi.  Қырымды  азат  еткеннен  кейiн  облыстың  әскери  револю-
циялық  комитетi  қызыл  террор  жүргiзiп,  Қырымды  ақтардан 
тазарту  жүргiздi.  Бұл  шараларды  жүргiзгендер  Қырым  облрев-
комының  төрағасы  Бела  Күн  мүшелерi  Р.Землячка,  Оңтүстiк 
майданның  төтенше  бөлiмiнiң  бастығы  Е.Евдокимовтар  бола-
тын.  Бұлардың  қолдарынан  ешқандай  жазықсыз 8 мың  офицер 
сотсыз атылды. 
Совет–Польша соғысы. 1920 жылдың көктемi мен жазын-да 
Қызыл  Армия  Польшаға  қарсы  соғыс  қимылдарын  жүргiзуге 
мәжбүр  болды. 1920 жылы  сәуiр  айының 17-і  күнi  Польша 
генералы Пилсудскийдiң бұйрығымен Польша әскерлерi Киевке 
шабуыл  бастады.  Пилсудскийдiң  ойы  Речь  Посполитаяның 
құрамында  болған  Белоруссия,  Украина,  Литваны  қосып  алып, 
1772  жылғы  Польша  мемлекетiнiң  шекарасын  қалпына  келтiру 
болды.  Польша  әскерлерiн  Украинадағы  ақтар  үкiметi  Симон 
Петлюр  қолдап,  мамырдың 6-ы  күнi  Киев  қаласын  қолдарына 
алады. 1920 жылы жазда Қызыл Армия қарсы шабуылға шығып, 
маусымның 12-і  күнi  Киев  қаласын  азат  еттi.  РКП(б)  Орталық 
Комитетiнде Польша әскерлерiн «Керзон сызығы» деп аталатын 
шекараға  дейiн  қуып  апарғаннан  соң,  соғыс  қимылдарын 
Польша  жерiнде  жүргiзге  беруге  шешiм  қабылдау  туралы 
мәселе  қаралды.  Троцкий  соғысты  тоқтатып  келiсiмге  келуге 
шақырса,  В.И.Ленин  соғысты  жалғастырып,  Польша  жұмысшы 
табының  қолдауымен  Совет  үкiметiн  орнату  керек  деп  шештi. 
Бұл  сол  кездегi  қате  шешiм  болды.  Поляктар  Совет  үкiметiн 
орнатуға  қарсы  болды. Бұл  басқа  елдiң  қаруымен  дүниежүзiлiк 
революция орнату идеясы болатын. 

103 
 
1920  жылы  тамыз  айында  Тухачевский  басшылығымен 
Қызыл  Армия  Висла  өзенiнен  өтiп,  Варшава  қаласына  жеттi. 
Қызыл  Армияның  Польша  жерiне  кiруiн  поляктар  қолдамады. 
Пилсудский 80 мың  армия  жинап,  Шығыс-Пруссия  шекара-
сында  жеңiске  жеттi.  Қызыл  Армия  тылдан  алыс  қалып,  жаңа 
күштердiң  келiп  жетпеуiнен  жеңiлiске  ұшырады.  Варшава, 
Львов  маңында  Қызыл  Армия  жеңiлiп, 30 мың  Қызыл  Армия 
әскерлерi  тұтқындалды,  олардың  тағдыры  күнi  бүгiнге  дейiн 
белгiсiз  болып  қалды.  Қызыл  Армияның  жеңiлу  себептерi: 
бiрiншiден,  соғыс  қимылдарына  аса  тиянақты  дайындық 
болмады.  Батыс  және  Оңтүстiк-Батыс  майдан  әскерлерiнде 
өзара байланыс болмады. Польша әскерiнiң күшiн дұрыс бағала-
мады.  Екiншiден,  большевиктер  Польша  жерінде  социализм 
орнату  ниетiнде  болды.  Польша  халқы  ғасырлар  бойына 
Германия, Австро-Венгрия және Ресейге қарсы азаттық күресiн 
жүргiзiп, 1918 жылы 11 қарашада  өз  тәуелсiздiгiн  жеңiп  алып, 
Польша Республикасын құрған болатын. 
Азамат  соғысының  аяқталуына  Қызыл  Армияның  Қиыр 
Шығыста  жапондарға  қарсы  күресi  де  себеп  болды. 100 мың 
жапон әскерлерiмен бiрге Колчак армиясының қалдықтары мен 
Г.Семенов  бастаған  казактар  шығыста  Қызыл  Армиямен 
соғысты.  Байкал  көлiнiң  маңында  Қызыл  Армия  ақгвардия-
шыларды  талқандап,  Қиыр  Шығыс  Республикасын  құрды.  Ол 
РСФСР  мен  Жапония  арасындағы  демократиялық  республика 
болды. 1921 жылдың  соңында  Қызыл  Армия  Қиыр  Шығыс 
Республикасының  армия  басшысы  В.Блюхердiң  көмегiмен 
Хабаровск  қаласын  азат  еттi.  Волочаевка  станциясында  болған 
үш  күн  соғыстан  кейiн  ақгвардияшылдардың  әскери  күштерi 
талқандалып, 1922 жылы қазан айының 25-і күнi Қызыл Армия 
Владивосток қаласын алады. 
1922 жылы Қиыр Шығыста азамат соғысы аяқталды. Азамат 
соғысы  жылдарында  Совет  үкiметiнiң  алғашқы  әскери 
басшылары: М.Фрунзе, М.Тухачевский, В.Блюхер, С.Буденный, 
Г.Котовский,  П.Якир  айтарлықтай  ерлiк  көрсетiп,  өз  әскери 
таланттарымен танылды 
Азамат  соғысы  тарихта  адамзат  баласына  ауыр  қасiрет 
әкелген соғыс болды. Оның себебi, бiр елде бiр-бiрiне қарсы тап 
соғысы,  ағайын-туыстардың  бiр-бiрiне  қарсы  соғысы,  әке  мен 

104 
 
бала, бiрге туған ағайындардың соғысы, Ресей халықтарына өте 
ауыр  зардап  шектіріп,  материалдық  және  рухани  жағынан 
халыққа  ауыр  шығындар  әкелді.  Екi  жаққа  да  өздерiнiң 
түсінігінше  әдiлеттi  соғыс  болып  көрiндi.  Екi  жақ  та  ерлiк 
көрсеттi.  Большевиктер  өздерiнiң  революция  идеясы  арқылы 
халықты  алдап,  өкiметтi  жеңiп  алды.  Соғыс  майданында 
қызылдар мен ақтар, қызыл және ақ террор, аштық пен ауру 13 
млн  адамның  өмiрiн  алып  кеттi. 1917 жылмен  салыстырғанда 
Ресей халықтарының саны 23 млн адамға азайды. 
«Соғыс  коммунизм»  саясаты.  Совет  өкiметiнiң  эконо-
микалық  саясатының  негiзi,  азамат  соғысы  мен  шет  ел 
интервенциясы  жылдарында  халықты  азық-түлiкпен,  тауар-
ақша қатынасын қалыптастыру, өнеркәсiптi национализациялау, 
салғырт  арқылы  халықтан  азық-түлiктi  тартып  алу,  алынған 
азық-түлiк  тауарларын  карточка  арқылы  үлестiру  болды. 
«Соғыс коммунизм» саясатын идеологиялық догмаға айналдыру 
арқылы,  капитализмнен  социализмге  өтудi  қамтамасыз  ету 
керек  болды.  Соғыс  пен  аштыққа  қарамастан,  халықтан  соңғы 
жеп  отырған  нанын,  күн  көрiп  отырған  малын  тартып  алып 
отырды.  Совет  өкiметiнiң  «жауларын»  өте  ауыр  қудалау 
арқылы,  зорлық  пен  зомбылық  арқылы  жеңiске  жетiп  отырды. 
«Соғыс  коммунизм»  саясатының  негiзiн  қалаушы  Бухариннiң 
сөзiмен айтқанда, бұл «халық жауларын көндiру үшiн ату және 
зорлап, күштеп көндiру» саясаты еді. Бұл шараларды iске асыру 
үшiн  елде  төтенше  шаралар  жүргiздi.  Халықтың  қолындағы 
артық  астықты  тартып  алу  үшiн  азық-түлiк  отрядтарын  құра 
бастады.  Азық-түлiк  отрядтарына  В.И.Ленин  және  Цурюпа 
басшылық жасады. Бүкiлресейлiк Советтердiң VI съезiнде 1918 
жылы  қарашада  Зиновьев  сөз  сөйлеп: «ауылдағы  кулактар  мен 
ұсақ буржуазияның қолындағы артық тауарларын тартып алып, 
қарсылық  жасаған  жағдайда  өлтiруге  дейiн  барып,  ауылда 
пролетарлық революцияның жеңiсiн қамтамасыз жасай аламыз» 
–  дедi. «Соғыс  коммунизм»  саясатын  большевиктер  партиясы 
осылай  жүзеге  асыруға  кiрiстi.  Бұл  саясат  көп  кешiкпей-ақ 
ауылдарда  шаруалар  арасында  жiк  туып,  совет  өкiметiнiң 
саясатына қарсы күрес күшейдi. 1919 жылы қаңтар айының 11-і 
күнi  В.И.Лениннiң  қол  қоюымен  «Астық  және  тұқым 
салғыртын  енгiзу  туралы»  декретке  жарияланды.  Астық  қорын 

105 
 
жинақтау үшiн мемлекет шаруаларға белгiлi мөлшерде салғырт 
өткiзiп,  қалған  өнiмдерiн  өздерiнiң  керегiне  жаратуға  мүкiндiк 
берді.  Бiрақ  мемлекеттiк  салғырт  мөлшерi  өте  жоғары  болды, 
сондықтан  шаруалар  өздерiнiң  қажетiне  астық  пен  тұқымын 
қалдырмай  түгел  өткiзiп  отырды.  Шаруалар  мүддесi  толық 
ескерiлмедi. 1919 жылы Совет өкiметi тұрақты жеке базарларды 
жауып,  көтерме  саудаға  тыйым  салды.  Шаруалардың  артық 
тауарларын  сататын  базарларды  жауып  тастап,  жеке  меншiкке 
шектеу жасады. Қағаз ақша құны төмендеп, 3136 есе арзандады. 
Елде бiртұтас ақша жүйесi жойылды. 
1919  жылы  ақпанның 19-ы  күнi  ВЦИК-тiң  «шаруаларды 
жерге  орналастыру  және  социалистiк  жер  шаруашылығы» 
туралы  қарары  шықты.  Шаруалар  жердi  өңдеу  үшiн  бiрiгiп 
коммуна  құруы  қажет  болды.  Бұл  қарардан  кейiн  шаруалар 
Совет өкiметiне ашық қарсы шыға бастады. 1919 жылы наурыз 
айында  өткен  РКП(б) VIII съезiнде  В.И.Ленин  өзiнiң  ұсақ 
буржуазияға  деген  көзқарасын  өзгертiп,  орта  шаруалармен 
келiсiмге  келуге  шақырды. 1920 жылдарда  большевиктер 
жүргiзген  аграрлық  саясат  күштеп  жүргiзiлдi.  Орта  шаруалар 
совет өкiметiн онша қолдамады. Соның нәтижесiнде елде 5 мың 
совхоз  және 6 мың  коммуна  құрылды. «Соғыс  коммунизм» 
саясаты  жылдарында  өнеркәсiп  саласы  құлдырап, 80% жұмыс 
iстемедi. 2522 өнеркәсiп  орындары  национализацияланды. 
Үнеркәсiп  орындарына  қажеттi  шикiзат  жетiспедi.  Өнеркәсiп 
соғысқа  бейiмделiп  жұмыс  iстедi.  Жұмысшылардың  еңбек 
ақысы  күн  көрiсiне  жетпедi.  Азық-түлiк  жетiспеуiнен  жұмыс-
шылардың 80% уақыты кезекте тұруға кеттi. Жұмыссыздықтың 
саны шексiз өстi. Москва және Петроград қалаларында 400 мың 
жұмысшы  жұмыстарын  тастап  кетуге  мәжбүр  болды. 1920 
жылы  наурыз-сәуiр  айында  өткен  РКП(б) IХ  съезiнде  «Шаруа-
шылықты  қайта  құру  туралы»  қарар  қабылдады.  Бұл  қарардың 
негiзiнде  бүкiл  советтiк  шаруашылықты  қайта  құру  үшiн 
жоспарлы  жүйенi  енгiзу  қажет  деп  танылды.  Капитализмнен 
социализмге  ешқандай  өтпелi  кезеңсiз  күшпен  өту  қажет  деп 
шешiм қабылдады. 1921 жылы «Соғыс коммунизм» саясатының 
ең жоғарғы нүктесi мемлекеттiк банктердi жапты. Халыққа тегiн 
азық-түлiк,  киiм,  транспорт,  тұрғын  үй,  жалақы  натуралды 
(заттай)  төлем  арқылы  беруге  көштi.  Мiне,  Соғыс  коммунизм 
дегенiмiз осындай болды. 

106 
 
Саяси  жүйедегi  өзгерiстер.    Азамат  соғысы  жылдарында 
Совет  өкiметiнiң  саяси  құрылымы  айтарлықтай  өзгерiске  ұшы-
рады.  Совет  мемлекетiнiң  азамат  соғысы  мен  шет  ел  интервен-
циясы  жылдарындағы  жеңiсiн  большевиктер  партиясының 
iскерлiк және ұйымдастыру қабiлетiнiң жетiстiгi деп түсiндiрдi. 
Сөйтiп,  партияның  басшылығы  қоғамда  жетекшi  рольге 
айналды. Азамат соғыс майдандарында көптеген өз ерiктерiмен 
большевиктер  партиясына  кiрiп,  соғыс  майдандарында  айтар-
лықтай ерлiк көрсеттi. 1920 жылдың соңында РКП(б) мүшесiнiң 
саны 700 мың  адамға  жеттi.  Ұйымдастыру  саласында  РКП(б) 
VIII съезiнiң шешiмiне сәйкес партияда қатал әскери тәртiп, бiр 
орталықтандырылған  жүйесi,  партияның  жоғарыдан  шыққан 
қарарын  мүлтiксiз  орындау  партияның  төменгi  ұйымдарының 
мiндетi  болды.  Партияның  Орталық  комитетi (ЦК) 19 адамнан 
құрылды. Партия басшылары әскери тәртiп принципi бойынша 
басқарды.  Демократиялық  централизм    принципi – партияның 
бақылауымен алмастырылды. Коллективтiк басқару принципi – 
авторитарлық  әкiмшiлiк-өктемдiкпен  ауыстырылды.  Больше-
виктер  партиясы  осы  кезден  бастап,  В.И.Лениннiң  тiрi  кезiнде-
ақ  авторитарлық-әкiмшiлiк,  тотали-тарлық  партияға  айналды. 
Партия  тек  қана  мемлекеттiк  құрылымда  емес,  қоғамдық 
ұйымдардың басшылығын өз қолдарына алды. Совет өкiметiнiң 
жергiлiктi губерния мен уезд советтерiнiң басшылығын бақылап 
қана  қойған  жоқ,  олардың  басшыларын  тағайындап,  жұмысын 
бақылап  отырды. 1918 жылы  Твер  қаласының  РКП(б)  партия 
конференциясының  шешiмiнде  «Партия – совет  өкiметiнен  де 
жоғары» деп саналды. 
1918  жылы  Тамбов  губерниясында  өткен  советтердiң 
сайлауында, 411 совет  басшыларының 398-і  коммунистерден 
сайланды.  Партия  елдiң  саяси  басшылығын  өз  қолына  осылай 
алды.  Советтiк  демократия  қағаз  жүзiнде,  РКП(б)  съезiнiң 
қарарларында ғана жазылды, ал iс жүзiнде партиялық диктатура 
үстем  болды.  Елде  бюрократизм  ауруға  айнала  бастады. 
В.И.Ленин  елде  партия  басшылығындағы  бюрократизмнiң  кең 
жайылуының  себебi:  бiрiншiден,  халықтың  сауатсыздығынан, 
екiншiден,  ескi  патшалық  мемлекеттiк  жүйеден  қалған  мұра – 
деп  түсiндiрдi.  Бюрократияны  есiктен  қусаң,  терезеден  кiруге 
тырысты.  Бюрократизмнен  құтылудың  жолы  халықты  елдi 

107 
 
басқаруға  жұмылдыру  екенiн  айтса  да,  партия  бюрократизмдi 
жоюды  сөз  жүзiнде  айтты,  ешқандай  күрес  жүргiзе  алмады. 
Мемлекеттiк  және  партиялық  аппарат  совет  өкiметiнiң  жаула-
рымен күресiп, революцияның авангарды болған пролетариатқа 
қарсы  жазалау,  қудалау  саясатын  жүргiздi.  Пролетариат 
диктатурасы – пролетариатқа (жұмысшы табына) қарсы болды. 
1921-1927  жылдардағы  КСРО-ның  әлеуметтiк-экономи-
калық  дамуы. 1921 жылы  наурыз  айында  Москвада  РКП(б)  Х 
съезi  болды.  Съезде  қаралған  өзектi  мәселе  ауыл  (деревня) 
жөнiндегi  саясат  болды.  Съезд  «Салғыртты  заттай  салықпен 
ауыстыру  туралы»  Лениндiк  қарарды  бiрауыздан  қабылдады. 
Бұл қарар «соғыс коммунизмiнен» жаңа экономикалық саясатқа 
(НЭП) көшудiң негiзiн салды. Партияның Х съезi аяқталғаннан 
кейiн  Бүкiлресейлiк  Орталық  Атқару  комитетi (ВЦИК)  азық-
түлiк  салғыртының  орнына  азық-түлiк  салығын  енгiзу  туралы 
декрет  шығарды.  Азық-түлiк  салығының  барлық  ауыр  салмағы 
ауыл  кулактары  мен  байлардың  мойнына  түстi.  Орта 
шаруаларға  салық  шамалы  ғана  салынды,  ал  кедейлер  азық-
түлiк салығын төлеуден мүлдем босатылды. Салықты өтегеннен 
кейiн  шаруа  өзi  өндiрген  азық-түлiгiнiң  артығын  базарда  еркiн 
сата  алатын  болды.  Сауда  қала  мен  ауыл  арасындағы 
шаруашылық байланыстың негiзгi формасы болды. Жекеменшiк 
сауда  тез  тарай  бастады.  Сонымен  қатар,  мемлекеттiк  және 
кооперативтiк базар саудасын ұйымдастыруға рұқсат еттi. Елде 
бұрынғы  жабылған  базарлар  Ирбит,  Нижегород,  Москва  т.б. 
ашылды. 1921 жылы  маусымда  Саратов  қаласында  тауар 
биржасы  ашылды. 1922 жылы 24 тауар  биржасы  болса, 1924 
жылы – 96 биржа жұмыс iстедi. 
Ауыл  шаруашылығын  қалпына  келтiрудi  жеңiлдету  және 
оның  өнiмдерiн  өндiрудi  арттыру  үшiн  шаруалардың  жердi 
жалға  (арендаға)  берулерiне,  жалдамалы  еңбектi  пайдалануға 
рұқсат  етiлдi.  Ауылда  кооперацияның  түрлi  формаларын 
(тұтынушылар, ауыл шаруашылық, кредит т.б.) дамытуға көңiл 
бөлдi. Коллективтiк өндiрiске (колхоздарға) өз еркiмен көшуiне 
көмектестi.  Өнеркәсiп  саласында  жаңа  экономикалық  саясатқа 
көшудiң  мәнi,  халықты  күнделiктi  тұтыну  тауарларымен 
қамтамасыз  ету  үшiн  мемлекет  iрi  және  орта  өнеркәсiптi  өз 
қолында  ұстай  отырып,  кооперативтiк  бiрлестiктер  мен  жеке 

108 
 
адамдарға  арендаға  бердi.  Жеке  меншiктегi  шағын  кәсiпо-
рындардың  жұмыс  iстей  беруiне  де  рұқсат  етiлдi.  Көптеген 
завод  пен  фабрикалар  шаруашылық  есепке  (өз  шығынын  өзi 
ақтау)  көшiрiлдi.  Өнеркәсiп  кәсiпорындарын  жұмысшымен 
қамтамасыз  ету  үшiн  елде  еңбек  биржалары  жұмыс  iстей 
бастады.  Сауданы  өрiстету,  шаруашылық  есептi  енгiзу,  еңбек 
ақыны  ақшалай  төлеуге  көшудi  нығайтып,  сомның  (рубльдiң) 
құнын  арттыру  шараларын  ұсынды.  Мемлекеттiк  шығындарын 
қысқартып, кiрiстердi арттыру шараларын жүзеге асырды. 1921 
жылдан  бастап  халыққа  тегiн  қызмет  көрсету  қысқартылды, 
транспортты  пайдаланғаны  үшiн  ақы  төлеу,  поштаның, 
телеграф,  коммуналдық  мекемелердiң  көрсеткен  қызметi  үшiн 
ақы төлеу тәртiбi енгiзiлдi. 
Жаңа  экономикалық  саясат  капитализмнен  социализмге  өту 
кезiндегi өтпелi реформалық кезең болды. В.И.Ленин РКП(б) Х 
съезiнде  сөйлеген  сөзiнде: «азамат  соғысы  жылдарындағы 
«соғыс  коммунизм»  саясаты,  қателiк  болды» – дедi.  Жаңа 
экономикалық саясат елдiң экономикалық дамуына, кәсiпорын-
дардың  құрылымын  өзгерту  арқылы,  мемлекет  экономикасына 
донор ретiнде жаңа күш қуат беруiне мүмкiндiк жасады. 
Халық  шаруашылығын  қалпына  келтiру  жылдарында  совет 
мемлекетi  ақша  реформасын  жүзеге  асырды.  Азамат  және  шет 
ел  интервенциясы  жылдарында  рубльдiң  алтынға  баламасы 
құнсызданып,  елдiң  алтын  қоры  талан-таражға  ұшыраған 
болатын. 1917 жылы  қазан  айында  Ресейдiң  алтын  қорының 
мөлшерi 1,713 млн  рубль  болды.  Айналымда 1 млрд, 10 млн 
рубль  болды. 1922 жылы  шiлде  айының 25-і  күнi  Халық 
Комиссарлар  Советi  ақша  реформасы  туралы  декретке  қол 
қойды.  Реформа  барысында  жаңа  ақша  банкноты  шығарылып, 
1921  ж.  ақша  ауыстырыла  бастады.  Ескi 1 млн  рубль  жаңа 
советтiк 1 рубльге  ауыстырылды.  Банктерде (10, 25, 50 және 
100)  червон  банкноты  шығарылып,  халық  шаруашылық 
кәсiпорындарына  таратылды.  Совет  үкiметi  сыртқы  сауданы  өз 
меншiгiнде  ұстап,  сыртқы  саудадан  түскен  шет  ел  ақшасы 
арнаулы  банк  есебiнде  сақталды. 1923 жылдан  бастап 
жұмысшылар  өздерiнiң  жалақыларын  жаңа  советтiк  банкнот 
арқылы  ала  бастады.  Қалаларда  азық-түлiк  дүкендерiнде 
тауарлар  көбейдi. 1924 жылы  елде  бюджеттiк  дефицит 

109 
 
жойылды.  Ақпан  айында  айналымға 1, 3 және 5 рубль  ақшасы 
шыға  бастады.  Жаңа  ақша  реформасы  ауыл  мен  қала  арасын-
дағы  байланысты  нығайта  түстi.  Бiрақ  ауыл  шаруашылық 
тауарлары мен өнеркәсiп тауарлары арасындағы қайшылық өте 
жоғары болды. 
Жаңа  экономикалық  саясат  жылдарында  жекеменшiк  сала-
сының  қалыптасуы,  кiшi  және  орта  меншiк  иелерi  кәсiпорын-
дарының  жұмыс  iстей  бастауы  экономиканың  қалпына  келуiне 
жол ашты. Кiшiгiрiм өндiрiстiң қолөнер, аренда, акционер және 
кооперативтiк  түрлi  жұмыс  iстей  бастады.  Ауылдарда  мал 
шаруашылығының өнiмдерiн өңдейтiн кiшi және орта кәсiпкер-
лiктер  пайда  бола  бастады.  Сүт  өңдейтiн,  астық  тартатын,  ет 
өңдейтiн  және  темекi  кәсiпорындары  дами  бастады.  Кiшi  және 
орта  кәсiпкерлер  сол  кезде 3,1 млн  адамды  тамақпен  және 
жұмыспен  қамтамасыз  етсе,  мемлекеттiк  кәсiпорындар 1,6 
адамды  жұмыспен  қамтамасыз  еттi. 1924-1925 жылдарда  елде 
325 мың жеке меншiк иелерi болды. Бiрақ жеке меншiкке рұқсат 
бергенiмен,  олар  әр  уақытта  мемлекеттiң  қатал  бақылауында 
болып  отырды.  Сондықтан  бiртiндеп  жеке  меншiк  иелерiнiң  өз 
кәсiпорындарын дамытуға ынтасы кеми берді. 
НЭП жылдарында ауыр өнеркәсiптiң жұмысын жаңарту үшiн 
1933  жылы  сәуiр  айында  ВЦИК  пен  СНК-нiң  «Мемле-кеттiк 
өнеркәсiп»  туралы  декреті  шықты. Бұл  заң  бойынша  өнеркәсiп 
орындарына жеке меншiктi жүргiзуге еркiндiк бердi. Өнеркәсiп 
орындарын  басқару  үшiн  коммерциялық  трест  мекемелерiн 
құрды.  Кәсiпорындарға  шаруашылықты  жүргiзуге  еркiндiк 
берiлдi.  Ресейде  тұңғыш  трест  жеңiл  өнеркәсiп  орнында 
құрылды. 1921 жылы  шiлде  айында  «Льноуправление»  тресті 
құрылды.  Трест  құрамына 17 фабрика  кiрдi, 20 мың  жұмысшы 
жұмыс  iстедi. 1921 жылы 23 трест,  оның 9 тресті  тоқыма 
өнеркәсiбiнде  құрылды.  Фабрика  және  заводтар  тресттердiң 
құрамына  кiрдi. 1923-1924 жылдарда 79 Бүкiлодақтық  трест 
жұмыс  iстедi. 300 жуық  кiшiгiрiм  өнеркәсiп  орындары 
жергiлiктi басқарудың қолында болды. 
Мемлекеттiк  меншiктегi  өнеркәсiп  орындары  толық  жұмыс 
iстей алмады. Елде өнеркәсiпке қажет шикiзат жетiспедi. Соның 
салдарынан  Москва  және  Петроград  қалаларындағы  өнеркәсiп 
орындары бар болғаны 30% жұмыс iстедi. 1928-1929 жылдарда 
ауыр өнеркәсiп орындары ұлттық табыстың 4% ғана бердi. 

110 
 
Аграрлық  саясаттағы  жаңа  бағыт.  Азамат  соғысы  аяқ-
талғаннан  кейiн  ауыл  шаруашылық  саясатын  қайта  құру  кезеңi 
басталды. Бiрақ елде 1921 жылы ашаршылық басталды. Аштық 
Ресейдiң 28 губерниясын, 36 млн адамды қамтыды. 1922 жылы 
қазан айының 30-ы күнi РСФСР-де советтердiң IХ съезiнде Жер 
туралы  заң  қабылдады.  Жаңа  заң  бойынша  болыстар  мен 
ауылдарда  жер  бөлудi  теңестiруден  бас  тартты.  Заң  бойынша 
жер  бөлу  еркiндiгi  жойылды.  Ауылдарда  жердi  жекеменшiктік 
жер тек қана ауыл төңiрегiнде азғантай мөлшерде бөлiндi. Совет 
өкiметi  жердi  национализациялап,  жерге  жекеменшiктi  жойды. 
Жерге меншiктiң 4 түрiн бекiттi. Бiрiншi меншiк – мемлекеттiк, 
жерге қоғамдық меншiк, шаруалар мен коллективтiк және жеке 
азаматтардың меншiгi. 
Жер  туралы  заң  шыққаннан  кейiн  шаруаларды  жер  аудару 
күшейдi.  Ресейдiң  орталық  аудандарында  шаруалардың  тығыз 
орналасуы,  шаруаларды  басқа  жерге  аударуды  күшейтті.  Жер 
бар,  бiрақ  жердi  өңдейтiн  шаруалар  жетiспедi.  Шарулардың 
қалаға  көшуi  күшейдi. 150 мың  шаруа  қалаға  ауысты.  Қалада 
жұмыссыздардың  саны  көбейiп, 1,300 мың  адамға  жеттi. 1924-
1925 жылдарда 114553 мың адам ауыл шаруашылығында жұмыс 
iстедi. 
20-жылдарда  Совет  өкiметi мемлекеттiк  шаруашылықты  кең 
қолдап  отырды. 1927 жылы  бұрынғы  помещиктерден 38,6 мың 
га  жердi  тартып  алып,  оның 60% жеке  шаруаларға  берiлдi  де, 
30% мемлекеттiк меншiкке алынды. 
Мемлекет  коллективтiк  шаруашылықты  қолдағанымен,  ша-
руалардың 1,2% ғана  мүшелiкке  кiрдi.  Шаруалардың  жерi 
болғанымен,  жердi  өңдейтiн  құралдары  болмағандықтан,  алған 
жерлерiнен  бас  тартты.  Жердi  пайдалана  алмағандықтан, 1924-
1925 жылдары бөлiнген жердiң 38% бос қалды. 1927 жылы 24-
25 млн  шаруалардың  жеке  меншiгiндегі  егiстен 7-8 центнерден 
өнiм алынды. Егiс жақсы шыққан 1926 жылы 116,4 млн центнер 
астық  жиналды. 1927 жылы  барлығы 105 десятина  жерге  егiн 
егiлдi,  бұл 1917 жылға  дейiнгi  көрсеткiштен  аз  болды. 1913 
жылы  Ресейде 109 млн  десятина  жерге  егiс  егiлген  болатын. 
Аграрлық  реформа  айтарлықтай  нәтиже  бере  алмады.  Ұсақ 
шаруашылықтың тауарлық өнiмi бар болғаны 20% болды. Ауыл 

111 
 
шаруашылығы құрал-саймандар мен мал санының өсуі жағынан 
1913 жылдың 60-80% деңгейiне зорға жетті. 
Кеңес  Социалистiк  Республикалар  Одағының  құрылуы 
(КСРО).    Азамат  соғысы  аяқталғаннан    кейiн  Ресей  жерiнде 
Ресей,  Украин,  Белорус,  Әзербайжан,  Армян,  Грузин  алты 
кеңестiк  социалистiк  республика  құрылды.  Олардың  арасында 
тығыз  саяси,  шаруашылық  және  мәдени  байланыстар  орнатып, 
жаңа  социалистiк  қоғам  орнату  жолында  ортақ  мақсатта  бiр-
бiрiне көмектестi. 
Кеңес  Республикалары  азамат  соғысы  мен  шет  ел  интервен-
циясы жылдарында өзара әскери одақ құрды. Олар сыртқы және 
ішкі  жауларға  қарсы  бiрлесiп  күресу  үшiн  өздерiнiң  қарулы 
күштерi мен материалдық ресурстарын бiрiктiрдi. 
Бейбiт  құрылысқа  көшуге  байланысты  Кеңес  Республика-
лары  шаруашылық байланыстарын нығайтып, халық шаруашы-
лығын  қалпына  келтiруде  бір-біріне  көмектесе  бастады.  Ресей 
Федерациясы  басқа  республикаларға  айтарлықтай  көмек 
көрсетiп, iрi құрылыстар салды. Мысалы: Баку – Тбилиси мұнай 
құбыры салынды. Кеңес Республикалары арасындағы байланыс-
ты  күшейте  отырып:  олар  темiржолдарын,  бiрыңғай  бюджет 
саласын  бiрiктiрiп,  бiр  орталыққа  бағына  бастады.  Республика-
лар арасында мәдени байланыстар өсiп, нығая түстi. 
1921–1922  жылдары  Кеңес  Республикалары  дипломатиялық 
одақ қалыптастырып, халықаралық конференцияларда бiрыңғай 
саясат  ұстап  отырды.  Мысалы: 1922 жылғы  ақпанда  Генуя 
конференциясына  барлық  республикалар  атынан  РСФСР 
делегациясы  қатысты. 1922 жылы  Әзербайжан,  Армения  және 
Грузия  Закавказье,  Социалистiк  Федеративтiк  Кеңес  Респуб-
ликасы (ЗСФСР) болып бiрiктi. 
КСРО  мемлекетiн  құру  өте  күрделi  жағдайда  жүрдi.  Барлық 
республикалар  РСФСР  құрамында  болса,  басқа  халықтарға 
өктемдiк жүргiзуi мүмкiн деген пiкiрлер болды. И.В.Сталин бұл 
мәселеде РСФСР-дың құрамына «автономиялық» негiзде бiрiгу-
дi  ұсынды.  Ал  кейбiр  топтар  республикалар  конфедерация – 
өзiнiң  тәуелсiз  (суверендi)  өмiр  сүруiн  сақтайтын,  бiрақ  бiр 
немесе  бiрнеше  жалпы  органдармен  бiрiктiрiлген  мемлекеттер 
одағыретінде болуын қолдады. Көп таластан кейiн И.В.Сталин-
нiң «автономиялық» пiкiрi өтпей, В.И.Лениннiң барлық кеңестік 

112 
 
социалистiк  республикалар,  соның  iшiнде  РСФСР-де  терезесi 
тең,  тең  құқықты  тәуелсіз  республикалардың  ерiктi  бiрлестiгi 
ретiнде жаңа одақтық мемлекет Кеңестiк Социалистiк Республи-
калар  Одағын  (КСРО)  құруға  деген  ұсынысы  жеңiске  жетiп, 
И.В.Сталин бұған келiсуге мәжбүр болды. 
Әрбiр  республиканың  КСРО-дан  өз  еркімен  шыға  алатын 
құқығы  да  сақталатын  болды.  Одақтық  мемлекеттi  басқаруға 
Кеңестiң  одақтық  Орталық  Атқару  Комитеті  құрылып,  оған 
барлық республикалардың өкiлдерi кіруі тиiс болды. Одан кейін 
Одақтық үкiмет құру қажет болды. 
1922  жылы  қазанда  Ресей  Коммунистiк  (большевиктер) 
партиясы  (РК(б)П)  Орталық  Комитетiнiң  Пленумы  РСФСР, 
ЗСФСР,  УССР  және  БССР-дi  Кеңестiк  Социалистiк  Респуб-
ликалар Одағына (КСРО) бiрiктiру туралы Лениннiң ұсынысын 
қабылдады. 1922 жылы  желтоқсанда  барлық  республикаларда 
халық  съездерi  болып  өттi.  КСРО  кеңестерiнiң 1 съезiне  өзде-
рiнiң делегаттарын сайлады. 
1922  жылы 30 желтоқсанда  Мәскеу  қаласында  КСРО 
халықтарының 1 кеңесiнiң съезi өттi. Съезд төрт республикадан 
–  РСФСР-ден,  ЗСФСР-ден,  УССР  және  БССР-ден  Кеңес 
Социалистiк  Республикалар  Одағы  (КСРО)  мемлекеттi 
құрылсын  деп  қаулы  қабылдады.  КСРО-ның  құрылғандығы 
туралы Декларациямен Шарт қабылдады. Съезд КСРО Орталық 
Атқару  Комитетiнiң  төрағаларын  сайлады.  Бүкiл  Одақтық 
Атқару Комитетiнiң төрағасы – М.И.Калинин, Украина Орталық 
Атқару  Комитетiнiң  төрағасы – Г.И.Петровский.  Белорусс 
Орталық Атқару Комитетiнiң төрағасы – А.Г.Червяков, ЗСФСР 
Орталық  Атқару  Комитетiнiң  төрағасы  болып  Н.Н.Нариман-
овтар сайланды. 
1924  жылы 31 қаңтарда  Бүкiл  Одақтық  Кеңестердiң II съезi 
КСРО-ның Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша 
КСРО  өкiметiнiң  жоғарғы  органы  Кеңестердiң  Бүкiл  Одақтық 
съезi  болды.  Ол  екi  палатадан  Одақтық  Кеңес  және  Ұлттар 
Кеңесiнен тұрды. КСРО Орталық Атқару Комитетiнiң атқарушы 
және басқару органы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесi болды. 
Орта  Азия  республикаларының  КСРО  құрамына  кiруi. 
КСРО  құрылған  кезде  Орта  Азиядан  РСФСР  құрамына  кірген 
Түркiстан  АССР-і  және  Бұхара  Хорезм  халықтық  кеңес 

113 
 
республикалары  болды. 1923–1924 жылдары  Бұхара  Социалис-
тiк  республикасы  және  Хорезм  социалистiк  республикасы  деп 
аталды.  Орта  Азия  республикаларын  КСРО  құрамына 
бiрiктiруге  мүмкiндiк  туды. 1924 жылы  Орта  Азия  және 
Қазақстанда  ұлттық  мемлекеттiк  шекара  белгiлеу  жұмысы 
жүргiзiлдi. Қарақалпақстан 1929 жылға дейiн Қазақ АССР-ының 
құрамында  болды. 1924 жылы  жаңа  ұлттық  мемлекеттер 
құрылды.  Өзбек  ССР-i,  Түркмен  ССР-i,  Өзбек  ССР-ының 
құрамына  Тәжiк  АССР-і  кiрдi.  Қырғыз  автономиялық  облысы 
құрылды. 1925 жылы  ақпанда  Орта  Азия  республикалары 
РСФСР-дың  құрамына  кiрдi.  Қазақ  АССР-да  РСФСР-дың 
құрамында  болды. 1929 жылы  Тәжiк  Кеңес  Социалистiк 
Республикасы болып құрылып, КСРО-ның құрамына ендi. 
КСРО  бесжылдық  жылдарында (1928–1937 жж.)  Социа-
листiк  қоғамның  экономикалық    негiзi  және  дамуы  жоспарлы 
бағытқа  негiзделдi.  Сондықтан  мемлекерт  әр  жылғы  жылдық 
жоспар, ал ұзақ мерзiмге – перспективалық жоспар жасады. Ол 
жоспар  ГОЭЛРО  деп  аталды. 1926 жылы  БКП(б)  ХIV  съезiнде 
КСРО халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарын 
жасау  iсi  қолға  алынды. 1929 жылы  сәуiр  айында  ХVI  партия 
конференциясы  КСРО  халық  шаруашылығын  өркендетудiң 
1928–1932  жылдарға  арналған  бiрiншi  бесжылдық  жоспарын 
мақұлдады.  Ал  мамыр  айында  Кеңестiң  Бүкiлодақтық V съезi 
жоспарды  бекiттi.  Кеңес  халқы  бес  жыл  iшiнде  орасан  зор 
мiндеттердi  жүзеге  асыруға:  халық  шаруашылығын  индустрия-
ландыру  ауылшаруашылығын  машина  техника  негiзiнде 
дамыту,  шығыс  аудандардағы  шаруашылықты  қайта  құру, 
халықтың  материалдық  және  мәдени  тұрмыс  дәрежесiн 
көтеруге,  елiмiздiң  қорғаныс  қабiлетiн  нығайтуға  тиiстi  болды. 
Халық  шаруашылығын  өркендету  мақсатына 65 млрд  сомдай 
қаржы жұмсау белгiлендi. 
1934  жылы  қаңтарда  БКП(б)  ХVII  съезi  халық  шаруашы-
лығын дамытудың екiншi бесжылдық жоспарын бекiттi. Екiншi 
бесжылдық 1933–1937 жылдарда  жаңа  мiндеттердi  қойды. 
Халық  шаруашылығының  барлық  салаларын  техникалық 
жағынан  қайта  құруды  аяқтау,  шаруалар  шаруашылығында 
коллективтендiрудi  бітіру,  ауылшаруашылығын  механика-
ландыруды,  халықтың  тұрмыс  дәрежесiн  көтеруді  жеделдету 

114 
 
басты мақсат етіп қойылды. Екiншi бесжылдықтың мiндеттерiн 
орындау  КСРО-да  социализмнiң  негiзiнен  орнатылуын  қам-
тамасыз етуге тиiс болды. 
БКП(б)-ның ХIV съезiнен кейiн КСРО-да индустрияланды-ру 
кең етек алды. Бiрiншi бес жылдықта кеңес халқының қажырлы 
еңбегi  жаңа  өнеркәсiп  орындары  мерзiмiнен  бұрын  салынып 
жұмыс  iстедi.  Олар:  Сталинград  трактор  заводы, 1500 шақы-
рымға  созылған  Тұркiстан – Сiбiр  темiржолы,  ДнепроГЭС, 
Магнитогорск  және  Кузнецк  металлургия  заводтары,  Қиыр 
Шығыста  Амур  өзенi  бойында  салынған  Комсомольск  қаласы 
бар.  Бiрiншi  бесжылдықтың  индустрияландыру  мiндетiнiң 
негiзгi  мақсатының  бiрi  маман  жұмысшылармен  инженерлердi 
дайындау болды. Бiрiншi бесжылдықта 450 мың маман жұмыс-
шылар  дайындалды.  Бесжылдықта 1500-ден  аса  iрi  кәсiпорын 
салынды. 1932 жылы  Кеңес  өнеркәсiбi  машиналарды 1913 
жылғымен  салыстырғанда 10 есе  көп  шығарды.  Орта  Азия 
республикаларында Ташкентте ауылшаруашылық машиналарын 
жасау заводы, Ашхабадта мақта-мата фабрикалары, Қазақстанда 
40-қа  жуық  кәсiпорын  iске  қосылды.  Қарағандыда  КСРО-да 
үшiншi көмiр базасы құрылды. 
Екiншi  бесжылдық  елдi  индустрияландыру  зор  қарқынмен 
жүрдi. Өнеркәсiпке қажеттi кадрлар даярланды. Ең жаңа техни-
камен  жабдықталған  кәсiпорындар  іске  қосылды.  Краматорск 
ауыр  машина  жасау  заводы,  Челябинск  трактор  заводы, 
Харьковтағы  бұрғылау  станок  заводы  және  басқа  да  көптеген 
кәсiпорындар  бiрiнен  соң  бiрi iске  қосылып  жатты.  Екiншi 
бесжылдықта 4500 өнеркәсiп орындары салынды. Электр қуаты 
2,5  есеге  өсті. 1935 жылы 15 мамырда  Мәскеу  метросы  iске 
қосылды. Ұлт республикалары екiншi бесжылдық-та индустрия-
ландыруда  шешушi  табыстарға  жеттi.  Мысалы:  Қазақстан 
қорғасын өндiруден КСРО-да бiрiншi орынға, мұнайдан - екiншi 
орынға, тас көмiрден – үшiншi орынға шықты. 
Ауылшаруашылығын  социалистiк  жолға  түсiру.  Социа-
листiк қоғамға өтудегi күрделi  мәселенiң  бiрi  аграрлық  сала 
болды.  Ауылшаруашылығындағы  жекеменшiктi  коллективтiк 
меншiкке айналдыру, шаруаларды колхоздарға бiрiктiру мiндетi 
тұрды.  Ауылшаруашылығының  өнiмдiлiгi  мен  тауарлығын 
шұғыл арттыра отырып, халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету 

115 
 
керек  болды.  Кооперативтiк  жоспарды  кеңiнен  жүзеге  асыру 
үшiн, 1927 жылы  желтоқсанда  БКП(б)  ХV  съезi  өттi.  Съезд 
қарарында  мынадай  мiндет  жүктелдi: «Қазiргi  кезеңде  ұсақ 
жекеменшiк  шаруа  шаруашылықтарын  бiрiктiру  және  оларды 
коллективтерге  айналдырып  қайта  құру  мiндетi  партияның 
деревнядағы негiзгi мiндетi ретiнде қойылуға тиiс». 
1930  жылы 5 қаңтарда  БКП(б)  Орталық  Комитетi «Коллек-
тивтендiрудiң  қарқыны  және  колхоз  құрылысына  мемлекеттiң 
көмек  көрсету  шаралары  туралы» қаулы  алды.  Қаулыда  партия 
мен  Кеңес  өкiметiнiң  деревнядағы  жаңа  саясаты – шаруалар 
шаруашылықтарын  жаппай  коллективтендiрудi  жүзеге  асыру 
және  осының  негiзiнде  кулактарды  тап  ретiнде  жою  саясаты 
белгiлендi.  Жаппай  коллективтендiрудi  негiзiнен  бiрiншi  бес-
жылдықтың  аяғында  аяқтау  белгiлендi.  Астықты  аудандарда 
1931  жылы,  қалған  аудандарда 1932 жылғы  көктемде  аяқтау 
мiндет  қойылды. 1930 жылы  колхоз  құрылысына 500 млн  сом 
қаржы  бөлiндi.  Жаппай  коллективтендiру  iсi  шиеленiскен  тап 
күресi жағдайында өттi. 
Коллективтендiру  қарқынын  шектен  тыс  тездету  және  орта 
шаруалар жөнiнде асыра сiлтеушiлiктер ең алдымен орта шаруа-
ның колхозға бетбұрысын өзгерттi. Орта шаруалар мен кулактар 
коллективтендiруге  қарсы  шықты.  Орта  шаруаларға  зорлық 
жасалып,  олардың  малдарымен  мүмкiндiктерiн  тартып  ала 
бастады. 1927–1928 жылдарда  орта  шаруаларға  салынатын 
салықтың  мөлшерi  өте  жоғары  болды.  Күш  көрсету  мен  алым-
салықтың  ауырлығынан  адамдардың  көбi  шет  елге  кетуге 
мәжбүр болды. ұжымдастырудың төтенше сипаты осынау шара 
кулактарды  құртудың  мемлекеттiк  бағытын  жүзеге  асыру  кең 
етек алды. Тәркiлеу саясаты шаруаларға келгенде кең көлемдегi 
қуғын-сүргiнге  айналды. 1929-1933 жылдар  аралығында  саяси 
Бас  Басқарма  өкiмет  үштiгiнiң  толық  емес  мәлiметтерiне 
қарағанда, 9805 iс  қаралды  да, 22933 адам  жөнiнде  шешiм 
қабылданып, 3386 мың  адам  ату  жазасына  кесілді, 13151 адам 
жер аударылып, 10 жылға сотталды. 
Бұл  саясатқа  бүкiл  елдегi  сияқты  Қазақстанда  да  ашықтан-
ашық  наразылық  туады. 1929–1931 жылдарда  Қазақстанда 372 
көтерiлiс болып, 80 мың адам қатысты. 1931–1932 жылдардағы 
асыра  сiлтеушiлiктен  Қазақстан  халқы  жаппай  ашаршылыққа 

116 
 
ұшырап  қырылды  да,  көбісі  шекара  асып,  басқа  елдерге,  оның 
iшiнде Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтiп кеттi. Жалпы алғанда 
күштеп  ұжымдастыру  кезiнде  Қазақстанда 100 мыңнан  астам 
адам жазаланды. 
БКП(б)-ның  Орталық  Комитетi  колхоз  құрылысында 
жiберiлген  бұрмалаушылықтарды  жоюға  бағытталған  шаралар 
қолданды. 1930 жылы ақпан-наурыз айларында БКП(б) Орталық 
Комитетiнiң  пленумында  қабылдаған  қаулыға  сәйкес,  барлық 
партия және кеңес ұйымдарына коллективтендiру барысындағы 
кемшiлiктердi түзетуге, қателiкке жол берген партия және кеңес 
ұйымдарының басшыларын орындарынан алуға нұсқау беріледі. 
1930 жылы наурыз айында ауыл шаруашылық артелiнiң Үлгi 
жарғысын (уставын) жариялады. Бұл жарғы бойынша шаруалар-
дың үлестiк жерлерi колхоздың бiрлесiп пайдалануына алынып, 
жұмыс көлiгi, құрылыстар, құрал-саймандар қоғамдастырылды. 
Колхоздарды  нығайтуға  көмектесу  үшiн  мемлекет  оларға  жәр-
дем  бердi:  мал  үшiн  салық  төлеуден  екi  жылға  босатты,  несие-
қаржы  көмегiн  күшейттi,  тұқымды  қарызға  бердi.  Машина-
трактор  станциясының  (МТС)  құрылысы  жедел  қарқынмен 
жүргiзiле  бастады.  Мемлекет  деревняға  (ауылдарға)  көшпелi 
тракторлар,  комбайндар  басқа  ауылшаруашылық  машиналарын 
жiберiп  жатты.  Мемлекет  қаржысына  колхоз  кадрлары  даяр-
ланды.  Бiрiншi  бесжылдық  жылдарында 210 мың  шаруа  кол-
хозға  бiрiктi. 1932 жылы  колхоздар  мен  совхоздар  елге  ауыл 
шаруашылығының бүкiл тауар өнiмiнiң 84% бердi. Кулактар тап 
ретiнде  жойылды.  КСРО  iрi  социалистiк  ауылшаруашылықты 
елге айналды. 1932 жылы 150 мыңға жуық трактор жер өңдедi. 
2,5 мыңға жуық МТС құрылды. 
Екiншi бесжылдықтың ауыл шаруашылығы саласындағы аса 
маңызды  қортындысы  шаруалар  шаруашылықтарын  коллек-
тивтендiрудi аяқтау болды. Бес жыл iшiнде ауыл шаруашылығы 
300  мыңнан  астам  трактор, 114 мың  комбаин, 132 мың  жүк 
машиналарын және басқа көптеген техникалар алды. 
Бес  жыл  iшiнде  егiстiк  жерлердiң  көлемi 5,6 млн  гектар 
ұлғайды.  Астық  және  егiншiлiктiң  басқа  да  өнiмдерiн  өндiру 
артты.  Сөйтiп, 1935 жылы  азық-түлiктi  нормалап,  карточкамен 
беру  тәртiбiн  жойып,  осы  азық-түлiктiң  кең  саудасын  ашуға 
мүмкiндiк  бердi.  Бұл  еңбекшiлердiң  тұрмыс  дәрежесiнiң 

117 
 
артуына жағдай жасады. 1937 жылы капитализмнен социализм-
ге  өтпелi  кезең  аяқталып,  КСРО  да  социализм  негiзiнен  орна-
тылды. 
1936  жылғы  КСРО  Конституциясы.  1935  жылы  ақпанда 
БКП(б) Орталық Комитетi елдегi болған үлкен өзгерiстерге сәй-
кес сол кезде қолданып жүрген Конституцияға өзгерiстер енгiзу 
және  дауыс  жасырын  берiлетiн  жалпыға  бiрдей  тең  сайлауға 
көшу қажет деп тапқан болатын. Кеңестердiң Бүкiлодақтық VII 
съезi  бұл  ұсынысты  бiр  ауыздан  қолдады.  И.В.Сталиннiң 
төрағалық етуiмен Конституциялық комиссия құрды. Конститу-
цияның  жобасын  жасап, 1936 жылы  маусым  айында  мақұлдап, 
бүкiл халықтың талқысына салуға, баспасөз бетiнде жариялауды 
ұйғарды.  Жарты  жылға  уақыт  созылған  талқылауға 50 млннан 
астам  адам  қатысты.  Бүкiл  халықтық  талқылаудың  барысында 
көптеген  түзету  толықтыру,  редакциялық  жөндеулер  ұсыныл-
ды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерiнiң Төтенше VIII 
съезi жаңа Конституцияны бекiттi. Бұл қабылдаған Конституция 
«Сталиндiк конституция» деп халық арасында кең аталды. Жаңа 
конституция  социализмнiң  жеңiсi  мен  оның  негiзгi  принцип-
терiн бекiттi. Конституцияның бiрiншi бабында: «Кеңес Социа-
листiк  Республикалар  Одағы  жұмысшылар  мен  шаруалардың 
социалистiк  мемлекетi  болып  табылады»  делiнген.  КСРО-ның 
саяси  негiзi – еңбекшiлер  депутаттарының  кеңестерi,  ал 
экономикалық  негiзi – жоспарлы  социалистiк  меншiк, оның  екi 
формасы – мемлекеттiк  және  колхоз – кооперативтiк  түрлері 
көрсетілді.  Конституцияда  адамды  адамның  қанауына  тыйым 
салды. 
Конституция  еңбек  ету - еңбекке  қабiлетi  бар  әрбiр  кеңес 
азаматының абыройлы iсi деп жариялады. Конституция «Әркiм-
нен – қабiлетiне  қарай,  әркiмге – еңбегiне  қарай»  деген  социа-
лизм  принципiн  бекiттi.  Конституцияда  КСРО  тең  құқықта  ке-
ңес  социалистiк  республикалардың  өз  ерiктерiмен  бiрiгуi  негi-
зiнде  құрылған  одақтық  мемлекет  болып  табылады  деп  жазыл-
ды. Одақтас республикалардың саны көбейiп 11-ге дейiн жеттi. 
Закавказье федерациясы таратылып Әзербайжан, Армян, Грузин 
одақтас  республикалар  ретiнде  КСРО-ның  құрамына  тiкелей 
ендi. Бұрын РСФСР құрамында болып келген Қазақ және Қыр-

118 
 
ғыз  автономиялық  республикалары  дербес  Қазақ  ССР  болып, 
одақтас республика ретiнде КСРО-ның құрамына кiрдi. 
1936  жылғы  Конституция  КСРО  азаматтарының  еңбек  ету, 
бiлiм  алу,  тынығу,  қартайғанда  зейнетке  шығуға  құқықтарын 
бекiттi. Әйелге еркекпен тең құқық берiлдi. Ұлты, нәсiлi қандай 
болуы бұлжымайтын заң болды. Азаматтардың жеке басына, үй-
жайына  ешкiмнiң  қол  сұқпауы,  сөз,  баспасөз,  жиналыс  пен 
митингтер  өткiзу  бостандығы,  қоғамдық  ұйымдарға  бiрiгу 
бостандығы  Социалистiк  Отанды  қорғау,  заңдарды  орындау 
мiндеттерi жүктелдi. 
1937 жылы 12 желтоқсанда кеңес халқы жаңа сайлау жүйесi 
бойынша КСРО мемлекеттiк өкiметiнiң жоғарғы кеңесiне сайлау 
өттi.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесiне 1143 депутат  сайланды,  оның 
42%  жұмысшылар, 29,5% шаруалар, 28,5% қызметшiлер  мен 
интеллигенция  өкiлдерi.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесiнiң  төрағасына 
М.И.Калинин  сайланды.  КСРО-да  социализмнiң  толық  жеңiп 
шыққанын бекiттi. 
1937–1938 жылдардағы Сталиннiң қуғын-сүргiн саясаты. 
ХХ ғасырдың 30-жылдарында  кеңес  халқының  социалистiк 
қоғамдағы  жетiстiктерi iрi  жеңiс  болды.  Бiрақ  сол  жылдардан 
бастап,  КСРО-да  тоталитарлық  әкiмшiлiк  билiк  заңды  құбы-
лысқа  айналды.  Елдегi  саяси,  экономикалық  саясатта  БКП(б) 
өктемдiк-әкiмшiлiк  саясаты  елдiң  барлық  жүйесiне  тарала  бас-
тады.  И.В.Сталиннiң  жеке  басын  мадақтау,  барлық  жетiстiктер 
бiр  кiсiнiң  атымен  атала  бастады.  И.В.Сталин  кеңес  халқының 
көсемi  болды.  Жеке  адамға  табыну  дәстүрге  айналды. 1937 
жылдан  бүкiл  елде  қуғын-сүргiн  басталды.  Оның  себептерi 
неде? Бiрiншiден, И.В.Сталин төңiрегiндегi адамдардан қорқып, 
оларға  жау  ретiнде  қарады.  Екiншiден,  елдегi  социализм 
құрудағы  қиыншылықтарды  партия  мен  мемлекет  аппара-
тындағы  басшылардан  көрiп,  партия  және  мемлекеттi  халық 
жауларынан  тазарту  ұранын  алып  шықты.  Шет  аймақтағы 
республикалардың  да  партия  және  мемлекет  басшыларын, 
алдыңғы  қатардағы  бiлiмдi  зиялыларды  халық  жауы  деп 
жариялады. 1937–1938 жылдарда  БКП(б)  Орталық  Комитетi 
«жоғарыдан  тазарту»  саясатын  жоспарлы  түрде  жүргiзуге 
арнайы  шешiм  қабылдаған.  Тазартуды  жүргiзу  үшiн  БКП(б) 
Саяси  бюросы  жергiлiктi  жерлерде  «үштiк»  ұйымын  құрады. 

119 
 
Олардың  негiзгi  мiндетi  жергiлiктi  жерлерде  «Халық  жаула-
рының»  тiзiмiн  жасау,  тез  арада  шешiм  қабылдап  ату  немесе 
жер  аудару  шараларын  жүргiзу  болды.  БКП(б)  Саяси  бюро-
сының  шешiмiмен  Iшкi Iстер  Халық  Комиссариаты  (НКВД) 
«кеңес  өкiметiнiң  жауларын»  жою  туралы  жасырын  ұйымдар 
құрады.  Солардың  бiрi  Төтенше  кеңес  ұйымы  (ОСО)  қуғын-
сүргiн  жүргiзу  үшiн  ОГПУ  ұйымы  құрылды. 1937 жылы  пар-
тияның  қуғын-сүргiн  саясатын  адал  жүргiзген  НКВД  басшысы 
Ежов, одан кейiн 1939 жылы Л.Берия болды. 
1937–1938  жылдарда  қуғын-сүргiнге  ұшыраған  адамдарды 
ұстап  тұру  үшiн,  оларға  халық  шаруашылығында  тегiн  жұмыс 
iстеу  үшiн  ерекше  мекемелер  салды.  Қазақстан  жерiнде  Карлаг 
(Қарағанды  қаласының  маңында  еңбек-түзету  лагерi)  Ақмола 
қаласының маңында, КСРО территориясында Сахалин, Чукотка, 
Иркутск,  Хабаровск,  Алтайда  концлагерьлер  жұмыс  iстедi. 
КСРО жерi өз халқының қуғын-сүргiндер лагерiне айналды. Бұл 
кезең  күнi  бүгiнге  дейiн  КСРО  тарихында  «ақ  таңдақ»  жылдар 
деп аталады. 
1937–1938 жылдарда қуғын-сүргiнге кеңес халқының алдың-
ғы  зиялылары  бiрiншi  болып  iлiктi.  Кеңес  өкiметi  үшiн  күрес-
кендер,  партия  және  мемлекет  қайраткерлерi,  ғалымдар  әде-
биетшiлер, ақындар, әскери-теңiз қолбасшылары, iшкi милиция 
және қоғамдық ұйым басшылары атылды, жер аударылды. 1957 
жылы Н.С.Хрущев СОКП-ның маусым Пленумында И.В.Сталин 
басшылығы  кезiнде 1,5 млн  адам  тұтқындалып, 680692 адам 
атылған – деп  көрсеттi.  И.В.Сталин  БКП(б)  ХVII  съезд  деле-
гаттарын  тұтқындап, 1961 делегаттың, 1108 делегаты  атылған. 
Орталық Комитеттiң 198 адамының 98-iне ату жазасын берген. 
Ресей  қауiпсiздiк  министрлiгiнiң  дерегi  бойынша 1917–1990 
жылдар  арасында  бұрынғы  КСРО  аумағында  мемлекеттiк 
қылмыстар  жасады  деген  айыппен 4 000 000 адам  жазаға 
тартылып,  оның 827995-i атуға  кесiлген.  Әлi  де  нақты  қанша 
адам жазықсыз, қуғын-сүргiн көрiп жаза шекті, ол жағы белгiсiз. 
1937–1938  жылдардағы  қуғын-сүргiн  саясаты  БКП(б)-ның 
атымен,  оның  ұзақ  жылдар  бойында  партия  және  мемлекет 
көсемi болған адам И.В.Сталин (1879–1953 жж.) атымен тiкелей 
байланысты болды. 

120 
 
И.В.Сталиннiң  жеке  басының  кемшiлiктерiмен  қатар  жетiс-
тiктерi де бар еді. Кеңес халқы И.В.Сталиннiң Ұлы Отан соғысы 
жылдарындағы қызметiне дұрыс баға бердi. Әсiресе, Ұлы  Отан 
соғысына  тiкелей  қатысқан  ұрпақтар  оны  әлі  күнге  қадір 
тұтады.  Оның 1937–1938 және 1951–1953 жылдардағы  қуғын-
сүргiн саясаты диктатор ретiнде бағаланды. 
1959  жылы 21 желтоқсанда  ХХ  ғасырдың  саясаткерi  У.Чер-
чиль Британ парламентiнде И.В.Сталиннiң 80 жылдығына арнап 
сөйлеген  сөзiнде: «Ол  бiздiң  заманымыздың  ұлы  саясаткерi. 
...Сталин дүниежүзiндегi ұлы диктатор, ол соқалы Ресейдi атом 
бомбалы державаға айналдырып кеттi» – деп баға бердi. 
Францияның  көрнектi  саяси,  мемлекет  және  әскери 
қайраткерi  Шарль  де  Голль  естелiгiнен «...Менiң  алдымда 
айлакер, қатыгез, адам отырғандай пiкiр қалыптасты. Сталиннiң 
ерiк  күшi  орасан  зор  адам  едi.  Ол  өз  мақсатына  жету  жолында 
маркстiк  iлiмнiң  негiзiн  пайдалана  отырып,  бiреулердi  бағын-
дырса,  келесi  бiреулердi  құрбандыққа  шалды ... ол  зымиян 
диктатор,  риясыз  кейiптегi  жаулап  алушы.  Сталин  әрқашанда 
қарсыласын  адастыруға,  тығырыққа  тiреуге  тырысатын... ». 
Мiне,  Сталиндi  ақтап  алу  мүмкiн  емес.  Қарсыластарын  басып-
жаншуға  большевиктiк  догманы  пайдаланды.  Жаппай  қуғын-
сүргiнге алып келген де, мiне, осы саясат едi. 
Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  басталғанда  КСРО  халықтары 
бейбiт  өмiрде  халық  шаруашылығын  дамытудың  үшiншi  бес-
жылдық (1937–1942 жж.)  жоспарын  мерзiмнен  бұрын  орындау 
жолында еңбек етiп жатты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

121 
 
III-тарау. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС  
ЕУРОПА ЕЛДЕРІ (1918–1939 жж.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет