Көңілінде, халықтың жүрегінде



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

11

23 қазан

№43 (471)

СЕРГЕК

СЕРГЕК

Бетті дайындаған Т.НҰРХАНОВ.

ОЛИМП БИІГІН БАҒЫНДЫРҒАН ЖАМБЫЛДЫҚТАР

ОЛИМП БИІГІН БАҒЫНДЫРҒАН ЖАМБЫЛДЫҚТАР

«ƏЛЕМ БАРЫСЫ» ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ НАЗАРЫНДА

Тұғыр


ҚАЗАҚСТАН ТƏУЕЛСІЗДІК АЛҒАЛЫ БЕРІ ҚЫСҚЫ 

ЖƏНЕ  ЖАЗҒЫ  ОЛИМПИАДА  ОЙЫНДАРЫНДА  КӨК 

БАЙРАҒЫМЫЗДЫ  БИІКТЕТІП,  ƏНҰРАНЫМЫЗДЫ 

ƏЛЕМДІК  АРЕНАЛАРДА    АБЫРОЙМЕН  ШЫРҚАТЫП 

КЕЛЕДІ.  БҰЛ  СӨЗ  ЖОҚ  ЕЛ  СПОРТЫН,  ЕГЕМЕНДІ 

ЕЛІМІЗДІ  ТӨРТ КҮЛ ƏЛЕМГЕ ТАНЫТА ТҮСУДЕ. ОЛИМП 

БИІГІН 

БАҒЫНДЫРҒАН 

БАТЫРЛАРЫМЫЗДЫҢ 

ІШІНДЕ  ЖАМБЫЛДАН  ШЫҚҚАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ДЕ 

ЖАМБЫЛДАН  ШЫҚҚАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ДЕ 

АЗ  ЕМЕС.  ОЛАРДЫҢ  БІРІ    ТƏУЕЛСІЗДІК  ТАҢЫНЫҢ 

АЗ  ЕМЕС.  ОЛАРДЫҢ  БІРІ    ТƏУЕЛСІЗДІК  ТАҢЫНЫҢ 

ТУЫН  КӨТЕРІП  КЕЛСЕ,  ЕНДІ  ЕКІНШІЛ

ТУЫН  КӨТЕРІП  КЕЛСЕ,  ЕНДІ  ЕКІНШІЛЕРІ  КЕҢЕСТІК 

КЕЗЕҢНІҢ ӨЗІНДЕ  ОБЛЫС НАМЫСЫН АСҚАҚТАТҚАН 

ТОЛАҒАЙЛАР.  ƏСІРЕСЕ,  ҚАЗАҚТЫ    ҚАЗАҚ  БОЛҒАЛЫ 

ТҰҢҒЫШ «ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ» ДЕГЕН АТАҚҚА  

ЖЕТКІЗГЕН 

ЖАҚСЫЛЫҚ 

ҮШКЕМПІРОВ 

ЕКЕНІ 

ДАУСЫЗ. 

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл 

облысы,  Тегістік  ауылында  дүниеге  келген. 

Мектеп  бітіргеннен  кейін  зоотехникалық 

мамандығын  қалап,  Семейдің  мал  дəрігерлік 

институтына  оқуға  түседі.  Ал, 1974 жылы 

институтты  тəмамдап,  еліміздің  сол  кездегі  

астанасы  Алматы  қаласына  келеді.  Мұндағы 

мақсаты – елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы 

Вадим  Писаревтің  басшылығымен  спорттың 

күрес  түрімен  тереңірек  айналысу  болатын. 

Жалпы,  Үшкемпіров  бала  кезінде  қазақша 

күреспен, ал институт қабырғасында жүргенде  

еркін күреспен  шұғылданған. Сондықтан, 1970 

жылы  жаттықтырушы  Рома    Ильматовтың 

кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа 

классикалық  түрімен  айналысу  оған  қиынға 

соқпайды.  Əсіресе,  болашақ  чемпион  арқадан 

асырып  лақтыру  əдісін  жақсы  меңгереді. 

Күрес  кезінде  қарсыласын  бағалай  біліп,  əлсіз 

жақтарын  сезіп,  нəтижесінде  өз  пайдасына 

шешетін  болған.  Ұпайы  қанша  жоғары  болып 

тұрса да  ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы 

жақтарын іздеумен ерекше танылады. 

Бұл  еңбегі  жеміссіз    болған  жоқ. 1975 

жылы  Алматы  қаласында  өткен  алтыншы 

жазғы халықтар Спартакиадасында  Жақсылық 

жасындай  жарқ  етіп,  жеңіс  тұғырынан  көрінді.   

Ең таңдаулы балуандармен   белдесіп, өміріндегі 

алғашқы алтын медаліне қол жеткізеді. 

Жалпы,  Үшкемпіров  ел  чемпионатының   

жеті дүркін жүлдегері.  Ал,  Одақтық біріншіліктің 

биігін  бағындырғаннан  кейін  Олимпиада 

ойындарына кандидаттық жолдама алды.

Болашақ чемпион  бар күш-жігерін Мəскеуде  

өтетін  Олимпиадаға  қатыстуға  жұмсады. 48 

келі    салмақта  классикалық  күрестен  төрт 

адамның    ішінен  аз  ғана  арасалмақпен  алға 

шыққан  оның  кандидатурасы  өтеді.  Бұл 

байрақты бəсекеге балуанымыз бабында екенін  

дəлелдеген  жаттықтырушы  Вадим    Писарев 

болған.  Олимпиаданың  жеребе салу рəсімінің 

нəтижесінде  Жақсылық  бірінші  белдесуін 

əлемнің  екі  дүркін  чемпионы  румындық  

Александрмен  түседі.  Бұл  сəтте  оны  қолдап, 

жігер  берген    Валерий  Резанцев  пен  Вадим 

Писаревтар болған. 

Олимпиада 

күндері 

Жақсылық  

чемпиондыққа  үміткер  қарсыластары  румын 

Александру,  поляк  Керпач,  болгар  Христов, 

венгр  Шерештерді  шебер  техникасымен, 

шапшаңдығы жəне төзімділігімен жеңіп шықты. 

Осылайша  қазақ  қазақ  болғалы  қолын  тұңғыш 

«Олимпиада чемпионы» деген атаққа  жеткізді.

Дəл  осы  тұста    Жамбыл  боксының  да 

даңқы  асқақтады.  Бокстан  тұңғыш  Олимпиада 

жүлдегері    дегенде    ең  бірінші  есімізге  

Олимпиада  ойындарының    күміс  жүлдегері, 

екі    дүркін  əлем  кубогының  игері,  екі    дүркін 

Еуропа  чемпионы  Серік  Қонақбаев  түседі. 

Серік  Керімбекұлы    спорттық  жолын  он  төрт 

жасында  бастаған.  Мектеп  табалдырығында 

жүргенде  футбол  ойнауды  ерекше  ұнатқан  

ол   Вахид Масудов, Антон Шох секілді мықты 

футболшылармен жаттыққан. Алайда, өмірдің 

ағысы  оны  он  төрт  жасында  бокс  спортына 

бұрады.  Ең  алғашқы  бапкері    Кеңес  Омаров 

балғын  боксшының  жанарынан  жалын  көріп, 

боксқа баули бастаған екен. Ал, Шу қаласында 

өткен  алғашқы  ірі  жарысында  Қонақбаев 

ерекше  тактикалық  шеберлігімен  даңқты 

бапкер Константин Цхайдың назарына ілігеді. 

Міне, осы сəттен бастап болашақ чемпион биік 

белестерді бағындырып, ел намысын əлемдік 

ареналарда    қорғай  бастайды.  Жастар 

арасында  өткен  ІІ  бүкілодақтық  ойындарда  

бірінші  орын  алып,  жастар  арасындағы 

КСРО құрамасына қабылданады. Одан кейін 

1979  жылы  Мəскеуде  өткен  бүкілодақтық 

спартакиада мен біріншіліктің күміс жүлдегері 

атанады.  Сондай-ақ, 1979-1981 жылдары 

Еуропаның  екі  дүркін    чемпиондығына  қол 

жеткізеді.  Одан  бөлек  АҚШ  пен  Канадада 

өткен  əлем  чемпионатының  кубогын  иленіп, 

Олимпиялық  ойындардың  күміс  жүлдесімен 

күптеледі. 

Серік 

Қонақбаев 



Олимпиада 

ойындарында  күміс  жүлде  алғанымен, 

Жамбыл  боксының  қарыштап  дамуына 

үлкен  үлес  қосқан  спортшы.  Бапкер  ретінде 

де  қазақ  боксының    кірпішін  қалаған  азамат. 

Сондықтан, Жамбыл боксын тұңғыш əлемдік 

аренада танытқан Қонақбаев екені даусыз.

Бұдан  кейін  үлкен  бокс  аренасына 

Ермахан  Ибраимов  келді.  Бүгінде    бұл 

есімді естісе елең етпейтін қазақ жоқ шығар, 

сірə?!  Кезінде  шаршы  алаңда  жасындай 

жарқылдап,  Сиднейде  алаштың  мерейін 

асқақтатқан  батырымыз  Т.Рысқұлов  ауданы 

Жақсылық  ауылының  тумасы.  Спорттық 

жолын 1979 жылы  А.С.Макаренко  атындағы 

мектеп-интернатынан 

бастаған 

спортшы 


алғаш  бокс  əліппесін  осында  таниды. 

Ермаханның    бокстағы      ерекшелігі    сол 

қолының  соққысының  жойқындығы  болды. 

Мектеп-интернаттың 

қабырғасында 

жүргенде-ақ    талай  мықтыны    сол  қолымен 

сұлатып  түсіретін  болған.  Əрі  жаттығуларға 

ынтасымен  беріліп,  еңбекқорлығымен    көзге 

түседі.  Соның  нəтижесінде 1986 жылы 

жасөспірімдер  арасындағы  ел  біріншілігінің 

чемпионы  атанады.  Одан  кейін,  екі  дүркін 

КСРО  чемпиондығына  қол  жеткізіп,  спорт 

шебері 

атағын 


иеленеді. 

Сондай-ақ, 

бүкілодақтық құрама сапына қабылданады. 

Ермаханның 

бала 

кезіндегі 



асыл 

арманы  Серік  Қонақбаевтай  Олимпиада  

шаршы  алаңында  жұдырықтасу  болды.  Бұл 

арманына  болашақ  чемпион 1991 жылы 

ересектер  арасындағы  КСРО  кубогының 

қола  жүлдегері  жəне  еліміздің  жеті  дүркін 

чемпионы  атанғанда  бір  табан  жақындай 

түсті.  Сонымен  қатар,  жерлесіміздің  жеңісті 

жолы бұнымен біткен  жоқ. Ол 1995 жылдары  

І  Бүкілəлемдік  əскери  ойындарының  жəне 

Азия  алтынын жеңіп алды. Артынша Атланта 

Олимпиадасының  қоласына  қол  жеткізді. 

Даңқы  боксшымыздың  өзі  бұл  жеңісті 

жылдарын  былайша еске алады.



– 1996 жылы  Атланта  Олимпиадасына 

қатысып,  қола  жүлдегер  атансам,  келесі 

жылы 

əлем 

чемпионатынан 

күміспен 

оралдым.  Жеңісті  жолым  жалғасқаннан 

жалғасып, 1998 жылы  Азия  ойындарын 

ұттым. 1999 жылы  екінші  рет  əлем 

чемпионатына  қатысып,  бұл  жолы  қола 

жүлдегер атандым. Осы кездедүние жүзінде 

мен жеңе алмайтын бір ғана боксшы қалған 

болатын.  Ол – Альфредо  Дюверхел  деген 

кубалық  боксшы  болды.  Ол  да  мен  секілді 

солақай.  Соққыларды  бірінен  соң  бірін 

жібереді  де,  бетін  жауып  тұра  қалады. 

Солай  тұрады  да,  бір  кезде  қайтадан 

соққыларын  жібергенде,  миыңды  шайқап 

жібере  жаздайды.  Мен  одан  екі  турнирде 

де  жеңіліп,  Олимпиадаға  келгенде  тағы 

жеңілдім. Бірақ, Атлантада ширек финалда 

екеуіміз  кездескенде  мен  оның  бұрынғыдай 

еместігін  байқадым.  Екеуміздікі  нағыз  жан 

беріп,  жан  алысқан  айқас  болды.  Ол  да 

мені аяған жоқ, мен де оны аямадым. Бірақ, 

мен  жеңіліп  қалдым  да,  қола  медальды 

қанжығама  байлап,  елге  оралдым.  Содан 

не  керек,  əлгі  кубалық 1998 жылы  бокстан 

біржола  кетті  де,  бокста – менің,  яғни 

Ермахан  Ибраимовтың  дəуірі  басталды, – 

дейді жерлесіміз  бір сұхбатында. 

Иə, 2000 жылдары  Ермаханның  даңқы 

асқақтай  түсті.  Ол  спорттық  жолындағы  ең 

биік тұғыры, Сидней Олимпиадасының биігін 

бағындырды. 

Елбасының қолынан алған көк туымызды 

тік  көтеріп,  чемпион  болып  оралды.  Осы 

толағай табысынан кейін ол  қолғабын шегеге 

іліп, бапкерлікке біржолата бет бұрды.  

Олимпиада  алауы  туралы  айтқанда 

Атланта  жəне  Сидней  олимпиадасының 

күміс  жүлдегері  Болат  Жұмаділовты    атап 

өтпеске  болмас.  Жамбылдық  саңлағымыз 

қос  олимпиаданың  да  күміс  жүлдегері. 

Əлем  чемпионаттарының  алтын  (Хьюстан 

1999  ж.),  күміс  (Будапешт 19997 ж.)  жəне 

қола  (Берлин 1995 ж.)  медаль  иегері.  Азия 

ойындарының екі дүркін чемпионы. Спорттық 

жолын  он  екі  жасында  бастаған  ол  қос 

Олимпиада  күмісін  олжалаған  соң,  күмісінен 

кейін бокспен қоштасты. «Құрмет» орденімен 

марапатталған. 

Бертін келе Жамбыл боксының мəртебесі  

Афины  төрінде  асқақтады.  Олимпиадада 

жалғыз  алтынды  алып  берген    Бақтияр 

Артаев чемпион атағын иеленіп қана қоймай, 

Вел  Баркер  кубогын  қоржынымызға  қоса 

салды.  Сол  сəтте  қуаныштан  шаттанып, 

сүйіншілемеген  адам  жоқ  шығар.  Өйткені, 

2004  жылғы  Афины  Олимпиадасына  ұлттық 

құрама    спорттың 17 түрінен 119 спортшы 

апарған  болатын.  Алайда,  жарыстың  соңғы 

күніне дейін  жерлестеріміз  төрт күміс пен үш 

қолаға ғана қол жеткізе алған еді. Осы сəтте 

құрама  еншісіне  алтын  медаль  бұйырады 

дегенге  үміттен  гөрі  күдік  басым  болғаны  

жасырын емес. Десе де, алаш  жұртты қазақ 

ұлы Бақтиярға соңғы үмітті артып, тақымды 

қысты.  Батырымыз  сенім  үдесінен  шыға 

білді.     Негізі, Бақтияр көп уақыт бойы  ұлттық 

құрамада  екінші  рөлдегі  боксшы  ретінде 

саналып келген болатын. Афины қаласында 

өткелі  жатқан  Олимпиада  ойындарына  да 

ең  соңғылардың  бірі  болып  лицензияны 

жеңіп алған еді. 2002 жылы өткен əскерилер 

арасындағы  əлем  чемпионатында  топ 

жарған  Азамат  Мақажанов  осы  салмақта 

Қазақстанның  үміті  саналғаны  рас.  Алайда, 

Азамат  Алматы қаласында өткен  Азиялық 

олимпиадалық  іріктеу  турниріне  жолдама 

үшін  болған  спарингте  Бақтияр  Артаевтан 

жеңіліп қалады.

Ал,  Олимпиада  ойындары  Бақтияр 

үшін  сəтті  басталды  десе  болады. 1/16 

финалда  камерундық  Вили  Бертрана  Танке 

шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда 

түркменстандық 

Алиаскер 

Башировты 

33:23  есебімен,  ширек  финалда  украиндық 

Виктор 


Поляков 

айқын 


басымдықпен 

жеңді (33:13). Халықаралық  жарыстарда 

əлі  көзге  түсіп  үлгермеген,  айтарлықтай 

үлкен  жеңістері  жоқ  Бақтияр  жартылай 

финалда  танымал  ресейлік  боксшы,  екі 

дүркін  Олимпиада  чемпионы  жəне  Баркер 

кубогының  иегері  Олег  Саитовқа  қарсы 

шықты.  Небəрі 21 жастағы  жерлесіміз 

Олимпиада 

ойындарының 

фавориті, 

тəжірибелі 

Саитовты 20:18 есебімен 

жеңіп,  ақтық  айқасқа  жолдама  алды.  Осы 

сəтте  Олимпиадада  əлі  алтын  алмаған 

Қазақстанның ендігі үміті – бокстан финалға 

шыққан  Бақтияр  Артаев  пен  Геннадий 

Головкин еді. Бақтиярды финалда атағы мен 

тəжірибесі  Олег  Саитовтан  кем  түспейтін, 

екі дүркін əлем чемпионы кубалық Лоренцо 

Арагон  күтіп  тұрды.  Алайда,  спорттық 

жолында  бірде-бір    мəрте  ұтылмаған   

Лоренцоны    Артаев  айқын  басымдықпен 

ұтты. Иə, бұл ұлы жеңіс! Қазақ ұлының жеңісі 

болды!  Алайда,  Афинадан  кейін  Артаев  та 

шаршы алаңмен қоштасты. 

Иə,  бұлар  қасиетті  Əулиеата  топырағы 

тудырған,  Жамбыл  спортының  даңқын 

əлемдік ареналарда асқақтатқан саңлақтар. 

Байрағымызды  биіктетіп,  көк  туымызды 

жеңіс тұғырында тік көтерген батырлар.

Жамбыл  жері  бұдан  кейін  де  талай 

таланттарды  түлетті.  Олардың  бірі  бүгінде 

Əлем чемпионы атанып жатса, енді екіншісі 

Сары  құрлықты  бағындыруда.  Оған  дəлел, 

күні  кеше  ғана  өткен  Азиада  ойындарында 

өнер көрсеткен 21  жамбылдық спортшының 

18-і  жүлдемен  оралуы.  Сондай-ақ,  Лондон 

Олимпиадасының  қола  жүлдегері  Ақжүрек 

Таңатаровтың да облыс спортының дамуына 

қосқан үлесі ерек. 

Иə, өңірде аға буын толағайларымыздың 

ізін басып келе жатқан  жас спортшыларымыз 

да    аз  емес.  Əулиеата  өңірінен  əлі  талай 

Олимп    биігін  бағындыратын    батырлар 

шығатынына бек сенімдіміз.



25  қазан  күні  Павлодар  қаласындағы  «Астана» 

мұз сарайында  тұңғыш рет қазақ күресінен «Əлем 

Барысы»  халықаралық  турнирі    түндігін  түреді. 

Бұл  қазақ  күресінің  тарихында  бұрын-соңды 

болмаған  айтулы  аламан.  Дүбірлі  додаға    əлемнің 

34  елінен «сен тұр, мен айтайын» деген кіл мықты 

балуандар  қатысып,  бақтарын  сынайтын  болады. 

«Əлем Барысы» жобасынан ерекшелігі мұнда    əр 

мемлекеттің  намысын  бір-бір  балуан  қорғайды. 

Жəне үміткердің  салмағы  90 келіден жоғары дүлей 

күш иесі болуы тиіс. Ал, Қазақстан жарыс қожайыны 

ретінде бұл байрақты бəсекеге төрт бірдей апайтөс 

балуанын қосып отыр. 

Бұл  жолы  ел  намысын  төрт  балуан 

қорғайтын 

болғанымен, 

оған 

алты 


үміткер  ұсынылған  болатын.  Үміткерлер 

арасынан  жерлесіміз  Бейбіт  Ыстыбаев, 

Айбек  Нұғымаров,  Асыл  Бəрменов  жəне  

Руслан  Əбдіразақов  таңдалып  алынды.  

Ал,  Ұлан  Рысқұл  мен  биылғы  «Қазақстан 

Барысы-2014»  турнирінің  жеңімпазы  Мұхит 

Тұрсынов жарыстан  тыс қалды. 

Сай  тасындай  іріктелініп  алынған    төрт 

балуанымыз 

да 


«Қазақстан 

Барысы» 


турнирінің  жүлдегерлері.  Алайда,  олардың 

ішінде  «Тараз  арланы»  деген  лақап  атпен 

көпшілікке  танымал  Бейбіт  Ыстыбаевтың 

шоқтығы биік екені сөзсіз.  Жерлесіміз  2011 

жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс 

жүлдегері.  2012 жылғы «Қазақстан Барысы» 

атағына  ие.  Сондай-ақ,  Тараз  төрінде  өткен 

Халықаралық  «Еуразия  Барысы»  турнирінің 

жеңімпазы.  Қазақ  күресінен  Əлем (2008 ж.) 

жəне  Азия (2009 ж.) чемпионы.  

Бұдан  бөлек, «Шығыс  Барысы»  Айбек 

Нұғымаровтың  да  орны  бөлек.  Былтырғы 

«Қазақстан  Барысы»  турнирінің  жеңімпазы 

атанған ол желтоқсан айында  Минскіде өткен 

əлем  чемпионатында  топ  жарды.  Сондай-

ақ,  үшінші  балуан    қарағандылық  Асылхан 

Бəрменов 

«Қазақстан 

Барысы-2014» 

турнирінің  күміс  жүлдегері.  Қазақ  күресінен 

Азия чемпионы, Əлем кубогының иегері. Ал, 

төрттікті түйіндеп тұрған Руслан Əбдіразақов 

2014  жылғы  «Қазақстан  Барысының»  қола 

жүлдегері.

Қазір  аталмыш  балуандар  Астана 

қаласында оқу-жаттығу жиынында.  Бейбіттің 

жеке  бапкері  Елдос  Далабайдың  айтуынша,  

балуандарымыздың бəрі бабында екен. 



– 

Қазір 

балуандар 

күнделікті 

жаттығуларын 

жасап 

жатыр. 

Барлықтарының  көңіл-күйі  жақсы.  Бас 

бапкер  мен  жеке  бапкерлер  балуандарды 

шыңдауда аянып қалып жатқан  жоқ. Əрине, 

бұл бəсекенің бəсі басым болып тұр. Себебі, 

əлемнің  кіл  мықты  балуандары  келеді. 

Олардың  ішінде  Əлем,  Азия  чемпиондары 

мен  Олимпиада  жеңімпаздары  да  бар. 

Осыған  дейін 32 мемлекеттен  балуандар 

қатысады  деп  жоспарланған    еді,  қазір 

олардың саны 34-ке жетті. Сондықтан, біз 

барлық жағдайға дайын болуымыз керек. 

Ең қиыны – қазір дзюдо күресінің қазақша 

күрестен  айырмашылығы  болмай  қалды. 

Дзюдоны игерген балуан, қазақша күрестің 

де  əдіс-тəсілдерін  тез  үйреніп  алады.  Сол 

себепті,  қазір  басты  қарсыластарымыз  

Эстония,  Куба,  Ресей,  Грузиядан  келетін  

дзюдошылар  болып  тұр.  Міне,  осы 

қарсыластарға    Бейбітті  қазірден  бастап 

дайындап  жатырмын, – дейді  Елдос 

Далабай. 

Иə,  Əлемнің  əр  түкпірінен  келген 

балуандардың жауырынын жер иіскету біздің 

жігіттерге  оңайға  соқпасы  анық.  Себебі, 

олардың көбісі – дзюдо күресінен əлем жəне 

Еуропа  чемпионаттарының  жеңімпаздары.  

Арысы  АҚШ,  Латын  Америкасынан  келетін 

балуандар  болса,  одан  өзге  Африка, 

Еуропа,  Азия  құрлықтарының  да  ең  мықты 

балуандары бар.  

Атап  айтсақ,  нидерландық  Даниэль 

Бернар,  самбошы  əрі  сумошы    неміс 

Раймунд  Гирдц,  ағылшын  Аарон  Скотт,  

дат балуаны Томас Джонасс, австриялық 

Джейсон 


Безуденхут,  Олимпиада 

жүлдегері кубалық Оскар Рене, дзюдодан 

əлем  чемпионы  чех  Лукаш  Крпалек,  

армениялық    Гарибан  Арутюн,  Камерун 

балуаны  Дьедонне  Долассем,  Кот-д 

Ивуар  үміті Аспа Анж, самбо, еркін күрес, 

джиу-джитсу,  грек-рим  күресінің  шебері 

латынамерикалық 

Хуан-Пабло 

Мело,  


Қытай  дзюдошысы  Куинг  Жао,  ирактық 

Кутайбой 

Хусейн 

жəне 


Үндiстанда  

қазақ  күресiнен  өткен  Əлем  кубогының 

жеңімпазы  моңғолиялық    Алтангэрэл 

Даваанямдардың  бірде-біреуінің  осалы 

жоқ.  Одан  бөлек  əр  елдің  үкілеген    үміті 

тағы он бес балуаны бар.  

Міне,  осы  балуандар  жерлестерімізге 

қарсылас  атанады.  Жəне 150 мың  АҚШ 

долларын  сарапқа  салатын  болады. 

Сондықтан,  ел  үміт  артқан  жігіттердің 

бағы  шапсын  деп  тілейік.  Не  бел,  не 

белбеу  кететін  сында  төрт  жігітіміз  жерге 

қаратпайды деп сенеміз, əрине.

Ал,  көрермендер    «Əлем  Барысын» 

елімізде  «Қазақстан»  ұлттық  арнасы 

мен  «ҚазСпорт»  арналарынан  тікелей 

тамашалай 

алады. 


Сондай-ақ, 

бұл 


жарысты ресейлік «Боец» жəне түркиялық 

«ТРТ»  телеарналары  тікелей  эфирде 

көрсетеді.

Бір бақыт сәулесін сепкендей...



Т.Рысқұлов  ауданы  əкімдігінің  ішкі  саясат 

бөлімінің «Жастар орталығы» КММ директоры Эльдар 

Утембаевты 27 қазан  күні  болатын  орда  бұзар 30 

жасымен құттықтаймыз.

Сізді    үлкенге  ілтипатты  іні,  кішіге  қамқор  аға, 

қатарластарына  адал  дос  бола  білген  ізгі  жүректі 

азамат,  еңбекте  беделді  маман,  абыройы  мен 

əділдігі  жарасқан  басшы  ретінде  ұжымыңыз  үлгі 

тұтады.  Өзіңізге  қонар  бақтың  баяндысын, 

шаңырағыңызға  шаттық  тілеп,  əлі  де  талай 

асуларды бағындыра беріңіз демекпіз.

Ашып өмір есігін нұрланды күн, 

Шашу шаштық сол күні жырдан бүгін.

Өзіңіз бен өзгеге шуақ сыйлар,

Құтты болсын 30 жас туған күнің!

Құрметпен

аудандық «Жастар орталығының» ұжымы.

Премьер-лига

«ТАРАЗ» 

«ТАРАЗ» бен

бен «ТОБЫЛ» 

 «ТОБЫЛ» тең түсті

тең түсті

ФУТБОЛДАН ҚР 

ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ 

29 ТУРЫНДА  «ТАРАЗ» 

ФУТБОЛ КЛУБЫ ӨЗ 

АЛАҢЫНДА «ТОБЫЛ» 

КОМАНДАСЫН 

ҚАБЫЛДАДЫ. СОҢҒЫ ТУР 

ОЙЫНДАРЫНДА ЕС ЖИЫП, 

ЕШКІМГЕ ЕСЕ ЖІБЕРМЕЙ, 

ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН 

ЖЕЛПІНТІП ЖҮРГЕН 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰРАМАНЫҢ 

ОЙЫНЫН ТАМАШАЛАУҒА 

ЖАНКҮЙЕРЛЕР СТАДИОНҒА 

КӨПТЕП ЖИНАЛДЫ.  

Вардан  Минасян  шəкірттеріне  қарсы 

тас  түйін  дайындықпен  шыққан  «Тараз» 

командасы  ə  дегеннен  үсті-үстіне  шабуыл 

жасап, 

Александр 



Яровенко, 

Эдуард 


Сергиенко, 

Дмитрий 


Евстигнеев 

үштігі 


Александр 

Петухов 


күзеткен 

қақпаның 

алдын торуылдап  жүрді.  Əсіресе, жартылай 

қорғаушы  Эдуард  Сергиенконың  есеп  ашуға 

мол мүмкіндігі болғанымен қақпаға бағыттаған 

соққыларының  барлығы  қиыс  кетіп  жатты. 

Өз  кезегінде  Нұрбол  Жұмасқалиев  бастаған 

қостанайлық  команда  қарымта  шабуылдарға 

шығып,  қақпашы  Жасур  Нарзикуловтың 

қырағылығын  тексеріп  көрді.  Тек  тексеріп 

қана  қоймай,  гол  да  соға  білді.  Ойынның 37-

ші  минутында    мүмкіндікті  мүлт  жібермеген 

Огнен  Красич  есеп  ашып,  командасын  алға 

шығарды.  Ойламаған  жерден  қақпасына 

гол  жіберіп  алған  тараздықтар    дамылсыз 

шабуыл  жасап  баққанымен,  еш  нəтиже 

бермеді.  Ойынның бірінші бөлігі 1:0 есебімен 

қонақтардың  пайдасына шешілді. 

Ойынның  екінші  кезегінде  тараздықтар 

шабуыл  шебін  күшейткенімен  қақпаға  бірде-

бір  тура  соққы  бағыттай  алмады.  Бəлкім, 

ойынға  Алексей  Щеткин  қосылмағанда 

жеңілістің  кермек  дəмін  татар  ма  едік. 

Тыңнан  қосылған  Щеткин  əупірімдеп  жүріп 

ойынның 71-минутында  есепті  теңестіре 

алды.  Енді  жеңіс  голын  соғуды  мақсат  еткен 

тараздықтарға  қорғанысқа  жамбастай  жатып 

алған  қостанайлықтар  еш  мүмкіндік  бермеді. 

«Тараз» командасының бас жаттықтырушысы 

Евгений  Яровенко  сеніп  алаңға  шығарған 

Мұрат  Тілешов  те,  Жақып  Қожамберді 

де  түк  тындыра  алмады.  Осылайша  өз 

алаңында  өткен  ойында  қарсыластарымен 

ұпай  бөліскен  «Тараз»  командасы  сегізінші 

орнын  сақтап  қалса,  қостанайлық  команда 

бір  сатыға  яғни 10-шы  орынға  жоғарылады. 

Ал,  Қазақстан  премьер-лигасының 29-тур 

ойындары аясында өткен өзге ойын нəтижесі 

бойынша «Қайрат», «Астана» жəне «Ақтөбе» 

командалары  ешкімге  дес  бермей,  үздіктер 

үштігін түйіндеуде.  

Айта  кетейік,  «Тараз»  командасы 1 

қарашада өз алаңында өздерін өкшелеп келе 

жатқан  «Ертіс»  командасымен  ойын  өткізетін 

болады. Егер осы ойында жеңіске жетіп жатса, 

турнир  кестесіндегі  жағдайын  əлдеқайда 

жақсарта 

алады. 


Қазақстан 

премьер-


лигасының  аяқталар  тұсы  жақындағанын 

ескеретін  болсақ,  енді    жерлестерімізге 

қателікке бой алдыруға əсте болмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет