1-ден – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы
дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция туғызуға , дыбыстарды айтуға қажетті
қимылдардың өзара ықпалының біржақты тиюіне соқтыру мүмкін. Мысалы, с
дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа у түрінде
айтылатын л дыбысын бір қалпын ортасында қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде
қарама-қарсы қалпы пайда болады.(үшкірленіп азу тіспен арадағы бүйір саңылауы).
2-ден – әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін
дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс
органдарына елеулі түрде түзететін ш және р дыбыстарымен қатар жұмыс істеу тез
шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы уақытша талдыркы мүмкін.
Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда
дыбыстарды қалыптастыруды сиапттағанда кейде аранулы артикуляциялық
гимнастика керек екенің айттық. Бұндай гимнастика дыбыстардың дұрыс айтылуына
қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда
дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында. Ол сөйлеу
маторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса артикуляциялық
гимнастикаға келтірілген программа бойынша жүргізіліп сөйлеу аппаратының түрлі
бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардын
ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс машықтандыру
кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі.
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімдігінің қажетті
шартты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды.
1. Тәрбиеленуші мен логопедтің бетін қатар көре алатын үлкен айна.
2 .Шпательдер мен зондлар, тазалық құралдары.
3. Сөзді жазып қайталайтын магнитафон.
4. Тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар, альбом мен құралдар.
5. Дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом.
6. Түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін
суреттер лото.
7.Түрлі дыбыстың айтылуын бекітуге қажетті тілдің материалы бар кітап құрал.
Сөйлесуді көзбен бақылау (фиброскоп «Двин») немесе сөйлеу органдарына
механикалық әсер етуге арналған түрлі приборлар мен құралдар шыққан сайын
жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс. Нақты дыбыстардың айтылу кемшіліктерін түзету
тәсілдерін сипаттауға көшпестен бұрын бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың
өзгеруінен туатындары, сонымен қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан
пайда болатындары бар екенін атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы –
антропофоникалық, соңғысы – фонологиялық деп аталады.
Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі р дыбысын тамақпен айту немес с
дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фоологиялық кемшіліктің мысалы ш орнына с
алмастыру («ескі-ешкі, роза-лоза»), сонымен қатар фонологиялық кемшілік аралас
182
дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай жағдайда дыбысты дұрыс айта тұрып, оларды
сөйлеу кезінде шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы
«Шамат маған көрсі тұрады». Мұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын
қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастыруымыздан тыс қалады. Сонымен
қатар дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынандай жағдайда ескерген
жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа қойылған дыбыс пен
бұрыңғы ауыстырып айтылған дыбысты сөйлегенде жиі қолданылады. Мысалы, ш
дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш дыбысын дұрыс айтып
үйренгенде біраз уақыт с дыбысы бар сөздерде ш дыбысы қолданылады. Сабын-
шабын, қасық-қашық т.б.
Фонологиялық қателіктер уақытша сипаттап алуына қарамастан жазу
қателіктеріне де соқтыруы мүмкін. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету
нәтижесінде бекіте отырып дефференциялық мақсатына тиісті дыбыстарды және буын
мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу керек. Түрлі
дыбыстардың айтылуы кемшіліктерін сиапттау барысында осы кемшіліктердің пайда
болуына себеп болатын, оларды түзетілуіне кедергі болатын аппаратының шеткі
бөліктерінің құрылысындағы кейбір аномалиялар ескеріледі. Бірақ есте болатын жай
бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу аппаратының өте дұрыс, құрылымы
бұзылған жағдайында да бола берсе, кейде сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне
қарамастан сөйлеу тілінің фонеткалық жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер
жоғарыда нерв қызметінің ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу
аппаратының зор мүмкіндігі бар екенін танытады.Шеткі сөйлеу аппаратының
құрылымының анық аномалиясы жағдайында дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін
ескерудің маңыздылығы сонда, кейде бұл аномалияларды дыбыстың айтылу
кемшілігін коррекциялауды қимылдататын фактор ретінде аса мән беру кездеседі. Тек
ерін, тіс таңдай жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиялар болғанда ғана
логопедиялық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу немесе протездеу
түріндегі медициналық әсерді қажет ететінін тәж көрсетуде. Мұндай әсердің
қажеттігін логопед пен дәрігер стомотолог, отоларинголог бірлесіп шешеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар. Оқулық құрал.Қарғанды
2005жыл.
2.
Бигельдинова З.А. Логопедия және оның тарихы. Оқулық құрал. Қарағанды
2006жыл.
3.
Журнал «Тілашар.Логопед» Алматы қаласы. 2011жыл.
4.
Журнал «Дефектология» Алматы қаласы. 2015жыл.
183
ОҚЫТУ - ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ
ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Аушекенова Данагуль Едыгеевна, Иманкулова Бекзат Хасеновна
№ 42"Тілек" балабақшасы
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға
ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің "Бала -
балқытылған алтын", - деген қанатты сөзді еске түсіреді. Егеменді еліміздің алғы
шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан
- жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін
көру, оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту тәрбиешінің сабақ берудегі
ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов "Сабақ беру
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер" - деген, яғни
оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, балалардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын
жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында "Біздің міндет жаңа
технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу" деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз
алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап
алады. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті оқыту
әдісі.
Әдетте мұндай қарым - қатынас балалар әлдебір мәселені талқылап соның
шешімін табуға талпынған маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты
мақсатының өзі - балалардың өз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету.
Интерактивті технология өзара қарым - қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Білім берудегі интерактивті технология мұндағы интерактивті сөзі - «inter» -бірлесу,
«aсt» - әрекет жасау ұғымын білдіреді. Оқу іс - әрекет барысында баланың топпен
жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, оқу іс - әрекет
барысында барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту әдісі.
Интерактивті әдісімен оқытқанда, баланың:
- ақыл - ойы дамиды;
- еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- шығармашылық белсенділігі артады;
- ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеленеді;
- тіл байлығы жетілдіріледі;
- жан - жақты ізденушілігі артады;
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі интерактивті оқыту әдісін
өз тәжірибемде қолданып келемін. Мысалы, мен алған жобамның тақырыбы:
"Балалардың мектепке даярлығын зерттеу". Мен осы жобамдағы тапсырмаларды
интерактивті тақтаның арқасында орындай аламын.
1. Баланың бейнелі қиялын дамыту әдісі.
184
Суретті аяқтап екінші жартысын сал. Нұсқау: Балалардан суретті аяқтап салуын талап
ету. Салынып болған соң, баладан ненің суретін салғанын сұрау, әңгімелеп беруін
өтіну.
2. Баланың мектеп жасына жетілгенін анықтау.
Куглер тесті. Нұсқау: Қағазда 7 пішін бірте - бірте күрделене салынған. Балаға осы
пішіндерді сол үлгіде көшіріп салу тапсырылады. 5 - 6 жасар баланың 5 пішін үлгісін
сала алмауы, көп жағдайда баланың дамуында тежеліс барын көрсетеді.
3. Балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс.
"Үйшік". Нұсқау: Алдында қағазбен қарындаш жатыр. Тақтадағы үйшіктің
суретін көшіріп сал. Асықпа, жақсылап қарап ал, суретің дәл осындай үлгіде болсын.
Егер қателесіп кетсең, өшірудің қажеті жоқ, жанынан дұрыстап сал.
Баланың жұмысы барысында назар аударатын жағдайлар:
а) Бала қай қолымен сурет салып отыр (оң қолымен, сол қолымен)
ә) Үлгімен қалай жұмыс істеп отыр, үлгіге жиі қарай ма? Көргені бойынша салып отыр
ма?
б) Сызықтарды тез немесе баяу жүргізе ме?
в) Жұмыс барысында бала алаңдай ма?
г) Жұмыс соңында салған суретін үлгімен салыстыра ма?
Жұмыс балдық жүйемен бағаланады.
а) Егер қандай да бір бөлшегі ұмытылып қалса 4 балл (шатыры, мұржасы, терезесі).
ә) Егер қандай да бір бөлшегін үлкейтіп салса 3 балл.
б) Егерде қандай да бір бөлшегі дұрыс салынбаса 2 балл
в) Егер қандай да бір бөлшегі кеңістікте дұрыс орналаспаса 1 балл.
Міне, осындай әдістерді пайдалана отырып, балалардың білімін жетілдіруде өз
үлесімді қосамын. Топпен жұмыс жасау барысында белсенділік көрсете отырып,
топтау, Венн диаграммасына түсіру, сәйкестендіру әдістерін интерактивті тақтада
орындап, уақытты үнемдеуге болатынын көруге болады. Оқу іс - әрекетін бекіту
бөлімінде активпультті пайдаланып, уақытты үнемдеу, баланың шапшаңдық қабілетін,
ойлау қабілетін, зейіннің тұрақтылығын, өз білімінің нәтижесін көруді
дағдыландыруға болады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш
технология нәтижелі жетістік, балалар бірінші болып интерактивті тақтаның
педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану
тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде.
Шынында да, интерактивтік тақта оқу іс - әрекетті түрлендіруге көмегін тигізіп,
яғни, оқытудың барлық кезеңінде, әсіресе балабақшада оқытуды қызықты да әсерлі
өткізуге ықпалын тигізеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Г. Кертаев. Оқытудың кейбір әдістері. - Алматы, 1991. - 86 б.
2. Б.Р. Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 1991.
- 16 б.
3. Н.К. Абраменко. Подготовка ребенка к школе. Минск, 1972.-26 б.
4. Джеральдина Чейпи. Готовность к школе. М.,1992.-19 б.
5. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.-37 б.
185
ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ ДА МӘНДІ
БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ
Махамбетова С.С.
Афанасьева Ю.Н.
№23 «Ақниет» б/б КМҚК
Қазіргі таңда МДҰ-дарда әдістемелік жұмыс айрықша мәнге ие болып тұр.
Педагогтардың білім деңгейі мен кәсіби біліктілігінен ұйымның алға қойған
мақсаттарының дұрыс шешім табуы тікелей байланысты. Әдістемелік жұмыстың
маңызды да мәнді бағыттарының бірі –ол педагогикалық шығармашылықты шыңдау
яғни дамыту болып табылады.
Дамыту ол- педагогтың жұмысқа деген құлшынысын арттырып, жұмыс
тәжірибесіне ғылыми еңбектенуді енгізу, шығармашылық ізденіске қолайлы жағдай
жасау, педагогқа өзінің жетістіктерін көре білуін және мәселелерді аңықтап, оның
шешімін табуға қол ұшын беру болып табылады.
Кадрлармен әдістемелік жұмыс алдымен әр педагогтың сұранысын ескере
отырып, диагностикалық жұмысқа негізделіп құрылады.
Біздің «Ақниет» балабақшасында педагогтар ұжымы шартты түрде үш топқа
бөлінеді:
Бірінші топқа жоғары санатты деңгейі бар тәрбиешілер мен мамандар-олар
тәжірибелі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар.
Аталмыш топпен әдістемелік жұмыс шығармашылық құзіреттілігін дамыту мен
ұжымның ұйымдастыру бірлігін дамытуға бағытталады. Бұл топ өкілдері
педагогикалық ұжымның тірегі. Олар әрдайым семинар-практикумдар, ашық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізуге, қалалық әдістемелік бірлестіктер мен
түрлі сайыстарға қатысуға тартылады. Аталмыш педагогтарды балабақшамыздың
оқыту үдерістері мәселелерін аңықтап талдауға негізделген педагогтық іс-әрекеттерді
дамыту жоспарларын құруға тартамыз.
Екінші топқа өзіндік жұмыс стилі бар, тұрақты жұмыс істейтін тәрбиешілер
жатады. Олар оқытушылық-тәрбиелік әдіс-тәсілдерді жақсы меңгерген өздерінің
функционалды міндеттерін жетік білетін педагогтар.
Бұл топ педагогтары негізінен жаңа идеяларға оң қабақ танытады, бірақ та жаңа
ізденістерді тәжірибеде жүзеге асыру үшін, әкімшілік тарапынан жанама қолдау
қажет.
Осы тарапынан біз аталмыш педагогтармен әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда
олардың кәсіби тұрғыдан өзіндік дамуымен тұрақтануына бағдарлай отырып,
біліктілігін арттыруға баса назар саламыз. Бұл топ тәрбиешілері айрықша әдістемелік
көмек талап етпейді, бірақ олар бастамаларына қолдау мен ұжым ішіндегі
психологиялық жайлылыққа мұқтаж болып келеді.
Үшінші топқа айрықша назарды қажет ететін жас және енді жұмыс істеуді
бастаған тәрбиешілер жатады. Олардың көбісінде кәсіби-педагогикалық білігінің
жетімсіздігінен балалармен тәжірибелік іс-әрекетте түрлі қиындықтар мен мәселелер
туындап жатады.
186
Үшінші топ педагогтарымен біз төмендегідей әдістемелік жұмыстар жүргіземіз:
Тәрбиешілерді ұжымның педагогикалық іс-әрекетіне кіріктіру:
Тәжірибелі тәрбиешімен сыңар болып жұмыс істеу;
Басқа педагогтардың жұмысын бақылау:
МДҰ ішінде ұйымдастырылған әдістемелік шараларға қатысу.
Педагогикалық жағдайды ұйымдастырудың (заттық-дидактикалық)
түрлерімен таныстыру.
Балабақша топтарын аралау (заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру мен
безендіру).
Кәсіби іс-әрекетін жаттықтыру:
Ықтимал қателіктердің алдын-алу мақсатында ҰОІӘ-тері нұсқаларын алдын-ала
талдау;
Жоспарды бірлесіп талдау (болашақ жұмысты бекіту үшін);
Әдістемелік іс-шаралар тапсырмаларын орындау.
Әрбір жұмыс формасы үшін әдіс-тәсілдерді таңдау оның мақсаты мен міндеттері
және, педагогтар контингенттер, мазмұн ерекшеліктерімен, тәрбие-оқыту жұмысының
нақты мазмұнымен аңықталады.
Жоғарыда аталып өткен жұмыс түрлері педагог кадрлардың кәсіби мүмкіндіктерін
шыңдауға белсенділіктері мен ынтасын жоғарлата отырып, қол жеткен
қорытындыларынан өзіндік рефлексия-шешім қабылдауына үлкен әсер етеді.
Біздің балабақшада әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру негізіне педагогикалық
шығармашылықты дамыту деңгейі бойынша педагогтарды дифферанциалау принципі
жатады.
Осыдан үш мектеп түрі туындайды:
«Педагогикалық шығармашылықтың жоғары мектебі» - мұнда білім беру
дамуының қиын сұрақтары қаралады. Бұл мектептің басты жұмысы – білімнің жаңа
ғылыми салаларын меңгеруге арналған педагогтардың ғылыми-зерттеулік іс-әрекеті.
Бұл мектепте білім берудің жаңа мазмұны, педагогикалық технологиялар, балаларды
зерттеу тәсілдері, оқулықтар мен оқыту-әдістемелік материалдар шығарылады. Бұл
негізде басшының әдіскерлердің міндеті-жаңа идеяны ұсынып, оның құрастыру
тәсілдерін келісу.
«Жас педагог мектебі» заманауи ҰОІӘ-рінің технологияларын меңгеруге, өзінің
педагогикалық мәселелерінен арылылуға мүмкіндік береді. Бұл мектептің негізгі
жұмыс формасы – педагогты өсіру бағытында жеке бағдарламаны құрастыру және
жүзеге асыру.
«Әкімшіліктің айрықша назарындағы топ» - бұл өз мүмкіндіктерінен төмен
деңгейде жұмыс істейтін педагогтарға арналады. Бұл жұмыс түрінің басты міндеті-
педагогтарды оқыту және жұмысқа ынталандыру.
Осы жұмыс формаларынан басқа педагогтардың шығармашылық жұмыс деңгейін
арттыру мақсатында өздігінен білім алу жұмыстары да педагогтың кәсіби өсуіне көп
септігін тигізеді.
Өздігінен білімін арттыру- бұл әр педагогтың нақты қызығушылығы мен
мүмкіндігіне орай өздігінен түрлі білім көздерінен білімін толықтыру.
187
Өздігінен білімін арттыру педагогтың алдында алған білімін кеңейтіп және тереңдетіп,
жоғары теориялық деңгейдегі тәжірибелерді танып-білуге негіз бола отырып, кәсіби
білігі мен машықтарын шындайды.
Өздігінен білім алу қажеттілікке айналу үшін біздің балабақшаның әдістемелік
кабинетінде педагогтарға қажет жағдайлар жасалған, аңықтамалық және әдістемелік
әдебиеттер қоры толықтырылып және жаңартылып отырылады.
Өздігінен білім алу формалары әр-алуан;
Кітапханада кітаптармен, мерзімді баспасөзбен жұмыс;
Ғылыми-практикалық семинарлармен конференциялардың жұмыстарына қатысу;
Жоғары білім мекемелерінің педагогика және психология кафедраларынан
кеңестер алу;
Зерттелген мәселе бойынша өзінің картотекасын жасау және т.б.
Жоғарыдағы өздігінен білім алудың формаларын негізге ала отырып, әр педагог
жылдық жоспар құрып, жұмыс жүргізеді. Жылдық жоспардың қарапайым формасы
төмендегідей болады.
р/с Жұмыс мазмұны
Орындалу
мерзімі
Тәжірибелік
жұмыстар
1
Алынған тақырып бойынша шаралар
жоспарын әзірлеу
Қыркүйек
Теориялық
материалды
дайындау
2
Кюизенер
таяқшалары
жайлы
жазылған әдебиеттерді оқу арқылы өз
білім деңгейін көтеру
Жыл бойы
1.Әдебиеттер
2.Ғаламтор
3.Б.А.Қ.
3
Ата-аналарды кюизенер таяқшалары
жайлы ақпараттармен таныстыру
Ақпан
Танымдық кеңес
4
Ғылыми
әдістемелік
педагогтік
журналға материал дайындау
Қаңтар
Мерзімді
баспасөзге
жариялану
6
Оқу жылында атқарылған жұмыстарға
қорытынды жасау
Мамыр
Жиңақталған
ақпарат
пен
атқарылған
істерге хаттама
жасау
Өздігінен білім алу - бұл әр педагогтың нақты қызығушылығы мен мүмкіндігіне
орай өздігінен түрлі білім көздерінен білімін толықтыру.
Өздігінен білім алу - педагогтың алдында алған білімін кеңейтіп және тереңдетіп,
жоғары теориялық деңгейдегі тәжірибелерді танып-білуге негіз бола отырып, кәсіби
білігі мен машықтарын шындайды. Мектепке дейінгі ұйымда педагогтармен жұмыста
өздігінен білім алу жұмыстарын дұрыс жолға қойып жүргізе алсақ, білім беру-тәрбие
жұмыстары жоғары деңгейге көтеріліп, ел келешегі өрендеріміз сапалы біліммен
сусындары хақ.
188
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Зверева В.И. Как сделать управление школой успешным. Москва 2000
2.
Голицына Н.С. «Управление инновационными процессами в ДОУ» творческий
центр Москва 2010.
3.
Гончарова С.Ж.,Вагина Л.А. «Современные педагогические технологии» М.
Учитель 2009.
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Аханова М.Т.
Қарағанды қаласы №134 «Гауһар» балабақшасы
Отбасындағы бала тәрбиесі ұзақтың айырмашылығы және қиыншылыққа
үйретудегі алдыңғы жағдайлардың өзгеруімен байланысты. Ұйқының бұзылуы,
эмоционалдық жағдайлар, тамақтандыру әдістемесі, жиыстыру және ұйымдастыру
сергектіктің дұрыс болмауы, дұрыс тәртіп болмаған отбасыларда, балалардың артық
әсерлері алғашқы күндерде жаңа мектепке дейінгі тәрбие орнында байқалады. Бұл
жағдайда, балалардың мінез-құлқының бұзылуы өмірдің жаңа жағдайларына шұғыл
ауысуы, әдеттері балалар үшін тәртіпті қабылдау және жеткіліксіз дамумен, олардың
бейімделушілік механизмімен түсіндіріледі.
Бірдей және әртүрлі жастағы балаларды индивидуалды-типологиялық
ерекшелігімен олардың жүйке белсенділігін әртүрлі тұрғыда үйретеді. Бір балалар
алғашқы күннен қарқынды реакция көрсетеді: олар ата-аналарынан ажырайтын кезде
айқайлайды, тамақтанудан, ұйқыдан бас тартады, тәрбиешінің әрбір ұсынысына
қарсылық көрсетеді, бірақ 2-3 күннен соң қалыпты жағдайға келеді және өзін жақсы
сезіне бастайды. Басқалары, керісінше, алғашқы күндері сабырлы болады, тәрбиешінің
айтқандарын қарсылықсыз орындайды, ал кейінгі күндері жылай бастайды, ұзақ уақыт Достарыңызбен бөлісу: |