Ольга:
— Вот казашка. Это не шоп, а борщ. Ку-
шай, тоймасаң, спроси добавку. Девочки
береді.
Хадиша:
— Боршынды өзің іше бер. Одан мен шай
ішейін.
Ольга:
— Сама знаешь... Но казир проголода-
ешься. Столовыйды ужынга дейин закры-
вает.
Хадиша шәйнекпен шай алдырып ішеді.
Осы кезде асханаға Зібайда, Дәмелі,
Тәрбия келеді. Әжелер бәрі бірге бір үстел
басына жайғасады.
Дәмелі:
— Әй, Өлгә, бүгін қандай тамақ өзі?
Ольга:
— Борщ.
Дәмелі:
— Бәсе-ау, борша-боршаң шығып отыр.
Ас болсын, қыз-ау!
Ольга:
— Спасибо. Познакомтесь, это - Хадиша.
Зібәйда:
— Құрбым-ау, қай жерден келдің? Қай
бөлмеге орналастың?
Хадиша:
— Ауылдан немереме еріп қалаға көшіп
келіп едім, осы жерге тап болдым ғой.
187
Жаңбыр жауса екен...
Зібәйда:
— Немерең қайда?
Хадиша:
— Немерем бізнесмен болып еді, алты-
ным, қайтейін, қаныпезерлердің қолынан
қаза тапты ғой. (Күрсінеді)
Зібәйда:
— Иманды болсын!.. Шалың қайда?
Хадиша:
— Шалымды жоғалтып алдым. Ол мені
іздеп келуі керек.
Зібәйда:
— Е, жарықтық, сенің іздейтін адамың
бар екен. Біздің ешкіміміз жоқ...
Тәрбия:
— Мына маржамен пәдружка болып
алыпсың ғой. Күндіз жақсы-ау бұл қатын,
түнде ұйқы бермейді.
Хадиша:
— Өлгәні айтамысың? Түнде ұйқы
бермейді дегенді қалай түсінуге болады?
Зібайда:
— Түнде қорылдап ұйқы бермейді. Сосын
үшеуміз жек көреміз.
Хадиша:
— Қорылдайды дейсің бе? Еее, онда
тұрған не бар?
Тәрбия:
— Түнімен біз сияқты ұйықтамасаң
көрер едім.
Хадиша:
— Мен күндіз мызғып аламын да, түнімен
көз ілмеймін.
188
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Зібайда:
— Сен немене оны жақтап қалдың?
Бәлкім, сенде Өлгә сияқты қорылдайтын
шығарсың?!
Дәмелі:
— Екеуін бір бөлмеге жатқызу керек, бір
біріне қосылып, түнімен ән салып шықсын!
Олар күледі.
Хадиша:
— Үшеуің бірдей «қорылдайды» деп
Өлгаға тиіседі екенсіңдер. Қойсаңдаршы?!
Бұл да адамның баласы емес пе?
Тәрбия:
— Мына кемпір есіктен кірмей жатып,
төр менікі дейді ғой. Ақыл айтпа бізге.
Зібәйда:
— Ұйқы бермегені үшін біз бұл маржа-
мен бір бөлмеде тұрмаймыз!
Ольга:
— Эй, старая, много не болтай, мен еш-
кайда бармайды.
Хадиша:
— Бұларың адамшылыққа жатпайды.
Мен Өлганы ешқайда бармайды!
Дәмелі:
— Сен кемпір, біздің ісімізге араласпа!
Болмаса Өлганы өз бөлмеңе көшіріп ал!
Хадиша:
— Көшіріп аламын, несі бар?!
189
Жаңбыр жауса екен...
Әжелер арасында айқай басталады.
Асханаға Ізет пен Гүлбану кіреді.
Ізет:
— Әжелер, бұл не айқай өзі?
Дәмелі:
— Біздің төртеумізді бір бөлмеге,
ал мына кемпірдің өзін бір бөлмеге
жатқызғаның қалай болғаны, а, балам?
Тәрбия:
— Сол төртеудің біреуінің «түнгі дауы-
сы» тракторден де қатты. (мысқылдайды)
Ізет:
— Әжелер, дауды қоялық енді.
Тамақтанып болсаңыздар, асхананы
босатыңыздар.
Әжелер бөлмелеріне кетеді.
Ізет:
— Гүлбану, Ольганы Хадиша ананың
қасына көшіріңіз. Әйтпесе әжелердің
айқайы басылар емес.
Алтыншы көрініс.
Қыс көрінісі. Ольга мен Хадиша
кереуеттерінде жатыр. Бөлмеге Ізет
келеді.
Ізет:
— Ал, әжелер жағдайларыңыз жақсы
ма? Бөлме жылы ма?
190
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Хадиша:
— Жақсы балам. Бөлмеміз жылы, жай-
лы.
Ізет:
— Қыста жылы болсын деп күзде
терезенің саңылауларын мақтамен
тығындап, желімдеп тастадық. Сондықтан
енді терезені ашпаңыздар!
Хадиша:
— Жақсы балам.
Ізет бөлмеден шығып кетеді. Ольга
көрпеге оранып, ұйықтап жатыр. Ха-
диша терезе жапқышын ашып сыртқа
қарап отыр. Дала борап тұр.
Хадиша:
— Ауылда боран ерінсе екі күн, желіксе
жеті күн соғатын еді, қазір қалай екен өзі.
Бала кезімде Мақсұт екеуміз мектептен
қайтып келе жатқанда қар лақтырысып
ойнайтынбыз. Мақсұтты мектепте оқып
жүргенде-ақ ұнатқан екенмін-ау.
Ольга:
— х о х о х о Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х
(қорылдайды)
Хадиша:
— Түуһ, әйел адамда осылай қорылдайды
екен-ау. Әй, Өлгә, Өлгә дейм, тұр! Бір
қырыңмен жатсаңшы.
Ольга әзер оянады.
191
Жаңбыр жауса екен...
Хадиша:
— Оеебууу, бұл байғұста қыр да жоқ
екен ғой.
Ольга орнынан тұрып, төсегін жөндеп,
«О, боже, о боже» деп қайта жатады. Хади-
ша көзі жөнді көрмегендіктен, ауладағы
ескерткішті адам деп ойлап, жалма-жан
Ольганы оятады.
Хадиша:
— Әй, Өлгә, анау не? Қараш! Менің
Мақсұтым емес пе? Сенің көзің жақсы
көреді ғой.
Ольга (ыңыранып):
— Чего? Не сурайды?
Хадиша:
— Әне, ұп-ұзын, қарайып, қозғалмай
тұрған?
Ольга:
— А-а, ол қалай енди... памятник. Па-
мятник неизвестному солдату.
Хадиша:
— Солдат дейді? Қандай солдат? Тірі ме?
Ольга:
— Нет же. Памятник... Ну, казахша
білмейді. Темир солдат. Олген. Билди? Ол-
ген солдат.
Хадиша:
— Е, қараң қалғыр, ескерткіш десеңші.
Мен Мақсұт па деп ойлап қалсам.
192
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Ольга:
— Эх, бедняжка, ты же знаешь там же
есть памятник?! Двор алдында олейкада
есть же. Памятник из гипса. С наружи алю-
минийден, сосын воры тонап кеткен. Сейчас
такое время люди алюминий, железо урлай-
ды.
Хадиша:
— Иә, аулада үлкен ескерткіш бар екен
ғой. Ұмытып кетіппін. Ворлар темір са-
тады дейсің бе? Бұл заманда сатылмаған
не қалды өзі тәйірі. Көп-п ақша беремін
сирағыңды сат десе, аяқсыз жүруден де тан-
байды бұлар...
Ольга:
— Солай, старая, спи. Я тоже буду спать.
Хадиша терезеден көз алмай отырады.
Кенет әлгі ескерткіш жыбырлағандай бо-
лады. Хадиша тағы да көршісін оятады.
Хадиша:
— Өлгә, тұр, тұр деймін, қарашы мына
солдат қозғалып жатыр?
Ольга:
— Что тебе, старая?
Хадиша:
— Қарашы, ана пәмитнік дегенің тірі
адам сияқты қимылдайды.
Ольга: (терезеге үңіліп қарайды)
— О, боже, еще чего не хватало. Он стоит.
Төбесинде воробей тұр. Тебе показалось дви-
жения болғандай. Может, это иволга.
193
Жаңбыр жауса екен...
Хадиша:
— Ыбылғы емес, зарғалдақ шығар
бәлкім, а?
Ольга:
— Мен билмейди, как, зар-гал... а может
быть воробей... Ну короче, спи, дорогая. А
то с утро голова будеть болеть...
Хадиша ойланып қалады. Оль-
га қайтадан көрпесін тарс бүркеніп,
ұйықтауға кіріседі.
Хадиша:
— Қыста ыбылғы жүруші ме еді? Әлде
ыбылғы болып келген Мақсұт па? Өлген
адамның жаны әлдебір мақұлықтың біріне
ауысады деп естіп едім. Терезені ашып,
бөлмеге кіргізіп алсам ба екен?
Хадиша ана кереуетінен тұрмақшы
болады. Бірақ тұра алмайды. Кенет оған
есік ашылғандай сезіледі. Бөлме іші ақ
буға айналып, бір адам кіреді. Бұл адам
есік алдындағы ескерткішке ұқсас. Ол
тіл қатпай Хадишаға қарап, босағада
тұрады.
Хадиша:
— Мақсұтпысың? Келдің бе? Сені күтіп
жатыр едім. Есікті жаба келсеңші, Өлгәға
салқын тиіп қалар.
Мақсұт:
— ??? (үндемейді)
194
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Хадиша:
— Сен мені танымай қалдың ба? Иә,
мен қартайып кеткенмін! Жұрт көрсе, сені
менің балам дер. Сен сірә, сол сөзден қорқып
тұрсың ба?
Хадиша босағада тұрған Мақсұтты
жетектеп ортаға әкеледі.
Хадиша:
— Төрге шық, Мақсұт! Еңлік гүлін
іздеп кеткен екен десем сен соғысқа кетіп
қалыпсың ғой... Менің көзім көрмей қалды,
Мақсұт. Бірақ сені танып жатырмын. Жы-
лап тұрсың ғой, неге жылайсың?
Мақсұт:
— ??? (тағы да үнсіз)
Хадиша (орнынан бір тұрады, бір оты-
рады, залда айналып жүреді):
— Мақсұт, үнсіз тұруыңа қарағанда
ашулы сияқтысың. Туған жерден алыстап,
мұнда неғып жүр дейсің ғой. Тыңда, айтар
әңгімем көп...
Ол үнсіз қалады...
Хадиша:
—Жалғыз қызың Жанатты Терісаққан-
дағы бір бақа Қаңлыға ұзаттым. Одан бір ұл
туып атын Арман қойдық. «Қолыма көшіп
кел, деп еді қызың, бармадым. «Мақсұттың
195
Жаңбыр жауса екен...
түтіні өшпесін — отырамын осында»
дедім. Содан күйеу балаң көкпар жары-
ста аттан құлап, мойны үзіліп көз жұмды.
Сол күйікті көтере алмай артынша қызың
қайтты. Кішкентай Арманға ешкінің сүтін
беріп өсіріп, пәмиләсін «Мақсұтов» деп
жаздырдым. Жалғыз сиырымды сатып,
қалаға оқуға түсірдім. Арман оқуды бітіріп,
Арқалыққа жұмысқа орналасып, мені
қолына алды.
Ол терең күрсінді.
Хадиша:
— Иә, иә, немерең бізнәсмен болып, біз
өзгелерден көш ілгері тұрып едік, әні-міне
үйленем деп жүргенде бақталастары қастық
етті. Содан бері мені үкимат бағып жатыр.
Хадиша Мақсұттың жанына келеді.
Екеуі бір-біріне ұзақ қарап, құшақтасады.
Хадиша жылайды.
Шымылдық
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Жетінші көрініс.
Сахна шымылдығы ашылады. (Бірінші
бөлімнің соңындағы оқиға Хадишаның
түсі болып шығады). Кереуетте Хадиша
сандырақтап сөйлеп жатады.
196
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Хадиша:
— Келдің бе, Мақсұт? Әйтеуір келдің
бе?
Ольга оның бас жағында отырып,
жұлқылап оятады.
Ольга:
— Старая, тебе плохо? Открывай глазки!
Карашы маган.
Хадиша:
— Туу, неге ояттың? Әдемі түс көріп жа-
тыр едім. Мақсұт келіп, мені құшақтап жа-
тыр еді.
Ольга:
— Ой, извини, пожалуйста. Сеники уй-
ыктап жатып сойлеген, катты жылаган, со-
дан мен ояткан.
Хадиша:
— Әй, сорлағыр, мен жылаған жоқпын.
Міне, көзім де, жастығым да құп-құрғақ.
Қайда жылаған?
Ольга:
— Извини, старая, мен тусинбеди.
Хадиша:
— Түсімде Мақсұт ләм-лим жауап
қатпады. Соған қарағанда мені іздеп жүр-ау
деймін.
Бөлмеге Гүлбану келеді.
Хадиша:
— Шырағым, қызым, мына көзі құрғырға
тамызар дәрің бар ма?
197
Жаңбыр жауса екен...
Гүлбану:
— Иә, апа, өзім де мсоған келіп едім.
Гүлбану Хадишаның көзін тексеріп,
дәрі тамызады.
Хадиша:
— Көп жаса, қызым, бақытты бол. Сәлден
соң осы көзім тағы да қышиды. Бұл соқыр
көздің қышымасын жоятын дәрі табылмай
ма, қарағым?
Гүлбану (сасқалақтап):
— Апа, менің қолымда бары осы дәрі
ғана.
Хадиша:
— Осы көзді ойып алып тастаса қайтеді
а? Ондай амал жоқ па, қарағым? Бәрібір
көрмейтін көз ғой.
Гүлбану:
— Олай демеңіз, апа, көзіңіз жазылып
кетеді, әлі.
Гүлбану бөлмеден шығып кетеді. Хади-
ша мен Ольга төсектерінде жатады. Те-
резеге қарап жатқан Хадиша кенет дала-
дан құс көреді.
Хадиша:
— Әй, Өлгә, тұр. Стабай, стабай. Терезе
сморти.
Ольга:
— Что тебе?
198
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Хадиша:
— Стабайт ет те, менің қасыма кел. Ана
шымшықты қара, птитса, птитса...
Ольга терезенің алдына келеді.
Ольга:
— О, боже, бедняжка, замерзла. Оледи,
оледи ол казир... Нет это не воробей.
Хадиша:
— Енді не, байғұс-ау.
Ольга:
— По моему, иволга.
Хадиша:
— Ыбылғы деген не тағы?
Ольга:
— Оныки уясы вон на ту крыше.
Хадиша:
— Е, құдай, зарғалдақ десеңші. Бұл құс
біздің ауылда судың жағасында өрім талдың
бұтағының ұшына ұя салады.
Ольга:
— Мен ауылды не знаю. Иволганы мен
только в городе видела...
Хадиша:
— Терезені ашып, зарғалдақты бөлмеге
кіргізіп аламыз ба?
Ольга:
— Ты что фортачканы нельзя открыть.
Потом врачи нам урысады.
Хадиша:
— Әдірәм қалғыр Өлгә, мана өзің емес па
зәмерзла, өледі деген.
199
Жаңбыр жауса екен...
Ольга төсегіне барып жатады. Хади-
ша кереуетінің үстінде отырып, терезе
қарап ән салады.
Хадиша:
— Сен зарғалдақ, Мақсұт-ау, мен
зарғалдақ,
Екеумізді дүние қойды алдап.
Арамызда алынбас қамал жатыр,
Өтер ме едім қамалдан жұлдыз жалдап.
Мақсұт-ау, қарақ-ай,
Өмір өті-і-іп барады-ай.
Ольга (ашуланып):
— Старая, сен не заргалдак, заргалдак
айта беред? Сен не, иволга, что ли?
Хадиша:
— Иә, ибылғы, өзің ибылғы, қараң
қалғыр.
Хадиша қайта әнін бастайды.
— Сен зарғалдақ, Мақсұт-ау, мен
зарғалдақ,
Екеумізді дүние қойды алдап...
Ольга:
— Ай, старая хватить петь, пойдем столо-
войга.
Хадиша:
— Ә, ә, тамақтанатын уақыт болды ма?
Жүр барайық.
Сегізінші көрініс.
200
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Ауылдан Ізеттің анасы Ақшай келеді.
Қолында үлкен сөмкесі бар. Ол бала-
сын іздеп әр бөлменің есігін ашып қарап
жүреді. Кенет асхана алдында Хади-
шамен кездеседі. Екеуі кезінде ауылда
қатты айқайласып қалғандықтан, жөнді
сөйлеспейтін. Бұл жолы да Ақшай Ха-
дишаны мұқатуға тырысады. Олардың
айқайына Зібайда, Дәмелі, Тәрбия, Ольга
куә болады.
Ақшай:
— Е, е, Хадишамысың? Оебоу, біз сені
қалада аққудай ағарып, жайнап жүр ме
десек, жеткен жерің осы-ау, шамасы.. Беу,
өмір-ай.
Хадиша:
— «Жазмыштан озмыш жоқ», Ақшай!
Құдай салды мен көндім! Мақсұтты күтіп
жүрмін, әні-міне дегенше келіп қалар...
Ақшай:
— Әлі Мақсұтты күтіп жүрсің бе? Ау,
оның жолын тосқалы алпыс жыл өтті ғой.
Байғұстың сүйегі әлдеқашан соғыста қурап
кеткен шығар.
Хадиша:
— Жағыңа жылан жұмыртқаласын,
Ақшай! Келеді Мақсұтым менің, көрерсің
әлі!
Ақшай:
— Осы сен алжығансың, Хадиша. Соғыс
біткеннен кейін елдің қатындары сияқты
әмеңгерлік салтпен қайның Шалабайға тиіп
201
Жаңбыр жауса екен...
алуың керек еді. Тыңдамадың. Отыр енді қу
басың сопайып, қос тізеңді құшақтап.
Хадиша:
— Әй, қатын, Мақсұт өлді деп естіп пе
едің?! Бір жапырақ қара қағаз келгенін
көзіңмен көрдің бе әлде?
Ақшай:
— Ой, жан-жағын жалмаған сорлы.
Шалабайға тимегенің дұрыс болған, әйтпесе
сен қақбас оны да жұтатын едің?!
Хадиша (таяғын жоғары көтеріп,
Ақшайға ұмтылады):
— Тәйт! Ақ итше үріп, аузыңа келгенді
айтпа! Мақсұт аман-есен оралады әлі!
Ақшай:
— Саған сөз шығындап тұрған мен
ақымақпын!
Хадиша мен Ақшайдың дауыста-
ры қатты естіледі. Осы кезде сахнаға
Гүлбану мен Ізет шығады.
Ізет:
— Бұл не шу?
Ізет (Ақшайға қарап):
— Анашым, сіз мұнда неғып жүрсіз?
Ақшай:
— Көптен хабарласпаған соң, қаймақ,
құрт, шұбат алып келіп едім. Үйлерің
құлыптаулы тұрғасын, жұмысыңа келдім
балам. Сөйтсем, мына алжыған кемпір,
сенің қарамағыңда екен ғой. Жібер, мұны,
202
Айгүл ЖҰБАНЫШ
қайтесің өкіматтың ақшасына шығын
қылып.
Ізет (анасына ұрысып):
— Мұныңыз не апа? Жүріңіз, кәне.
Хадиша:
— Ай, балам-ай, өзің ақылды
болғаныңмен, мына шешек шыққыр
шешеңнің көргені аз ғой.
Ақшай:
— Алдымен мен сияқты бала тауып,
тәрбиелеп алсаңшы... Алпыс жыл бойы
өлген адамды күтпей...
Хадиша булығып сөйлей алмай, жылап
жібереді. Ізет анасын алып кетеді.
Гүлбану:
— Хадиша апа, қойыңыз енді,
жыламаңыз. Жүріңіз, асханаға кіріп тамақ
ішейік...
Әжелер асханаға кіреді. Хадиша мен
Ольга бөлек отырады. Зібайда, Дәмелі,
Тәрбия үшеуі енді Хадишаны жамандап
отыр.
Зібәйда:
— Мына кемпір шалымды жоғалтып ал-
дым деп еді. Осы жасқа келгенде шалын
жоғалта ма адам? Алжыған екен ғой өзі.
Дәмелі:
— қыз ау, осының сөзіне сеніп жүрсің бе?
Өтірік айтатыны түрінен көрініп тұр ғой,
ілмиіп.
203
Жаңбыр жауса екен...
Тәрбия:
— «Қотыр атқа соқыр ат үйір» деген.
Өлгә екеуі жақын пәдрөшка болып алыпты
ғой.
Зібайда:
— Осы жасқа келіп өтірік айтатын
кемпірді тәубасына келтіру керек.
Ольга мен Хадиша тамақтанып бо-
лып, орындарынан тұра бергенде оларға
қарама-қарсы отырған Тәрбия кекетіп,
тиіседі. Осы жерде әжелер айқайы баста-
лады.
Тәрбия:
— Әй, Өлгә, нобый пәдрөшке тауып
алғасын бізді менсінбейтін болыпсың ғой.
Үш әже бірінің сөзіне бірі күледі.
Ольга:
— Ай, старая, много не болтай. Еще раз
так будет я убью тебя. Мени түсінген.
Дәмелі:
— Көтек, өбю дей ма?
Зібәйда:
— Әй, Өлгәжан, біз сенің пәдрөшкаңа
ашуланып отырмыз. Соғыста өлген шалын
күтіп жүргені нес?!
Хадиша:
— Замандас, «Күйеуің соғыста өлді»
деген қаралы хабар жетпеді маған. Әлгі
Ақшай кемпір айтқандай, қайныма күйеуге
шыққанда Мақсұтым қайтып келсе қайтер
едім?!
204
Айгүл ЖҰБАНЫШ
Хадиша жылайды. Зібайда, Дәмелі,
Тәрбия үшеуі оны жұбатып әлекке түседі.
Ольга:
— Ну, старая, успокойся. Зачем тебя их
пустые слова?!
Дәмелі:
— Қыз-ау, болды, жылама енді!
Ольга:
— Ай, три бабушки, теперь меня послу-
шайте. Она же слишком замкнутая. Зачем
оны жылатасындар а?! Казир мен барамын
директорга...
Зібайда:
— Өлгажан, бізден бір білместік болған
шығар. Кешір. Бұдан былай тату боламыз.
Бастыққа барма.
Ольга:
— Мен сияқты тихо ходите. Понятно да
вам.
Осы кезде асханаға Ізет кіреді.
Ізет:
— Әжелер, енді сіздер шу көтеріп жатыр-
сыздар ма? Бұл не деген бассыздық?
Дәмелі:
— Қой ,балам, оны кім айтты саған?
Ізет:
— Жаңа асхана қызметкері бөлмеме
келді. Хадиша ана, сізге не болды?
Жылағансыз ба?
205
Жаңбыр жауса екен...
Хадиша:
— Жарығым, мен шаршап кеттім.
Хадиша талып қалады. Әжелер шулап,
қызметкерлер зыр жүгіреді. Хадиша-
ны дәрігерлер носилкамен көтеріп алып
кетеді.
Тоғызыншы көрініс.
Хадиша әлсіз кереуетінде жатыр. Оль-
га оның аузына су тамызып, орамалмен
басын сүртіп отыр.
Хадиша (ұйқыдан шошып оянады):
— Өлгә, уһ-һ,... Мен ұйықтап кетіппін
ғой. Жаңа бөлмеге Мақсұт келмеді ме?
Ольга:
— Нет, старая, он еще не пришел.
Хадиша:
— Ни пришел дейсің бе?... Өлгә-ау,
мүмкін сен байқамай қалған шығарсың а?
Ол можәть келіп кеткен шығар?
Ольга:
— Келмеди. Я тебя не обманываю, доро-
гая.
Хадиша:
— Мақсұттың мені ұмытқаны ма? Сон-
да мен алпыс жыл бойғы ғұмырымды бос
күтумен өткізгенмін бе?
Ольга:
— Успокойся, только не переживай.
Хадиша:
206
Айгүл ЖҰБАНЫШ
— Өлгәжан, сен шаршаған шығарсың?
Ұйықтай берсеңші.
Ольга:
— Ой, старая я не хочу спать. Отырамын
гой касында. Ты спать будешь?
Хадиша:
— Ұйқым келмей жатыр. Сен тыныға
бер. Мен жақсымын ғой.
Ольга бөлме ішінде арлы-берлі жүреді.
Содан соң көрпесіне оранып, Хадишамен
тілдеседі.
Ольга:
— Бедняжка, я заметила что ты очень
скучаешь и ждешь Максута. Можеть быть
он уже умер, а? Уже много время прошел.
Подумай сама...
Достарыңызбен бөлісу: |