А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Қасымбеков А.С.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
ақпараттарды өзінің ғылыми жұмысында қолданудан өтуіне мүмкіндік
беретін ғылыми-оқу ақпараттарын пайдалануы болып табылады.
Кез келген ғылыми негізделген талдау жүргізу кезінде міндетті түрде
ақпараттарды тиімді өңдеу құрылысы мәселелерін шешіп алу керек.
Ақпараттарды іздестіруге және өңдеуге қатысты мұндай талаптар болашақ
педагог-мамандардың ғылыми-педагогикалық қызметке негізделген меңгеру
шеңберінде де жүзеге асырылады. Аталмыш тектес міндеттерді ойдағыдай
орындау үшін жүзеге асырылуы ақырғы қорытындысында олардың табысты
шешілуіне алып келетін қызметтің басымдық түрлерін, шарттары мен
факторларын бөліп алу қажет. Қызметтің мұндай түрлерінің бірі, біздің
ойымызша, қазіргі таңда нақты теориялық негіздемесі жоқ және практикалық
жоспарда белгілі бір қиындықтарға байланысты оның кәсіптік дайындығы
үдерісінде педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру
болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттары
мазмұнында
дербес
ақпараттық
ізденіс
мәселелері
қарастырылатын жекелеген оқу пәні қарастырылмаған. Алайда, оқыту
тәжірибесі көрсеткеніндей, мәселенің кейбір аспектілері «Мәліметтер қоры
және ақпараттық жүйелер» және т.б. пәндерді оқыту үдерісінде талқыланады.
Бұл сұрақтар талап етілген нәтижелерді табумен байланысты оқу пәндері
бөлімдеріне кіріктірілген және болашақ педагог-мамандардың кәсіптік
дайындығының қажетті элементтері болып табылады. Зерттеулер ЖОО оқу
жоспарының
таңдау
компоненттеріне
ақпараттық
іздестіру
пәні
бағдарламасын енгізу есебінен педагог-мамандардың өз бетінше ақпараттық
ізденісін жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетті. Педагог-мамандардың және
оның кәсіптік қызметі үшін қажетті негізгі білімдер, шеберліктер мен
дағдылар
жиынтығы
талаптарын
құрайтын
«Информатика»
мамандықтарының біліктілік сипаттамалары талданды. Соның негізінде
болашақ педагог-мамандардың дербес ізденісін болжамдайтын бірқатар
өзгеше функционалды міндеттерді айқындауымызға мүмкіндігіміз болды.
Олардың
арасында
–
тақырып
бойынша
ғылыми-педагогикалық
ақпараттарды жинауды, өңдеуді, талдау мен жүйелендіруді жүзеге асыруға
қабілеттілік; арнайы әдебиеттер мен басқа да ғылыми-педагогикалық
ақпараттарды зерттеу негізінде ақпараттық шолулар, рецензиялар, есептер
және тағы сол сияқтыларды дайындауды үйрену; қазіргі заманауи есептеу
техникаларын, коммуникация мен байланыс құралдарын меңгеру; жобалау
және зерттеу әдістерін білу, эксперименттер жүргізу, жаңа технологияларды
пайдалана отырып, жоғары білім алудың қажеттілігін сезіну бар. Алайда,
тәжірибе көрсеткеніндей, ЖОО-да болашақ маманды даярлаудың жекелеген
аспектілері жеткілікті дәрежеде
тиімді түрде ұйымдастырылмаған. Мұндай
83
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Қасымбеков А.С.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
аспектілердің бірі оқытушымен ұйымдастырылатын болашақ педагог-
мамандарды дербес ақпараттық ізденіске дайындау болып табылады.
«Болашақ
педагог-мамандардың
дербес
ақпараттық
ізденісін
ұйымдастыру» ұғымын талдау «ұйымдастыру» терминінің мағыналық
маңызына сүйенеді. Ұйымдастыру (орысша – организация) сөзі гректің
«эргон» – «жұмыс» және латынның organ дегенінен шыққан, бастапқыда
«музыкалық
аспап»,
кейіннен
«ұйымдастыру»
(организация)
–
функционалдық жүйедегі, немесе жүйенің өзіндегі элементтер жиынтығына
айналу үдерісі дегенді білдіреді .
Бізді қызықтырған термин педагогика мен психологияда «оқытуды
ұйымдастыру», «өзіндік жұмысты ұйымдастыру», «педагогикалық қызметті
ұйымдастыру» және сол сияқты ұғымдарды жеке анықтаушы ретінде
қолданылады [2].
«Ұйымдастыру» терминінің тұтас семантикалық екі мағынасы оны екі
позиция (ұстаным) тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді: басқару
позициясы және мақсатты болжамдау мен дамудың ішкі процестері
позициясы. Осыдан келіп, біріншіден, ұйымдастыру бұл жоспарлау,
үйлестіру, мотивация және бақылау функцияларының өзара байланысы
үдерісі, және екіншіден, субъектілер тұлғасының қалыптасуы бағыттарында
ұйымдық дамуы үшін және олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін
жағдай жасау және талдау шығатынын көруге болады [2].
Ұйымдастырудың анықтамаларын ескере отырып, жұмысшы ұғым
ретінде мыналарды қабылдаймыз: ұйымдастыру – субъектілер (студент пен
оқытушы) тұлғасының мақсатқа лайық дамуы үшін жағдай жасау мен
талдауды және олардың жоспарлау, үйлестіру, мотивациялау мен бақылау
функцияларының өзара байланысы арқылы жүзеге асырылатын қызметінің
тиімділігін жоғарылатуды болжамдайтын қызметтің ерекше тегі.
Ұйымдастыру – бұл екі жақты процесс. Педагогикалық мағынасында
ұйымдастыру, бір жағынан, өзінің ішкі педагогикалық жағдайына, субъект
ретіндегі жеке әрекет мүмкіндіктеріне, талдауына, сәйкестіктегі әрекеттерін
жоспарлауға, педагогикалық қызметін бақылауға және түзетуге, мақсаттың
ойдағыдай жетістіктеріне бағытталған педагогтың әрекеті ретінде
түсіндіріледі. Ал екінші жағынан, ұйымдастыру өзіне педагогтың басқа
субъект
ретіндегі
педагогикалық
жағдайларының,
педагогикалық
қызметтерінің студентке бағытталған әрекетін кіріктіреді.
Н.Щуркованың
жұмыстарын
талдау
негізінде
келіп
шыққан
ұйымдастыру үдерісі құрылымының негізгі компоненттерін, дербес
ақпараттық ізденіс үдерісін ұйымдастыру үшін қабылдаймыз. Бұл ұстаным
бойынша – дербес ақпараттық ізденісті ұйымдастыру – өзіне үш негізгі
компоненттер жиынтығын кіріктіруі тиіс: білім – шеберлік – қарым-қатынас.
білім –
болашақ мұғалім алдында оқыту-білім беру қызметтері
84
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Қасымбеков А.С.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
шеңберіндегі ақпараттық ізденіс объектілерінің пайда болуын, мағынасын,
мәнін, олардың мазмұнын, функцияларын ашады.
шеберлік – студенттің оқыту-білім беру қызметіндегі басқа да объект-
субъектілермен өзара әрекеттесуде белсенді болу мүмкіндіктерін кеңейтеді,
одан әрі қарай дамуына және ақиқатты қайта жасауға көмектеседі. Өзінің
білімі мен шеберлігі жиынтығында ізденіс объектісін қабылдауға, онымен
өзара әрекеттесуге және оны бағалауға мүмкіндік жасайды.
қарым-қатынас – ақпараттық ізденіс әрекеттеріне тұлғалық мағына
береді.
Жоғарыдағы «ұйымдастыру» ұғымын қарастырған теориялық ойлар
нәтижесінде төмендегі құрылымдық бірліктің педагогикалық мазмұнын
анықтау мүмкіндігі арта түседі. Зерттеу – «болашақ педагог-мамандардың
дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру» ұғымының кәсіптік дайындық
контексіндегі оқытушы мен болашақ педагог-мамандардың кәсіптік
білімдерді үздіксіз жаңалау және толықтырып отыру, аталмыш қызметті
тәжірибелермен байыту, ақпараттық ізденісті өзі ұйымдастыруды сезіну
құндылығы қарым-қатынастарын қалыптастыру жөніндегі бірлескен
әрекеттерін үйлестіруді көрсетеді. Сонымен бірге аталмыш ұғымның
педагогикалық мәнін тұтас талдау педагог-мамандардың дербес ақпараттық
ізденісін ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
П.Пидкасистый мен Ж.Хайдаров зерттеулеріндегі тұжырымдалған
дербес қызметті ұйымдастыру талаптарын, біз, педагог-мамандардың дербес
ақпараттық іздестіру үдерісін ұйымдастыру әдістемесінің талаптарына
төмендегідей етіп сәйкестендірдік:
ақпараттық ізденіс мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігі;
студенттің дербес ақпараттық ізденісті жүзеге асырудың қолдан келетіндігі;
студентті қызмет мақсаттары мен міндеттері хабарламасын кіріктіретін
дербес ақпараттық ізденісті жүзеге асыруға дайындау; жұмыстарды орындау
үшін қажетті тәсілдер мен дағдыларды түсіндіру; ақпараттық ізденісті жүзеге
асыру барысын қадағалау және көмек көрсету; дербес ақпараттық ізденістің
жүзеге асырылған нәтижесін тексеру; студенттің өзін-өзі бақылау тәсілдерін
қалыптастыру.
Сонымен қатар, оқып-машықтанушылардың өзіндік қызметтерінің
жаңадан өндіруші және өнімділік сипаттағы критерийлері болып қызмет
жасайтын екі негізгі белгісін бөліп қарастырамыз:
қызмет нәтижесі (өнімі) және қызмет барысының (процесс) тәсілі.
Бұл жағдайда, студенттердің өзіндік дербестік деңгейі, шешілуі тиіс
мәселелердің сипатына және оларды шешудің тәсілдеріне байланысты болып,
үйрену құралы білімді, шеберлікті және дағдыны меңгеру ғана емес,
85
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Қасымбеков А.С.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
сонымен бірге қызмет үдерісінің өзі де болып табылатындығын атап
көрсетуге болады.
Зерттелінудегі педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін
ұйымдастыру үдерісі – қолданыстағы бар ұйымдастыру мақсаттарын,
педагогикалық шарттарын, әдістерін, тәсілдерін, жетістік құралдарын және
сатыларын қарастырады.
Мақсат, біздіңше, болашақ педагог-мамандардың дамуы мен
қалыптасуын, кәсіптік қызметіне қабілеттілігі ретінде анықталады. Мақсат
жетістіктерінің практикалық міндеттері болашақ педагог-мамандардың
дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру біртіндеп, сатылы түрде жүзеге
асырылады.
Дербес ақпараттық-ізденіс үдерісін ұйымдастыру әдістерін ғылыми-
педагогикалық оқыту әдістерімен салыстыра отырып, оқыту әдісіне
(И.Лернер, М.Скаткин) сәйкес келетін бірнеше циклдарға бөлдік. Өйткені,
осы жіктеу негізінде білім беру мазмұнын меңгеру жөніндегі оқытушы мен
студенттер қызметінің сипаттары – белсенділігі мен дербестігінің өсу
деңгейлерінің мәндері бейнеленген [3].
Аталмыш тәсілді негізге ала отырып, біз педагог-мамандардың дербес
ақпараттық ізденісін ұйымдастыруды шартты түрде төрт циклге бөлдік.
Бірінші цикл – бұл үлгі (репродуктивті әдіс) бойынша жұмыс. Ол
студенттерді дербес ақпараттық ізденісі туралы білімдерді алуға қатысты
сұрақтарды жариялаған әдістемелік нұсқаулармен таныстыруды өзіне
жүктеуі тиіс. Бұл циклдің жұмысын орындау кезінде студенттердің
танымдық қызметі келесі дербес жұмыстың неғұрлым күрделі сатыларын
орындау үшін қажетті білім негіздерін меңгеруге бағытталған жеке
практикалық қызметі негізінде еске түсіру деңгейі келіп шығады. Бұл цикл
жұмысының басты сипаттамасы бойынша әрекеттің белгілі жалғасушылығы
түрінде ұсынылған тапсырманы орындау үдерісі болып табылады. Бұл
жұмыстар студенттердің дербес ақпараттық ізденісін неғұрлым жоғары
деңгейде жүзеге асыруға өту үшін жағдайды қамтамасыз ететін білімнің,
шеберліктің, дағдының қажетті қорларын жасайды.
Екінші цикл – бұл реконструктивті-вариативті жұмыстар (мәселені
баяндау), студенттер орындау кезінде бірінші цикл сабақтарында алған білімі
мен шеберлігін жаңадан жасауды, талдап қорытуды, қатыстыруды өткізу
қажеттілігімен байланысты шарттарды алдына қояды. Бұл циклдың
тапсырмасы дербес ақпараттық ізденісті жүзеге асырудың бұрыннан белгілі
тәсілдеріне қарай, сондай-ақ жаңа мәселелерді шешу кезінде бірінші цикл
сабақтарында алынған білімдерді, сонымен бірге әр түрлі вариациялар мен
тәсілдерді пайдалана отырып, студенттердің шеберліктері мен дағдыларын
жасауға бағытталуы тиіс. Студенттерде ең бастысы техникалық шешімдерді
бөліп алу, өткізілген эксперимент бойынша нәтижелерді графикалық
86
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Қасымбеков А.С.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
бейнелеу, ғылыми-педагогикалық ақпараттарды іздестіру аппараттарын
қолдана білу, эксперимент нәтижелері бойынша есептер құрастыру, есептік-
графикалық тапсырмаларды орындау, алынған мәліметтер негізінде
қорытындылар жасау шеберліктері шыңдалады. Студенттер реконструктивті-
вариативтік тапсырмаларды орындауы үшін тек қана белгілі бір білімдерді
меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге жаңа жағдайларға бейімделе отырып,
қиюластыра, қайта жасай білулері де керек.
Үшінші цикл – жарым-жартылай-іздестіру жұмыстары (жарым-жартылай-
іздестіру әдісі). Бұл цикл тапсырмаларын орындау үдерісінде студенттер
бастысын бөліп ала білу шеберлігіне, орындалатын жұмыс бойынша талдап
қорытынды жасай білуге жаттығады. Сонымен бірге оқытушыны студент
алдына мәселе қоюға алып барады. Оқытушының тікелей қатысуымен
студенттер арасында ашық пікірталастар тудыру мүмкіндіктері туады.
Оқытушы сонымен бірге не мәселені шешудің жоспар-бағдарламасын береді,
не оларды шешуде студенттер қозғалысына жеңілдіктер жасайды. Немесе
мәселені жеке-жеке бөліп, оның жиынтығы негізгі мәселені шешуге ықпал
етеді, және осылайша, студенттер мәселені жарым-жартылай шешеді.
Аталмыш цикл студенттерге іздестіру қызметінің дағдыларын алуға, зерттеу
қызметінің жекелеген элементтерін игеруге көмектеседі, бірақ тұтас зерттеу
өткізу тәжірибесін алуға мүмкіндік жасамайды.
Төртінші цикл – дербес жұмыс (зерттеу әдісі), оның мақсаты –
тапсырмаларды орындау негізінде дербес ақпараттық ізденісі тәжірибесін
одан әрі дамыту.
Бұл жағдайда оқытушылар міндеті болашақ педагог-мамандарды
баяндамаларда және жазбаша хабарламаларда дербес ақпараттық ізденісі
нәтижелері туралы ақпараттармен алмасуға үйретумен қорытындыланады;
олардың бойында өз көзқарастарын дәлелдей білуді, өз топшылауларын
қорғай білуді қалыптастыруы тиіс. Сонымен бірге оқытушы іздестіру
үдерісіне бағыттайды.
Бұл циклдің тапсырмасы педагог-мамандардың оқу-кәсіптік мәселелерді
алдына қоюға және шешуге қарым-қатынастық қызығушылығын, ойлау,
объективтілік дербестігін қалыптастырады. Студенттердің мәселені қоюдағы
және нақты пікірталастар үдерісіндегі оларды шешу нәтижелері мен
пікірлесу барысындағы мінез-құлығын түзету дағдыларын жасауға,
талқыланып отырған сұрақтар бойынша көзқарастарын, идеяларын, білімдері
мен тәжірибелерін еркін алмасуға мүмкіндік береді. Педагог-мамандардың
дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастырудың табысы мен тиімділігі, сондай-
ақ, оқытушылардың оны ұйымдастырудың вариативті формаларын шебер
пайдалануына да байланысты.
87
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Қасымбеков А.С.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
Ғылыми-педагогикалық
зерттеулерде
ұсынылған
«оқытудың
ұйымдастырылған формалары» ұғымының әр түрлі түсіндірмелерін дербес
ақпараттық ізденіс үдерісінде қолданамыз. «Оқытуды ұйымдастыру формасы
– бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекеті ерекшеліктері, басқару мен өзін-
өзі басқару ара қатысы, оқыту орны мен уақыты ерекшеліктері, оқушылар
саны, мақсаты, құралдары, оқыту әдістері мен нәтижелері мазмұны
тұрғысындағы оқыту үдерісінің тұтас жүйелік сипаттамасы [4].
Дербес ақпараттық ізденіс үдерісін ұйымдастыруда Т.Давыденко,
Т.Шамова, Г.Шибанов ұсынған оқытудың ұйымдастырылған формасын
қабылдап [5], оларды төмендегі ортақ мақсаттарға біріктірдік:
Жаңа білімді меңгеру – лекция, практикум, зертханалық жұмыс. Алған
білімді баянды ету, дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру – практикум,
зертханалық жұмыс, семинар, кеңес беру. Жаңа жағдайлар кешенінде
мақсатқа лайық шеберлікті шыңдау, білімді өз бетінше алу – семинарлар,
диспуттар, пікірталастар. Жеке білімді талдап қорыту және оларды
жүйелендіру – конференциялар, талдап қорытатын материалдар бойынша
сабақтар, семинарлар. Білімді, шеберлікті, дағдыны меңгеру деңгейін
анықтау – білімді бақылау және түзету жөніндегі сабақтар, коллоквиум,
семинар-сынақ, білімді қоғамдық қарау.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін тұтас
ұғыну үшін олардың кестеде көрсетілген сипаттамаларын қарастырамыз.
Дербес ақпараттық ізденісті ұйымдастырудың қажетті құралы оқытушы
тарапынан бақылау жасау болып, сонымен бірге ізбе-із, ең бастысы, өз
уақытында жүзеге асырылады және дербес ақпараттық ізденіс нәтижелері,
студенттер жұмысының тиімділігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Сол
кезде оқытушы рөлі бақылаудың сан-алуан түрлерін қолдана отырып,
студентті мәжбүрлеп емес, керісінше оны кәсіптік білімдерін өз бетінше
жаңарту және толықтыру бойынша жүйелі жұмысқа талаптандыру арқылы
арта түседі.
Мәселен, оқытушы бастапқы сатыда көмекші рөлінде шығады, сенімді
диалог кезінде оқытушыға бұл қызметтің тиімді түзетілуінің бастапқы шарты
болып табылатын пайдаланушының дербес ақпараттық ізденісін жүзеге
асыруда қиыншылықтарды тудырады. Мұндай бақылау пайдаланушының
дербес ақпараттық ізденісі дайындығының негізгі деңгейін неғұрлым нақты
көрсете алады. Студенттердің оқытушы тарапынан психологиялық-
педагогикалық қолдау жағдайында өз қызметін шынайы бағалауға, соңғы
нәтижесі үшін жауапкершілігін ұғынуға мүмкіндігі бар. Дербес ақпараттық
ізденіске дайындығы дамуының шаралары бойынша бақылау функциясы
оқытушы тарапынан төмендейді және студент тарапынан өзін-өзі бақылау
ауыстырылады.
88
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2011
Қасымбеков А.С.
Дербес ақпараттық ізденіс үдерістерін ұйымдастыру
Сонымен, біз оқыту әдістеріне сәйкес, кәсіптік дайындық үдерісіндегі
педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру сатыларын
анықтадық. Ол сатылар – бағдарлау, қатыстыру, белсенділендіру деп
аталады. Әрбір саты өзіне мыналарды кіріктіреді: педагогпен белгілі бір
міндеттерді шешу, педагогикалық әрекеттерді жүзеге асыру, сәйкес формалар
мен әдістерді, сондай-ақ болашақ педагог-мамандардың қызметінде пайда
болған нәтижелерді пайдалану.
Педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру
сипаттамалары
Әдіс
Форма
Оқытушы қызметі
Студент қызметі
Нәтиже
Р
еп
ро
ду
к
-
ти
вті
к
Әңгіме, лекция
зертханалық
жұмысты
түсіндіру,
практикум
Дайын
ақпаратты хабарлау
Еске түсіру.
Оқытушы тапсырмасы
бойынша
қызмет тәсілі
Студенттердің дербес ізденісті
неғұрлым жоғары дәрежеде
жүзеге асыруға өтуі қамтамасыз
етіледі: білімді меңгеруі және
дербес ақпараттық ізденісі
шеберлігі
М
әсел
ен
і
ма
зм
ұн
да
у
Практикум,
Зертханалық
жұмыс,
семинар.
Кеңес беру
Мәселенің қойылуы,
шешілуі, мазмұндау
қисынын көрсету,
міндетті шешу жолы
Дербес ақпараттық
ізденісі дағдысы
шеберлігін жасау;
материал мазмұндамасы
қисынын игеру.
Дербестіктің пайда болуы,
білімді бекіту және дербес
ізденіс шеберлігі
Ж
арт
ы
л
ай
із
дес
ті
ру
Пікірталас
семинарлар
диспут
Мәселенің қойылуы;
Тапсырманы
құрастыру.
Бастысын бөліп алуды
білу, орындалатын
жұмыс бойынша
қорытынды жасай білу.
Іздестіру қызметі дағдысы,
жаңа жағдайлар кешенінде
білімді дербес, мақсатқа лайық
қолдана білу
Зертте
у
Конференция,
талдап қорыту
семинарлары
Мәселенің қойылуы
Мәселені өз бетінше
шешу
Дербес ақпараттық
ізденісті жүзеге асыру
Дербес ақпараттық ізденіс үдерісін сатылап ұйымдастыру: бағдарлаудан
қатыстыруға және белсенділендіруге, кәсіптік білімді үздіксіз жаңалауға
және толықтыруға құндылықтық қарым-қатынасты қалыптастыру, дербес
ақпараттық ізденіс тәжірибесін байыту, дербес ақпараттық ізденісті өзі
ұйымдастыруды ұғыну жөніндегі оқытушы мен студенттердің бірлескен
әреттерін үйлестіруді көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Басова Т.Б. О некоторых аспектах совершенствования профессиональной педагогики будущего
специалиста / Т. Б. Басова. - Режим доступа:
crimlaw@ramblcr.ru
2.
Андриенко А.В. Приобщение личности к научно-исследовательской деятельности: монография /
А.В.Андриенко, В.В.Игнатова, Л.Г. Деянова. - Красноярск, 2002. - 147 с.
3.
Гулидош И.В. Педагогич. основы адаптации будущих учителей к информационным технологиям в
образовании: автореф. дис. канд. пед. наук: 13.00.01 /И.В.Гулидош. - Новокузнецк, 2000. -22 с.
4.
Андреев В.И. Педагогика: учебный курс для творческого саморазвития / В.И.Андреев. - Казань, 2000.
-340 с.
5.
Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения /В.П.Беспалько.-М., 1995. - 122 с.
|