И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

5. Песни разных народов: 96, 100, 207, 208, 256, 346, 450, 522.

6. Жиырма бес қазақ әні: 399.

7. Өлең-әндер: 139, 168, 204, 276, 294, 356, 383, 438, 470, 

487, 554.



8. Батыс Қазақстанның қырық халық әні: 20, 24, 142, 240, 

260, 262, 321, 462, 544.



376

377


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

9. Қазақстанның халық әндері: 10, 16, 27, 42, 59, 61, 74, 81, 

83, 84, 97, 98, 101, 124, 135, 167, 171, 174, 182, 184, 188, 199, 

212, 245, 257, 258, 275, 277, 319, 330, 347, 358, 382, 386, 390, 

393, 410, 412, 422, 427, 454, 487, 491, 524, 526, 552.



10. Қазақтың лирикалық халық әндері: 160, 287.

11. Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы: 2, 3, 9, 

13, 19, 21, 30, 33, 38, 39, 41, 45, 46, 52, 54, 59, 67, 69, 71, 75, 76, 

77, 82, 86, 87, 88, 95, 102, 104, 107, 108, 112, 113, 115, 116, 121, 

128, 130, 132, 134, 140, 148, 153, 155, 157, 158, 161, 165, 170, 

175, 177, 185, 186, 193, 195, 200, 202, 205, 209, 210, 211, 213, 

215, 216, 228, 231, 232, 233, 235, 237, 239, 244, 248, 249, 251, 

270, 271, 274, 281, 285, 289, 292, 297, 303, 305, 308, 309, 311, 

312, 313, 314, 318, 322, 323, 324, 325, 326, 329, 331, 334, 335, 

348, 342, 348, 349, 350, 355, 357, 360, 361, 366, 370, 371, 378, 

387, 394, 406, 413, 432, 433, 435, 437, 439, 447, 449, 453, 456, 

457, 458, 459, 460, 463, 467, 468, 477, 479, 480, 489, 490, 494, 

497, 498, 502, 505, 506, 510, 514, 518, 519, 521, 523, 533, 534, 

539, 540, 547, 549, 550, 551, 553, 557, 558.

12. Қазақтың халық әндері: 4, 14, 23, 31, 37, 89, 92, 206, 

223, 416, 428, 471, 472, 488, 508.



13. Қазақтың халық әндері: 85, 99, 125, 162, 178, 201, 293, 

295, 296, 343, 344, 473, 545.



14. Орынбор экспедициясының материалдары: 51, 65, 70, 

78, 94, 146, 150, 328, 452.



15. Қостанай-Орынбор экспедициясының материалдары: 

26, 29, 53, 136, 147, 172, 225, 259, 264, 300, 302, 315, 316, 374, 

405, 408, 451, 464, 469, 529, 537.

16. Шығыс Қазақстан экспедициясының материалдары: 

5, 6, 7, 49, 64, 190, 224, 317, 516, 530, 531.



ӘН-ӨЛЕҢДЕР

17. Маңғыстау экспедициясының материалдары: 58, 119, 

236, 336, 351, 483, 532.



18. «Қазақстанның батыс аймағының ән мәдениеті» 

зерттеуінің қосымшасы: 40, 44, 47, 80, 149, 176, 265, 266, 267, 

268, 340, 430, 431, 500, 548, 555.

378


МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ, ДІНИ 

ЕСІМДЕР ЖӘНЕ РУ АТАУЛАРЫ



Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарыш әлемін, тіршілік дүниесін жә-

не қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бір дей, 

жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. 

Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла 

мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі 

Оған ешкім тең емес»

1

.

Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, 



жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол 

адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла 

барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразы 

лап, 


біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібереді. Адам-

дарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл 

пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.ә.с.)

2

—Алланың 



адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны 

Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23 жылда толық түсті. 

Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те 

емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген-

дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі 

Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті 

қара тас бар.

Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымды-

лығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі 

1

 Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі. 



2

 с.ә.с.—салла Аллаһу әләйһи уа-с-салам: Алланың жарылқауы мен қолдауы 

пайғамбарымыз Мұхаммедке деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет 

Мұхаммедтің атына жалғаса айтылады, жазылады. 

378


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

380


көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім 

(жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жара-

тушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жап-

пар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.

Алланың атын зікір ету рәсімі—«Аллаһу акбар» деген ма-

дақ сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилләһи, Сұбхан Алла сөзде-

рін отыз үш реттен айтып, тасбих тастарын санамалау арқылы 

жүзеге асады. 



Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлының басты рулардың 

бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Байұлыда: Есентемір, 

Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ құрайды. 

Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағынан да алдыңғы 

орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта шеніндегі есеп 

бойынша, Адайлар қырық мың түтін болған. Олар негізінен 

үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімбердіден тарайды.

Айдабол—Орта жүз Арғын тайпасынан тарайтын ру.

Атығай—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре 

бойын ша, Орта жүздегі Арғын тайпасынан таратылады. Он екі 

Дәуіт ата Атығай, Атығай-Қарауыл деп те аталады. «Ақтабан 

Шұбырындыда» Сыр бойынан ығысып, Көкшетау, Қызыл жар, 

Омбы өңіріне келіп орын тепкен.

Әмір Темір (Темір бин­Тарағай Барлас,  Ақсақ Те мір,  Те­

мірлан) (1336-1405 жж.) — Орталық Азиядағы ортаға 

сыр-


лық ұлы билеуші, қолбасшы. Әмір Темір (Тимурид, Темір би­

лігі) империясының негізін қалаушы, түркілердің Барлас 

руы нан шыққан тарихи тұлға. Ол Кеш (қазіргі  Шахри сабыз 



қаласы) қаласында туған. Ол өзінің қайратымен, ақы лымен 

бектер бегі дәрежесіне жеткен соң Шағатай ұлысы—Моғол-

стан 

ның билеушілеріне қарсы  көтеріліс бастап, Орта Азия 



түркілерінің тәуелсіз мемлекетін құрды. Ата-тегі бойынша 

моңғол Шыңғысхан ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазы-

мы «хан» деп аталмай, «әмір» деп аталған. Ол Шыңғыс ұрпағы 


381

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

380

Тоқтамыс ханмен ұзақ жылдар бойы соғыс жүргізіп, Алтын 



Орданың құлауына ықпал етіп, оның мемлекеттік жүйесі мен 

мәдениетін қиратушы ретінде тарихта қалды. Ол Орта Азия 

аймағында ортағасырлық араб-парсы және түркі мәдениеті мен 

ғылымының дамуын қолдап, өркендеуіне жағдай жасады. Әмір 

Темір Қазақстандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салдыр ды. 

Жанқозы—Орта жүз найман тайпасынан тарайтын ру.

Кердері—Кіші жүздің Жетіру тайпасының құрамына кі-

ретін ру. Кердерінің шығу тегі тарихи әдебиетте Хорезм-

нің солтүстігінде Кердері деген өз мемлекеті болған ғұн-

кидариттардың тағдырымен байланысты қаралады. Кердері 

мемлекет кезінде күшті болған. Соның атымен 10-ғасырда 

Арал теңізі Кердері теңізі деп те аталған. Осы мемлекеттердің 

ескерткіштерінің бірі—Жанкент қаласы. Оның қалдықтары 

қазіргі Қазалы стансасының төңірегінде. Қазақтар мен қара-

қал пақтардың халық болып құрылу барысында Кердерілердің 

бір бөлігі қарақалпақтардың Мүйтен тайпасының құрамы-

на, ал екінші бөлігі Кіші жүз қазақтарының құрамына енген. 

«Ақтабан шұбырынды-алқакөл сұлама» кезінде Кердерілер 

Арал бойынан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағы 

мен Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. Керде-

рі Құлтай, Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас т.б. аталарға 

бөлінеді. Кердерінің ұраны—Қожақмет.



Қанжығалы—Орта жүз арғын тайпасынан тарайтын ру.

Қаржас—Орта жүз арғын тайпасынан тарайтын ру.

Момын—Орта Жүз арғын тайпасы құрамындағы рулар 

бір лестігі. Момын ұрпақтары атығай, қарауыл, қанжығалы, 

бәсентиін, тобықты, саржігіт, шақшақ, бұлар «жеті Момын» 

деп те аталады. Момын рулары Орталық, Солтүстік, Шығыс 

Қазақстан аймақтарын мекендеген. Таңбасы көз—(оо), ұраны—

Ақжол.


ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Найманқазақ халқын құрған ежелгі түркі түркі тай-

па 


ларының бірі. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, «най-

ман» атауы моңғолша «сегіз» деген мағынаны білдіреді. 

Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес болды. 

Олар XIII ғасырдан бастап «Сегіз оғыз», кейінрек «Цзбубу» 

одағын құрды. ХІІ ғасырдың 2-жартысында күшті мемлекет 

болғандығын тарихшылар жоққа шығармайды. Найман баты-

сында қаңлы, қыпшақ; шығысында керей, меркіт; теріскейін де 

қырғыз; оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоныс-

тас болған. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде Найман хан-

дығы құлап, ыдырағаннан кейін өздерінің байырғы ата қоны-

сына таяу Ертіс, Алтай алабына қоныс аударып, Үгедей хан ның 

ұлысына қарады. Қазақ халқының шежіре деректері бойын  ша, 

Найман ұлысы Орта жүзге кіреді. Найманнан: Терістаңба лы 

(кейде—елата), Сарыжомарт (Ергенекті найман), Төлегетай де-

ген рулар бірлестіктері тарайды.

Ноғай—Алтын Орда мемлекетінен бөлшектенген кіші хан-

дықтардың бірінің және қазіргі түркі тілес ноғай халқының та-

рихи мемлекетінің атауы. ХV-ХVІІ ғасырларда Ноғай, Ноғай-

лы, Ноғай Ордасы деген атаулармен белгілі. 



Сүйіндік—Арғынның Мейрам деген баласынан тарайды. 

Сүйіндік өз ішінде: Қаржас, Орманшы, Құлболды, Жанболды, 

Мәжік секілді аталарға бөлінеді.

382


Адекалон (одеколон) /о./—иіс су, әтір

Ақсары—бүркіт тұқымдасына жататын жыртқыш құс

Алаша—асыл тұқымды түйе мен жабы түйе арасынан шық-

қан будан



Атлас—бір беті жалтыр, сусымалы жібек мата

Әудем жер—жай көзге көрінетін жер, жақын арақа шық-

тық


Әупілдек—су, өзен бойындағы қамысты жерлерді мекен-

дей тін  құс



Бағидат /а/—мәңгілік

Балақбау—аңшылық құстарының аяқтарын байлайтын 

қайыс бау 



Батпан— төрттен бастап он алты пұтқа дейін тартылатын 

салмақ өлшемі



Бәлдену  (бәлсіну)—қыңыраю, қиястану, тұмсығын көкке 

көтеру, кекірею



Бәт құндыз /к.с./—жоғары сапалы, қымбат бағалы құндыз 

терісі


Бөз—матадан тоқылатын, жұқа арзанқолды ақ мата

Бұла /к.с./— ақ көбігін ағызу, қатты терлету

Ғазиз (әзіз)—құрметті, мәртебелі деген мағынада

Ғизатлу /а/—ерлік, батырлық

СӨЗДІК


382

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

384


Дуан /к.с./—жер аумағының атауы, бұрынғыша бір аудан 

(қисым, уез) көлемдегі аумақ және оның орталығы



Дұхтар-бану /п/—қыз-келіншек

Дүрия көйлек—жалтырауық жібек матадан тігілген көй-

лек


Жағалтай—лашын тектес кішкене жағал құс

Жадағай—жалаң, құрғақ, дәйесіз, жұтаң

Жайшы /к.с./—Құдайға жалбарынып, дұға оқу арқылы ауа 

райын өзгертетін, жауын, қар жаудырып, найзағай ойната ала-

тын сиқырлы күші бар адам 

Жамбы /арх.)—әр түрлi пішінде (тай, тайынша, қой тұя-

ғындай) құйылған, салмағы әрқалай ақша орнына жүретін 

таза, сом күмiс

Жанат ішік—қымбат бағалы аңның терiсiнен тiгiлген, 

жұм сақ жүнді сыртқа киiм



Жаппар /а/—ұлы, құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің 

бірі


Жасаған—Құдай, Алла, жаратушы

Жұдалық—ештеңесіз, құр алақан, жұрдай 

Зыннат /п/—қымбат бағалы, асыл

Кәмшат—терісі бағалы аң және оның терісінен жасалған 

киімнің түрі



Кәмар белбеу (Кемер)—жағалы киімдердің сыртынан буы-

натын, өрнек-нақышпен бедерленген жалпақ былғары белбеу



Кәрлен—кесенің түрі, әдемі ою-өрнек салынған сырлы 

ыдыс 


Кердері—үлек пен маяның шағылысуынан туған жүнсіз, 

жіңішке денелі түйенің ұрғашысы; біртума мая мен үлектің 

екінші ұрпағы, жөнмая мен үлектің үшінші ұрпағы.

Кеней—асық ойынында ұпайға тігілетін кішігірім асық

Күлше—нанның түрі, шоқтың қоламтасына көміп пісіріл-

ген нан


385

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

384

Қарасор—құрғақ, сортаң, құнарсыз жер

Қауыс /к.с./—күздің ең соңғы айы; қараша айына сәйкес 

келеді


Қиуа—қазақ елінің оңтүстігіндегі көршілес мемлекет, мә-

тін бойынша алыс жер, қиян, шалғай аймақ.



Қияқтау—құлақтап жапырақ шығара бастау

Қопа—құрақ өсетін жер

Құлжа—арқардың еркегі, қошқары

Қызғыш—желкесінде қара қауырсынды айдары бар, кіш-

кентай қоңыр ала құс.



Кәріс—жұқалау тоқылған жібек мата 

Қылаң—табиғаттың, бояудың түсі, бозғылт түсі басым, ақ-

шыл түсі айтады.



Қынау—киімнің белін қынама етіп тігу

Лағыл—қызыл түсті асыл тас; рубин; қызыл жақұт

Манат—сырт киімдік қымбат мата

Мизам—тамыз айының ескіше аты

Мия—дәні ащы, ақшыл-қызыл түсті өсімдік

Нәл (нал) /п./—таға, аяқ киімнің табанына тігілетін, мал-

дың табанына орнатылатын зат.



Намаздыгер—күннің еңкейіп, батуға таяған кезі

Намазшам—кешкі намаз оқылатын кез, ақшам намазының 

уақыты


Оба—тастан, топырақтан үйіліп жасалатын көлемі мен биік-

тігі әр түрлі төбе, биік жер, қорым.



Өмілдірік—аттың омырауына салынып, ерді артқа сыр ғыт-

пай тұратын ат жабдығы.



Өңір—киімнің екі алдыңғы бойы деген мағынада 

Порым /о/—орыс тіліндегі «форма» деген сөздің қазақ тілі 

заңдылығымен енген түрі, пішін, келбет.

25-0256


386

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Пұшпақ—малдың, аңның сирақ терісі

Рауан—таң ата бастаған кездегі алғашқы жарық сәуле, нұр

Сиез (сьезд) /о/—құрылтай жиналыс, белгілі бір өзекті мә-

селеге байланысты шақырылатын жиын.



Сұқсыр—сары түсті кішкене үйрек

Сырғалық—құлақ қалқанының сырға тағылатын төменгі 

ұшы, қаумет



Такбир /а/—айла, амал-тәсіл

Тепсең—мал жайылатын ойлы-қырлы, текше-текше немесе 

жазық алап, аумағы әр түрлі жер.



Тұйғын—қаз, үйрек т.б. аулап қоректенетін лашын тұқым-

дас жыртқыш құс.



Түни—сұлу, сымбатты, көрікті

Үммет—мұсылман дінін мойындайтын, соған берілген адам 

немесе қауым.



Үшдап /ж.с./—екі түсті жуантық жіппен тығыз тоқылған 

бедерлі жібек матаның бір түрі.



Хорлығайым, Хорлы-Ғайын  (Қорлығайым, Қорлығайын,) 

— түбі шығыс елдерінен енген, бұрынғы қисса-дастандарда ай-

тылатын сұлу қыздардың есімі.

Шағи—жұқа, жұмсақ, таза тінді жібек мата

Шалғайлану—шалғайына жармасу, иектеп алу

Шамси-қамар /а/—күн мен ай

Шәмсия /а/—күн

Шаңырқау—шаңдату, шаң шығару

Шарқат—әйелдердің басына тартатын тоқыма киімі, түбіт 

шәлі орамал.



Шәйі орамал—әйелдердің бас киімінің түрі, өте жұқа жі бек 

орамал


Шілік—сулы жерде өсетін жіңішке, солқылдақ бұта.

386

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ



Ақкөл—жер атауы, орындаушының немесе ән-өлең кейіп-

кері қонысының атауы болуы мүмкін. Осы аттас жер-су атау-

лары Қазақстанның әр жерінде ұшырасады.

Аққұм—жер атауы, орындаушының немесе ән-өлең кейіп-

кері қонысының атауы болуы мүмкін. Осы аттас жер-су атау-

лары Қазақстанның әр жерінде ұшырасады.

Ақмола—жер атауы, орындаушының немесе ән-өлең 

кейіпкері қонысының атауы болуы мүмкін. Осындай жер-

су атаулары Қазақстанның әр жерінде ұшырасады. ХІХ-

ХХ ғасырлар басында Қазақстанның солтүстігінде Есіл өзені 

бойында орналасқан ірі елді мекеннің бірі Ақмола аталған. Ол 

қа зіргі Қазақстанның орталығы—Астананың ескі атауы.



Алатау—тау атауы. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай мем-

лекеттерінің аумағында орналасқан ірі тау жоталарының жал-

пы атауы. Олар: Күнгей Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Ала-

тауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. бөлінеді.



Алтай—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. 

Солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпа-

тынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстікте-

гі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс 

бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік 


388

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен 

жалғасады.



Арал—сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Осы аттас 

Қызылорда облысында қала және аудан орталығы бар.



Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл 

Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды 

білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік 

Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих-

шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты 

еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен 

шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді 

бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.



Арқалық қаласы—Орталық Қазақстандағы қала. Ол бұры-

нырақ Торғай облысының орталығы болған. Қазіргі кезде ол 

Қостанай облысы Арқалық ауданының орталығы. Қаланың 

негізі 1956  жылы салынды, қала статусына 1965 жылы ие бол-

ды.

Ащыкөл—көл атауы, ән-өлеңді айтушының немесе ән-өлең 

кейіпкері қонысының атауы болуы керек. Осы аттас жер-су 

атау лары Қазақстанның әр жерінде ұшырасады.

Бағдат—қазіргі Ирак мемлекетінің астанасы. Тигр өзені-

нің екі жағын бойлай Дияла өзенінің сағасына жақын салын ған. 

Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген атпен 

халиф Мансур 762 жылы салдырған. Бағдат—орта ғасыр ларда 

араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған қалалардың 

бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары оқып, білім алған. 

Ертедегі Шығыс елдерінің шығармалары арқылы қазақтар ара-

сына жайылған Бағдат қаласы туралы мәлімет көптеген халық 

әдебиеті шығармаларында орын алған. 


388

389


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Баянауыл—Қазақстанның солтүстігіндегі тау жотасы, ау-

дан орталығы және аудан аты. Жергілікті тілде «Баянаула» деп, 

ал оның шығыс биік жотасы «Жаманаула» деп аталған. Атау-

дың мағынасы «тау қыры көп, таулы жер» дегенді білдіреді.



Бұқар—Орталық Азиядағы бұрынғы мемлекеттің, қазіргі 

Өзбекстандағы облыстың атауы, орталығы—Бұқара қаласы. 

Шаһар XVIII-XIX ғасырларда өркендеп, исламның ықпалды 

тірегіне әрі діни-ғылыми орталықтарының біріне айнала баста-

ды. Бірқатар мұсылман халықтары, оның ішінде қазақтар да 

оны «Бұқара-и Шәриф», яғни «қасиетті қала» деп санайды.



Гурьев—Атырау қаласының бұрынғы атауы.

Доссор—Атырау облысының Мақат ауданындағы кент.

Еділ—Еуропадағы ең үлкен өзен (ежелгі атауы Ра, орта 

ғасырларда Итил) Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік 

биіктігі 343 м) алып, Каспий теңізіне құяды. Еділге екі жүзден 

астам салалар құяды. Орта ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга 

және Свияга салалары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге 

айналады. 



Едігей—Едіге атының өзгертілген түрі.

Ереймен—Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы алқап. Ақ-

мола және Қарағанды облыстары аумағында орналасқан.



Ертіс—Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Об 

өзенінің сол жақ саласы.



Жайық—өзен. Орал, Башқұртстан, Челябинск, Орынбор 

ау мағымен ағып өтеді. Оңтүстік Оралдан басталып, Атырау қа-

ласы тұсынан Каспий теңізіне құяды.


390

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Жем—Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау об-

лыстары аумағымен ағып өтеді.



Жетіарал—жер атауы, ән-өлеңді айтушының немесе ән-

өлең кейіпкері қонысының атауы болуы керек. Осы аттас жер-

су атаулары Қазақстанның әр жерінде ұшырасады. Шығыс 

Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы ауыл, ауылдық 

әкімшілік округі орталығы. 

Жетісу—Қазақстанның ең ірі өлкелердің бірі. Жетісу 

туралы ғалымдар пікірі әр түрлі, кейбір деректерде Жетісу 

құрамына Іле, Қаратал, Ақсу, Бүйен, Лепсі, Басқан, Сарқант 

өзендері жатқызылса, танымал зерттеуші Ә. Тұрлыбаев Бүйен, 

Басқан, Сарқант өзендерінің орнына Аякөзді, Талас пен Шуды 

кіргізеді. Жетісудың аумағында 1867 жылы Семиреченская об-

лысы құрылып, ол 1922 жылы—Жетісу облысы, 1924 жылы—

Жетісу губерниясы аталып, ал 1932 жылдан бері қазірге дейін 

«Алматы облысы» деген атаумен бөлініп шықты. 

Жылыой—Атырау облысына қарасты аудан.

Көкшетау—жақпартасты, орманды-көлді таулар жүйесі. 

Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-

шығыс бөлігінде, Шортанды ауданында оқшау орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет