Астана 2013
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шеңгелбаев Бақытжан
«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС
ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē
-
99
ÎÌ
4
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)-5
Б 12
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т.,
Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У.,
Қосан С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Қалижанов У., Қирабаев С., Күзембай С., Қорабай С.,
Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қосан С., Алпысбаева Қ., Рақышева Ж.,
Орынғали Қ.
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Әлбеков Т., Орынғали Қ. (жауапты шығарушы), Оралбек А., Байғазы А.
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013.
Т. 99: Ән-өлеңдер.—440 бет.
ISBN 978-601-292-756-6
«Бабалар сөзі» сериясының 99-томына музыкатанушы А.В. Затаевич
жинаған, құрастырған ғылыми жинақтарда, хрестоматияларда, антоло-
гияларда, сондай-ақ Орынбор, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау
өңірлеріне ұйымдастырылған ғылыми экспедициялардың барысында жа-
зып алынған халық ән-өлеңдері енді.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)-5
ISBN 978-601-292-756-6 (т. 99)
© Әдебиет және өнер институты, 2013
ISBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013
4
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде-
ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көре тін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми ба сылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан сегіз то-
мы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді бө-
лі
гі болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге,
ше тел дердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен
ма
қал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б. жанрларға арнал-
ды. Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш,
«Діни дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он
бір, «Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—
жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің» —екі,
«Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес
томы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, «Ғұрыптық фольк-
лор дың»—екі томы және «Жұмбақтардың», «Балалар фольк-
лорының», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолия қазақ
тарының
фольклорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыздың»,
«Аңыздық шежірелердің», «Аңыздық жырлардың», «Өтірік
және мысалдардың», «Магиялық фольклордың», «Түс жо ру
және ырымдардың», «Хикаяттардың» —бір-бір және «Ауыз-
екі әңгімелердің»—үш томы (тарихи, новеллалық және
күлдіргі әңгімелер) баспаға дайындалып, басылым көрді. Бұл
жинақтардың он екі томында Қытайдағы, біреуінде Моң
ғо-
лиядағы қазақтардың фольклорлық мұралары қам тыл ды.
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
6
Серияның соңғы, аяқталатын екі жинағы—99, 100-томдар
ұлттық мәдениетіміздің, оның ішінде халық әдебиетінің
шуақты, шұрайлы салаларының бірі—халық әндеріне, ән-
өлеңдер жанрына арналып отыр. Халық әндері синкретті
жанр ретінде фольклортану саласында да, музыкатануда да
біршама зерттелгенмен, оларды ел арасынан жинау, жария-
лау, текстологиялық тұрғыда жаңаша зерделеу, насихаттау
мә селері күн тәртібінен түскен емес. Ән-өлеңдер—әлемдегі бар
қа заққа ортақ рухани қазыналардың бірі. Олардың бастапқы
ав торлары болғанмен, жад арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауысу ба-
рысында бірте-бірте есімдері ұмытылғандығы белгілі. Ауыз ша
таралу үрдісінде ән мәтіндері түрлі өзгерістерге түсіп, қосы-
лып-қысқартылып, еленіп-екшеліп, сұрыпталып үнемі қозға-
лыста болады. Олардың композициялық құрылымы ық шам,
айтуға ыңғайлы, тілі—көркем, орамды болып келеді. Әуелгі
мазмұнында алғашқы автордың, болмаса кейінгі жеке
леген
жеткізушілердің басынан кешкен оқиғасы, тағдыр-талайы
арқау болып, уақыт кеңістігінде әнші-орындаушылар арқылы
халықтық сипат алады. Сөйтіп, әнге деген сұраныстың ұлғаюы,
соның негізінде таралу аясының кеңеюі—оларды көпнұсқа лық
деңгейге көтереді.
Ән-өлеңдерде шығармадағы лирикалық кейіпкердің, адам-
ның, жануардың есімі, атауы, оның бейнесі, сөйлеген сөзі,
жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, киім-кешегі, құрал-жабдықтары,
қоныс-мекені, табиғат көріністері, әуе райының құбылысы т.б.
молынан көрініс береді. Сондықтан өзге фольклорлық мұра лар-
ға қарағанда этнографизмдер, архаизмдер, жергілікті, кәсіби,
диалекті сөздер мен тіркестер, мақал-мәтелдер, нақылдар жиі
қолданысқа түседі.
Оқырман назарына ұсынылып отырған «Бабалар сөзінің»
99-томына ХХ ғасырдың 20-50 жылдары КСРО-ның ірі қа-
лаларында, ғылыми басылымдарда, хрестоматияларда, ан-
тологияларда жарияланған, сондай-ақ 1960-1980 жылдары
7
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
6
Қазақ КСР ҒА-сы ұйымдастырған ғылыми экспедициялар дың
барысында жиналған ән мәтіндері енгізілді. Атап айтқанда,
қазақтың музыкалық мұрасын жинаушы А.В.Затаевичтің
«Қазақ халқының 1000 әні» (1925), «Қазақтың 500 әні мен
күйі» (1931), «Песни разных народов» (1971), С.Қашқынов тың
«Өлең-әндер» (1939), Б.Г.Ерзаковичтің «Қазақстанның ха лық
әндері» (1955), «Қазақтың лирикалық халық әндері» (1955),
«Қазақ халқының ғашықтық әндері антологиясы» (1994);
Б.Ғизатовтың «Қазақтың халық әндері» (1958), «Қазақтың
халық әндері» (1960) жинақтарының және Қазақстан
ның
Орталық мемлекеттік мұрағатындағы А.В.Затаевичтің,
Ғ.Құр
манғалиевтің, Б.Г.Ерзаковичтің жеке қорларының,
«Ғылым Ордасы» мекемесі Ғылыми кітапханасындағы,
Мәскеу дегі Мемлекеттік орталық музыкалық мәдениеті мұ-
рағатындағы А.В.Затаевичтің жарияланбаған қорларының,
сонымен бірге М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инс-
титутының Қолжазба қорында сақтаулы Орынбор (1963),
Қостанай-Орынбор (1965), Шығыс Қазақстан (1971), Маң-
ғыстау (1987) экспедицияларының т.б. материалдары пайда-
ланылды.
Жүйелеу барысында ән мәтіндерінің мазмұндас, кейбір
жағдайда бірін-бірі толықтырып отыратын нұсқалары да қа-
перге алынды. Себебі, олар түрлі ән жинақтарында жария-
ланғанмен, ғылыми тұрғыда жүйеленіп, жанрлық сипаты
айқындалмаған. Сондықтан топтаманың бұл томын баспаға
дайындауда халықтық ән-өлеңдерінің лирикалық сипатта ғы,
әсіресе ғашықтық-сүйіспеншілік, жастық шақ, өмір-дүние
және адам тағдыры туралы халық туындыларына айырық ша
мән берілді.
Топтаманың ұстанымдарына сәйкес, томға енген мәтіндер-
ге алғы сөз ретінде академик А.Жұбановтың «Замана бұлбұл-
да ры» еңбегінен үзінді алынды, әліпбиі бойынша жүйеленіп,
реттік санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшасына:
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
томға мәтіндері енген жинақтар мен қолжазбалар туралы
мәліметтер, мәтіндерде кездесетін тарихи, діни есімдер, мәтін-
дердегі түсініксіз сөздердің сөздігі, жер-су атаулары, шартты
қысқартылған сөздер мен атаулардың тізімі, пайдаланылған
әдебиеттер және томның орыс, ағылшын тіліндегі түйіндемесі
енді.
Томның жалпы көлемі—27,5 б.т.
8
...Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән са-
лып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті
мен өнерін көп зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин
айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт,
кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілде-
ха на күзеткен жас, кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен
ерік
сіз алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын
жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жа-
рапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана,
«жынын» шақырып, зікір салған бақсы—бәрі де әндетеді. Бәрі
де жәй сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы
шығарады.
Әннің осы қасиетін қазақ халқы: «Жігітке өнер де өнер, өлең
де өнер», «Ақылың болса, жыр тыңда» деген сөздер арқылы
жақсы айтты. Данышпан Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,—
деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттеді. Халық
аузындағы: «Бір әнді сатып алдым құнан нарға» немесе «Сұра-
саң менің атым, Таңжарбаймын, болсам да малға жарлы, әнге
баймын» деген әннің аса жоғары бағаланғанын, әншілердің өз
өнерлерін сасық байлардың үйірлеген жылқысы мен қорала ған
қойынан төмен санамайтын «көкірегін» көрсетеді.
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
8
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қазақтың халық әндері орыс зерттеушілерінің көздеріне
ерте кезде ілікті. Әрине, бұл жөнде қазақ халқының Ресейге
қосылуының үлкен рөлі болды. Орыстың этнографтары, сая-
хатшылары, тіпті жорық себебімен барып қалған көзі ашық
офицерлері қазақтың халық әндері жөнінде көп нәрселер жа-
зып қалдырды. Өткен ғасырдың басында бірен-саран, бірлі-
жарым болса да әндер нотаға түсіп, түрлі журнал, жинақтарда
басылып шықты.
Г.Потанин, А.Алекторов, С.Рыбаков, Н.Савичев, А.Эйхгорн
және басқалары қазақ музыкасы жайлы айтарлықтай сүй-
сінгендіктен әлі күнгі ғылымдық маңызы зор небір бағалы
пікірлер айтты. Соңғы жылдарда, қазақтың халық музыка-
сын жинауда орыстың ұлы композиторлары М.Мусоргский,
Н.Римский-Корсаковтың да араласқандықтары туралы мәлі-
меттер ашылуда. Бұл айтылғандардың бәрі де орыстың алға
басушы зиялыларының қазақ халқының рухани мәдениетіне
ағалық, туысқандық қамқорлық жасағандығын сипаттайды.
Олар қазақ халқында әннің үлкен құрметке бөленетіндігін,
әннің айтарлықтай халық өміріне тигізетін әсерін жақсы баян-
дап кетті.
А.Алекторов өзінің «Қазақ әні» атты бір мақаласында бы-
лай дейді: «Сыртта соғып тұрған боран, мен жылы зілмеңкеде
отырып ән тыңдадым. Әнші тері тулақтың үстінде жайғасып
оты
рып, домбырасының шегін қаға бастады. Шектің баяу
дірілі, орындаушыға жақындай түскен адамдардың қозғалыс
ды быстары, домбыраның күмбірлеген, қайғылы дыбысы маған
ерекше бір әсер етті. Мына сияқты қарапайым әнге—қара-
пайым музыкаға қанша поэзия сыйып жатыр! Қолдан істеген
екі ішекті домбырада мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыстар
шығады дегенде мен ешуақытта сенбеген болар едім!
Әнші шырқай түседі. Бетінен тер сорғалап, өзі бірден-бірге
қызып келеді, тыңдап отырғандар тағы оған жақындай түсті,
олар әннің ырғағына қосылып, бастарын шайқасады. Әнші ора-
малын алып бетін сүртіп, тағы шырқатты, ызыңдаған желдің
музыкалы суылына үнін қосады, бұл кезде тұла бойлары шы-
10
11
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
мырлай бастаған тыңдаушылар көкіректерінен талай күрсін ген
дыбыстар да шықты».
Қазақ халқының ән өнерінен алған үлкен әсерін ол осы-
лай суреттеді, ешбір бұрмасыз, асырып-түсірмей, шын
мәнінде баяндады. Жоғарыда аты аталған Г.Потанин өзінің
«Қазақтың соңғы ханының үйінде» деген мақаласында: «Сөз
тапқырлығымен, әншілігімен атағы жайылған қыздың басқа
қыздардан сөз салатын, соңынан қалмайтын жігіттері әр
кезде де көп болады. Сондай-ақ әнші жігіт те, әрине, жасы
келіп қалған немесе тым сыйықсыз болмаған күйде, қанша
бай болып, Бұхар медресесінде мұсылман оқуының түбіне
жетсе де, басына қаншама дарағадай сәлде орап келсе де,
қожалардан бұрын қызға ұнайды»,—дейді. Қысқасы, өнер
иесінің қадірінің байдан, қожа-молдадан халық алдында
артық екенін баяндайды. Орыстың демократияшыл зиялыла-
ры әр кезде де «бұратана» халықтардың өмірін әділ көрсету ге
шақырады. В.Белинский өзінің мақалаларында осы ұранды
көтерді. Ол: «Егер сіз басқа елге, олардың әдет-ғұрпын зерт-
теу үшін шыққан болсаңыз, сіз біраз уақыт өз жеріңіздің аза-
маты екеніңізді ұмыта тұруыңыз керек. Әйтпеген күнде сіз ол
жат елдің әдет-ғұрпын өз еліңіздің әдет- ғұрпының өлшеуімен
өлшейсіз, бірақ ол өлшеуге сыймайтындары сізге келіспейтін
болып көрінеді. Адамзаттың әлемдегі тарихи өмірінің жал-
пы аккорд болып қалыптасуы; сол халықтардың әрқайсысы
бір-бір ерекше дыбысты болуынан, ал бәрі бірдей дыбыстан
ешуақытта аккорд шықпайды»,—дейді.
В.Белинскийдің бұл сөздерінде терең мән жатыр. Ол әр
халықтың өзіне тән рухани бояуын түсіну керек дейді. Қазақ
музыкасын зерттеген орыс оқығандары осы бір ережені қатты
ұстады. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында Ташкентте
болып, одан қазақ музыкасының, музыка аспаптарының үлгі-
лерін жинауға шыққан А.Эйхгорн (ұлты неміс, орыс білім
пазы А.Федченконың жұмсауымен шыққан.—А.Ж.) қазақтың
халық әндерін айтарлықтай мақтайды. Қызыққаны сондай, ол
неміс тілінде, 196 бет «Қазақ музыкасы» деген үлкен зерттеу
10
12
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
жазған. Оның ішінде әндердің де, күйлердің де ноталары, өзі нің
пікірлері бар. А.Эйхгорн еңбегі қазақ музыкасының тари хын
зерттеуге үлкен мәнді зерттеу (Мәскеу профессоры В.Беляев
тің жеке мұрағатында сақтаулы.—А.Ж.) А.Эйхгорнның ең-
бегі марқұм Г.Шомбалованың кандидаттық диссертация сын да
толық пайдаланылды.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ музыкасы
жө
нін
де еңбектер көбейе түседі. Орынбордың мұрағат ко-
миссия сы, Императорлық география қоғамының Батыс-Сібір
бөлімі, тағы басқа жерлердегі ғылыми қоғамдар, комиссия лар
бұл жұмысқа қызу кіріседі. 1906 жылы наурыздың 23 күні,
Орынбор мұрағаты комиссиясының толық мүшесі В.Карлсон
өзінің «Қазақ халық әншілері мұрағат комиссиясында» деген
мақаласында былай деп жазды:
«Наурыздың 23-інде бейсембі күні орынборлық ғылыми
мұрағат комиссиясының мәжілісі бұл мекеменің өмірінде
бір жаңа іске бағысталды, атап айтқанда халық әншілері
Қазанғап және Көшелектің орындауында қазақтың ескі
өлеңдерімен танысу кеші болды. Екі қазақтың екеуі Орал
облысы, Орал уезі, Жиренқопа болысынан келді. Бұлар
қар еріп, су тасып, көп жерлерде өткелдің жағасындағы
кітапхана орнаған кішкене, бірақ мұрағат комиссиясының
жайлы бөлмесінде қазақ мелодияларының тәтті үні шал-
қыды. Алдымен әншілер, өздерінің бұрын үйренбеген жағ-
дайы—орындыққа отырулары біраз ыңғайсыздық жасаса
да, домбыраның сүйемеліне қосылып, отырған жұртқа өз-
дерінің осы сапарларының жайларын, мақсаттарын ай-
тып, құттықтады. Аңыз әңгіме айтар алдында да әр кезде
де қажетті және әдетке енген қазақ әншілерінің бұл сияқты
сол арада ойдан шығарып айтқан кіріспелерінен кейін, олар
қазақтың халық шығармаларынан бірнеше әндер орындады.
Қазанғап домбырада «Аққу» күйін тартты. Бұл сөзсіз, дом-
бырада ғана орындалады. Онда аққудың ұшқандағы қанаты-
ның суылдаған дыбысына еліктеу бар және ол еліктеуінің
сәтті шыққаны сондай, отырғандардың құлағына шынын-
12
13
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
да да аққудың асықпай қаққан қанатының дыбысы келген-
дей болды. Осының бәрі екі-ақ шегі бар аспапта орындалды!
Қазанғаптың екінші орындаған «Сөзі жоқ әні»—«Ақжелең»
де ұнады. Екі әнші де өздерін үйреткен ұстаздарының атта-
рын үлкен құрметпен атайды».
1909 жылы Орыс Географиялық қоғамының мәжілісінде
Торғай облысының шаруа бастығы С.Рыбаков «Торғай облы-
сының қазақтары және олардың ән, музыка шығармалары»
деген тақырыпта баяндама жасады. 1889 жылы шыққан
«Этнографиялық шолу» журналында басылған Г.Пфеннигтің
нотаға жазған екі әнін осы мәжілісте Боярова мен Рейман
орындады. Басқа бір еліктеу әнін Гольтинсон айтты. Соқыр
қыз Айшаның әні мен «Не болды-ау, еркем» деген әнді әртістік
шеберлікпен Янова орындап шықты. «Іңір күйін» домбырада
Глушков тартты. Қорытындыда баяндамашы қазақ музыка-
сын зерттеудің орыс музыкасына жаңалық енгізуге әсері бола-
тынын, ал данышпан Бородиннің өзінің «Князь Игорь» опера-
сында біздің шығыс халықтары музыкасының ерекшелікте рін
таңқаларлықтай түсінген деген ойларын ортаға салды» деп
жазылған. Бұл екі мәжілістің ерекшелігі—онда баяндама,
әңгімемен қатар, қазақ әндерінің, күйлерінің орында лып көр-
сетулері.
1915 жылы шыққан «Орынбор өмірі» (орыс тілінде) атты
газеттің 370-і санында басылған: «Орынбор мұсылмандары ның
арасында» деген мақалада да қызықты мәліметтер берілген.
«11 сәуірде,— дейді мақалада,—қалалық театрда, жа-
ралылар және оқып жатқан мұсылман жастарының пайда-
сына жәрдем спектаклі қойылды. Спектакльге Ресейлік үш
мұсылман ұлтынан өкілдер қатысты: татарлар, башқұрттар
және қазақтар. Сауық кеште халық көп болды, билет жет-
пей қалды, театрда бір де бос орын болмады. Бұл кештің
тағы бір қызықтылығы—мұнда бірінші рет сахнада көрініп
отырған қазақтардың шығуы болды. Қазақ ханымдарының
орындаған нөмірлері ойдағыдан артық болып шықты. Ғайни-
Жамал, Жаңыл ханымдар сахнаға неше түрлі алтын зер
14
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
төккен, неше түрлі әдемі оюы бар қызыл бешпет киіп шықты.
«Ханикейлердің» (қыздардың) киімдерін киіп шыққан ха-
нымдарды көрермендер шын ықыласпен ду қол соғып қарсы
алды. Күмістей таза әйел даусымен орындалған дуэт халыққа
айта қалғандай әсер етті. Ханымдардың әндерінің жақсы
шыққаны сондай, тіпті, оларды қаламмен жазып, ауызбен ай-
тып жеткізу мүмкін емес. Халық жас ханымдарға шыққанда
да, сахнадан қайтқанда да үнемі ду қол соғумен отырды.
Жақында Семейде болып өткен әдебиеттік жәрдем кеші де
үлкен әсер қалдырды. Ал мұнда Орынборда қазақ әртістері
халық алдында өздерінің абыройларын түсірмей, керісінше,
халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды. Біз қазақ
актерлерінің бірінші рет сахнада көрінуін құттықтаймыз,
олардың бірінші табысына қуанамыз және бұл ұландардың
аса сүйкімді іздену жолдарында бұдан әрі де табысқа жете
берулеріне тілектестігімізді білдіреміз».
1914 жылдың 10 ақпан күні Императорлық орыс геог-
ра
фиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің Омбыда
болған мәжілісіне қоғамның құрметті мүшесі Г.Потанин:
«1913 жыл дың жазында Қарқаралы уезіне барып қайтқа-
ны» жайында баяндама жасады. Мұнда Г.Потанин қазақтың
музыка өнері жайлы тоқтала отырып, бұл кездерде орыс
мәдениетінің қазақ арасында кең өріс алуы, орыс тілінің
кеңінен жайыла бастауы, қазақтың аз да болса да, осы жағ-
дайдың нәтижесінде, оқыған адамдарының көріне бастауы
жөнінде әңгіме қозғайды. Жер-жерде әдеби-музыкалық
кештер болып, онда орыс жазушыларының, ақындарының
шығармаларын гимназияда оқитын қазақ қыздарының
тақпақтап айтып бергендерін айтқан Г.Потанин—сол баян-
дамасының ішінде: «Орыс тілі жайылып барады, балалар
орыс мектептеріне ұмтылуда. Қазақтың зиялылары туып
келеді, мұғалімдер, фельдшерлер, акушеркалар біраз бар.
Баян дамашы бір ауылға қонғанда, онда әдеби-музыкалық кеш
болып, гимназияда оқып жүрген қазақ балалары ән салып,
домбыра тартып, көркемсөз оқыған. Некрасовтың өлеңде рін
14
15
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
гимназия оқушысы, бір қазақ қызының оқып бергені ерекше
жаңалық болып көрінді...
«Табиғатты, ескі уақытты және музыка, поэзия, бейне-
леу өнері сияқты халық шығармашылығын зерттеуде, қазақ
халқы үлкен қолқабыс беруі мүмкін. Қазақтардың поэзия-
сы мен музыкасы тығыз байланысты, өлең шығарушы бір
жағынан композитор, ол шығармасына әуенді де, ырғақты да
өзі береді. Поэзия мен музыка қолы бос жүретін еркектердің
қолында. Бейнелеу өнері негізінде ою-өрнек болуы себепті,
онымен әйелдер шұғылданады. Үй ішінің бәрі де өрнекті.
Тері де, киіз де, шүберек те, ағаш та өрнектелген, оюланған.
Өрнектің мазмұны айналадағы көріністерден алынған, дөң-
гелек сызықтар, хайуанның мүйіздері, шөптің жапырағы,
гүлі, уық, керегелердің түрлері кездеседі... Қазақтар арасын-
да ақындық шығармашылық аса дамулы, ақын деген сахнаға
сыймайды.
«Қазақтар өздерін музыкантпыз деп есептейді. Ол қабі-
леттің тууы жөнінде олардың аңызы да бар. «Ән аспан-
нан қалықтап ұшып жер бетіне жақын келеді. Оның жер-
ге ең жақындаған кезін байқаған халық әнді ұстап қалған,
ал жоғары қалықтаған жердің адамдары ешнәрсе үйрене
алмаған. Құдайдың құдіретімен келген ән қазақ жерінде тіпті
төмен ұшқанда қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын
болған. Қазақтардың басқа халықтардан әнді жақсы айта-
тын себебі осы» (Шоқан Уәлиханов айтуынан). Шынында да
қазақтардың дауыстары таза, үні үнді, құлақтарының естуі
тамаша. Құрметті баяндамашының пікірі бойынша, «Елу
жылдан кейін қазақтар орталық қалалар театрларына әнші-
лер, музыканттар жіберуі мүмкін, олардың ұлттық дамулары-
ның ол басы да болып қалар» дейді.
Баяндамашының ойынша, «бір ұлттың есебінен екінші
ұлттың көгеруінің дұрыс емес екендігіне отырғандардың бәрі
де қол қоюлары керек, аз халықтың халдеріне, жағдайына
қарамау болмайды. Орыс зиялыларының борышы—аз ұлт тар-
ды қорғап, олардың өмірлерін сақтап, қорғануға шамала рын
16
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
келтіру. Мұның ең дұрыс жолы—білім. Мені (деді құрметті
баяндамашы) Екінші Мемлекеттік Думаның мүшесі Марков
«түкірігі шашыраған гуманист» деп атаса да, менің отаным-
ның бақытын, бұл жерді жайлаған аз ұлттардың бақытсызды ғы
негізінде көргім келмейді-ақ».
«1909 жылы Томск қаласында Г.Потанин ұйымдастырған
бір кеште қазақ музыкасы да көрсетілді. Онда қазақтың
«Ай астында» деген мелодиясы орындалды... Сахараның ер-
кін ұлдары өздерін көрсеткісі келді, Ақмола облысының
бір
неше қазақтары жиналып, біздің естуімізше, «үйірме»
ұйым
дастырып, қазақтың халық шығармашылығының
туын
дыларымен еуропалық халықтарды (орыстарды де
ген мағынада болу керек—А.Ж.) таныстыру үшін, жақында
әртістік саяхатқа шыққан. Қазақ әртістері жеке әндерін,
дуэттерді, ертек, аңыздарын қазақ тілінде және орыс тіліне
аударып та орындайды, олардың бәрін өздерінің ұлттық
аспабы—домбырада сүйемелдейді. Үйірмеде ұлттық киіммен
әйел-қыздар да шықты. Орыс азаматтығын жақында ғана
алған қазақ халқы—ақылды, ұғымды, мейірімді халық,
оның болашағы жарқын. Әуелі бірінші Мәскеуге, одан Санкт-
Петербурға, ақырында осы кездің Вавилоны болып есептелетін
Парижге бара жатқан жержүзілік Көрмеде сахаралықтардың
әндерін есіту бізге тіпті сүйкімді (Париж көрмесі 1900 жылы
болу керек еді). Көп ұзамай біздің сахаралықтар Орынборға
келу керек. Орынборлықтар бұрын-соңды болмаған әртіс-
тер
ді, олардың бағдарламаларының орындау техникасына
кешірімділік көзбен қарап, сахарада көшіп жүрген халықтың
қараңғыдан жарыққа талпынған құлаштарын үлкен назар мен
қарсы алар деп сенудеміз».
«1913 жылы мамыр айында Г.Потанинның Омбыға келу
құрметіне Қоғамның әдейі мәжілісі болды. Оның екінші бөлі-
мінде дуананы, бақсыны, қазақтардың ән шығармашылығы-
ның үлгілерін тыңдау болды»...
«Қарқаралы уезінің Едірей болысынан келген Дуана
Сүлеймен Жұбандықұлы әулиелерді шақырып, жын-шай-
16
17
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
тан ды қуып, айқайлай бастады. Семей облысынан келген ха-
лық әндерін орындаушы Сейсенбай Жиенбайұлы қазақ тар-
дың өздерінің әншілерін құрметтеуін көрсететін «Файзулла»
атты (Ғазиздің әні болу керек.— А.Ж.) ескі әнді, өлген атқа
арналған «Құлагер», сүйгеніне қосыла алмаған қыз туралы
шығарылған «Қорлығайын», ат қуып кеткен жігітке арнал-
ған «Ақжан», қыз алып қашқанды көрсететін «Дариға» әнде-
рін айтты. Мақтаншақ палуан жайлы, қазақтың жыршылық
шығармашылығын көркемдік негізде термелеп орындап бер-
ді»,—дейді.
Осы келтірілгендердің бәрі де орыс оқымыстыларының
қазақ халқының рухани өмірін үлкен құрметпен зерт-
теп, үлкен қолқабыс тигізетінін көрсетеді. Сонымен қатар
ХХ ғасырдың 10-жылдарында қазақша баспасөз беттерінде
де музыка туралы мақалалар көріне бастайды. Ол мақала лар-
да халық музыкасын жинаудың, қағазға (нотаға) түсіру дің
керектігі жөнінде сөз болады. «Айқап» жуналының 1913,
1915 жылғы кейбір сандарында үш автордың қазақ музы-
касы жайында жазған мақалалары бар. Олардың бірқатары
музыка туралы айтқанда, алыстағы араб халқының музыка-
лық дәстүрін әңгіме қылады. Мұсылман дінін ұстағандарға
осындай жағынан келсем, айтқан сөзімді тыңдатам деген ой
болу керек. Өйткені қазақ халқының тарихи жағынан да,
этнографиялық, географиялық, саяси-экономикалық жақ-
тарынан да арабтарға ешбір қатынасы жоқ. Олардың бұл
әдістері мұсылман дінінің теориялық жағынан түк білмей-
тін дүмше молданы, аузына шөп өлшеп алып, дін сөздерімен
діңкесін құртып, домбыраны ақтаған Қашаған ақынның
әдісіне жақын сияқты. Мысалы, Мұхаммед-Сәлім Кәшімов
деген кісінің мақаласында: «Әр милләт (ұлт.—А.Ж.), әр
жұрт музыкасыз тұра алмайды. Бұл анық болған нәрсе. Қай
халыққа көз салып қарасаң да, бұл музыка бұрынғы және
жаңа заманда болып, ойналып келе жатқан. Бұл музыканы
ешкім өтірік, бекер дей алмайды, арабтарда мұсылмандық
болмастан бұрын бұл музыка ойыны бар еді. Мұсылмандық-
2-0256
18
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
қа кірген соң да бұл ойынды тыймайды, қайта Рим, Парсы
сияқты реттірек жұрттарға араласып, олардан әртүрлі ке рек-
жарақ музыка саймандарын алу себепті мұсылмандар
дың
арасында көбейіп, өршіп кетті.
Бұл музыка, ойнап-күлу, жырлап, өлең айту турасын-
да дүния уа ақырет басшымыз болған—Мұхаммед саллалаһу
ғайһессалам хазратләрінің ашық рұқсат еткен хабарлары әр
жерде бар. Соның үшін мұсылмандар бұл ойынды іркілмей ой-
нап көп ләззат алатын еді. Ғараблар түрлі милләтлардың музы-
ка саймандарын жиділәр, ғылым, мәдениятқа кіріп өнер тапқан
са йын музыкалары да, музыкаға құмар ойнаушылары да кө-
бейіп өрши берді. Өздерінде бұрыннан болған үстіне шеттен де
алып, түрлі құрал-саймандарын түзетіп тұрды. Мұсылмандар-
дың арасында музыка қатты сүйкімді болды, музыка ойнай
білуші лерге үлкен құрмет-сый, көрсетісіп тұрды...
Бұл музыка күй күйлеп, ашынтып, күлдіртіп, мұңайтып,
жылататын, адамға рух беріп көтеретін, қайғылы уақытта
көңіл ашатын, жалғыз уақытта серік болатын, осы... домбы-
ра деп айтуға болады. Біздің қазақта домбыраны жақсы, таза
тарта білуші аз емес еді. Бұрынғы қария, үлкендердің бәрі
де деп айтарлық зарлы, мұңды жақсы күйлерді білушілер
көп еді. Өзім көзім көрген қарияларда Ақмолаға қараған
Қалутан өзені бойында марқұм Есім деген кісінің тартқанын
көрдім, әлі құлағымнан кетпейді. Қазіргі уақытта солардай
домбыраны күйлеп тартып, шертушілер азайып бара жатқан
сияқты көрінеді... Соның үшін қолынан келетін өнерпаз мыр-
заларымызға ескертемін: біздің нотаға келетін қазақ күй ле-
рін, қазақша әндерді нотаға салдырып ала алсақ жақсы болар
еді, ұмытпас үшін»,—дейді.
Сол журналда Ғалауатдин Мамиков деген кісі де қазақ му-
зыкасы жәйлі айта келіп, әндердің қазақ сөздерін сақтаудағы
рөліне тоқтайды, оған өлеңдерден мысал келтіреді. Оның да
қоятын мәселесі өлеңді, ән-жырды жинау, қағазға түсіру. Бұл
да осы ойларын айтуда арабтарды үлгіге алады.
18
19
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
«Айқап» журналында басылған музыка жөніндегі мақа-
ланың көлемдірегі «Өлең және айтушылар» деген атпен
басылған Сұлтан Махмұт Торайғыровтың мақаласы. Басын-
да автор қазақ халқында ән, өлең, сауық азайып бара жатыр,
әншілер сиреп барады, қазақтың «шылығы» басым болып ке-
тіп барады, ол өзінің кеткенімен қоймай ән-күй, сауық, салта-
натты ала кетіп жатыр деген сияқты бірқатар өкініш кейіптер
көрсетеді, кейде тіпті арылмас қайғы құшағына да еніп қала-
ды. Бірақ музыканың рөлін айтқан жерде: «Бір халықты...
жаңа рухпен қандыратын, таза бейілмен жандандыратын
машина—шын жүректен шып-шып болып шырқап шыққан
өлең-жыр, әдебиет болады. Ол машинаның тетігін біліп сай-
ратып, есіткендердің аузының суын ағызып, көңілдеріндегі
уын шығаратындар кім? Ол—неше түрлі әуез білетін әншілер,
жыршылар. Халықтың көңілі машинаның тетігін білетін ұста
адамдар сайраса жібиді. Қысқасы—сырнай яки домбыраны
тарта білмей, құр перне басып барқырау қандай сүйкімсіз бол-
са, әнімен айтылмаған өлеңдер де сондай сүйкімсіз болады.
Маған салса, майы тамып тұрсын, әнсіз құр өлеңмен жақсы-
лық сездіргенің—сол, жұртты өзіңнен бездіріп аласың. Соның
үшін, бізден басқа бақытты, талайлы жұрттардың өнерпаз-
дары өнегелі өлең, үлгілі тақпақтарды жаттап алады. Соны мен
шаһар-шаһарды кезіп жүріп, халыққа естіртіп, жүрек қоз ғап;
буын босатады. Халық оған қалыпты театрға келген секілді
билетпен жиналады. Халықтың арғы-бергісін қозғап; ес
те-
ріне түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп,
әдемі дауыспен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл бол-
са да, жібімеске еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жай да-
ғысы ойына қозғалып түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары
қызып кетеді. Әркімнің көңілі босап, көздерінен жастары
моншақтап, бойлары балқығандай шартта-шұрт қол соғып,
ақшасының үстіне мың қайтара «тәңір жарылғасын!» айтып
тарқайды. Медреселердегі әдебиет кештері де осы мақсатпен
жасалады...»
20
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
«Байқаймын, біздің қазақ әнқұмар халық... Біреу қолына
домбыра ұстап, ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиылып,
сегіздегі бала, сексендегі шалына шейін қалмай қаумалап,
айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді... Бір халықтың
әні, әдебиеті жесір қалады, сәні кетсе, жаны кетеді... әнді
сақтаудың қамын қылыңдар!
«Молдалар! Жас балаларды ән үйренуге қызықтырыңдар!
Жаңа шыққан өлеңдердің жүректі жандыратындарынан үні
жақсы балаларға ән салғызып қойсаңдар, о, шіркін, қандай
ұтымды! Өлең айтушы әнқұмар адамдарды жұртқа есерсоқ деп
көрсетпей, есті деп, қадірлі етіп көрсетуге тырысыңдар!..»—
дейді. Сайып келгенде Сұлтанмахмұт та халықтық музы-
ка шығармашылығын жинау, оларды орындату, жас буынға
қазақтың әншілік дәстүрін үйрету мәселелерін қозғайды.
Әрине, қазақ арасында Ыбырай Алтынсарин сияқты ағар ту-
шылар ашқан орыс мектептерінде болмаса, басқа мектептер-
де ән үйретеді, музыканы уағыздайды деп сену қиын кез бо-
латын. Ән жинаудың жолдарын айтып бере алмаса да, біз бұл
авторлардың осы бір мәселені көтергенінің өзін о бір заман үшін
үлкен жетістікті көрініс дейміз. Ұзын-ұзын шығармаларынан
үзінді келтіріп отырғанымыздың себебі де сол.
Жоғарыда айтылған орыс оқымыстылары, этнографтары
қазақтың ән байлығын әйгілі етіп қағазға түсіріп, әлемге жаю-
мен қатар, әншілер туралы да көптеген мәліметтер қалдырып
кетті. Жетісуда болған бір экспедиция адамдары қазақ аулын-
да болып, онда Ыдырысқұл деген әншіні тыңдаған. «Өзінің
сахна киімінде бұл қазақ жанған оттың жарығы түскенде аса
көрнекті болып көрінді. Оның қозғалыстары жұмсақ, жасан-
ды емес, ырғағы нәзік, бет пішіні өте сүйкімді. Ол шатырдың
есік алдына отыра кетті де, домбырасын бұрап, минор тонды
бір әуен тартты, ырғағы байсалды, кейде үзіліп-үзіліп кетеді.
Оның құлағының есітуі айта қалғандай, аспаптың зәредей
келмей тұрған жері болса, сол минутта байқап қалады. Ол әнді
о баста алған тақырыбын неше саққа жүгіртіп құбылтып, әлде
қандай әшекейлермен безендіреді. Өзі ойынға беріліп кетеді,
20
21
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
екпін тездеді, ойын бірден-бірге жалындай бастады, ақыры
кезек әнге келді. Ол әуелі айттырулы жексұрын бай күйеуін
жақтырмаған, кедей де болса өзінің сүйген жігітін айтқан
қыздың әнін шырқады, одан әрі «Бұхар—арандатушыларын»
соғысып жеңген орыс күшін мадақтады... Ыдырысқұл
(бұл біздің трубадурымыздың аты) шын мәнісіндегі әр-
тіс... Техникалық жағы сондай жетіскен дәрежеде тұрған
аспаптағы ойынына таңқаласың ба, жоқ әнінің әсемдігіне ме,
қайсысына ұйитыныңды біле алмай қаласың. Мен қазақтың
мелодияларының өзіндік кейіпті, асқан сұлулығына бұрын
да талай таң-тамаша қалғанмын. Ал олардың ішінде опе-
ра театрының сахнасын да көркейтіп жіберетін тенорлар аз
кездеспейді»,—дейді.
Қазақстан жерін аралаған орыс және еуропалық этно-
графтардың, оқымыстылардың қазақ әншілері жөнінде осы
мақсатта жазғандары көп. Олардың бәрі де қазақтың ән бай-
лығымен қатар, әншілік өнердің жоғарғы сатыда екенін ай-
тады. Кейбіреулері қазақтың ән салу ырғағын (дауыс шығару
техникасын) басқа Азия халықтарының ішінде жетістіктік
ерек шелігі бар деп мақтап та қояды. Қазақтың ән дәстүрін жақ-
сы зерттеген А.Затаевич кейбір әншілердің орындаушы
лық
дарынын көтере келе, біреулерін: «Қарқаралының Кару зосы»
(жержүзіне аты шыққан итальяндық әнші.— А.Ж.), «Вагнер
операларын да айта алатын әнші» (неміс композиторы Р.Вагнер
өзінің операларында әншілерге аса қиын ариялар жазған.—
А.Ж.) және сол сияқты салыстыруларды көп келтіреді. Ал қа-
зақ әндерін мақтаған жерде А.Затаевич: «Лоэнгрии мело дия сы»
(Р.Вагнердің операсының аты), «Рубинштейін мелоди ка сы»,
«Руслан—Людмила» операсындағы «Баянның әні», «Сад ко»
операсындағы «Варяг қонағының әні», «Француз халық ән-
дері жинағының» ішіндегі «Бретон әні» деп, басқа халық тар-
дың кәсіпкер композиторлары жазған опералардағы әндер мен
салыстырады.
Қазақ әндерінің тақырыптық жан-жақтылығына орыс му-
зыка мамандарының көбі таңқалып, оған үлкен баға берді.
22
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Баста айтылғандай, біздің әндеріміз, өмірдің тарихы, сәулесі
сияқты Н.В.Гоголь өзінің «Малоростардың әндері жөнінде»
деген мақаласында: «Халық әндері—халық өмірінің барлық
жағын көрсететін, шындыққа, сырға толы, жарқын, көзі
тірі халық тарихы. Егер оның өмірі оқиғаға толы, сан түрлі,
еркіндік іздеген поэзиямен толы болса, оның барлық жігері,
сыртқа шығар күші, таза қалпында тұрған болмысы халық
әндері арқылы тасқындап сыртына шығады. Тарихшы одан
соғыстың болған күнін, айын, нақ жерін іздеуі керегі жоқ; бұл
жөнінде бір нәрсе айта алатын әндер аз-ақ болады. Бірақ ол
шын өмірін, мінез-құлқын, сезімнің, толқуының, қасіретінің
барлық бояуларын, ол халықтың ойын-тойын, өткен ғасыр-
дың рухын, барлық жағдайларының жалпы көрінісін олар-
дың жеке-жеке түрлерін білгісі келген адам іздегенін табады:
халықтың тарихы оның алдында айдан анық болып көлденең
тартылады...»
«Қай уақытта кім шығарғанын құдайдың өзі білетін—ха-
лық музыкасында адам таңқаларлық көркемдіктер аяғыңды
аттап басқан сайын кездеседі. Олар даладағы ешкім сеппей,
ешкім бақпай өзінен-өзі өскен гүл тәрізді. Алғыр музыкант осы
бір адам табиғатының үнінде не бір үлкен қорытынды беретін
деректер жатқанын біледі»,—дейді.
Біз тек қазақтың халық әндері туралы, әншілері туралы
жазылған пікірлерді келтірдік. Оның бәрі де қазақтың халық
шығармашылығын зерттеудегі тек ең алғашқы қадамдар.
Терең үңілген адамға қазақ әндерінде, Гоголь айтқандай, толып
жатқан тарих бар. Біздің әндеріміздің тарихы әлі тексерілген
жоқ. Бұл жөнінде біздің музыка зерттеу ғылымымыз әлі жас.
Жоңғар жорығы кезінде «Ақтабан-шұбырындыға» кездесіп,
босқан ел, Қаратауды басып, көшкенде:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Туған жерден айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жас келеді,—
22
23
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
деген өлеңді сарнаған «Елім-ай!» әніне қосқаны жөнінде біз
бұрынғы еңбектерімізде айтқанбыз. Сондай-ақ Мұхиттың
«Ал пыс тоғыз» атты әні де өткен ғасырдың 60-жылдарының
аяғындағы ел билеудің жаңа түріне арналған екендігі белгілі.
1902 жылы Жетісуда болған Тәуке батыр «ақ патшаға қарсы
болғаны үшін» Сібірге айдалып бара жатып, туған жерін есіне
алып. «Ел қайда, туған жер қайда?» деп ән шығарған.
Сәлем де барғандарың Мәрияға
(жұбайының
аты),
Тәуекел салдым қармақ дарияға.
Айдалып бара жатып Сібір жаққа,
Ән екен Тәуке салған жарияға.
Жетісу өлкесінде тауларым бар,
Көк майса, қоңыр самал жайларым бар.
Қана алмай жеті өзеннің бұлағына,
Суындай көлбей аққан арманым бар,—
деген өлеңнің жүрегіңді қозғайтын әні бар. Ол ән тек Тәукенің
емес, өмірі құлдықта, азапта болған кешегі замандағы қазақ
халқының бейнесін жақсы келтіреді.
Осы кезде үнемі орындалып жүрген, «Жалбыр» операсында
Қайрақпайдың әні болып енген «Әмірқанның» тарихы да айта
қалғандай. Әмірқан—байдың баласы, малынан басқа қасиеті
жоқ, нас, күндіз қой соңында жүріп, кешке шуаш иісі аңқыған
байпақтарын пешке жәйіп, үйдің ішін сасытып, көжеге тойып
алып, қорылдап ұйықтағаннан басқа ешнәрсемен жұмысы жоқ
адам. Әмірқанның әкесі балақызды айттырады. Ажар ұзаты-
лып келгесін жеті-сегіз айдан кейін кішкене қыз туып, оның
атын Мәрия қояды. Сұлу Ажар кешкітұрым кішкене бөбегін
алдына алып, мезгіл-мезгіл көзін айырмай қарап отырып, зар-
ланып, әндетеді:
Әмірқан не ғып жүрсің қойың жимай,
Мен жүрмін қайныатамның көңілін қимай.
24
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Он аяқ, отыз қасық көжеңді ішіп,
Жатасың кең төсекте кеудең сыймай.
Болғанда атым Ажар, сіңлім Айша,
Аяқты мен басамын жорға тайша,
Қайнайды қай-қайдағы зығырданым,
Әмірқан қойдан келіп байпақ жайса.
Ахау, Кідіге-ай,
Қайран қызық-ай!
Қаралдым Мәрия-ай!—
деп қайырмалап бітіреді. Ажардың осы бір күн батып бара
жатқандағы зары атасының назарын аударады. Көпті көрген
қарт, Ажардың зарында бір сыр барын сезіп, келінінен
әңгіменің бар шындығын айтуды өтінеді. Таза жанды Ажар,
Әмірқанның ауру екендігін, оның «жұбай» деген ардақты
атқа тіпті лайық емес екендігін, мына қолында уілдеп отырған
бөбектің Әмірқаннан емес, қыз күнінде көңлі қосылған Кідіге
деген жігіттен туғанын, осы қасіреттің бәрі ішіне сыймай,
өлең-ән болып ылғи кешкітұрым сарнайтынын ешбір жа-
сырмастан айтып береді. Қарт атасы өзі де бір сұмдықты
сезетінін ақ көңіл келініне білдіреді. Ақыры Ажарды аяп,
қазақ әдетінде, «бата бұзу» шариғатқа қайшы келетінін білсе
де, берген қалыңмалды қайтарып алмай-ақ Ажарға ұлықсат
беретінін айтады. Ажардың зары қарттың сүйегінен өтіп, жас
кезінде басынан өткен бір қайғылы халдерін есіне түсіреді.
Бірақ Ажар атасының ұсынысын қабылдамайды. Өйткені бұл
екі арада Кідіге малы жоқтықтан Ажарға қалың төлей алмай,
ала алмағасын, соған құса болып, ауруға шалдығып, қайтыс
болады. Ажар Кідігемен өткізген аз да болса бақытты күндерін
ешкімді ортақ еткісі келмейді. Ол атасына: «Қолымда мына бір
Мәрия бар ғой, сырттағы жұрт не біледі, Әмірқаннан тумады
деп ойлай ма, ұлықсат етсеңіз, осы үйде жүре берейін. Онда әке-
шешемді, мұнда сіздерді жер қып қайтемін. Әңгіменің анығы
ашылып, менің зарымды түсіндіңіз ғой, рақмет!» деп, адамды
24
25
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
бетіне қаратпайтын, қаһарлі де, қадірлі де болып аты шыққан
атасының мұндай егілген көңіліне риза болып, сол босағада,
мезгіл-мезгіл Мәрияны алдына алып:
Әмірқан не ғып жүрсің қойың жимай,
Мен жүрмін қайныатамның көңілін қимай,
деп, қайырмасында: Ахау Кідіге-ай, Қайран қызық-ай, қарал-
дым Мәрия-ай!—деп қала береді.
Осы сияқты байдың қызын алып қашып, қуғыншының
бұғалығы мойына түсіп, атқа сүйретіліп өлген жылқышы-
ның тағдырын жырлайтын «Жылқышы» әні, тағы сондай
бағдарламалы, астарлы, мағыналы әндер сансыз көп. Әр әннің
әлі күнге ашылып болмаған сыры, аңызы, шежіресі бар.
Қазақ тарихында ауыр жылдардың бірі болған 1916 жыл
жайлы да әндер көп.
Жасым бар он тоғызда, жылым тауық,
Солдаттық ала ма деп бар ғой қауіп,—
деп келетін, бай балаларының орнына айдап жіберетінін біл-
ген кедей жігіттің өлеңі мен әнін осы жолдардың авторы өз
құлағымен есітіп, жазып алған. Сондай-ақ Албан көтерілісі,
Аманкелді бастаған Торғай көтерілісі кездерінде көптеген
әндер туды. Қазақтың ән теңізі ішінде осындай көтеріліс
әндері, бүлікші әндері атын, құсын мақтаған әндер кездеседі.
Олардың бәрінде де адамның күнгей өмірін күткен арман,
әйелдің теңсіздігі, кедей мен байдың арасындағы алшақтық,
жақсылықты алдан күткен үміт елестейді. Олар өздерінің орын-
дап отырған ұзақ дастандарының арасында, соның оқиғасы-
ның бір жеріне «қыстырып», отырған әлеуметке: «Мың күн
жұмақтан, бір күн тіршілік» деген мәтел айтып, немесе:
О дүние бұ дүниеден не өтер еді,
Көңілді өлең айтып көтереді.
26
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
О дүние бұ дүниеден болса артық,
Жиылып қожа-молда кетер еді,—
деген өлең шумақтарын әнмен айтып, қызық та, жақсылық
та адамның өз қолымен жеңіп алатын нәрселері екендігін
түсіндіреді. Қазақтың әншілері, ақындары өздерінің қол
да-
рындағы рухани құралдарын халықтың басын айналдыратын
соқыр сенімге қарсы емес, таптық жіктерді теория жағынан
айырып білуге саяси өрелері жетпесе де, өздерінің өткір
сезімдері арқылы бай мен кедейдің қосылып ән сала алмай-
тынын көрсетеді. Әрине, оның бәрін де тікелей, кітап сөзімен
емес, сол дінді жақтаған болып, соның ішіндегі айтқандардың
келгендерін көзімен көргендей етіп айтады. Кердері Әбубәкір
белгілі феодал Қоңырбайдың Сейітінің үйіне келіп түседі.
Сейіттің үй-ішіндегілері Әбубәкірді қонақ үйіне түсірмей,
басқа есік алды бір бөлмеге түсіріп, тамақты да оңды бермейді.
Әбубәкір ерте тұрып, шайға қарамай кетіп қалады. Сейіттің
ақынмен келіп сәлемдеспеуі, осылай қарсы алуы Әбубәкірдің
намысына тиеді. Соның алдында аз уақыт бұрын Сейіттің
әкесі Қоңырбайдың қаза болғанын есіткен, оның ешуақытта
жалданған малайларға, шөпші, егіншілерге ақыларын дұрыс
бермейтінін бұрыннан білетін Әбубәкір, Сейіттен өлеңмен
өшін алғысы келіп, қағаз жазып тастап кетеді. Сәске түсте
керіліп, ұйқыдан тұрып жатқан мырзаға малайларының бірі
әлгі қағазды «қонақ тапсырып кетіп еді» деп, ойында ешнәрсе
жоқ, «жерден жеті қоян тапқандай» алып барып береді. Сейіт
қағазды оқиды. Онда:
Бүгін көрген түсімде,
Бір Алланың ісінде,
Ғаламат бір сыр көрдім,
Көп моланың ішінде.
Ақ кебін сүйретіп,
Біреу шықты моладан.
Кім екен деп қарасам,
26
27
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
Қоңырбай екен ол адам.
Оттан киген тоны бар,
Біреу шықты оңынан.
Темір шоқпар қолында,
Біреу шықты соңынан.
Шырқыратып, шырлатып,
Жетектеп жүр қолынан,
Бірталай адам еріп жүр,
«Ақымды бер!» деп соңынан.
Санап келіп қарасам,
Бес жүз болды молынан.
Әлгі топтың қарғысы,
Тиіп жатыр кесектей.
Отқа күйген жерлері,
Қалың шыққан шешектей.
Гүрзінің тиген жерлері
Қағазға басқан пешеттей.
Сенің әкең—Қоңырбай,
Бақырады есектей.
Мен білсем, сол әкең,
Бере алмай жатыр есепті-ай,—
деп жазылған екен. Әбубәкірді өлтіремін деп, артынан қуып,
бірақ таба алмай, кейін қайтады.
Қазақтың сал-серілері де ол кездің кертартпаларына
ұнамаған. Олардың киімдерінің алабажақтығы ерсі болып кө-
рінген. Шынында, салдар мен серілер—ол замандағы өнердің
өкілдері. Бұл күндегі әртістерше сахнаға киетін киімін чемо-
данға салып алып келіп, әдейі оларға арналған бөлмеде қайта
киінетін жағдай сал мен серіде болған жоқ. Олар ат үстінде де,
ауыл сыртында да, базарда да, жәрмеңкелерде де өнерлерін
көрсетті. Сондықтан басқа кісіге алабажақ, әсіреқызыл кө-
рінетін олардың киімдері сол сахнада киетін киімдер. Ал
олар өмірде де солай киініп жүреді. Өйткені оларда өмір мен
өнердің екеуі бірімен-бірі қосылып, ұласып кеткен. Бірқатар
28
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
ескіліктен әлі құтыла қоймаған адамдардың аузынан жазып
алған А.Затаевич салдар жөнінде қате пікірлер айтқан. Ол олар-
ды мақтаншақ, ерсі деген сияқты әңгіме айтқан. Көркем өнер
өкілдерінің басқа еңбеккерлерден қызмет бабы басқа түрлі.
Олар сахнада ән салғанда (осы кезде) өзінің қызметтік мін де-
тін атқарады. Бірақ сол «қызметін атқару» үстінде халық олар-
ды қошеметтеп, дуылдаған қол соғумен қарсы алады. Кейбір
концерттерде тыңдаушылар қошаметі салқын болса, әртістер
кәдімгідей ренжіп қалады. Ал басқа мекеме қызметкерлері-
нің қайсысында ондай жағдай бар? Сондықтан сал, серілерде
әртістерге тән жәй адамнан өткірірек сезім, мақтаншақтық
болып көрінетін өзінің өнерінің бағасын білу болмауы мүм кін
де емес. Олардың өнерінің бағалығын халық түсінді, оларды
құрметке бөледі. Оларды аттан көтеріп алу, қыз-келіншек
қана шай құйып берулері, күйеуінің көзінше ұзатылатын
қалыңдықтың шымылдығының ішіне кіріп отыратын ер кін-
дігі—бәрі де ол күндегі заң жинақтарының тармағында қа рал-
ған емес, сал-серінің халықтан алған құқығы. Осы жолдар дың
ав торы салдардың соңы—Мөңке Төлеген деген кісіні көрді. Ол
ұзын бойлы, сұлу денелі, аса сүйкімді бет пішінді, әдемі қара
мұртты, киімді үлкен талғаммен киетін, жаз болса жылтыл-
даған фоэтонда, қыс болса бұзаулық шанада қараған доға мен
шлея сыз, бауырынан бір тартып, желгіш ат жегіп жүретін.
Өзінің сол ат пен арбадан басқа не дүниесі, не малы болмай-
тын. Бірақ ха лық оны хан келе жатқандай қарсы алатын.
Әңгіме айтса, майын тамызады, ән салса, таңдайыңды қақ-
тырады. Ол кеңес тұсында да сол беделінен төмендеген жоқ.
Өйткені ол кеңестік құрылыстың артықшылығын уағызда-
ды. Бірінші қараған кісіге ол еңбек етпейтін, тек қасына сұлу
Зүбайнасын ертіп алып, ел аралап, «халық үстінде» жүретін
адам сияқты болып көрінгенімен, оның аузынан шыққан сөз
халық үшін аса «дуалы», халықтың өз тілінде, асықпай, бап-
пен отырып-ақ жеткізетін. Өзі сауатты, көп жаңалықты біліп
отырады, өлеңді жазып шығарады, әнді де өзі шығарады. Со-
нымен қатар ол бұрынғы кездегі халық әншілерінің өмірінен,
28
29
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ТУРАЛЫ
шығармашылығынан хабарлы болатын, сол кездегі еңбекші
елдің сойылын соққан демократиялық музыка мен поэзия-
ның жақ
сы үгітшісі болатын. Төлеген бері келіп, отызын-
шы жылдар дың аяғында Берсүгір көмір кенінде, баласының
қолында қайтыс болды. Көзі жұмылғанша халық алдында сол
қадірі түспес тен кетті.
Қазақтың халық әндері бұрынғы кезде нотаға аз түсуі
былай тұрсын, граммофон үнтаспасына да тіпті аз жазыл-
ды. 1914 жылы Сыр бойында аты шыққан, кейін өзінің кіш-
кенелігі, қараторылығы, әнші құстай сайраған өткірлігі
арқасында «Қараторғай» атанып кеткен келіншек үнтаспаға
Сырдың «Қараторғайы» мен «Ақау Семей» әндерін берген. Ол
келіншекті Құрманбек Жандарбеков көрген, ән орындауын
есіт кен. Қараторғай жөнінде А.Затаевич те жазып кетті. Әри-
не, қазақ халқының мыңдаған әндерінің ішінен екі әннің ғана
үнтаспаға түсуі теңіздің тамшысындай ғана көрініс. Екі ән
арқылы қазақтың халықтық музыка қазынасы қанша үгіттеле
қоймақ?!
Қазақтың ән қазынасы, сөзсіз, қомақты түрде, тек кеңес
үкіметі тұсында ғана жиналды. Жиырмасыншы жылдардың
басында А.Затаевич Орынборға келіп, Қазақ Халық ағарту
ко
миссариаты арқылы елге шығып, бірнеше жыл бойы
музы
ка
лық этнографиямен шұғылданады. Ол сол жылдар
ішінде қа зақ тың екі мыңнан астам ән-күйін нотаға түсіріп,
оның мың жа ры мын екі том етіп, 1925 және 1931 жылдары
бастырып шығарды. Ол ән-күйдің ноталарын жазумен қатар,
олардың кейбіреуле
рін фор
тепиано сүйемеліне икемдеп, ор-
кестрге түсіріп, орындау ар қылы уағыздады. Орындаушының
бірі өзі болды. А.Затаевич тің бұл еңбегі жер жүзіне жайыл-
ды. Ол сол жинақтарының со
ңын
да қазақ музыкасы тура-
лы, әнші-күйшілер жайлы аса құнды пікірлер айтып жазды.
Қазақтың көптеген әншілерінің аттары тарихта бірінші рет сол
А.Затаевичтің аузымен халыққа тарады. Абай, Біржан, Мұ-
хит, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди, Майра тағы со-
лар сияқты халық композиторлары жайлы бірінші рет баспасөз
30
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
бетінде А.Затаевич мәлімет берді. Олардың шығармашылық
ерекшеліктерін баяндады.
Осы 20-жылдардың басында Орынборда, Семейде, Ташкент-
те, Алматыда музыка үйірмелері ашылып, өнерпаздық етек
ала бастады. Осы қалалардағы Халық ағарту институттары
жандарында ұйымдасқан өнерпаздар топтары хор ұйымдасты-
рып, спектакльдер, концерттер қойып жүрді. Олар өздерінің
музыкалық шығармаларында үкіметтің саясатын үгіттеді.
А.Затаевич Адай округінен келген Құрмаш Нұрханов деген
кісінің оған татардың жаңа әні «Яшасын!» және «Интернацио-
налды» орындап бергенін жазады. Сонымен қатар Орынбор
жұмысшы пәбрикенің оқушылары «Қайдаржан» атты жаңа
өлең шығарады. Қазақтың «Ай-хай, жаздың күні» деген әнін,
жаңа сөз жазып, «Ай-хай, майдың күні!» деп айтады. Әр жер-
ден біртіндеген жаңа әндер шыға бастайды. Олардың бәрінде
де өкімет құрылысының артықшылығы жырланады. Өзгер-
ген халық тұрмысымен байланысты әндердің тақырыптары,
мазмұны да өзгеріп, жаңа заманды мадақтайды...
Ахмет Жұбанов
Қазақ КСР ҒА академигі,
өнертану ғылымдарының докторы, профессор
30
32
32
Достарыңызбен бөлісу: |