Синтаксисті дамыта оқытуға арналған тест. «Тест»-ағылшын
сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың
білімін тексеру үшін тестіні ағылшын педагогы Дж.Филлер 1864 жылы
қолданған.
Тест – психологияда жеке адамның ақыл-ойы дамуының, білік-
дағдыларының, қабілеті дамуының белгілі бір деңгейін тексеруге арналған
стандартты қалыптағы тапсырмалар жиынтығы болып келеді.
Қазақ тілінен берілетін тест болса мұндай интеллектуалдық тестіден
мазмұны мен көздеген мақсаты жағынан бөлек болып келеді.
Оқушыларға қазақ тілін дамыта оқытуда олардың білім дәрежесін
тексеріп, бақылап, нәтижелерін жақсы көрстекіштерге жеткізуді мақсат
ететін тест, біріншіден, уақыт үнемдеуге мүмкіндік жасаса, екіншіден,
мазмұны мен мақсаты дамытушылыққа бағдарланып, онда қазақ тілі
пәнінің өзіндік ерекшелігін ескеріледі, үшіншіден, оқушылардың
рефлексиялық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Оқыту мен бақылау функциясы біріктіру мақсатын көздейтін тест
тапсырмасына мысал келтірейік:
Екі бағанда орналасқан сөйлем түрлерінің атаулары мен сөйлемдерді
бір-бірінің айтылу мақсатына қарай топтастыра, екеуін сәйкестендір.
1. Хабарлы сөйлем а) Қасқырдың төлі не?
2. Сұраулы сөйлем ә) Мал тыныстайды.
3. Лепті сөйлем б) Жүйрік озады.
в) Мысық қалай дыбыстайды?
г) Өркенің өссін, қарағым!
ғ) Тау мұнартады
Мұнда оқушының шығармашылық ойлауын мүмкіншілік беретін
сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажырату, оларды бір-бірімен
салыстыру және ондағы сөздердің мағынасына назар аудартудың өзі де
оқушыға бір материал негізінде көптеген оқу-танымдық әрекеттер
орындауын мүмкін етеді.
Мұғалім тестің баламалы (альтернативті), толықтыру (еске түсіру),
сәйкестендіру, дұрыс жауабын таңдау тестілерін қолданудың
технологиясын жете меңгертуі тиіс. Бұл аталған тест түрлері оқушылардың
білімін тексеріп, бақылауда және оқушының өзін-өзі бағалауына, жақсы
көрсеткіштерге жетуіне мүмкіндік берері сөзсіз.
Тестің негізгі түрлері мыналар:
1. Баламалы (альтернативті) тест. Мысалы: алақай, қандай,
140
тамаша, жасасын сөздердің барлығы лепті сөйлем құрауға қатыса ала ма?
Оқушы бұған тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.
2. Толықтыру (еске түсіру) тесті. Мысалы: а) Хабарлы сөйлем
берілген. Оларға тиісті сұрақтарды қоя отырып, көп нүктенің орнына
сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
Үйді құрылысшы салады. ... ... ...?
Керіктің мойны ұзын. ... ... ...?
Дәрігер ауруды емдейді. ... ... ...?
ә) Төмендегі ережені толықтыр.
Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін,.......
б) Өлеңнен тұрлаулы мүшелерді тауып, оларды сызықшамен
толықтыр.
Отан – туған үйіміз.
Отан – туған жеріміз.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
(Е.Өтетілеуов)
в) Өлеңнен бірыңғай мүшелерді тауып, оларды тыныс белгілерімен
толықтыр.
Мектеп – ана
Тәлім алған осыдан атамыз да,
Әжеміз де, анамыз да, әкеміз де.
Құшағына түлегін шақырды ана –
Енді біз де үлгілі шәкірт бала.
(М.Әлімбай)
г) Әр қатарды осыған ұқсас сөз тіркестерімен толықтырып жаз.
1. Мектеп ауласы,......
2. Терең көл,,.....
3. Екі ешкі,....
4. Ақыл айт,....
5. Тез оқы,...
3. Сәйкестендіру тесті. Екі бағанда орналасқан деректерді,
мысалдарды бір-бірінің мағынасына, мазмұнына байланысты тауып
топтастырады. Мысалы: а) Екі бағанда орналасқан мүшелерді түрлерінің
атаулары мен сөздер тобын топтастырып, сәйкестендір.
Тұрлаулы мүше қатты ренжідім
тәжірибелі мұғалім
мен қуандым
тұрлаулы мүшесі бар
Тұрлаусыз мүше жерді өлшеді
ә) Бағанның сол жағында орналасқан дара және күрделі мүше мен
соларға сәйкес келетін сөйлемдерді бір-бірімен сәйкестендір.
Бала орманға барды.
Дара мүше Болат ағаштан кеме жасап отыр.
Көшеттерді суаруға он бес бала бөлінді.
141
Қызыл ала көбелек гүлге қонды.
Күрделі мүше Орман желмен тербеледі.
б) Екі бағанда орналасқан қаратпа сөзі бар өлең мен өлең мазмұнына
сәйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын бір-бірімен сәйкестендір.
– Бүлдірген тереміз, балақай.
– Алақай!
– Ат жарыс көреміз, балақай.
– Алақай!
– Айға ұшып барамыз, балақай.
– Алақай!
– Кел, ағаш жарамыз, балақай.
– Әй, ата-ай!...
в) Екі бағанда орналасқан адамның көңіл-күйін бейнелейтін суреттер
мен соларға сәйкес келетін сөйлемдерді бір-бірімен сәйкестендір.
а)Алақай, мен Астанаға баратын болдым!
ә)Тұр орныңнан!
Суреттер
б)Қап, сиямның таусылып қалғаны!
в)Қазақстан халықтарының мызғымас
достығы жасасын!
г)Мына қардың аппағын-ай!
4. Дұрыс жауабын таңдау тесті. Мысалы: Білімді бекітуге арналған
тест сұрақтары:
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 2
ә) 3
б) 4
2. Сұрауға жауап боп келетін сөйлемнің түрі
а) сұраулы
ә) хабарлы
б) лепті
Бұл аталған тест түрлері оқушылардың білімін тексеріп, бақылауда
және оқушының өзін-өзі бағалауына, жақсы көрсеткіштерге жетуіне
мүмкіндік берері сөзсіз. Біз ұсынып отырған тест тапсырмалары
дамытушылыққа бағдарланған, қазақ тілі пәннің өзіндік ерекшелігі
ескерілген тесттің түрі деуге болады.
Қазақстандық мектептерді дамыған елдер қатарындағы мектептер
қатарын жеткізудің бір жолы – оқыту үдерісінің компьютеризациялау.
Ендеше, оқушының қазақ тілінен алған білімін бақылау мен тексерудің
тиімді жолы ретінде тест ала отырып, оқушыларды қызықтыруға, өзінің
білімін өзі бағалау арқылы көбірек білуге деген құштарлығы артуын
компьютерлік тестінің берері мол. Компьютермен тест алуда мектептің
компьютермен жабдықталған кабинетінің болуы, қазақ тілінен мұғалімнің
компьютермен тест алуға даярлығының болуы шарт.
Сонымен, тесттің оқыту үдерісіндегі маңызы мен болашақтағы тиімді
142
тұстары таныла түсіп, қазақ тілін сапалы деңгейге шығаруға көмектеседі,
оқушылардың сауатын арттырады.
Синтаксисті дамыта оқытудың әдістемелік кешенін жасауда
компьютермен тест алатын орны зор. Компьютермен тест алу үшін
мектепте компьютермен жабдықталған кабинеттің, оқушылардың
компьютермен жұмыс істей алу дағдысының, синтаксис тақырыптарынан
тест алу даярлығының болуы қажет. Мысалы, синтаксис материалдары
бойынша деңгейлік тапсырмалар.
Зерттеуіміздің психологиялық негізі болып табылатын теория –
Л.С.Выготскийдің «оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы
«актуальды даму» аймағының «жақын арадағы даму»аймағының ауысу»
теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-
деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу
негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады [98].
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар синтаксис
материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей –
міндетті, оқушылық, екінші – алгоритімдік, үшінші – эвристикалық және
төртінші – шығармашылық деңгейлердегі қабылдау.
1-деңгей
Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым
мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді. 1-
деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей
болғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2-деңгей
Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп,
тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай
қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды оқушы
талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау
үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3-деңгей
Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып
бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа
білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қортындылай білуге
жол ашады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
4-деңгей
Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге
дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру
тапсырмалары беріледі.
Мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту мақсатында айқындау
оқыту нәтижелерін таныта алатын нақты әрекеттер арқылы жүзге
асырылады. Дегенмен әрекетті жасау кезінде ойлау жүйесінің деңгейлері
әрқалай болатындығы белгілі. Ал бұл көптеген ғалымдардың назарында
болғаны мәлім, солардың бірі – Б.С.Блумның оқушылардың танымдық,
эмоционалдық, психологиялық-моторлық аялар іс-әрекеттеріндегі оқу
143
мақсаттарының таксономиясы.
Б.С.Блумның таксономиясы танымдық үдерістің ең қарапайым
деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 категорияға жіктейді: білім
деңгейінде өтілген қарапайым фактілерден бастап, тұтас теорияға дейінгі
оқу материалының еске сақталуы мен еске түсірілуі іске асырылады, ал
түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөздерімен жеткізе алумен
жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз
тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты күрделі әрекетке ұласады, яғни
меңгерілген оқу материалын өмірдегі нақты қажеттіліктерде және жаңа бір
жағдаяттарда дұрыс әрі тиімді қолданады. Бұдан кейінгі оқушының оқу-
танымдық қызметінің жоғары деңгейлерінде оқу материалын орналастыру,
бөлу және оны жинақтау, бағалау жұмыстары жүргізіледі. Мұндай
жұмыстардың негізінде оқушылар оқу материалын салыстыра, сипаттай
біледі және меңгерілген білімнің негізінде ой қортындысын жасай алады.
Блумның осы таксономиясын басшылыққа ала отырып, оқушылардың
оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мақсат қою технологиясын
қалай іске асырғанымызды кесте арқылы өрнектейді:
11-кесте – Блумның таксономиясы арқылы оқушылардың іс-әрекетін
қалыптастыру
Дағдылар
Анықтама
Оқушының іс-әрекеті
Білім
Берілген жаңа түсінікті ұғады,
еске ұстайды, бұрынғы білімді
еске түсіреді.
Тыңдайды, қабылдай-
ды, есте сақтайды,
ойлайды.
Түсіну
Жаңа материалды түсіну, өзінше
түсіндіру немесе болжам жасау
Түсіндіреді, айтады,
көрсетеді, жазады.
Қолдану
Жаңа білімді тәжірибеде, яғни
нақты жаңа жағдайда пайдалану
Бұрынғы алған білімін
пайдалана отырып,
жаңа проблема шешеді.
Талдау
Алған білімді жіктеу, саралау, ең
негізгі түйінді дәнін бөліп ала
білу, яғни бүтінді бөлшектерге
жіктеу арасындағы байланысты
айқындау
Ойланады,
салыстырады, табады,
талқылайды, ашады,
ізденеді.
Жинақтау
Жеке бөлшектерден, дара
ұғымдардан тұтас дүние жасау
(жалқыдан жалпыға)
Ойлап
табады,
құрастырады,
шығарады,
байланыстырады.
Бағалау
Жаңа ұғымы, жаңа материалдың
құндылығын анықтау, керектігін
анықтау, пайымдау
Бағалайды,
талқылайды,
өз
талабын айтады.
Бұл жүйені жете түсіну үшін мұғалім қандай тірек сөздерді
пайдалануы мүмкін, соған тоқталайық:
12-кесте – Блум таксономиясын жүзеге асырудағы мұғалім
басшылыққа алатын сөздер
144
Білім
Айт, жаз, атап бер, орнына қой.
Түсіну
Өз ойыңды айт, түсіндір, ұқсастық, айырмашылығын
көрсет, мағынасын түсіндір.
Қолдану
Қолдан, тап, пайдалан.
Талдау
Салыстыр, басқаша ойластыр, басқа ерекшелігін тап,
негізгі қасиетін дәлелде.
Жинақтау
Құра, ойлан (жаңа нәрсе), керісінше, мүмкін.
Бағалау
Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің
біреуіне келісемін, сын айт.
Тәжірибеде осы мақсат бойынша мақсатқа қалай жетуге болатынын өз
зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан қарастырайық.
13-кесте – Сөйлем тақырыбын Блум таксономиясы бойынша анықтау
Білім
Сөйлемге анықтама бер. Сөйлемнің айтылу мақсатына
қарай түрлерін ата. Оларды бір-бірінен ажырат.
Түсіну
Берілген мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді тап.
Қолдану
Хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдыр.
Талдау
Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің айтылуы мен
жазылуын салыстыр.
Жинақтау
Берілген тірек сөздермен хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдері бар мәтін құра.
Бағалау
Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді пайдаланып,
«Дәрігерде» тақырыбында диалогқа түсіп, өз-өзіңді бағала.
Деңгейлік тапсырмалар:
Білім: Мәтіндегі әр сөйлемде не туралы айтылғанын анқыта, қандай
сөйлем екенін айт.
Тірек-сызбамен жұмыс:
Осы сызба арқылы хабарлы сөйлем туралы ой тұжырымдамасын жаса.
Айтқан ой тұжырымдамаңды оқулықтағы ережемен салыстыр,
айырмашылығын тап.
Түсіну: Әйелдің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін
білдіретін сөздерді бір бөлек топтастырып жаз:
Сәукеле, орамал, жаулық, камзол, шәлі.
Жейде, күпі, құлақшын, ішік, шекпен.
Қолдану: Балалар, тау, сырғанақ, қар сөздерімен хабарлы сөйлем
құрастыр.
Далада қар жауып тұр. Балалар сырғанап жүр. Дидар тауға атасымен
бармақшы.
Талдау: Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Нүкте
қою себебін дәлелде. Ол үшін төмендегі өлең шумақтарын басшылыққа ал.
Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
145
Кідірісі белгісі орнында тұрам.
Тиянақты ойдың біткенін білдірем,
Сөйлем соңына таман,
Даусыңды бәсеңдетіп үлгерем.
Жинақтау: Суреттегі тірек сөйлемдер арқылы әңгіме құрастыр: Сәуле
орманға жидек теруге келді. Оның үлкен себетін көріп, жидектер
тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелек ұшып келді. Сәуле көбелекті
қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрін байқап отырған тиін себетке
жидек тере бастады. Қайта оралған Сәуле себеттің жидекке толы
екенін көрді. Ол қатты қуанды.
Қорытынды
Барлық оқу пәндері сияқты, қазақ тілі грамматикасы да тілдік
ұғымдардың жүйесінен жасалады. Соған орай грамматиканың әрбір бөлімі
мен тарауы, тақырыбының өздеріне тән атаулары мен ұғымдары бар.
Оқушыларда тіл ережелерін меңгеруінің психология-педогогикалық
негіздеріне байланысты болмақ. Мәселенің мәні біріншіден,
оқушылардың оқыту үдерісінде тілдік ережелерді жете түсініп, меңгеру
болса, екіншіден, сол грамматикалық ұғым-түсініктерді тиімді амал-
тәсілдер арқылы түсіндіру, үшіншіден, әрбір тілдік ұғымдардың өзіндік
мен жалпы белгілерін ажырата білуге шәкірттерді машықтандыра
отырып, орфографиялық сауаттылықты тіл материалдарының ереже
негізінде қалыптастыру. Сондықтан оқушылардың тілін дамыту
жұмысында мұғалімдердің қызметі көрнекті орында тұрады. Ал оған
педагогикалық жағдай туғызу оқушылардың сөйлеу дағдыларының
дұрыс қалыптасу үдерісіне әсер ететін құралдарды таңдау немесе
әдістемелік әдіс-тәсілдерін байыту сияқты мәселелер келіп шығады.
Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыруда жаттығу
жұмысын дұрыс ұйымдастырудың екі жағы бар: біріншіден, оқушылардың
сауатын дамыту жұмысының негізін, жүйесін, мазмұнын, көлемін, түрін
және оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
Екіншіден, сауатты жазу барысында оқушылардың қызметін
ұйымдастыруға байланысты икемділік пен дағды беретін әдіс-тәсілдерді,
жаттығу жұмыстарын, тапсырмалар жүйесін жасау, ал бұлардың барлығы
жазбаша мәтіннің сауаттылықпен орындалуына жету.
Оқушылардың орфографиялық сауатын дамытуда қазақ тілі пәні
бойынша тілдік құрылыстың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, тіл
стильдерін үйретіп, оны күнделікті қарым-қатынастағы тілді қолдану
тәжірибесімен байланыстырып жүргізіледі. Сондықтан сауатты жазу
икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру мынандай жүйеде жүргізу
тиімді болып есептеледі:
1. Дұрыс жазу да сөйлеу әрекетінің түрі. Қазіргі кезде әдістемеде
жазу және жазбаша сөйлеу деген ұғымдар бар. Бұл ұғымдарды ажырату,
жазу механизмдерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ол механизм екі
146
бөлімнен тұрады: а) Жеке әріптерден сөздер құрастыру; ә) Жеке сөздер мен
сөз тіркесінен жазбаша түрде мәтін (хабар) құрастыру.
2. Жазу механизмінің бірінші бөліміне тән икемділік пен дағдыларды
қалыптастыру үшін оқушылар графика мен орфографияны меңгеруге тиіс.
Оларды меңгеру дағды деңгейіне дейін жеткізілуге, ал жазу механизмінің
екінші бөлімін меңгеру үшін оқушылар белгілі графикалық кодтың
көмегімен өз ойларын өзгелерге жеткізе білуге тиіс, яғни бұл жерде
жазбаша сөйлеу әрекеті жүргізіледі. Сонымен жазбаша сөйлеуге
графикалық және орфографиялық дағдылар құрама бөлік ретінде кіреді.
3. Жазбаша сөйлеу әрекетінің айырықша түрі: ол ақпаратты
графикалық байланыс арқылы, яғни графикалық түрде қалыптастырып,
сөйлеу тудырады. Сонымен жазбаша сөйлеу әрекеті сөйлеудің
экспрессивтік (репродуктивтік) түріне жатады. Құрылған ой жазба
таңбалары арқылы белгілі норма бойынша қағазға түсіріледі.
4. Жазба тілді дамыту негізінде жазудың психофизиологиялық
сипаттамасына байланысты жүргізіледі. Ойды жазбаша түрде жүргізу
барысында сөйлеу екі сатыдан тұрады: а) ойды ауызша жеткізу үшін
дыбыстық хабарды жазбаша түрге айналдыру; ә) жазбашада тілдік
құралдарды сауатты түрде жазу.
Дыбыстық хабардың қалыптасуы күрделі әрекет болып табылады:
айтылымды мазмұндық жағынан бағдарламалау, айтылымды
грамматикалық тұрғыдан жүзеге асыру, сөздерді іріктеп алу, дыбыстарды
іріктеу; сөйлеуді жүзеге асыру, айту. Бұл аталғандар – ауызша сөйлеуді
тудырудың жолы. Сол ойды жазбаша жеткізу барысында жоғарыдағы
аталған іс-әрекетке қосымша дыбыстық хабарды белгілі жазумен
ұштастыру, хабарды іштей сөйлеуге келтіру әрекеті қосылады. Жазбаша
түрде берілген мәтінді көшіріп жазғанда немесе естігенді жазғанда
(диктант) бірінші элемент өз ойын кодтау емес, көру немесе тыңдау
арқылы қабылданған сөйлеу туындысының кодын ашу болады. Демек,
жазбаша сөйлеу қалыптасуының екі сатысы: кодтау немесе кодты ашу
және графикалық канал бойынша кодтау және жазба сөзді алдын-ала
ауызша қалыптастыру жазудың ауызша сөзбен және оқумен тығыз
байланыстығына әкеледі. Сөйтіп жазу тіл дамытудың маңызды құралына
айналады.
Оқушылардың тілін дамыту деңгейлері мына сияқты бірліктер
негізінде анықталады.
-
пікір айту көлемі (сөйлемдер мен лексемалар саны);
-
тақырыпшалар саны, олардың тақырыпқа және мәтінде
айтылған ойға сәйкес келуі, толық қамтылу деңгейі (мағыналық
компоненттер, олардың көлемі);
-
арнайы тілдік құралдар;
-
әртүрлі сөздіктер мен синтаксистік құрылымдар және т.б.
-
сөйлемдердегі сөздердің орташа саны;
-
мағыналық, лексикалық, синтаксистік және басқа да емлелік
қателер мен кемшіліктер саны.
147
Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастыра оқытудың
негізгі бағыттарының бірі – қатынас тілін дамытуда емле ережелерін
сақтау. Оған мынадай міндеттер қойылады:
-
Ойын жеткізу мақсатында тіл құралдарының құрылысы,
мазмұны бойынша жұмыс (арнайы жаттығулар, диктанттар орындау
барысында, мазмұндама мен шығармаға дайындық кезінде); Біліктілікті
қалыптастыру мен дамыту; Орфограммаларды айқындау, оның ережесін
игеру;
-
Сауатты жазуда икемділік, дағдыларын қалыптастыру.
Ол үшін «икемділік – субъектінің алған білімдері мен дағдыларының
жиынтығы арқылы іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті»
бойынша қалыптастыру. Ал икемділік жаттығу арқылы қалыптасады және
іс-әрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сонымен қатар, өзгерген
жағдайларда да орындауға мүмкіндік жасайды. Оқушының өмірдегі
тәжірибесі орындалатын тәжірибелік - теориялық іс-әрекеттері олардың
икемділігін көрсетеді. Ол икемділік жетіле, автоматтандырыла келе
дағдыға айналады.
Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің
жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы болып есептеледі.
Сондықтан дағдыға айналған әрекеттер санадан тыс болмай әрекет
өнімділігін арттырады. Ол үшін жаттықтыру керек. Сондықтан
оқушылардың саутты жазуын қалыптастыру үшін дидактикалық талаптар:
оқытудың ұстанымы, әдіс-тәсілдері, тәжірибелік жұмыстар жүйесі анық
белгіленуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі
148
1. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы;
«Қазақ Университеті», 1993 – 160б.
2. Безымянная О.М., Лукьянов С.А. Диктанты с комплексным
анализом текста, - М.: Арыс пресс, 2003, - 256с.
3. Бағдарламалар. Қазақ тілі 5-9 сыныптар. Алматы 2003.
4. Әлімжанов Е., Маманов И. Қазақ тілінің методикасы. –Алматы:
Мектеп, 1946.
5. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы,
1993.
6. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы: Санат, 1995,
120 б.
7. Жапбаров А. Оқушылардың тілін дамыта оқытудың әдіснамалық
және әдістемелік негіздері. 1-кітап, Алматы, 2007.
8. Оралбаева Н., Абылақов Е. Қазақ тілі, Алматы, 1987.
9. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. –
Алматы: Білім, 2000, 207б.
10. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттары. Алматы, 2002.
11. Тұрғанбаев Ә. т.б. Ғылым тарихы мен философиясы, -Алматы:
Білім, 2006, 285 б.
12. Ковалев А.В., т.б. Жалпы психология. Алматы., 1980, 350б.
13. Пассов Е.И. Коммуникативный метод. обучения иноязычному
говорению. – М.: 1991. 222с.
14. Жинкин Н.И. Развитие язык и языковая личность. М., 1994. 213с.
15. Ананьев В.Г. Психологические основы культуры устной и
письменной речи и ее воспитание в школе. Уч.записки АГПИ им. Герцена.
Т. 43. –
16. Титов В.А. Методика преподавания русского языка: Конспект
лекции. – М.: «Приор-издат», 2005г.
17. Қордабева Т.Р: Қазақ тіл білімінің қалыптасуы, даму жолдары. –
Алматы: Мектеп, 1987.
18. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым,
1966, - 362б.
19. «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу
туралы», қаулы, 1938ж. 2-қаңтар.
20. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992, 448б.
21. Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. – Астана:
Елорда, 2001-230б.
22. Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар. – Алматы:
Орталық білім жетілдіру институты, 1994. 18б.
23. Құрман Н., Уәли Н., Нышанова Ғ. “Қазақстан Респубикасы
мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі” жүйесінің қазақ тілінен толық
фонетикалық курсы. –Астана: 2009, 176 б.
24. Джунусбеков А.Е. Сингормонизм в казахском языке. – Алматы,
Ғылым, 1980, 77с.
149
25. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ ұлттық
университеті. 1991. -41б.
26. Мусаев К.М. Вопросы разработки и дальнейшего
совершенствования орфографии тюркских литературных языков
Советского Союза.// В.кн. Орфографии тюркских литературных языков
СССР. – М.: Наука, 1973.с.4-48.
27. Ысқақов А. Алфавит пен орфография ережелерінің жобасы
туралы. // Қазақстан мұғалімі. 1953, 28-ақпан.
28. Балақаев М. Орфографияның бірер ережелері. // Қазақстан
мұғалімі, 1953, 6-наурыз.
29. Ермеков Ә. Екі мәселе. // Қазақстан мұғалімі. 1953. 28-наурыз.
30. Шәукенов Қ. Морфологиялық принцип толық сақталсын.
//Қазақстан мұғалімі. 1953. 28-наурыз.
31. Сыздықова Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 200,
-332б.
32. Сарыбаев Ш.Қ.Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. –
Алматы, 1959, -98б.
33. Аханов К., Кәтембекова Б., Әбдіғалиева Т. 6-сыныпқа арналған
«Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» - Алматы: Рауан, 1990. – 90б.
34. Ұйықбаев И. Бірге жазылатын сөздер. //Қазақстан мұғалімі. 1958,
23-қаңтар.
35. Мұсабаев Ғ. Біріктіріліп жазылатын сөздер. //Қазақ тілі мен
әдебиеті. – 1998, №6, 50-56б.
36. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға бірдей стандарты. Алматы, 2002, 30-б.
37. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. –
Алматы: Қазақ университеті, 1993, -160б.
38. Мектеп бағдарламасы. Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы, Мектеп,
1977.
39. Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі
міндеті// Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері. – Алматы: Мектеп
1972.
40. Орфографиялық сөздік. –Алматы. 1962. -219 б.
41. Орфографиялық сөздік. –Алматы. 2001.
42. Кәтенбаева Б., Нұрғалиев М. Морфологияны оқытудың
методикасы. – Алматы: Мектеп, 1975.
43. Балақаев М. Тіл мәдениті және қазақ тілін оқыту. Алматы,
Мектеп, 1959, -98б.
44. Орфографиялық сөздік. –Алматы. 1963.
45. Аханов К. Күрделі сөз және оған тән белгілер. //Қаз.мектебі.
-1972. №10. 82-85 б.
46. Смирницкий А.И. К вопросу о слове // Сб. Вопросы теории и
истории языка М., 1952, с 182-203.
47. Жирмунский В.М. О границах слова //Сб.: Морфологическая
структура слова в языках различных типов. М-Л. 1963.
150
48. Жәркешова Г. Біріккен сөздердің кейбір мәселелері. // ҚҒА.
Хабарлары, философия сериясы. 1954, №135.
49. Ермеков А. Семантика стилных слов в казахском языке: автореф.
к.ф.н. Алматы, 1950.
50. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. –
Алматы; Университет, 2001, -172 б.
51. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. Алматы: Ғылым, 1966,
362 б.
52. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -Алматы: Мектеп,
1967, 398 б.
53. Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. –М.:
Наука, 1982. 150 с.
54. Севортян Э.В. Соотнешение грамматики и лексики в трюкских
языках. // Вопросы теории и истории языка. –М., 1952. -55 с.
55. Современной татарский литераткрной язык. М., 1969, -372 с.
56. Ильясова Н. Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасу
мен даму үдерісі. Алматы, 2003. 125 б.
57. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. (Синтаксис, пунктуация).
Алматы, 1974.
58. Жинкин Н.И. Развитие письменной речи учащихся 3-4-классов,
М., 1995, -116с.
59. Лурия А.Р. Жазудың психологиялық-физиологиялық очерктері.
Алматы, 1990.
60. Виноградов В.В. Русский язык. (Грамматическое учение о слове).
М., 1972, с273.
61. Тукумцев Г.Р. Урок грамматики и правописания. //Методика
грамматики и орфографии. М., 1979.
62. Пешковкий А.М. Избранные труды. М., 1969.
63. Фирсов Г.П. Синтаксические упражнения в связи с развитием
речи, - М., Просвещение, 1979.
64. Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и структура языка. –
М., 1984, 127с.
65. Всеволодский В.Н. Общие проблемы воспитания школьников. –
М: Просвещение 1979.
66. Гальперин П.Я. Психология и учение о поэтапном формировании
умственных действии. М.: Просвещение 1996.
67. Званцева Ф.М. Пособие по развитию речи. М.: Высшая школа,
1985.
68. Ушинский КД. Родное слово. Книга для учащихся. Собр. соч. Т6,
М-Л., 1949.
69. Леонтьев А.Н. Речь и общение (общая психология) М., 1971г.
70. Гурьянов Е.В. Психологические основы упражнений при
обучении письму. М., 1968.
71. Шеварьева П.А. Обобщение ассоциаций в учебной работе
школьника. М., 1987.
151
72. Павлов И.П. Избранные произведения, в 2-х т. М., 1984.
73. Коменский Я.А. Великая дидактика. // Изб.соч. М., 1951, -472 с.
74. Текучев А.В. Об орфографическом и пунктуационном минимуме
для средней школы. –М., 1976.
75. Педагогика, под.ред. И.А.Кайрова. –М.: Учпедгиз. 1956. -436с.
76. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын
жетілдіру. – Алматы: РБК, 1999.-83Б.
77. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, Санат, 1995.
– 120б.
78. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.
Алматы, 1967.
79. Федоренко Л.Ф. Принципы и методы обучения родному языку.
М.: Педаг. 1964. -255с.
80. Текучев А.В. Основы методики русского языка. – М.:
Просвещение, 1980. 230с.
81. Баринова Е.А. и др. Методика русского языка. – М.: Просвещение,
1974, - 368с.
82. Лернер И.Я., Скаткин М.Н. Требование современному уроку. –
М.: Педагогика, 1969. – 178с.
83. Бабанский Ю.Х. Избранные педагогические труды. – М.: Высшая
школа, 1975. -316с.
84. Бейсенбаева З. Жоғарғы оқу орнында сөзжасам пәнін оқытудың
ғылыми - әдістемелік негіздері: пед.ғыл.докт.дисс.13.00.02. Алматы:
ҚазҰПУ, 2005. -294б.
85. Жолымбетов Қ. Қазақ орфографиясын игерудің негіздері. –
Алматы: Мектеп, 1975, -144б.
86. Математический энциклопедисекий словарь. М., 1988. – 965с.
87. Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс тілді бөлімдерде модульмен
оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы: Білім, 200, 201б.
88. Екшембаева Л.В. Языковые модулы и проблемы обучения. –
Каунас, 1989, 271с.
89. Шаханова Р. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс
бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-
әдістемелік негіздері. Алматы, 2002.
90. Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта
оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы, 2004.
91. Шадиева Н. Қазақ мектебінің 3-сыныбында лексиканы деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқыту әдістемесі. Алматы, 2003.
92. Власенков А.И. Взаимосвяз обучения орфографии и умственного
развития учащихся. Автореф. Д.п.н.-Казань, 1983, 44-с.
93. Әуелбаев Ш. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы.
Алматы, 1974.
94. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.
Алматы, 1967.
95. Бағдарламалар. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 5-9
152
сыныптарына арналған. –Алматы: AOND, 2003. -28 б.
96. Құрманова Н., Мухлис Қ. Текст теориясы және тексті талдау
әдістемесі. Алматы, 2000, -114 б.
97. Байтұрсынов А. Шығармалары, өлеңдер, аудармалар, зерттеулер.
–Алматы: Жазушы, 1989, 320 б.
98. Выготский Л.С. Собр. сочинений в 6-ти т. М., 1983.
99. Беспалько В.П. Слагаемын педагогической технологий, М., 1996,
192 стр.
100. Львов М.Р. О речевом развитии учащихся средней школы //
Педагогика. 1973, №9. 27-29 с.
Мазмұны
153
Кіріспе...........................................................................................................
Бірінші бөлім. Оқушылардың орфографиялық білім, білік,
дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1
Орфографиялық икемділік пен дағдыны қалыптастыру
әдістемесінің зерттелуі мен оқытылу жүйесі....................................................
1.2. Оқыту үдерісінде оқушылардың орфографиялық икемділік пен
дағдысының мазмұны мен мақсаты ...................................................................
1.3 Орфографиялық икемділік пен дағдысын қалыптастырудың
лингвистикалық негіздері.....................................................................................
1.4 Оқушылардың орфографиялық дағдысын қалыптастырудың
психологиялық негіздері.......................................................................................
1.5. Орфографиялық емлені оқытудың педагогикалық негіздері.............
Екінші бөлім. Оқушылардың емлелік икемділіктері мен
дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
2.1 Орфографиялық икемділік пен дағдысын қалыптастыра
оқытудағы жазба жұмыстардың жүйесі..............................................................
2.2. Орфографиялық жаттығу жұмыстарының жүйесі ............................
2.2.2 Орфографиялық талдау әдісі...............................................................
2.2.3 Орфографияны игертуде диктант жұмысын жүргізу.........................
2.3. Орфографияны тіл материалдары негізінде игертудің әдіс-
тәсілдері..................................................................................................................
2.3.1. Фонетикалық білім негізінде жазу емлесін игертудің әдіс-
тәсілдері..................................................................................................................
2.3.2. Сөзжасам емлесін үйрету....................................................................
Қорытынды...................................................................................................
Әдебиеттер тізімі...................................................................................
154
Достарыңызбен бөлісу: |