2.2. Орфографиялық жазба жұмыстарының жүйесі
Орфографиялық дағды қалыптастыру мынадай мақсаттардан
туындайды:
1. Сабақ мақсаты айқын болып, тілдік тақырыптың негізгі, өзіндік
ерекшеліктері, ішкі тілдік заңдылығы, емлелік ерекшелігі айқындалуы тиіс;
2. Әрі сол тілдік тақырыптың негізінде оқушының өзіндік ойын жеткізе
білуді игеруде қатысымдық әдіс бойынша тілін дамыта оқытылуы тиіс.
Себебі, кез келген тілдік тақырыптың теориялық негізін жетік
білмейінше, оның орфографиялық сауатты жазу негізі қалыптаспайды.
Өйткені тілдік құралдардың лингвистикалық негізін аша отырып, емлелік
дағдыны қалыптастыруда жүргізілетін негізгі жұмыс түрінің бірі – нақты
мақсатқа негізделген жаттығулар жүйесі.
Жаттығуға ғалымдар: «Упражнение – это метод обучения,
представляющий собой планомерное организованное повторное выполнение
действий с целью овладения ими или повышения их качества. Без правильно
организованных упражнений невозможно овладеть учебными и
практическими умениями и навыками» [74,351]. «Оқу материалын
меңгертуді ұйымдастырғанда оқу үдерісінде қолданылатын әдістік жүйенің
құрылымдық бірлігі» [75,246] т.б. анықтамалар береді. Жаттығу дағды мен
іскерлікті қалыптастырудың ең тиімді жолы, әдісі болғандықтан, оны
түрлендіріп өткізудің, яғни жаттығуды іштей жіктеудің, жүйесін жасаудың
маңызы зор. Ғылыми-әдістемелік еңбектерде жаттығудың түрлері сан алуан.
Педагогика ғылымдарының докторы Р.Шаханова жаттығулар жүйесін: тілдік
жаттығулар, сөйлеу жаттығулары және тілдік жағдай туралы деп 3
тармаққа бөледі [89,20]. Ал А.Жапбаров орфографиялық дағдыларды
қалыптастыруда жаттығуларды: 1) аналитикалық немесе грамматикалық-
орфографиялық талдау түріндегі жаттығу, 2) синтетикалық немесе мәтін
құрау үшін сөйлемдерді қайта құру жаттығулары, 3) грамматикалық
ережелерді топтастыру сипатындағы жаттығу немесе орфограммаларды
грамматикалық жіктер мен формаларына қарай, мысалы, жұрнақтар мен
жалғаулар т.б. 4) ұқсас немесе қарама-қарсы формалар бойынша жұмыс
[8,32] деп жіктейді. Педагогика ғылымдарының докторы Н. Құрманова
жаттығулар жүйесінің жіктемесін: мақсатына қарай: тілдік, сөйлеу,
аспектілік, кешенді т.б., оқу материалының табиғатына қарай: диалогтік
тілдегі, монологтік тілдегі; орындалу тәсіліне қарай: ауызша, жазбаша, бір
тілдік, екі тілдік т.б., сөйлеу қызметі түрлеріне қарай: айтылым, оқылым,
жазылым т.б., сөйлеу формасына қарай: ауызекі сөйлеу тілі, жазбаша тіл
жаттығулары, тілдің аспектілеріне қарай: фонетикалық, лексикалық,
морфологиялық, синтаксистік деп бөледі [90, 40]. Педагогика ғылымдарының
84
кандидаты Н.Шадиева "жаттығу" терминінің орнына "тапсырма" ұғымын
қолданып, оларды: білімдік тапсырма, проблемалық тапсырма, пәнаралық
тапсырма, шешендік тапсырма, танымдық тапсырма, интеллектуалдық
тапсырма деп бөледі [91, 19]. Орфографиялық дағдыны, жазуда қате
жібермеу іскерлігін қалыптастыруда А.И.Власенков жаттығудың мынадай
түрлерін ұсынады: орфографиялық талдау, сөзді құрамына қарай талдау,
создің ұясын жасау, қажетті дыбыстарды, сөздерді, белгіні қоя білу, көру
және түсіндірме диктантын алу [92]. Осы пікірлерге сүйене отырып, емлені
оқытудағы нәтижелі жаттығулар сұрыпталды. Мәселен, күрделі создер және
оның емлесін оқыту үдерісінде сауаттылық дағды мен ісксрлікті
қалыптастыру мақсатында жаттығулардың жүйесіне мән бердік. Жаттығуды
белгілі бір жүйеде өткізуде сыныптың ерекшелігіне көңіл бөлінді. Атап
айтқанда, оқушылардың күрделі сөздердің емлесіне байланысты игерген
білімі; сөйлеу мәдениетінің деңгейі; оқушыларға жасалатын жағдай т.б.
Осымен байланысты оқушыларға ұсынылатын әр жаттығудың сипатына,
маңызына, мақсатына, міндеті мен өткізу әдістемесіне көңіл бөлініп отырды.
Яғни жаттығулардың қалыптастыратын дағды мен іскерліктерінің мақсатына
қарай оларды 3 блокқа топтастырдық.
Бірінші блок. Теориялық білімін толықтыру, қалыптастыру, бекіту
мақсатындағы жаттығулар. Оған: кіріспе жаттығуы, көшіріп жазу (саналы
көшіру), грамматикалық, ауызша жаттығулар, бақылау жаттығулары
(диагностикалық), орнына қою жаттығулары, трансформациялық
жаттығуларды енгіздік, олардың мақсаттары төмендегіше белгіленді.
10-кесте – жаттығулар жүйесі
Жаттығулар жүйесі
1- блок
2- блок
3- блок
Теориялық білімді
толықтыру,
қалыптастыру, бекіту
мақсатындағы
жаттығулар
Емлелік
сауаттылықты
қалыптастыру
мақсатындағы
жаттығулар
Тіл дамыту
жаттығулары
85
К
ір
іс
пе
к
өш
ір
іп
ж
аз
у
Гр
ам
м
ат
ик
ал
ы
қ
А
уы
зш
а
Б
ақ
ы
ла
у
Д
иа
гн
ос
ти
ка
лы
қ
О
рн
ы
на
қ
ою
Т
ра
нс
ф
ор
м
ац
ия
лы
қ
Д
ик
та
нт
Ш
ы
ға
рм
аш
ы
лы
қ
Т
ек
се
ру
Ж
үй
ел
еу
М
аш
ы
қт
ан
у
Із
де
ну
Т
іл
м
әд
ен
ие
ті
Т
ан
ы
м
ды
қ
Л
ог
ик
ал
ы
қ
Ш
еш
ен
ді
к
Кіріспе жаттығуы. Мақсаты – мәтіндегі бірге және бөлек жазылатын
сөздердің сипатына көңіл бөліп. Жалпы сауаттылығын анықтау.
Екінші кезеңде де дайын мәтін беріледі. Оқушылар біріккен сөздерді
тауып, олардың неге бірігіп жазылып тұрғанына назар аударады. Яғни
86
құбылысты танып-білу кезеңі. Бұл мақсатта бақылау жаттығуы, ескерту
диктанты орындатылады.
Бақылау жаттығуы. 1- жаттығу. Берілген біріккен сөздердің жазылуына
назар аударыңдар. Қандай түбірлерден тұрғанын анықтаңдар.
Айғаным. Сырдария. Өгізшағала. Жанармай. Қолтаңба.
Қоянжоңышқа. Сөзжасам. Женгелді. Қолғабыс. Жаманшұбар. Балабақша.
Телқожа. Ақмарал. Ұлытау. Қарақалпақ. Шикізат. Ақбозат. Жанкүйер.
2- жаттығу. Біріккен сөздерді тауып, олардың жаңа мағыналарын
түсіндіріңдер.
Түн салқынымен айдап отырып, сәске түс болмай-ақ Күркетал
адырынан асып, Алтыбасар өткеліне таман жетіп қалыппыз. (С.Шарипов).
Бір жолы Қырмызы екеуміз алтыбақанға қарама-қарсы міндік. (О.Бөкей).
Ұзақты сары күнін қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі ермегі –
«Ақсүйек», «соқыртеке», «Бурақотан» сияқты ойындар. (С.Мұқанов).
Бақтияр бағының шипалы шөптерінің шапағатын Мыңбұлақ халқы
Кенжекүл кемпірден көрер еді. Кенжекүл кемпір орманнан шайшөп, дермене,
күшәла, шашыратқы, адыраспан, киікоты, текесақал, қылша, көкемарал
теріп, ылғи да:
Әккәй-ай, гәккәй-ай
Когда, солдат, домой-ай, -
деп ыңылдап жүргенде ешкім елемейді де, бала-шағасына тұмау,
көкжөтел тиіп дімкәстанса-ақ болды, Кенжекүл естеріне түсіп, тәуіп
кемпірдің жартыкеш үйіне қарай жүгіретін. (Ш.Мұртаза).
3-жаттығу. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп, қандай түбірлерден
біріккенін сызықшамен бөліп көрсетіңдер. Қажымұқан туралы кімдердің
шығармасын білесіңдер.
Ш.Айтматов. Баспасөзден егер Қажымұқан күрессе, Подубныйды да
жығар еді, тек ұстазы алдында әдеп сақтап, белдеспеген дегенді оқып ем.
М.Шаханов. Қажекеңнің төлқұжатында туған жері Ақмола облысы
деп көрсетілгені болмаса, негізгі кіндік қаны тамған топырақ - Отырар
ауданының Ақтобе аулы. Бұған қатысты деректі ауыл ақсақалдарынан
жазып алған, Оңтүстік өлкесіне белгілі тарихшы, сазгер Мұхамеджан
Рустемов былайша әңгімелеп отырар еді: «Қажымұқан дүниеге келгеннен
кейін, әкесі ағайындарымен араздасып қалып, суыт ірге көтеріп, ауылдан
көшеді. Мұңайтпастың қайтпайтын қайсар мінезін білетін қариялар атқа
қонып, соңынан қуса, көш Созаққа барып қалған екен. Бұлар айғай салып:
- Кері қайт, жарқыным, бөлініп жарылмайық. Бір өкпеңді бізге қи, -
дескенекен. Сонда ашынған Мұңайтпас кішкене Қажымүқанды борбайынан
ұстап, көтеріп тұрып:
- Қалыңдар! Енді жақындасандар, осы баланы сендерге шоқпар етіп
жұмсаймын, - депті.
Мұңайтпастың бет алған жағынан қайтпасын сезген ағайындары:
-Жарайды, қайда жүрсең де, аман болғайсың, - деп, шарасыздан ат басын
кері бұрыпты. Мұңайтпас көшін алысқа тартып, сонау Ақмола жеріне
87
тоқтап, түбегейлі қоныстанып қалған. Негізгі құжаттарда Қажекеңді
Ақмола жерінде туды дейтіні сондықтан». (Ш.Айтматов., М.Шаханов, «Қүз
басындағы аңшының зары»).
4-жаттығу. Берілген сөйлемдерден қос сөздерді теріп алып, олардың
қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Тәңірбергеннің ақылымен жас қыз, сұлу келіншектер үстіне ескі-
құсқыларын киіп, беті-қолдарын жумай, күлді-күйелеш болып жүр.
Тәңірбергеннің әлде де бір-екі күн ерулеп күте тұрайық деген
сақтығын құлағына ілмеді. Күн шығар-шықпастан үй ішін оятты.
(Ә.Нүрпейсов).
Сондай қалың қос-қос жылқы, табын-табын сиырлар да Албан
жайлауларын оңды-солды шиырлап қаптаған. Аясы аз ғана Қарқара жазығы
иін тірескен малдан беті-жүзін көрсетпейді. (М.Әуезов).
6-жаттығу. Қысқарған сөздерді жасалу жолына қарай топтап жазыңдар.
Кешкі сағат алтыда, мектеп үйінде Алғабас колхозының жалпы жиналысы
болмақшы. Колхозға мүше 142 үй. (Б.Майлин) . Ал осы роман жайында
Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, Семей пединституттарында,
Қызылорда мен Жамбыл педучилищелерінде, астанамыз Алматыда
С.М.Киров атындағы мемлекеттік университет пен Қазақтың Абай
атындағы педагогтік институтында, республиканың көптеген қазақ орта
мектептерінде оқушылар конференциялары өтті. (Ә.Нұршайықов). 1997
жылы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Иоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмыс
барысы аясында Иордания Королі Хусейн бен Таланмен кездескен. (Егемен
Қазақстан).
Көшіріп жазу жаттығуы. Жаттығуды сауатты көшіріп, қос сөздерді
тауып, түрлеріне ажыратыңдар, мағынасын түсіндіріңдер.
Ой-ұғымы, сезім-түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір-бірімен
тату дос бола алады. Себебі ондай адамдар бір-бірінің жай-күйін жақсы
ұғысады. Бара-бара ондай адамдардың ой-арманы бір жүйеге түсіп бірінің
ішіндегі пікірді екіншісі айтпай-ақ түсінетін болады. (Ә.Нұршайықов ).
Үйдің іші сырт-сырт, шолп-шолп еткен тамшыларға толы. (С.Мұратбеков).
Өмір өз бетінше жекелеген адамдардың өкпе-наз, нала-мұңымен санаспай-
ақ ағысын ағыл-тегіл жалғастырады-ай. (О.Бөкей). Әмірқан қымызы, тойы,
ойын-сауығы, қыз-келіншегі бар жерде өзін-өзі ұмытып айтады.
(Ж,Аймауытов). Манас бала-шағаның, ата-ененің, ағайын-қауымның Абайды
көп ойлайтынын айтты. (М.Әуезов). Ар-ұят, намыс-кек - бәрі ортақ болған
соң, әскер достығы терең бір мағына табады. (Ғ.Мүсірепов). Хан
қасындағылар жымың-жымың бір-біріне қарасты. (Ә.Кекілбаев).
Грамматикалық жаттығу.
1-жаттығу. Төмендегідей грамматикалық формулаға сәйкес келетін
біріккен сөз ойлап тап. Зат есім + зат есім; Сын есім + зат есім; Зат есім +
етістік; Сан есім + зат есім;
3-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, күрделі сан есімдер
емлесін есте сақта.
Шетелде қанша қазақ бар?
88
Тілдер жөніндегі комиссияның соңғы мәліметтеріне қарағанда,
шетелдегі қазақтардың саны жағынан ең көбі Өзбекстанда екен. Өзбек
ағайындарымен қоңсылас қазақтардың саны бүгінгі күнде 1,5 млн. болып
отыр. Ал Қытайдағы қазақтар – 1,5 млн., Ресейде 9 мың ағайын өмір сүрсе,
Түркіменстанда – 100 мың қазақ бар, Моңғолиядағы санымыз – 80 мың, ал
көршілес Қырғызсатнның өзінде 45 мың отбасымыз бар.
Еуропадағы қазақтарға келсек, Германияда 200 отбасы бар. Ал
Францияда – 210, Голландияда 35 отбасы өмір сүреді. Негізінен әлемнің 40
еліне таралған бауырларымыздың саны – 4,5млн. (Ана тілі).
5-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі қысқарған сөздерге тиісті
қосымшалар жалғаңдар.
1. АҚШ... халық тұтынатын электр қуаты мен жылудың 25 пайызы
АЭС... үлесіне тиеді. (Атамекен). 2. Өзбекстанның ҰҚШҚ ... қайта
қосылғандығы осы жолғы басқосудың бір жаңалығы болды. (Егемен
Қазақстан). 3. Сыртқы істер министрі кеше Брюсельде НАТО... мүше елдер
сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты. (Өркениет).
Ауызша жаттығу.
1-жаттығу. Қосарлама қос сөздерге жатпайтын қос сөзді алып таста.
Мақсаты – оқушының жылдам ойлап, жылдам шешім қабылдауын
қалыптастыру.
Хабар-ошар
Мал-жан
Үгіт-насихат
Ап-алыс
Оқу-ағарту
Қалт-кұлт
Ар-намыс
Күш-қайрат
Орынды-орынсыз
Есен-аман
Кесіп-пішу
Үлгі-өнеге
Трансформациялық жаттығу. 1-жаттығу. Қос сөздерді сөз таптарына
қарай топтап жаз.
Ел-жұрт, барар-бармастан, отыз-қырық, сый-құрмет, ұғып-білу,
қызылды-жасылды, құрбы-құрдас, жақсы-жаман, бес-бестен, тату-тәтті.
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік
2-жаттығу. Бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма?
Қара(адырдың) қаранды сайы елсіз. Қыстан қалған түбіті қазір де
әр(жерде) сөйтіп жұлынып қалып жүр. Бір(мезгілде) бас жағына сатыр-
сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы, қу шөмшектер дыбысы келді де, есін
жиғанша бір(деме) қасына тасырлатып келіп қалды. Далада құлындаған
биелердің бір(неше) құлындары желінді. Жеңген жаудың сығымынан зорға
құтылған қара(ала) қаңсылап, жүні жығылып, бір(жаққа) кетті. Бірақ
қасқырға еш(бір) ит жете алмады. (М.Әуезов).
Орнына қою жаттығуы. 1-жаттығу. Берілген сөздерді үлгі бойынша
топтап жазыңдар.
89
Үлгі:
Біріккен сөздер
Кіріккен сөздер
Қарлығаш, ағайын, жарыссөз, бүгін, кеңпейіл, өйткені, қолжуғыш,
түрегел, қанақжай, тотықұс, әпер, сексен, түйетабан, шашбау, сабантой, сөйт,
2- жаттығу. Көп нүктенің орнына мағынасына сәйкес тиісті қысқарған
сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңдар.
1. Бүгінгі таңда Абай атындағы ... республикалық ірі оқу-әдістемелік,
ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі. (Зерде). 2. ... – жаңа ақпараттық-
коммуникациялық технологияларға негізделген, мектеп бітірушілерді
қортыныды мемлекеттік аттестаттау және қолледждер мен бағалаудың білім
мекемелерінің тәуелсіз мемлекеті жүйесі. (Қазақстан-ZAMAN). 3. Қытай
Қазақстанның ...-ға мүшелікке өту ниетін қолдап отыр. (Қазақ елі). 4. ...
оқырмандардың көзқарасына ғана әсер етіп қоймайды, ол қоғамдық көңіл-
күйдің өлшегіші сияқты. (Заң).
Керекті сөздер: БАҚ, ҰБТ, ДСҰ, АлМУ.
3-жаттығу. Берілген сөйлемдерден сөз тіркесін, біріккен сөз, тіркесті
сөздерді бөлек-бөлек топтап жазып кестені толтырыңдар.
Сөз тіркесі
Біріккен сөз
Тіркесті сөз
1)Айжан шамын ықтасынға қоя салып, үш ақбөкенді үш рет көтеріп
апарып, жатқан сары атанның ық жағына қоя берді.(Ғ. Мүсірепов). Ақ аю -
жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. («Ол кім? Бұл не?») Ақ бесікте құндақтаулы
бала сияқты. (Ғ. Мүсірепов).
2)
Мен Кәменді мың Күреңтөбелге бермейтін қыз екен деп ойладым.
(Ғ.Мүсірепов). Ұзынша, арық, көсе, қыр мұрынды, сида қара, тырбиған
қара ауыз, тырбиған қызылша сақалды, күрең сары, боз, мықыр, сұр,
қапсағай қара ... тағы да толып жатқан суретті адамдар. (С.Сейфуллин).
Сонадан ышқынған күрең бесті шиыршық атып, қолды-аяққа тұрмады.
(Ғ. Мүсірепов).
3) Темір пештің ішінде сөніп бара жатқан қызыл шоқтар көзін
қысып, күлге оранып, ақырын ғана ұйқыға кетіп барады. (Ғ. Мүсірепов).
Темір жол салушылардың өздерінен басқа тұс-тұстағы колхоздардан адам
жіберілмегені жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Аспан шырақтарын «Жетіқарақшы»,
«Темірқазық», «Құс жолы», «Қызыл жұлдыз», «Үркер», -деп атады.
(«Қазақстан» кітабы).
Шығармашылық жаттығулардың мақсаты - игерілген білімді кез келген
жағдайда пайдалана білу. Ол оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу
белсенділігін арттырады. Тексеру жаттығуының мақсаты - игерілген білімді
тексеру, түзету. Жүйелеу жаттығуының мақсаты - игерілген білімді жүйелеу,
дағдыға айналдыру. Машықтану жаттығуының мақсаты - берілген үлгілерге
қарап орындау арқылы игерілген білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру.
90
Іздену жаттығуының мақсаты - өз бетімен іздену арқылы игерген білімдерін
толықтыру, сауаттылықты қалыптастыру.
1-жаттығу. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Менің Қазақстаным»
деген тақырыпта шығарма жазыңдар.
Елтаңба, әнұран, елбасы, бойтұмар, әнқұмар, ізбасар, ержеткен,
халықаралық, отбасы, ұлтаралық, ұлтжанды. Алтыншы кезеңде оқушылар
игерген білімдерін жүйелеу, дағды мен іскерлікті тексеру, жетілдіру
жұмыстары жүргізіледі.
2-жаттығу. «Ертөстік» ертегісінен үзінді оқылады. Соңғы сөйлемі:
«Ертөстік ағаларының тірі екенін білді». Осыған дейін мазмұнын жазып, ары
қарай ертегінің жаңа нұсқасын беріп, ертегіні аяқтаңдар.
Тапсырма. 1. «Ертөстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
2. Ертегінің жаңа нұсқасында күрделі сөздің қай түрлерін
пайдаландың?
3-жаттығу. Төмендегі мақала төңірегінде біріккен сөздерді қатыстырып,
ой-толғау жазыңдар. Көгілдір экран көңілден шыға ма? Бізді теледидар
жаулап алғалы қашан?! Қолымыз қалт етсе, соған үңілеміз. Үлкен де, кіші де.
Ал, сол теледидар «ауруына» ұшырағандардың басым көпшілігі - балалар.
Теледидардың пайдасы мен зияны жайында айтып жатудың қажеті жоқ.
Өйткені ол туралы баспасөз беттерінде көп жазылып жүр. Қысқаша айтсақ,
«сиқырлы» жәшік сендерді енжар, бойкүйез, қатыгез етіп қояды екен.
Ал бүгінгі арналарымыз өскелең ұрпаққа не беріп жатыр? Соған келейік.
Іліп алар нәрі жоқ, қорқынышты шетелдік мультфильмдер, «боевиктер», «ужас»...
Оның үстіне әр түрлі сериалдар... Бір КТК арнасының өзінде он бір сериал бар
екен. Әрқайсысы бір сағат уақыт алғанда, тәуліктің 24 сағатының тең жартысы
сонымен кетеді деген сөз. Қайран уақыт... Одан басқа арналар да қалыстайды. (Ақ
желкен).
• Ой толғау жазу немесе пікірталас өткізуге қажет сұрақтар:
-
Өз басың теледидар көргенді ұнатасың ба?
-
Шынымен, бүгінгі балалардың білімінің төмендеп
кетуіне теледидар кінәлі ме?
-
Жоғарыдағы тілшінің мақаласына орай қандай пікір айтар
едіңдер?
-
Оның көтеріп отырған мәселесі дұрыс па?
4-жаттығу.
1. Қос сөздерді толтырып, сөйлем құра.
Әзіл - ...
Ғылыми - ...
... – желпі
... – кепшік
Мінез - ...
Өсек - ...
... – сезім
... – насихат
Айтыс - ...
Ар - ...
... – төкпелі
... – Дамай
Жора - ...
Жөн - ...
... – ғажайып
... – салтанат
(зерттеу, оспақ, жеңіл, кедей, құлық, өтірік, сана, үгіт, тартыс,
91
намыс, аумалы, дау, сән, қиял, жолдас, жастық)
5-жаттығу. Берілген сөздердің сыңарларын тауып, қос сөз жасаңдар.
Көң, бұрқ, алқа, емен, ескі, жал, жер, қат, қылтың, ойқы, соқа, сыбыр,
сылаң, түрлі, тысыр, тіл, қыз.
Жүйелеу жаттығуы. 1-жаттығу. Мына біріккен сөздерді жасалу
жолына қарай топтап, әрқайсысына мысал жазыңдар.
Азатжол, айнакөз (балық), батаяқ (кәде), бесіксалар (кәде),
бойжеткен, білезік, дүниетану, қарлығаш, еңбеккүн, қолғанат, мойынсұну,
жаздыгүні, жайнамаз, құлаққағыс, ақсүйек, әкелу, өнертабыс, келіссөз,
белбеу, демалыс, балтытұмсұқ (құс).
Жетінші кезеңде оқушылардың интеллектуалдық дамуын бақылау,
тіл мәдениетін көтеру, білімін толықтыру мақсатына танымдық, шешендік
тіл мәдениеті жаттығулары беріледі.
4-жаттығу. Тіркесті сөздерді сөз таптарына қарай жікте.
1) Айтжанның бет-аузы үсіген-қара ала, торы ала еді. Оны әлі өзі де
көрген жоқ-ты. (Ғ.Мүсірепов).
2) Әшейінде тарының таба нанын шетінен опырып алып аузына
тығып жіберетін қыздар бүгін ақ нанды күрек тістерімен ғана тістелейтін
болыпты.
3) Жер ошақ біткеннің бәрінен көк ала түтін көтеріліп, шақыр-шұқыр
қазан қырылды. (Б.Майлин.)
4)Жанындағы біреудің жарғағын алып, қара қошқыл насыбайды бас
бармағы мен сұқ қолының арасына қысып, қайда саларын білмеген
адамдай, әңгімесін соғып, бірсыпыра отырады. (Б.Майлин)
5) Келесі күні Оспанның үлкен үйінде бар туысқандардың жиыны
болды. (М.Әуезов).
6)Әйгерім өзінің киіз үйімен көшіп келіп, Абай сонда отыратын
болды.
7)Қой қора жақтан біреудің тықылы естілді. (Ә.Әлімжанов).
Тексеру жаттығуы. 1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді салыстырып,
дефис (-) пен сызықшаның қойылу себептерін түсіндір.
Мақсаты - қос сөздер емлесі бойынша игерген білімдерін тексеру,
ұқсас құбылыстарды салыстыра отырып бекіту.
1.
Ойын-күлкінің қызығымен таң атқанын білмей қалдық
(Б.Майлин). Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат (А.Құнанбаев).
2.
Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық (мақал). Өнер-білім бар
жұрттар
Тастан сарай салғызды (Ы.Алтынсарин). Берілген сөйлемдерді
салыстырып, дефис (-) пен сызықшаның қойылу себептерін түсіндір.
Осы жаттығуларды сабақта қолдану жолдарын Ы әрпінің емлесін
оқыту бойынша қарастырайық. Ы әрпінің емлесі оқытуда мына сияқты
теориялық анықтама, ережелер игертіледі. Ы әрпі сөзде орын талғамайды,
сөздің арлық буындарында жазыла береді. Мысалы, ыс, бақытты, айыр,
қатысты, қорыту, құмыра, жапырақ, отырыс, ынтaландыру.
1. Сөз ''р'' дыбысынан басталып, одан соң а, ә, е, и, у, ұ әріптері және
92
"л" дыбысынан басталып, одан соң а, ә, е, о, ұ, у, ы, әріптері келгенде, сөз
басында ''р'', "л" әрітерінің алдында "ы" әрпі жазылмайды: разы, рай, рақат,
рақмет, лаж, лайсаң, лақ, лапыл, Рысалды, Рыскүл.
2. Сөзде "ы" әріпі "я", "ю" әріптерінің алдынан жазылмайды: қия,
қияқ, қиямет, қиянат, қию, жию, биязы. Рақ(ы)метке бүгінгі мәлімдеме
үлкен әсер етті. Әр жиналыстың өзіне (ы)лайықты бір әсері болды.
Мәжіліс залы (ы)лық толған кезде басшылар келіссөздерін жалғастырды.
3. Сөз құрамындағы "ы" дыбысы жазуда түсіп қалып, жазылмайтын
жерлері: етістік "ы" дыбысына аяталып оған тұйық етістіктің -у жұрнағы
қосылғанда, "ы" әрпі жазылмайды, түсіп қалады: тоқы-у - тоқу, оқы-у-оқу:
таны-у -тану.
4. Сөздің соңғы буынындағы "ы" әрпі оған дауыстыдан басталатын
қосымша мағына өзгермейтін сөздерде түсіп қалады, жазылмайды: халық-
ы - халқы, мұрын-ы - мүрны, мойын-ы – мойны.
5. Соңғы буынында "ы" әрпі жазылатын сөздерге дауыстыдан
басталатын қосымша жалғанғанда, "ы" әрпі жазылатын сөздерге
дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, "ы" әрпі түспей жазыладьr:
қорық-ы - қорығы, қылық-ы - қылығы.
6. Етістіктің "Ы" дыбыстарына аяқталып, оларға көсемшенің -й
жұрнағы жалғанғанда, сөз соңындағы "Ы" әрпі мен көсемшенің -й
жұрнағының орнына "и" әрпі жазылады: оқы-й-ды - оқиды, таны-й-ды –
таниды.
7. Етістік "йі" әрітеріне аяқталып, оларға көсемшенің -й жұрнағы
жалғанғанда, соңындағы і-й әрітерінің орнына "и" әрпі жазылады: байый-
ды - байиды, кейі-й-ді - кейиді.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына ы әрпін қойып, көшіріңіз.
Қ...рағлық, ас...ра, қ...рс...зд...қ, ...нт, мақсат...ғ..., салмақт...қ,
құқ...қтар, ау...ст...р...м, халықарал...қ, кел...с...м, от...р...с, бейб...тш...л...к,
серп...н, кел...сөздер, хал...қтар...м...зд...ң, мүддес...не, ...зг...л...кт...,
ортал...қтанд...ру, нег...зделген, қ...зметт...к.
2-тапсырма. Берілген сөздерге қосымша жалғаңыз.
Отыр, нұсқау, лайықсыз, қырсыз, қырағы, құpылыс, құрылтай, жария,
жауыз, сақтау, держава, бағдарламалар, даңғaзa, даналар, ауытқу, аудар,
азамат, азғын, жарамды, жаңыл, жомарт, жоба, қағидат, маңызды.
3-тапсырма. Берілген сөздер арқылы сөз тіркесін құрастырыңыз.
Құқық, жадығат, халықаралық, сыртқы, консулдық, заңдастыру,
шапқыншылық, шекаралық, шарттарды, бұйрықты, қабылдау,
артықшылықтар, дипломатиялық, әртараптандыру, наразылық,
қосылмаушылық, азаматтық, басшысы, тұйықтық, ықпалды, шырғалаң.
4-тапсырма. Төмендегі сөздерге қосымша қосылғаннан кейін, оларды
емлеге сай жазыңыз. Үлгі: бауыра - баура.
Қорық-а, қойын-ау, мойын-ақ, қырын-а, сарын-а, ойына, орын-а,
жүрын-ақ, сарық-ыт, жалық-ау, қайыр-ақ, жайына, ұлы-ғай, қиын-а.
5-тапсырма. Сөйлемді оқып, "ы" әрпінің емлесіне талдау жасаңыз.
Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктен қараңыз.
93
1. Бастықгың берген тапсырысын қызметкерлер толық бітіргені
туралы ақпарат дайындады. 3. Ықылым заманда ұрпағына қалдырған бай
әдебиетті оқырмандар таласа оқып жатыр. 4. Ұғымталдық қасиетімен
ерекшеленеді.
7-тапсырма. Құрамында ы әрпі емлесіне сай сөздері бар мақал-мәтел
теріп, олармен сөйлем құраңыз.
8-тапсырма. Төмендегі сөздерге қосымша қосылғаннан кейін, ы әрпін
жазылатын жерде жазып, жазылмайтын жерде жазбай көшіріңіз.
Құлық-ы, қойын-ы, қайын-ы, жайын-ы, қиын-ы, жиын-ы, қауыз-ы,
суын-ы, нарық-ы, көрік-і, бөрік-і, қырық-ы, парық-ы, тұрық-ы, ырық-ы,
сиық-ы, ойық-ы, қиық-ы, қалып-ы, құлып-ы, дауыс-ы, туыс-ы.
9-тапсырма. Сөздердердегі ы, і әріптерінің емлесін түсіндіріңіз.
Мейірім, ерітінді, қабілет, бөктері, ырыс, ырызық, іреу, іле, ұзын,
топырақ, қорық, қысым, тебінгі, қадір, емурін, көнтері, іркілістер, ілгерілеу,
шығыстарды, орналастыру, орталықтандыру, қызметкерлер, қолданылады.
10-тапсырма. Көп нүктенің орнына ы немесе і әріптерін қойыңыз.
Әлем...д...к, ақша ең алд...мен төлем және сат...п алу қарж...с... бол...п
таб...лад.... Өнеркәс...пт...к үлг...лерд... жасауға, қорғауға және пайдалануға
байлан...ст... ұймд...қ, мүл...кт...к және еңбекке қат...ст... проблемалар
патент заңдар...мен реттел...п от...рад....
11-тапсырма. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар
сөздерді жазыңыз.
12-тапсырма. "Екібастұз" сөзінің құрамындағы әріптерден мағыналы
қанша сөз жасауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |