Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


ЕМБІ ҚАЛАЛЫҚ №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ  ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата10.01.2017
өлшемі1,15 Mb.
#1578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ЕМБІ ҚАЛАЛЫҚ №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ  ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ
 БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСЫ
ТЖІО. Мусина Гульмира Нысановна
          Мектептеге оқушылардың саны 565. Оның ішінде 32 класс комплектісі, 3 МАД тобы, 2 ШО. Барлығы 33
класс жетекші, 5 тәрбиеші жұмыс жасайды. Әр айға құрылған жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. 
1.Азаматтық-патриоттық тәрбие. 1 қыркүйек – Білім күніне байланысты салтанатты жиын «Қазақстан-2050»
Стратегиясы: бір ел - бір халық – бір тағдыр»   тақырыбында өткізілді. Салтанатты жиынға ардагер-ұстаздар,
оқушылар мен ұстаздар қауымы қатысты. 
Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың   жарлығымен   бекітілген   «Отбасы   –шағын   мемлекет»,   «Семья-один   из   шедевров
природы» атты акция әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» балалар ұйымының басшысын сайлау
уақытылы өткізіліп, үміткер оқушылар өз бағдарламаларын ұсынып, оқушылар алдында тыңдалып, дауыс беру
арқылы сайланды. 
     Мектебіміздің КТК лигасының «Білімді жастар» кұрама командасы Ембі қалалық әкімінің ауыспалы кубогын
ұтып   алып,   аудандық   КТК   жарысында   2   жүлделі   орынға   ие   болды.   Мерекелік   іс-шаралар   «Бір   Отан!   Бір
Тағдыр! Бір Елбасы!» жасұландықтардың флеш-мобымен басталды.Метеп кітапханашылары «Елі сүйген,елін
сүйген Елбасы»атты тәрбие сағатын ұйымдастырып, «Великий сын Великой страны» слайд шоу көрсетілді.       
2. Құқықтық тәрбие. 
Республикалық  «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» науқан аясында мектебімізде апталық 
өткізілді. Апталық «Өмір,қымбатсын маған» атты психологиялық тренингтермен басталды.Акция аясында 
«Мен және менің полициям» бастауыш сыныптарға арналған құқық қорғау органдарымен кездесу, «Ел ертеңі-
бүгінгі жас ұлан»дөнгелек үстел, «Біз 21 ғасырдың балаларымыз» фото-көрме, «Менің болашағым-менің 
қолымда» танымдылық викторина, «Знаешь ли ты свои права и обязанности», «Ағалар ерлігі-ұрпаққа өнеге» 
сыныптан тыс іс-шара,» «Полиция және мектеп: жаңа қарым қатынас» атты құқық қорғау органдарымен 
сұхбаттасу өткізілді.  Жасөспірімдер  арасында жедел-профилактикалық жұмыстар аясында «Қылмыс пен 
жауапкершілік» «Жасұлан»ұйымына арналған жиналыс, «Есіртке қайдан және қалай пайда болады» «Мы 
против наркомании» медбикелер лекциясы, «Подросток и закон», «Знаешь ли ты причины роста 
правонарушений среди несовершеннолетних»атты іс-шаралар және  жасөспірімдердің қылмысын ескерту және 
алдын алуға арналған рейдтік жұмыстар атқарылды. «Жастар спортты таңдайды» атты аудандық «Жастар» 
патриоттық клубының спорттық жарыстарға қатысып,дойбыдына 1 орынды алды. Нәтижесінде аудандық 
жарыстада топ жарып,жүлделі 1 орынға ие болды.          . 
3. Рухани-адамгершілік және діни экстремизмнің алдын алу. «Діндердің тарихынан», «Өз дініңді құрметте» 
атты кездесулер өткізіледі. «Салт-дәстүрін ел бұзбас,уәде сертін ер бұзбас» ұлттық тәрбиенің құндылықтарын 
насихаттау үшін:  үлкенді сыйлау, кішіге әрдайым көмек көрсету, өзара сыйластық қарым-қатынас орнату 
мақсатында «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 
 «Ислам осуждает терроризм и экстремизм» тақырыбында іс-шара  өткізілді. «Жасөспірімдер мен жастар 
ортасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»тақырыбындағы тәрбие сағаттарының үздік сценарийі
облыстық байқауға қатысып, ұлт болашағы   өскелең ұрпақтың жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және 
кеңінен ашуға бағытталған,рухани құндылықтарды қалыптастыратын тәрбие жұмысын жүргізгені үшін 
дипломмен және бағалы сыйлықпен  мараппалды.  Терроризмнің алдын алу, онымен күресу жолдары, оның елге
келтіретін зардабы талданып, оқушыларға ой салу, қатер төндіретін жат діни ағымдардан аулақ болып, 
Отансүйгіштік қасиетін арттыруға байланысты әңгіме қозғалып, оқушылар ойлары ортаға салынып
«Экстремизм  терроризм.» тақырыбында  баяндама тыңдалды.  Қала мешітінің имамы өз сөзінде Ислам діні еш 
уақытта бүлікке, бұзақылыққа, тәртіпсіздікке шақырған емес, керісінше өзгенің ақысына қылдай қиянат 
жасамауға үйрететін үлкен тәрбие көзі екенін басып айтты. 
   4.  Коммуникативты мәдениетті қалыптастыру «Ана тілім - ардағым» атты зияткерлік турнирде 5-7 кластар 
оқушылары өз білімдерін көрсетті «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» тақырыбында мектепішілік кластар 
аралығында КТК ойыны өткізілді. Нәтижесінде 10 қазақ класы жүлделі-1орын,9а-2орын, 8а класы-3 орын 
иеленді.
 
 «Ғажайып жеті саны» ойыны өтті. Көнерген сөздердің мағынасын ашу, тұрақты сөз тіркестерін 
түсіндіру арқылы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арта түсті. «Ана тілі – берекесі, жаса 
тілдің мерекесі!» тақырыбында тіл фестивалі 5-11 кластар аралығында өтті. Әр ақындар мен жазушыларды 
бөліп алған кластар сол ақынның шығармашылығына байланысты слайд құру, өлеңін мәнерлеп оқу, әнін 
орындау, сол ақынның өмірі бойынша тест тапсырмасын орындау тапсырмаларын орындады.
11

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған«Ұлттар достығы»  атты мерекелік апталық ұйымдастырылды. 
Жоспарлы түрде ертеңгіліктер,ұлттық ойындар,түрлі ұлт өкілдерімен кездесулер,сурет,шығарма 
байқаулары,мерекелік концерт өткізілді. Мектеп кітапханашылары «Татулықтың тірегі-ел бірлігі»атты 
көрме,еңбек пәнінің мұғалімдерімен «Мерекелік дастархан»атты жәрменке ұйымдастырды. Жоғары деңгейде  
«Ұлттар достығы» атты салт дәстүрлер байқауы өтті. 
5. Отбасы тәрбиесі.   Мектебімізде ер балалрға арналған «Қайсар» әкелер ұйымы,қыз балаларға арналған  
«Инабат» аналар ұйымы жылдық жоспар бойынша  жұмыс жасады.Жұмыс барысында «Баланың бас ұстазы-
ата-ана», «Отбасы-ұлағат ұясы»,  «Алкоголь-қылмысқа апаратын бір қадам» атты ата-аналарға арналған 
жиналыстар, «Қызым-қызғалдағым,ұлым-ізгі арманым», «Адал ұл-ер боп туса,ел тірегі», «Салт дәстүрін ел 
бұзбас,уәде сертін ер бұзбас» сыныптан тыс іс-шаралар, «Ұлды ұясына баулу»атты кездесу, ұлттық 
ойындар,психологиялық  тренингтер,мерекелік концерттер мен дөнгелек үстелдер,» «Әкем мен шешемнен үлгі 
алып өсемін мен!» отбасылық сайыс  өткізілді.
6. Дене шынықтыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Фестивальда 
балалардың қатысуымен өткізуге жоспарлаған шаралар толық өткізілді. «Тазалық-денсаулық кепілі» 
тақырыбында дәріс өткізіліп, зертханалық жұмыс көрсетілді. «Жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай 
түсінеміз?» тақырыбында  әңгіме  жүргізіледі.«Алкогольдың адам ағзасына тигізетін әсері» атты тақырыппен 
емхана дәрігерлерінің қатысуымен 9-11 оқушылары арасында дәріс сабағы өткізілді. Бұл дәріс сабаққа 7-9 класс
оқушы қатысып, өз ойларымен бөлісті. Мұнда алкогольдің алғашқы сатылары, оған салыну жолдары мен 
себептері, оның миға берілетін әсері, ағзада өзіндік із қалдыруы жайында айтылып өтті. 
7.Экологиялық тәрбие.  «Қазақстан  туған өлкем, табиғатың қандай көркем» атты ашық тәрбие сағаты балаларға
экологиялық аумақтарды білуге және қалай құтқаруға болатындығы жөнінде мәліметтер алуға зор әсерін 
тигізді. 5-11 класс оқушылары арасында мектептегі балалардың құқығын қорғау инспекторы  
ұйымдастыруымен өткен «Қысқы мезгілдегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі ережелері» және  «Оқушылардың 
қысқы мезгілдегі денсаулығы туралы» медбикемен кездесу өтті.                                                                                   
10. Эстетикалық тәрбие.  Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерді қалыптастыру. Оқушыларға эстетикалық 
тәрбие беру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылып отырады «Күзгі бал», «Күз Ханзадасы», «Кішкене 
Ханшайым» мен «Кішкене Ханзада», «Көктем аруы-2014», «Түймеқыз», «Кішкене ару» атты байқаулар 
өткізіледі. 
10. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру.   2-3 сыныптар аралығында «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша «Өнерлі бала сүйкімді» ,«Жүрек жылуы», «Мейірімділік- асыл қасиет», «Жаным толған 
жақсылық»  т.б. тақырыптарында сабақ жүргізілді. Мақсаты: өнер, мейірімділік, жақсылық, даналық, 
қайырымдылық қасиеттері туралы түсінік беру. Адам өміріндегі оның маңыздылығын, өзара сыйластық қарым-
қатынастарын ұғындыру. Сабақтарда «Танысу», « Мен бақытты баламын», « Жүректен жүрекке», «Шаттық 
шеңбері» т.б түрлі ойын- тренингтері, сергіту сәті, тыныштық сәті, рөлдік ойындар  пайдаланылып жүргізілді.  
«Мен бақытты баламын» атты сурет көрмесін ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың «бақыт», «балалық» 
туралы ұғымдарын кеңейту сурет арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу. Көрмеге оқушылар белсене қатыстып, 
суреттер түрлі түсті қарындаш, гуашпен т.б  салынды. Оқушылар өзінің ішкі жан дүниесіндегі образдарды 
сурет арқылы білдіре білді.Үздік суреттер анықталып, оқушылар марапатталды.  «Жақсы сөз- жанға қуат» 
тренинг сабақ ұйымдастырылды. Жалпы сабақ «Жүректен жүрекке», « Шаттық шеңбері», тақырыпқа 
байланысты түрлі жағдаяттар т.б. пайдаланылып ойын түрде өткізіледі. 
11. Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.  «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері барлық класс оқушыларын 
қамтып, өз беттерімен жұмыс жасай алатындықтарын көрсете алды. «Абай оқулары» байқауы өткізіліп, жоғары 
класс оқушылары мен жас мамандар сынға түсті. Ақын өлеңдерін оқып, ІІ турда өздерінің ақынға арнау 
өлеңдерін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл шара балалардың поэзияға деген қызығушылығын арттыра алды. 
Желтоқсанда «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері  сауалнама жүргізіп,өздерінің қандай жұмыстар жүргізіліп 
жатқандығы, ал қандай жұмыстар кейінге қалдырылып, ақсап келетіндігі жөнінде ой пікірлерін ортаға салды.   
* * * * *
«ҮЛГІЛІ СЫНЫП – МЕКТЕП ТІРЕГІ» АТТЫ 8 - 9 - 10 СЫНЫПТАРДЫҢ
 СЫНЫП АРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ
Каримова Нурания Алдашевна
Ембі қалалық №1 орта мектебінің аға тәлімгері 
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар, сыналғалы отырған сыныптардың жанкүйерлері. 
Бүгінгі «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Үлгілі сынып – мектеп тірегі» сынып 
аралық байқауына қош келдіңіздер! Олай болса көп созбай, сайысымызды бастайық. Сайысымызға 
қатысушыларды, өз сыныбының намысын қорғаушыларды ортаға шақырайық!
8 - сынып намысын қорғаушылар.  9 - сынып намысын қорғаушылар. 10 - сынып намысын қорғаушылар. 
Сайысымыздың қатысушыларын сахна төріне шақырдық. Енді келесі кезек, әділқазылар алқасымен таныстыру. 
Қане, әділқазы алқасымен таныс болайық.
12

• Мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары – 
• Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі –.
• Мектебіміздің география - биология пәндерінің мұғалімі – 
Мінекей, сайысымыздың қатысушыларымен қатар бағалаушы әділқазыларымен де таныс болдық. Ендеше, 
сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1 - кезең. «Сәлемі түзу сынып»
2 - кезең. «Біздің сынып – мектептің мақтанышы» слайд көрсету
3 - кезең. «Өнерлі өрендер сыныбы»
4 - кезең. «Көңілді тапқырлар сыныбы»
5 - кезең. «Шеберлер сыныбы»
6 - кезең. «Ұстаз бен шәкірт арасындағы келеңсіз оқиғалар және оларды шешу жолдары»
7 - кезең. Қорытынды. Марапаттау.
Міне, осы кезеңдер бойынша бүгін 8 – 9 – 10 сынып оқушылары сайысатын болады. Ал, әрбір кезеңнің 
шарттары сайыс барысында айтылатын болады. Жеңген сынып: «Жылдың үлгілі сыныбы» атағын иеленетін 
болады. Олай болса, сайысушылардың шығу реттік сандарын анықтап алып, сахна төрінен шығарып саламыз.
Алғашқы кезеңіміз «Сәлемі түзу сынып» яғни сәлемдесу. Сыныптардың өздерін таныстыруын тамашалаңыздар.
Бағалау «5» баллмен өлшенеді. Олай болса, алғашқы сыныпты тамашалаңыздар.Ұпай санын анықтау.
Келесі кезеңіміз «Біздің сынып – мектептің мақтанышы» деп аталады. Олай аталу себебі, сайысушы сыныптар 
мектептің үлгілі сыныбы болатын болса, онда олар мектептің мақтанышы дегенді білдіреді. Бұл кезең 
сыныптарға үй тапсырмасы есебінде берілген болатын. Ереже бойынша слайдты сынып атынан 1 оқушы 
түсіндіреді. Берілетін уақыт 1 - 3 минут аралығы. Слайд тақырып бойынша жан - жақты өрбуі тиіс. Бағалау «5» 
балдық жүйемін жүріп отырады. Олай болса... сыныптың слайдын тамашалайық.
Ұпай санын анықтау.
«Жігітке жеті өнер де аз», Өнерді үйрен де, жирен», Он саусағынан өнер тамған» мақалдары халқымыздың 
өнерлі болғанын білдіреді. Олай болса, «Өнерлі өренді сыныптардың» өз өнерлерін тамашалайық. Кезең 
ережесі: Сынып оқушылары кез - келген жанрда «ән» немесе «би» өнерлерін көрсетуі керек. Олай болса... 
сыныптың өнерін тамашалайық.Ұпай санын анықтау.
Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боласың көрсең мәз,
Көңілді тапқырлар,
Күлдіріп алға бас, - дей отырып «Көңілді тапқыр сыныптардың» КВН өнерлерін тамашалайық. Кезең ережесі: 
Сынып оқушылары КВН яғни әзілге толы «Мектеп әлемі» тақырыбында көріністер құруы тиіс. Берілетін уақыт 
5 - 8 минут. Олай болса... сыныптың әзілдерін тамашалайық.Ұпай санын анықтау.
Бүгінгі сайысымыздың кезекті кезеңі «Шеберлер сыныбы». Олай болса әр сыныптың өз қолдарынан шыққан 
қолөнер бұйымдарын тамашалайық. Кезең ережесі: Сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған қолөнер 
бұйымдарын жасап, олардың жасалу жолымен таныстырып өтуі керек. Бұл бөлімде де сыныптың атынан 
бұйымдарды таныстыруға 1 оқушы шығады. Олай болса... сыныптың қолөнер бұйымдарын тамашалайық.Ұпай 
санын анықтау.
Дей отырып келесі: «Ұстаз бен шәкірт арасындағы келеңсіз оқиғалар және оларды шешу жолдары» кезеңімізді 
бастаймыз. Кезең ережесі: Сынып оқушылары әділқазылар алдындағы сұрақтардың біреуін таңдап алып, сол 
қағазда қойылған ситуациялық сұрақтарға логикалық түрде «3» жауап берулері тиіс. Бағалауда «3» балдық 
жүйемен жүреді. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Олай болса сыныптарға: Іске сәт!
Сендердің сыныптарыңа қарама - қарсы кабинетте өздеріңнен жоғары сынып оқушылары оқиды. Сендердің 
сыныптарың шығарма жазып не болмаса тест тапсырып жатыр. Ал, қарсы кабинеттегі оқушылар тым қатты 
шулап жатыр. Сендердің сол сабақтағы іс - әрекеттерің?
Сәйкес жауаптар:
• кабинет есігін жауып аламыз;
• мұғалімге хабарлаймыз;
• қаншалықты артық кетсе де, өзімізден үлкен сыныпқа дөрекілік танытып, тынышталуын бұйырмаймыз.
Сендердің сыныптастарыңның бірі пән мұғалімдерімен үнемі келіспей керісіп қала береді. Оның айтуынша 
мұғалімдер сабақты тек осы баладан ғана сұрай береді екен. Сендер осы баланын орнында болсаңдар не істер 
едіңдер?
Сәйкес жауаптар:
• Ұстаздың оқушыдан сабақ сұрағаны оны білімді, білгіш қылып тәрбиелеуінде;
• Ол баланың әр сабаққа тыңғылықты дайын болуына көмектесеміз;
• Сенің мінезіңді осы жағдайларға байланысты шыдамды қылып өзгерту керек дер едік.
Сендердің сынып жетекшілерің мектепке енді ғана келген жас маман еді. Әлі де сынып жетекшілік тәжірибесі 
аз болатын, жетекшілікке икемі келмейтін. Сендер сол сынып жетекшінің өз орнынан ауысқанын қалар ма 
едіңдер?
Сәйкес жауаптар:
• Сынып жетекшіміздің кемшіліктерінің орнын жоқтатуға тырысамыз;
13

• Өзіміз жол көрсетеміз;
• Сынып жетекшіміз тәрбие сағаттарын өткізгенде, ашық сабақтар өткізгенде онымен тығыз әрі ашық 
пікірлесеміз. Себебі, оқушы мен жетекші дос, ана мен бала секілді қарым - қатынастарды толық қамтиды.
Міне бұл сайысымыздан түйер ойымызды саралап өтейік. Әйгілі ғалым Леонардо до Винчидің айтуынша 
«Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт – бейшара» екен. Мұғалімді зор тұлға тұту, оның 
құдіреттілігін күннің сәулесімен іспеттес деп таныған Ушынскийде өз ұстазын қадір тұтқан. Оқушылар олай 
болса, қандай проблема болмасын мұғалімді қадірлеу, шоқ тұту біздің басты парызымыз.Ұпай санын анықтау.
Құрметті әділқазылар, көрермендер бүгінгі сайысымыздың аяқталғанын хабарлаймыз. Қатысқандарыңызға көп 
- көп рахмет. Келесі кештерде кездескенше, сау саламатта болыңыздар!
* * * * *
ҰБТ – ҒА ДАЙЫНДЫҚ
Орынтаева Дариға Орынтаевна. Мектеп психологі 
Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді  дамыту тұжырымдамасының жобасында
“Жоғары бiлiмдi  дамытудың негiзгi  үрдiсi  мамандар даярлау сапасын арттыру,  қарқынды ғылыми - зерттеу
қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк
сала   мен   экономиканың   қажеттiлiктерiмен   тығыз   байланысты   бiлiм   беру   және   технологияларды   жетiлдiру
болып   табылады”   деп   атап   көрсетiлгендей,   қазiргi   бiлiм   беру   саласындағы   басты   мәселе:   әлеуметтiк   -
педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру
мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және 
ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту 
сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. 
Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай 
Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен 
бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. 
Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына
жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты 
міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға 
жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен 
жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ - ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар
ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол 
үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:
1. Психологиялық
2. Ұймдастырушылық
3. Технологиялық
4. Ақпараттық
Психологиялық дайындауда - оқушылар, ата - аналар және мұғалімдер көп уақытты талап етеді, сондықтан 
қазірден бастап жұмыс жасау керек. 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар өткізу 
( яғни ҰБТ - ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)
Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ - ке байланысты бұрыш ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және 
өткен тестін қорытындысы)
Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.
- педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы
- тест жасау теориясын меңгеру
- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану
- оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген 
жаман көзқарастарын қалыптастырмау.
Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, 
ақпараттық басылымдарымен таныстыру.
«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу 
жүйесіне енгізулері керек.
Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және 
олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру. осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ - ті 
14

тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы 
уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо - техникалық дағдылары, 
өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.
Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырыптар бойынша, жеке 
бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын - ала өткізу, бірақ ҰБТ - тапсыру кезіндегідей оқушылардың 
бойында қобалжу болмау керек.
Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ - ке дайындығын жоғарлатып 
қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау 
дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.
ОМ – гі ҰБТ - ға дайындық сызбасы
ҰБТ - ға психологиялық тұрғыда дайындау
Психологиялық іс – шаралары
Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
- психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың 
проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету.
- Проблемасы бар балаларды жан - жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту 
жұмыстарын жүргiзу.
- Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер 
ұйымдастыру.
«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін 
білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте 
жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті 
жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Еске сақтаудағы маңызды құпия – ЭМОЦИОНАЛДЫ ЕСТЕ САҚТАУ.
Стресті жеңу үшін не істеу қажет.
Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі 
витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, 
билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: 
баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын - туыстардың көмегі 
қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және 
қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, 
ағаларын мен апайларыңа және басқа жақын - туыстарына барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені, олар 
да сізден махаббат, қамқорлық, мейрімді жылы сөзді күтіп отыр.
Ата – аналарға алты кеңес
Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге өшіге түсуі мүмкін. Қайта бойында дөрекі мінез біткен балаңыздың көзқарасын 
өзгертіп, өзіңізбен тіл табысу үшін жылы сөйлесіңіз.
1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен 
оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаңызды көру керек.
2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің 
кешке дейін түк бітірмей жататының жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз 
саған рақмет айтар едік» деген құлаққағыс айтып қойыңыз
3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды. Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік 
жылы сөз айтыңыз.
4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана 
толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар
15

5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса 
қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол мүлде жақсы қырынан көрінуі 
мүмкін.
6. Бар нәрсені жасырып, ұл – қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ болыңыз
Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.
3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.
4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауыңызды көтеруге жол бермеуге 
тырысыңыз.
6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны 
өзіңізден алыстатып аласыз
9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімнен атаңыз.
Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ - ға дайындауда ата - аналарға кеңес.
1. Балаңыздың ҰБТ - ға барар алдындағы алдын - ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына 
немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл - кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ - ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз
3. Балаңыздың көңіл - күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс - жидектерге, 
дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.
* * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет