58
«Тағы бірі Уәйіс Лағәри еді. Самарқандық Тоқшы елінен еді.
Омар Шейх мырза қасында соңғы кездерде өте жақын жүрген
еді. Менімен бірге қазақлықтарда жүретін. Ақылпарасаты жақсы
еді. Бір шама бүлікшіл еді. («Бабырнама» 18 б.). Бұл мәтінде
де қазақлық даланың еркін өмірін меңзейді. Ал қазақлықты
барымташылыққа телісек Бабыр барымтаға шыққан болса қай
жерге барымта жасап, қандай малмүлікті олжалағанын бір рет
болса да айтар еді.
Бабыр Сұлтан Аһметтің балалары жайын жазғанда қазақлық
сөзін тағы да қолданады. Онда: «Үшінші қызы Айша Сұлтан
бегім еді. Бес жасында Самарқанға келгенде маған атастырған
еді. Соңыра жорықтарда Хожәндға келді, онымен үйленген едім.
Самарқанды екінші рет алғанда.
Бір ғана қызы болып еді, неше күн соң тәңірі рахметіне
барды. Ташкент бүлігінен бұрынырақ әпкесінің азғыруымен
меннен ажырасты». («Бабырнама» 24 б.) Бұл мәтінде қазақлық
сөзі жорықтар дегенді меңзейді.
Бабыр Сұлтан Әбусаид мырзаның балалары жайын
айтқанда:«Үшінші Қазақ бегім еді», – деп жазады. («Бабырнама»
35 б.) Бұнда Сұлтан Әбусаид Қазақ деп қызының есімін қойғанға
қарап, Қазақ атауының бір киесі болған шығар дейсің.
Бабыр еңбегінің 1496 жылғы оқиғаларын баяндағанда «қазақ
жігіттері» деген тіркесті қолданған: «Төлен қожа моғолды екіүш
жүз қазақ жігіттермен жорыққа аттандырдық». («Бабырнама»
52 б.). Бұл мәтіндегі «қазақ жігіттер» сөз тіркесіне зер салғанда
мұнда «қазақ» сөзі ісқимылға шыңдалған ерікті жауынгер
дегенге саяды.
Бабыр кітабының тағы бір тұсында: «Төлен қожа атты
барынның ер, бетке ұстар, қазақ жігіттерінен еді. Әкем Омар
Шейх мырза жанашырлық қылып еді, қазір де жанашыр болып
жүр. Мен өзім тәрбиелеп, бек қылып едім. Ғажап ер және қазақ
жігіт еді.
Жанашырлыққа лайықты еді», делінеді. («Бабырнама»
70 б.) Осы мәтіндегі «қазақ» сөзі мерттік пен ерлікке баланып,
бағаланған.
Бабыр өз кітабының 86шы және 88ші беттерінде де
қазақлық тіркесті қолданған. Сонымен бірге, моғол ұлысы
туралы өз көзқарасын білдірген. Онда: «Менің анамның қасында
мың бес жүз, екі мыңға жуық моғол ұлысынан бар еді. Тағы
Һисардан Әмзе сұлтан, Мәһди сұлтан және Мұхаммед дұғлат.
Олармен бірге де соншалық моғол келіп еді. Қашанда жамандық
пен бұзақылық моғол ұлысынан болатұғын», – делінген.
(«Бабырнама» – 86 б.). Осы тұста «моғол» ұлысына қатысты
Бабырдың әңгімесіне қарағанда, ол моғол, қазақ тағы басқа
ұлыстарды бірбірінен ажыратып, оларға өз көзқарасын анық
білдіріп отырған. Бұнда Бабыр өзін моғол еместігін нақталап
тұрса да, еуропалық ғалымдар Бабырдың Үндістанда құрған
империясын Моғол империясы деп атағанының жөні жоқ екенін
көрсетеді. Бабыр империясын моғол империясы деулерінің не
қажеті болған?
Екінші мәселе, парсы және түркі тарихшылар Шыңғыс
хан мен оның ұрпақтарын бірақ «моғол» сөзбен жазған. Ал
қазақ ғалымдары оны моғол, монғұл, моңғұл тағы басқа түрде
түрлендіріп жазып жатады. Оны қалай түсіне аламыз? Тарихта
бір шындық бар. Ол жаулаушы ел ұдайы жауланған жеркілікті
күшті елдің құрамына еніп, ассимиляцияға ұшырап, сол елдің
болмысының бір бөлшегіне айналып отырған. Еуропалықтар,
арабтар, парсылар һәм түркілер осындай тарихи процесстерді
басынан өткізіп талай рет өзге ұлыстарды өз құрамына енгізіп,
бойына сіңіріп отырды.
Сондай заңдылық негізінде Түмен Балтабасұлы(18841957):
«Бұл жерден кімдер кетіп, кім қалмаған? Кара жер қаза жетсе
кімді алмаған?
Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз, Айладыр алтау
болса, Қалмақ жетеуЕрлерден ертедегі қалынған жер», – деп
жырлағандай Қазақ халқы да жеті жұртты өз бойына сіңіріп
келді.
Бабыр тағы бір әңгімесінде: «Сол қыстауда болғанда
Құдайберді Тоқшыға мейіршапағат көрсетіп,бек қылып едім. Ол
екіүш рет қайта барып Тәнбәлдің қарсылығын басып, бастарын
кесіп алып келген.
Әндіжан мен Ош өңірінде де қазақ жігіттер әииарлықпен
тынбай шабуылдап жылқыларын айдап, кісілерін өлтіріп қатты
әлсіреткен болатын.
(«Бабырнама» 95 б.) Бабыр жоғарыдағы үзінділерде қазақ
сөзін әииар сөзімен балама сөз етіп қолданған. Әииар сөзіне
парсы түсіндірме сөздіктер былай анықтама берген: әииар \а\
шапшаң, батыр, зерек, епті, жасампаз және сиқыршы адам. IX
ғасырда керуен жолын кесіп, алған олжаларын халық игілігіне
жаратып жүретін мәрт, жауанмәрт, жауынгер, батырларға
қаратып айтқан сөз. Хорасан өлкесінді Жақып ибн Лейс Саффар
есімді әииар болған. Ол 868878 жылдары әииарлар топтарының
қолдауымен Бағдаттағы халифаға қарсы шығып, Иран мен
Ауғаныстан аймақтарындағы Кабул, Һерат, Керман және Фарс
территорияны халифатқа бағынбайтын дербес ел деп жариялады.
Сөйтіп Иранның шығыс өңірінде орналасқан Систанда Зәрәнж
қаласын астана етіп, алғаш рет халифаттан тәуілсіз саффари
үкіметін құрды. Аталған Жақып ибн Лейс Саффар тарихта
әииарлықпен аты шыққан.
Бабыр өз еңбегінде түрік халықтарының Үндістан мемлекетін
құрудағы үлсін де сөз қылған: «Әзіреті рәсул заманынан бұл
тарихқа дейін жүз деген патшалардан үш кісі Үндістан уалаятын
жаулап, салтанат қылып тұрған. Бірі Сұлтан Маһмұд Ғази және
оның әулеттері Үндістан мемлекетінде ұзақ уақыт салтанат
құрып, патшалық тағына отырған.
Екіншісі Сұлтан Шаһабеддин ғури және оның
айналасындағылар көп жылдар бұл мемлекетте патшалық
құрды. Үшіншісі мен едім», – дейді. («Бабырнама» 388 б.)Әрі
қарай ол: «Бірақ менің ісім ол патшалардікіне ұқсамайтын, не
үшін десек, Сұлтан Маһмұд Үндістанды жаулап алды, Хорасан
тағы оның билігінде еді және Харезм шекаралас сұлтандар оған
бағынышты болған. Самарқан патшалығы оның қол астында еді.
Ерікті әскері екі жүз мың болмаса да, бір жүз мыңды
құрайтын еді.
Әрі жаулары Ражалар еді. Бүкіл Үндістан бір патшалық емес
ті. Әрбір раже бір уалаятта өз басына патшалық құрған еді».
(«Бабырнама» – 388 б.)
Бабырдың әңгімесіне мұқият зер салғанда, бүгінгі бір тұтас
Үндістан атты ірі мемлект түркі патшаларының сол елге жасаған
жорықтары әрі өктем саяси билігінің арқасында ражаларын
біріктіріп құрылған ел екендігін анық байқаймыз.
қорытып айтқанда, Шарафеддин Әлі Йәздидің «Зафарнама»
кітабында «қазақ» сөзін 13651370 жылдардағы оқиғаларда
қолданған.
Бұл IY ғасыр аясында немесе одан да ерте заманда қазақ
жұртының қалыптасу процесінің жүргенін көрсетеді. Екіншіден,
бұл еңбекте Батый ханның (12081255) Қыпшақ даласында Үгедей
қағанның бұйрығы бойынша таққа отырғаны жазылады. Бұндағы
қыпшақ даласы ғасыр асып, түгелдей қазақ хандығы құрылған соң
Қасым ханның билігіне өткенін Мұхаммед Бабыр да, Мұхаммед
Қайдар да өз еңбектерінде жазады. Мәселен «ТарихиРашиди»
еңбегінде: «Қасым хан түгелдей Қыпшақ даласын билігіне алғаны
соншалық, Жошы ханнан кейін ол сияқты ешкім билемеген еді»,
– делінген. Жоғарыда аты аталған жазба деректердегі Қыпшақ
даласы Қазақ хандығы тұсында қазақ жұртының иелігінде
болғанын жырға қосқан Қожаберген Толыбайұлы жырау (1663
1763) нақтылап берген. Қожаберген өз жырында:
«Қаратау, Сыр, Сарыарқа, ЕділЖайық,
Тұрақты қазақ жұрты қонысы деп,
Санаңдар түп қазаққа соны лайық», дейді. Сол Қыпшақ
даласы бүгін Қазақстан Республикасы болып, көк туын
желбіретіп, әлем елдер арасында өз орынын тапқан. Бұл тарихи
үрдістің заңды сабақтастығы болып табылады.
түйін: «ТарихиРашиди» еңбегінің өзге жазба деректермен
салыстырғанда бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, Қазақ
хандығының билік құрған территориясын нақты көрсеткен.
Бұл жайында Мырза Қайдар: «Қыпшақ даласында және Жошы
хан ұлысына Бұрындық хан билік ететін. Жошы текті барлық
сұлтандар оның бұйрығына бас иетін. Олардың халқының саны
жанбыр тамшыларының көптігімен теңесетін еді», – деп жазады
(«ТарихиРашиди».26 б.).
59
Екіншіден, Қазақ хандығының құрылған жылын жазған
тарих. Ол жайында автор: «Алғашқы қазақ сұлтандарының
үкіметі 870 һижри қәмәри (1465 милади) жылы құрылған. «Алла
біледі», – деп жазған.
Үшіншіден, Қазақ хандығының бас қосқан мекенжайын
көрсеткені. Бұл жайында автор былай дейді: «Жәнібек хан мен
Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға
хан оларды құрметтеп қарсы алып, Шу маңы мен Қозыбасыны
тапсырған еді.»
Төртіншіден, Қазақ халқының өмір түрі мен салты һәм
тілдік сөз қорына қатысты әжептәуір мәліметтер берген. Бұл
жайында Саид хан қазақ ханы Қасым ханмен кездескенін еске
алғанда Мырза Хайдарға былай дейді: «Қасым хан асқан мәрт
адам болған деп отыратын және онымен қалай танысқанын
баян ететінді. Осындай бір кездесуде Қасым хан Саид ханға
жақындап: «Біз дала халқымыз, бұл жерде алуантүрлі бұйымдар
да жоқ, үй салу машақаты жоқ. Ең қымбат байлығымыз –жылқы
және ең дәмді тағамымыз – оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз
– оның сүті және оның өнімдері. Біздің өлкемізде баубақша
мен ғимаратта жоқ. Серуендейтін жеріміз – малдың жайлауы,
жайлауға барып, жылқыларды тамашалаймыз, сонда барып,
бірер сағат қызықтаймыз», – деп Саид ханды ертіп, үйірге
жақындатып, алып барды.» («ТарихиРашиди» 2189,190 б.).
Бесіншіден, Мырза Қайдар өз еңбегін парсы тілінде жазса
да онда көптеген қазақ сөзін қолданған. Ол сөздер бүгінгі тілдік
қорымызда айнымай сол қалпында сақталған. Мысалы, томаға,
талған, қоналқа, шырға,шылаухана, олжа, жүлде деген сөздер
және Сарай, Сарайшық, Алматы, Шелек, Шарын, Тараз, Түркістан
сияқты жерсу, елді мекен аттары. Мұндай ондаған есімдер мен
сөздер қазақ тілі ғылымында зерттеліп, зерделенетін тақырып.
Сондайақ бұл еңбек тарих, әдебиет, жағрафия, философия, тіл,
дін, этнография, саясат, қоғам, экономика, психология,түркітану,
қазақтану сынды көптеген салалардың мамандары мен
ізденушілеріне қайнар бұлақ бола алады. Бұл кітаптың
аудармасының жетіле беруі зерттеушілердің тереңдеу ұлттық
тарих пен мәдениетімізді зерттеуде үлкен үлес қосары анық.
Кітаптың жаңа басылымы жетілу мен кемелдену мақсатында жаңа
табысымыз дей аламыз.
Алтыншыдан, «ТарихиРашиди» еңбегі жазба дерек ретінде
өзге де жазба деректерді таныстырып берген деректердің дерегі
болған. Онда біз түркі мен қазаққа дерек беретін басқа да тарихи
әдеби, жағрафиялық шығармалармен таныса аламыз.
Сондықтан «ТарихиРашиди» еңбегі қазақтану ғылымының
санқырылы зерттеу обьектісіне өзек бола алатын маңызды
шығарма.
Енді бұдан әрі «ТарихиРашиди» еңбегіндегі қазақтар туралы
айтылатын бірнеше әңгімемен таныстырамыз.
есенбұға Ханға әмірлердің қарсылық
кӨрсеткен күндерінен
Жүніс хан кеткен соң (Мауараннәһрге) ұлыс түгелдей
Есенбұға ханға бағынады. Бірнеше жыл осылай өтті. Хан
жастығы мен кәмелетке толмауы себепі әмірлерді қорлауға
тырысатын. Тұрфандық ұйғыр тайпасынан шыққан Темір атты
біреуді өзінің орынбасары етіп сайлады. Оның тәрбие ісіне
қатты көңіл аударды. Сондықтан өзге әмірлер оның мәртебесінің
өсуін, әрі өздерінің аяқ асты қор болып жүргендеріне шыдамай,
бір күні хан мәжілісінде Темірді қолға түсіріп, паршалап, көзді
ашып жұмғанша жанжаққа бытырап кетті. Хан қатты үрейленіп,
өзі де қашып кетті. Бұл хабар Қашғардағы Әмір Сейіт Әлінің
құлағына жетті. ӘмірСейіт Әлі Моғолстанға барып, Ақ Қияс
жерінде тауып, оны бірнеше адамымен алып келіп, Ақсуды ханға
тапсырды.
Қалайда моғол әмірлерінің әрқайсысы бір қызметке ие болды.
Әмір Мұхаммед Шаһ Атбасыға қоныстанды. Сол уақытта хат
жазыса отырып, бірбірімен уәделесіп келіскен соң әмір Сейіт
Әлі өз немере інісін араға дәнекер етіп, Ақсудағы хан жанына
барды. Содан өмірінің ақырғы күніне дейін құрметті әрі ауқатты
болды.
Тағы бірі, әмір Кәрімберді – ол да дулат еді. Моғолстан
шекарасында Ферғана және Әндіжан бағытында Алабұға
аумағында бір төбенің үстінде қорған салды. Күні бүгінге дейін
оның орны көрініп жатыр. (Әмір Кәрімберді) Әндіжанға және
мұсылмандарға шабуыл жасап тұрған.
Әмір Хакберді Бекжек Ыстық көлдің Қойсу жерінде
қорған салған. Ыстық көлдің аралына балашағасы мен әйелін
қалмақтардың шабуылынан аман сақтау үшін орналастырып, өзі
Түркістан және Сайрамды ойрандауға кірісті.
Жорас әмірлері мен Барин әмірлері Исан Тайшының баласы
Амансанжы Тайшы қалмаққа кетті. Тағы басқа топ қалушы,
балғашы және бірнеше тайпалар Абылхайырдың жанына
Өзбекстанға кеткен еді.
Күнжі әмірлері, тағы басқалары Моғолстан даласында
түгелдей дағдарысқа ұшырап, абыржып қалған болатын. Бірақ
Есенбұға хан Ақсуда табан тіреген соң, бірінші болып әмір
Мұхаммед шаһ ханның алдына барды. Одан кейін қалың бұхара
ханға қайта орала бастады.
Хан да жасаған істерге өкініш білдіріп, халықпен жақсы
қатынасқа кірісті. Сонымен, толық өз күшіне енген соң,
біріншеден, Сайрам, Түркістан, Ташкентке жорық жасап,
ойрандап, қайта оралды. Бұл жорық 855 (1451) жылдан бұрын
жүзеге асты. Сол жерге осы дәстүр бойынша тағы бір рет шабуыл
жасады.
Сол кезде Сұлтан Әбусаид мырза Мауараннаһрда патша
болатын. Ол ханды қуып, тарихи кітаптарда Тараз деп жазылған
60
Йанкиде оған жетіп, соғыс басталып кетті. Моғол
қашып кетті, мырзаӘбусаид өз уалаятына қайта
оралды.
Мырза Сұлтан Әбусаид Хорасанға барып,
оны алғанда, Есенбұға хан Әндіжанға бет алды.
Әндіжанды мырза Сұлтан Әбусаидтың атынан Мырза
Әлі кішік деген әмір билеп тұрған. Ол Әндіжанның
қамалында тығылды. Ханның (Есенбұға) әскерінің
көптігі соншалықты үш қатар сап түзеп Әндіжанды
қоршап алды. Әр жағынан жер асты үңгір қазды.
Сөйтіп, сыртқы қамалды жаулап алды. Содан
Мырза Әлі кішік хан сарайында қалды. Ең соңында
көп сыйлықтар алып, татуласуға келді.
Хан Әндіжан уалаятының тұрғындарын түгел
тұтқындап қайтты.
Қазіргі заманға дейін тұтқынға алынған сол елдің
ұрпақтары Қашғар мен моғол жерінде тұрады.
Сұлтан Әбусаид мырза бұл хабарды естіген
соң, Есенбұға ханға тойтарыс беруге дәрменсіз
еді. Өйткені ол Моғолстанға барса, Есенбұға хан
Моғолстан шекарасында кетіп қалар еді. Самарқан
әскерлеріне кең байтақ далада Есенбұға ханның қай түкпірге
тығылып қалғанын табу қиын болар еді. Сондықтан олар
амалсыз кері қайтар еді. Ал әскерлер кетсімен, Есенбұға хан да
өз жұртына қайтар еді. Сөйтіп, Есенбұға ханды жазалау мүмкін
болмас еді.
Екіншіден, Есенбұға ханның әскерінің көптігінен сұлтан
Әбусаид әмірлері оларға қарсыласуға шамасы келмейтін еді.
Сұлтан Әбусаид осы әскерімен Иракқа бет алуға мүдделі еді.
Алайда ол жоғарыда айтылғандай Есенбұға ханның кедергісінен
Иракқа бара алмады.
Сондықтан Иракқа адам жіберіп, Жүніс ханды алдырды. Ол
Иракта жүрген мүсәпір еді. Ол Есенбұға ханның үлкен ағасы
болатын. Бұл жөнінде бұрынырақ айтылған, алдағы уақытта
тағы айтыла жатады.
Есенбұға ханға қарсы қоюға Жүніс ханды жіберді. Солайша
екі бауыр бірбірімен тартысып жатса, уалаяттың шекарасы
тыныш табар еді.
Әрі моғол әмірлері ханнан бөлініп әрқайсысы өз бетінше
кетіп, қорған тұрғызған болатын. Ханға да бағынбайтын. Хан
да оларға тиіспей жүрген себебі – бір күн болмаса бір күні өзіне
қайта оралар деген үміті бар еді.
Ол заман Әбілқайыр ханның қыпшақ даласына түгелдей
билігін жүргізіп отырған кез еді. Жошы ұрпағының сұлтандары
жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып,
Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға хан оларды құрметтеп
қарсы алып, Шу маңы мен Қозыбасыны тапсырған еді. Ол аймақ
Моғолстанның батыс шегі еді.
Олар бұл аймақта тыныш өмір сүрген. Әбілқайыр хан қайтыс
болған соң Өзбек ұлысы бірбірімен шайқасып, араларында көп
келіспеушілік туды. Олардың көбісі Керей хан мен Жәнібек
ханның жанына барған еді. Олардың саны екі жүз мыңға жететін.
Олар өзбек – қазақ деп аталды. Алғашқы қазақ сұлтандарының
үкіметі 870 һижри қәмәри (1465 милади) жылы құрылған. Алла
біледі, 940 һижри қәмәри (1533 милади) жылға дейін қазақтар
толықтай билік тізгінін ұстап тұрды.
Өзбекстанның басым бөлігін Керей ханнан кейін Бұрындық
хан басқарып, өз билігін жүргізген еді. Одан соң Жәнібек ханның
ұлы Қасым хан басқарып, қыпшақ даласын толық биледі. Оның
әскері мың мыңнан көбірек еді. (Миллион ауд.) Жошы ханнан
кейін сол жұртта одан ұлы хан болмаған еді. Қасым ханнан кейін
оның ұлы Мәмаш хан биледі. Одан соң немере бауыры Таһир хан
биледі. Таһир хан заманында қазақ күйзелді. Одан кейін бауыры
Бойдаш хан билікті қолға алды. Қазақ Бойдаш хан кезінде
жиырма мың болып қалған еді.
940 һижри қәмәри (1533 милади) жылы Бойдаш дүние салды.
Қазақ жаппай әлсіреді. Қорытып айтқанда, Есенбұға хан дәуірінен
бастап Рашид хан заманына дейін моғол мен қазақ арасында
достық пен татулық болған. Бірақта Рашид сұлтан оларды бұзды.
Бұл ахуал жайы Рашид хан шежіресінде айтылады. Иншалла.
«тарих-и рашидидің» екінші кітабының басталуы,
900 (1494-1495) жылдан кейін моғол, Өзбек және шағатай
ұлыстарының әрқайсысындағы болған жекелеген оқиғалар
жайында
Мен пақырдың туған мерзімі 905 һижри қәмәри (1499 милади)
жыл еді. Ол дәуірдің ғұламалары мына Шығыс патшасы және
Шаһтың көз нұры деген сөздерден хронограмма тапқан. Моғол
хандарының мемлекеті өткен уақытпен салыстырғанда дами
бастаған еді. Өйткені, бұл заманда Моғолстан қалалары Сұлтан
Жүніс ханның таққа отырған кезіне дейін қара қытайдан арылды.
Оның қалада, абаттандырылған жерлерде отырықшылық өмір
салтына көшуі шамамен 889 һижри қәмәри (1484милади)
жылдары болған. Моғолдарың көпшілігі еш уақытта отырықшы
болмаған, ешқашан абаттандырылған жерді көрмеді деуге болады.
Өлең жолы: Аңқұсындай таутастың қалыпты жұрт ұйлығып.
Шаш уәлаяты мен басқа аймақтар моғолдардың билігіне өткені,
сондайақ бүкіл Моғолстан даласы мен көрші аймақтары қалай
жауланғаны ұзақ әңгіме, құдай қаласа, ол «Тарихтың» негізгі
бөлігінде айтылады. Қысқасы аталған кезеңнен 908 һижри
қәмәри(15002 милади) жылдың басына дейін моғолдар ұлысы
кедергісіз даму жолында болған еді.
Ұзын сөздің қысқасы, менің әкем – Мұхаммед Үсейін көреген
ибн Мұхаммед Қайдар көреген ибн ұлы әмір, тақ пен семсердің
иесі әмір Сейіт Әлі ибн әмір Сейіт Аһмет ибн әмір айбат
иесі, Мекке мен Мәдина жолдарының жолаушысы, Алланың
ілтипатымен жеңіске жеткен, Алланың көмегімен табыс тапқан
Құдайдад ибн әмір Болатшы еді, Алла тозақ отынан құтқарғай.
Бұл әмір Болатшы ислам дінін қабылдап, кәпірліктің қара
жүзін екі дүниеде жарықпен нұрландырды. Аятта: «Жүздерінен
сәждеге тұрған белгілері көрініп тұрады».(Фатиһ.сүре48, аят
29.) Менің әкем кейін ұлыстардың билеушісі Тәңірден әділдігі
мен мейірімінің арқасында ұлы хан болған Сұлтан Маһмұд
хан ибн Сұлтан Жүніс хан ибн Уәйіс хан ибн Шерәлі Оғлан
ибн Мұхаммед хан ибн Қызыр Қожа хан ибн Тоғылық Темір
хан кәпірліктің қараңғы түнін шығыс елдерінде исламның таң
арайының сәулесінмен нұрландырды.
«Тарихтың» негізгі бөлігі осы тура жолға түскен бақытты
ханның билік жүргізу ерекшеліктері жайындағы әңгімелерден
тұрады. «Алланың нұры қабіріне жаусын!»
Сұлтан Маһмұд хан әкеме (оның қолдау көлеңкесі
жойылмағай ) әр түрлі ерекше ілтипат білдіріп, мейіріне бөледі.
Бұл жөнінде тарихтың негізгі тарауында баяндалады (Құдай
қаласа) Бұл ілтипатын ол – ханның күйеу баласы шапанын кигізу
құрметіне дейін жеткізді, хан өзінен бір жас үлкен әпкесі Хуб
Нигар ханымды менің әкеме ұзатты.
Олардың некесі шамамен 899 һижри қәмәри (1494 милади)
жылы Шаш шаһарында қиылды. Некелері қиылған соң ол
Оштырөшіне бүгінде Өретөбе деген атпен белгілі, аймағын оған
беруге жарлық етті, сол аймақтың айналасының бәрі де сенің
билігіңде деп, аттануға рұқсат етті. Бұл уәлаятты тоғыз жыл
61
бойы биледі. Осы аралықта көп оқиғалар болды. Әкемнің билік
жүргізе бастағанына алты жыл өткенде дүниеге мына мен пақыр
келіппін. Егер осы болған оқиғалар айтылмаса, мұның өзі парасат
иелерінің көзінен таса қалмас еді. Егер де қысқаша сол дәуірдің
хан, сұлтандарының ахуалы туралы, олардың қайсысы қай жерде
болғаны жайында жазылмағада, бұл оқиғалар оқырмандарға
беймәлім күйде қалмақ.
Қысқасын айтқанда, әлгі кезеңде астанасы Әндіжан болған
Ферғана уәлаяты Мырза Омар Шейх көреген ибн Сұлтан Әбу
Сейіт көреген қайтыс болғаннан кейін Мырза Омар Шейхтың
екі ұлы ЗәҺиреддин Мұхаммед Бабыр патша ғази мен Мырза
Жаһангерге мұра болып калды. Мырза Жаһангер жас болса да
әмірлердің көтерілісіне қатысты, олардың араларында қашанда
соғыс пен ұрыс болып жататын. Сондықтан жеңіс пен жеңіліс
алмакезек кеп тұратынды. Бұл оқиғалардың кейбірі осында
қысқаша жазылады.
Самарқан және Бұхара уәлаяты билеуге Сұлтан Маһмұд
көреген ибн сұлтан Әбусаид көрегеннің ұлдары Байсұңқар мырза
мен Сұлтан Әлі мырза және Жошы тағына Шаһибек хан ибн
Шаһ Будағ сұлтан ибн Әбілқайыр хан үміткер еді. Аталған үш
кісі арасында сансыз тартыстар болды, бұл жөніндегі оқиғалар
соңында баяндалады.
Хорасанда Сұлтан Үсейін мырза өте мықты да салтанатты
түрде тақта отырған еді. Кейде ата мен бабалар арасында үрей
шаңы көтеріле бастағанда оны мырзаның әлемді сәндейтін
парасаты немесе зұлымдықты жоя алатын қылышының сәулесі
басатұғын. Иракта Сұлтан Жақып ибн Ұзын Асан өлгеннен кейін
ханзадалар жас болғындықтан мемлекет істері ақсай бастады.
Дәл сол заманда қаһар мен ызаның көзі һәм әлемнің уы іспеттес
болып көрінетін Шаһ Исмайыл сол сұлтанның әулетін тасталқан
етті. Мемлекет істері, елдің діні және үкіметінің билік тіректері
әбден дағдарысқа ұшырады.
Қыпшақ даласында және Жошы хан ұлысына Бұрындық хан
билік ететін. Жошы текті барлық сұлтандар оның бұйрығына бас
иетін.
Олардың халқының саны жанбыр тамшыларының көптігімен
теңесетін еді. Олар мен моғолдар арасында болған оқиғалар
жазылады.
Ташкент деген атпен танымал Шашта Сұлтан Маһмұд хан
болған. Осы Сұлтан Маһмұд ханның әкесі Жүніс хан жайында
қысқаша жазылмаған жағдайда әңгіме өз ретімен баяндалмайды,
себебі көптеген хикаяларда әңгіме соған қатысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |