62
сол күндері дүние салды. Содан Сұлтан Нигар ханымды Қасым
хан некелеп алды.
Әдік сұлтаннан кейін Қасым хан билікке қол жеткізді. Сөйтіп
Бұрындық ханға хандықтың атынан басқа ештеме қалған жоқ. Ең
ақырында Бұрындық ханды қуып жіберді. Сонымен Бұрындық
Самарқанға кетіп, жат өлкеде өлді.
Алайда Қасым хан Қыпшақ даласын түгелдей өзіне қаратып
алғаны соншалықты Жошы ханнан кейін ешкім де ол сияқты
мұндай билікке қол жеткізген емес. Мысалы әскерінің саны мың
мыңнан (миллион) асатын еді. Ақырында 924 һижри қәмәри (1518
милади) жылы қайтыс болды. Қазақ сұлтандарының арасында
ұрыс басталды. Қасым ханнан кейін оның ұлы Мамаш хан
хандық таққа отырды. Ол шайқастардың бірінде тұншықпадан
өлді. Одан кейін Әдік сұлтанның ұлы Тайыр хан таққа отырды.
Ол қатігез адам болатын, қаталдығы өз шегінен шыққан соң
елінің саны төрт жүз мың бола тұра одан бірден безіп бытырап
кетті. Оның қарабасы қырғыздардың арасында жалғыз қалды,
мүшкіл жағдайда қаза тапты.
Отыз мыңға жуық адам тағы да Моғолстанға жиналды.
Тайыр ханның бауыры Бойлаш хан таққа отырды. Ең ақырында
сәтсіз тағдырдың қырсығынан соншама халықтан міне бүгін
төртінші жыл болып барады, ешбір жерде із де қалмапты.
Отызыншы жылдары 930 һижри қәмәри (1524 милади жылы)
қазақ саны мыңмың (миллион) болатын. Қырық төртінші жылы
944 һижри қәмәри (1537 милади) сонша халықтан бұл жерде еш
белгі қалмаған. Олар жөніндегі кейбір оқиғалар ханға қатысты
әңгімеде келтіріледі. Ал қазақтың қысқаша ахуалы баяндап
өткендей болды.
Қасым хан хандық атағының жарлығын
өзіне алмайақ жатқан кезде оның үстемдігінің
күштілігі соншалықты жоғары болғандықтан,
Бұрындық ханды ешкім ауызға да алмайтын.
Алайда Қасым хан Бұрындық ханның
жанында болуды қаламайтын. Өйткені,
оның жанында болатын болса, оны құрмет
тұтуға тура келі. Егер де құрмет көрсетпеген
жағдайда сынға ілінетін еді. Ал құрмет тұтқан
жағдайда өзі іштей оған бағынғанғанын
мүлдем ұнатпайтын. Сондықтан Қасым хан
одан іргесін аулақ ұстайтын. Бұрындық хан
Сарайшыққа оныс тепті. Қасым хан одан
мүмкіндігінше қашық жүрейін деп Моғолстан
шекарасына кетіп қалды.
Қасым хан Қараталда қыстап, ерте
көктемде өзінің туған өлкесіне қайта оралмақ
болған еді. Сонда бұған Кетебектен бір кісі
Сайрам әкімімен бірге келіп, Сайрамның
кілтін оған алып барып, оған тарту етті.
Қасым хан оны қабыл алып,содан моғолдар
Йәнги деп атап жүрген Тараз жаққа бет алды.
Өзінен бұрын ол әмірлерінің бірін жіберді. Кетебек оған Сайрамды
тапсырды және өзі оның қызметіне кірді. Әрі Ташкентті алуды
үгіттеді. Қасым хан қалың қолмен Ташкентке бат алды. Сүйіншік
хан Ташкент қамалына тығылды. Қасым хан сонда барды. Ташкент
қамалында бір түн түнеп қайтты. Ташкент маңына шабуыл жасап,
тапқанын тонап кетті. Сайрам айналасындағы жайлауға малын
жайды. Оған қатысты басқа жағдайлар ретіне қарай айтылады.
сүйіншік ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар.
сұлтан саид ханның қасым ханға, қазақтарға баруы
918 һижри қәмәри (1512 милади) жылдың көктемі
шығысымен, Шейбан өзбектері, яғни Шаһибек ханның қол
астындағы өзбектер Мауараннәһрде билік құрды. Олардың
алдында адамдардың жүрегіне қорқыныш ұялады.
Саид хан қыс мезгілін амалдап өткізгенді. Көктемде
енді не істеу керек, алда қандай амал қолдану қажеттігін
ойластырып жатқан кезде Қасым ханның шабуылға шыққаны
туралы күтпеген хабар жетті. Ол шабуылға шыққанға дейін
Саид хан Ташкентке қарайтын аты мәшһүр Аһәнгәранға жорық
жасады. Мен ол жорықта ханның жанында бірге болдым. Таң
атысымен шабуылшылар Аһәнгәран еліне жеткенде олар мал
мүлік, әйел, балашағасын тоғайдың ішіне жасырып тастаған
еді. Тоғайдың бір жағынан үлкен өзен ағып жатса, ал екінші
жағы терең жар болатын. Оған баратын тек жалғыз жол бар
тын. Шабуылшыларды олар жақындатпай қойды. Ол жөніндегі
хабарды Саид ханға жеткізді. Хан мені қауіпті жерге бармасын
деп тізгінімді Қожа Әлі баһадүрге тапсырды. Өйткені мен әлі
жаман мен жақсыны айыра алатын, өзімді қауіпқатерден аман
сақтап қалатын жаста емес едім. Шабуылдаушылар оларға
жақындағанда жаяу мергендердің бір үлкен тобы түкпір
түкпірден садақтарын көтеріп алып, жанкешті шайқасқа кірісуге
оңдысолды тізілді. Біздің адамдар жақындап келген кезде хан
оң жақтағы батырларды, сол жақтағы ержүректерге күшжігер
беріп «тізгінді босатып жіберуге асықпаңдар,бәрің бірден лап
қойыңдар!», деп ескертті. Содан бәрі бірден шабуыл жасауы
керек деп тізгінді тартты. Бірақ баһадүрлердің шайқасуға асық
болғанына қарамастан не үшін бұл бұйрық берілгенін ешкім
байқамай қалды. Өйткені ол бұйрықтың мақсаты хан өзгелерге
байқатпай өзі жекедара жауға шабуыл жасау болған, содан
хан бәрінен бұрын жау ортасына жетті. Тасада тұрған үш
мерген садағымен ханды көздеп, атып жіберді. Бірақ бақытына
орай, жаратқанның айқын жәрдемімен атылған үш жебе де
нысанаға дарымай мүлт кетті. Содан Саид хан жауды жапырар
өткір қылышын үш адамның біріне сілтеді. Ол одан үрейленіп,
ханның атының бауырына тығылды. Хан екіншісіне ұмтылды.
Алдыңғысы хан атының бауырынан бас шығарғаны да сол еді
Рүстем паналайтын сарайдың ержүрек баһадүрлерінің бірі
Абдолуаһед баһадүр ханның ізін ала шабуыл жасап, семсерімен
әлгі адамның басын шауып жібергені сонша кесілген бас
денесінен бөлініп бір найза бойы жерге домалап кетті.
Бұл кезде хан екіншісіне жетті. Артынша қан құйлы Бәһрам
Марсты өз ісінде үйрете алар хан жауынгерлерінің қылыштары
найзағайдай:
«Жай оты олардың көздерін қарықтырадай (Бақара. 2сүре,20
аят) көрініп, жалтылдап жалындады. Бір сәтте сол адамдардың
тіршілікпен қоштастырғаны соншалықты, қиямет күнге дейін
олардың болмыс бейнесін елестемейтіндей етті. Сол шайқаста
ержүректер және батыл баһадүрлердің ешқайсысы ханнан
асып кете алмағандықтан бәрі оған бір ауыздан мадақтау мен
бәрекелдіні айтты һәм кері ауыздарын жауып, өз ынсаптарына
еніп, батырлықтың бас шені ханға әбден лайық деді.
Сол жорықта Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан
Ташкентке Сүйіншік ханға шабуыл жасады деген хабар келді.
Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Ферғана мен Ташкент
уәлаяттары арасындағы Кендірлік асуына жеткендерінде Қасым
ханның қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан да Ахсиге
оралды әрі Ферғана уәлаятының қамалдарын бекемдеп, қазаққа
қарай бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақты
көтеру болатын. Мен ол сапардан сырқаттануыма байланысты
қалып қойдым.
63
Хан жолға шығып, Моғолстанның мәшһүр жері – Шуға келіп
жетті. Қасым ханның сол уақытта жасы алпыстан асып, жетпіске
таяп қалған кезі. Ал ханның қылшылдаған шағы болатын – жасы
отызға жете қойған жоқ еді. Қасым хан жасының ұлғаюына
байланысты Саид ханды қарсы ала алмайтынына кешірім өтініп,
Жошы әулетінен тараған кейбіреулерінің жасы елу мен алпысты
алқымдап қалған отызқырық сұлтанды, солардың ішінде
Жаныш хан, Тыныш хан, Мамаш хан, Жан Айдар сұлтан, Қарыш
сұлтан және тағы басқаларға тізе бүгіп құрметпен қарсы алсын
деп бұйырды. Соның ішінде Жаныш хан мен Тыныш хан жас
жағынан Саид ханнан көп үлкен болатын. Олар тізе бүккен кезде
хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі де тізе бүккен
уақытта хан өз орнына отырып, сәлемін қабылдады. Қасым хан
Саид хан алдына келгенде жылы жүздесіп құрметтегені сондай,
хан өмірінің соңғы сәтіне шейін оның кішіпейілділігін ұмытқан
емес. Әрқашан сырласа қалғанда хан оны еске алып (Алла тозақ
отынан құтқарғай): «Қасым хан асқан мәрт адам болған», – деп
отыратын және онымен қалай танысқанын баян ететінді.
Осындай бір кездесуде Қасым хан Саид ханға жақындап: «Біз
дала халқымыз, бұл жерде алуантүрлі бұйымдар да жоқ, үй салу
машақаты жоқ. Ең қымбат байлығымыз – жылқы және ең дәмді
тағамымыз – оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз – оның сүті
және оның өнімдері.
Біздің өлкемізде баубақша мен ғимаратта жоқ. Серуендейтін
жеріміз – малдың жайлауы, жайлауға барып, жылқыларды
тамашалаймыз, сонда барып, бірер сағат қызықтаймыз», – деп
Саид ханды ертіп, үйірге жақындатып, алып барды. Барлық
шаруа мен жылқыларды көрсетті. Сосын Қасым хан тағы да ханға
қарап: «Менің екі арғымағым бар, екеуі бүкіл үйірге татиды», –
деп арғымақтарды алып келді. Саид хан мына екі сәйгүліктей
жылқыны ешқашан көрмегенін талай рет сүйсіне әңгімеледі.
Қасым хан: «Дала халқы – жылқының күшқуатына қарай
тіршілік етеді. Мен де осы екі арғымақтан басқа өзіме лайық
сенімді ат жоқ.
Сондықтан екеуін бірдей сізге тарту ете алмаймын. Енді
сіз қадірлі қонағым болғандықтан екеуінің бірін таңдап, қабыл
алыңыз да біреуін маған қалдырыңыз», – деді. Ол әрқайсысын
жекежеке сипаттап шықты. Саид хан біреуін алды. Ол
арғымақтың аты – Оғылан Тұрық
еді. Шынында да ондай
арғымақ бұдан кейін туған жоқ. Қасым хан тағы бірнеше атты
сол үйірден таңдап, алдына тартты.
Сонан соң қымыз арағы құйған кесені ханның алдына ұстап
тұрып Қасым хан: «Біздің қонақ сыйлауымыз осылай, егер
дәмін татсаңыз біз үшін үлкен мәртебе болмақ», – деді. Саид
хан осыдан біраз уақыт бұрын ішімдікті қойып кеткен еді. Сол
себепті: «Қойғаным бұл оқиғадан бұрын болған, енді сертті
бұзуым қалай болар екен?», – деді. Қасым хан: «Бұрын айтқандай,
біздің сусынымыздың ең кереметі – жылқының сүті және одан
дайындалатын тамаша өнімдер болып табылады. Егер бұл
өтінішімізді орындамасаңыз қонақ күтуде әлжуаз болып қаламыз.
Сізге қандай қызмет көрсетіп, көңіліңіздеен қалай шығу
керектігін біле алмадым. Сіздей қадірлі қонақ біздің дастарқанға
келуіне жылдар өтіп, мендей қонақ иесі бола берер дейсіз бе. Ал
мен сізді дұрыстап қонақ етіп, күте алмасам, бұл арманды қалай
орындай алар екенмін?», – деп басын төмен салып, жүзінен
мұңайған нышан көрінді. Саид хан ашылып Қасым ханның
көңіліне қарап, арақ сусынына ауысты. Қасым хан қатты қуанды.
Әңгіме басталып кетті. Жиырма күн қатарынан қымыз арағының
кесесін тауыса босатып ішіп жүрді.
Жаз айының аяғы еді. Қазақтар Қасым ханның бұйрығымен
қыстауға бет алды. Қасым хан: «Бұл кезде Шейбанға шабуыл
жасау қиын. Дала елі қазірден қыстың қамын жемесе болмайды.
Қазіргі кезде жорық жасау мүмкін емес. Әрі бұл уақытта әскер
де жинала алмайды», – деді. Ол сыпайы түрде жорыққа шығудан
бас тартты. Кешірім сұрады. Бірақ әр түрлі адамгершілік, ілтипат
көрсетіп, Саид ханға қайтуына рұқсат етті. Өз көшін туған
жеріне қарай бастады. Саид хан өте қатты риза болып қайтадан
Әндіжанға аттанып кетті. Шілде айы еді.
Хан сарайының бір ғалымы бұл оқиғаға Қазақ бейбетісөзінен
хронограмма тапты ол – 919 һижри қәмәри (1513 милади) жыл.
қожа тәжеддиннің тұрфанға қайтуға рұқсат алуы
жайында және тайыр ханның қазақ-өзбекпен бітіме келуі
һәм сол күндері болған оқиғалар
Қожа Тәжеддин Тұрфаннан келген соң, Саид хан қожаға
лайықты құрмет көрсетіп, сыйлады. Ол бір жыл Жаркентте
болды. Одан кейін қожаны дәстүр бойынша Тұрфанға
құрметтеп қайтарды. Келесі қыста Рашид сұлтан жорыққа
шықты. Қалмақтарды қуып, қалмақтың Йаран Тайшы атты
әмірін өлтірді. Ғазауатқа қатысу абыройына да ие болды.
Ол Қошқарда қыстап шықты. Саид хан тағы да азғантай
адаммен оған келіп қосылды. Қыстың орта кезінде сонда
Тайыр хан келді, жоғарыда қысқаша қазақ хандары жайында
айтылғанда Тайыр хан туралы да баяндаған еді. Елшілер
алмасқаннан кейін былай болып шешілді:Тайыр хан ханға
келетін болды және оған ханның әпкесі Сұлтан Нигар ханымды
әкелетін болды.
Осы Сұлтан Нигар ханым бұрын айтылғандай, Сұлтан Жүніс
ханның төртінші қызы еді. Сұлтан Маһмұд мырза Әбусаид
мырзаның баласы қайтыс болған соң, оны қазақ ханы Жәнібек
ханның баласы Әдік сұлтанға күйеуге берді. Осы ханымның
Мырза Сұлтан Маһмұдтан Мырза хан атты бір перзенті болған.
Ол Бадахшанда патша болған, 917 һижри қәмәри (1511 милади)
жылы өз ажалынан қайтыс болды. Оның ұлы Сүлеймен шаһ
мырза қазіргі уақытта Бадахшанда патша. Сұлтан Нигар
ханымның Әдік сұлтаннан екі қызы болды. Үлкенін Обейдолла
сұлтан Көшім ханның ұлына күйеуге берді.
Бірақ ол көп ұзамай қайтыс болды. Одан кішісін осы
аралықта Рашид сұлтанға ұзатқан еді. Ол жөнінде алда
баяндалады. Осы Сұлтан Нигар ханымды Әдік сұлтан қайтыс
болғаннан кейін оның бауыры Қасым хан некелеп алды. Қасым
хан дүние салған соң, хандық тақ Тайыр ханға тиді. Ол Әдік
сұлтанның ұлы еді. Ханымды туған анасынан да артық құрмет
тұтатын. Ханым да оны сыйлайтын. Содан ол Тайыр ханға өтіне
отырып айтты: «Сен менің перзентімдейсің, сен түрғанда мен
басқа бала туралы ойламаймын һәм армандамаймын. Бірақ
мен қартайып, шаршадым. Менде Өзбекстанның қаласында
көшіпқонып жүретін әлқуат жоқ. Енді ғұмырымның қалған
уақытын қаладағы немере інім Сұлтан Саид ханның жанында
болып, дүниеден тыныш көз жұмсам деймін. Қазір сенің
Өзбекстанда маңғыттардың кесірінен жұмысың алға баспай
отыр. Олардың шабуылынан сенің он ләк (1000000) әскерің
төрт ләкке (400000) кеміді, Сенде оларға қарсы тұра алатындай
күш қалмады. Сондықтан мен дәнекер болып, сені моғол
хандарымен, достасуға тиісті әрекетті жасаймын. Сөйтіп, сен
де маңғыттардың зиянынан аман боласың. Бұл сенің ісіңе де
лайықтау болады».
Бұл пікір Тайыр ханның көкейіне қонды. Содан Моғолстанға
барып, татуласу жоспарын жүзеге асыруға бет алды. Ол
Қашқардағы Саид ханға келді. Хан қадірменді әпкесінің
құрметіне Тайыр ханды орнынан түрегеліп, қарсы алып, оған:
«Мен сенің алдыңда тұруым төрелікке қайшы. Бірақ қадірлі
әпкемді маған жеткізіп, жасаған жақсылығың үшін тұруға
болады», – деді. Хан тұрды, Тайыр хан дәстүр бойынша алдына
келіп, басын иді. Хан оған әр түрлі патшалық ілтипат көрсетіп,
шын жүректен сыйлықтар тарту етіп, оны қуанышқа бөледі.
Сондайақ Тайыр ханның қарындасы яғни Сұлтан Нигар
ханымның қызына Рашид сұлтанға құда түсті. Қазір ол оның
үйінде тұрады, балалары бар. Олардың әрқайсысы туралы өз
ретімен айтыла жатар.
Ханның қайтар кезінде Мұхаммед қырғыздарды қайтадан
ұстап, тұтқындап, Қашғарға алып келген еді. Бұған себеп
болған нәрсе олардың тарапынан мойынсұнбау, бағынбау
әрекеттері байқалып, өзбектерге қашпақшы болды әрі оларға
қызмет жасағысы келді. Сол үшін ол тұтқында ұсталды. Хан
қайтыс болғаннан кейін қамаудан босатылды.
Хан енді Қашқарға қайтты да мені халықты тыныштандыру
үшін Моғолстанда қалдырды. Қырғыздарды басуға қанша
тырыссам да, олар бой бермей, қайтадан Моғолстанның шалғай
аймақтарына кетіп, Тайыр сұлтанға қосылды, қалған аз бөлігі
сол орнында қалды. Сол жылы хан перзентті болды.