Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет дат! 6-б етте Қуаныш СҰлтанов



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата12.01.2017
өлшемі6,66 Mb.
#1735
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

ДАТ!

6-б

етте

Қуаныш СҰЛТАНОВ:

Тәуелсіздік – 

ұлттық сана 

жемісі


www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Дәуір бізді таңдады

МЕРЕЙ


Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назар баев-

ты ай рықша үлгідегі «Елбасы» төсбелгісімен мара пат-

 

тау туралы қаулыны сенаторлар бірауыздан қол-



дады.

Сенат төрағасы Қайрат Мәми атап өткендей, де пу-

тат тар мұндай шешімді қабылдау арқылы Мемлекет 

бас шысының Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы 

жә не дамытудағы орасан зор рөліне тарихи бағасын 

берді.


Президент сенаторларға аталған бастамалары үшін 

ри зашылығын білдіріп, Парламенттің Қазақстанның 

мем лекеттілігін нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап 

өтті.


– Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Парламент депу-

тат тары елдің, экономика мен қоғамның игілігі үшін 

үл кен жұмыстар атқарды. Біздің еліміз биліктің барлық 

тармағының тиімді өзара іс-қимылының арқасында 

барлық ауыртпалықтар мен қиыншылықтарды еңсере 

білді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жа-

ңа мемлекеттік мерекені – 1 желтоқсанда аталып өті-

ле тін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 

кү  нін белгілеуді қарастыратын «Қазақстан Респу бли-

ка  сындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы 

За  ңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес-

публикасының Заңына қол қойды.

Елбасы «Елбасы» 

төсбелгісімен 

марапатталды

Парламент Сенатында Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 20 

жылдығына арналған салтанатты 

жиналыста Мемлекет басшысына 

«Елбасы» төсбелгісі тапсырылды.

ОЙ-КӨКПАР 



«Қазақстан» атауын «Қазақ Республикасы» деп өзгерту қажет пе?

ИӘ

– Мен «Қазақстан» атауын «Қазақ 

Рес 

публикасы» деп өзгертуді қол-



даймын. Кезінде бұл ұсыныс қабыл-

данбай қалды. Негізі, біздің елдің аты 

о баста Қазақ Республикасы болып 

қалыптасуы керек еді. Біріншіден, 

«Қазақстан Республикасы» деген атау-

дың өзінде қателік бар. «Стан» деген 

сөз «елі», яғни «республикасы» деген-

ді білдіреді. Ендеше, біз Қазақстан 

Рес публикасы дегенде тағы бір «рес-

публикасы» деген сөз жасырынып тұр. 

Тофтология бар. Екіншіден, егер біз 

мем лекет атауын Қазақ Республикасы 

деп өзгертсек, ұлттық идентификация-

да ұтатын жеріміз көп. Қазіргідей бар-

лығы бірдей қазақстандықтар емес, 

қазақтар деп аталатын еді. 



ЖОҚ

– Бұл – Тәуелсіздіктің алғашқы 

жыл дарында кеңінен талқыға түскен 

мә се лелердің  бірі.  Мемлекетіміздің 

атауын Қазақстан Республикасы деп 

ата йық дегенде, «Қазақ Республика-

сы де геніміз дұ рыс» деп уәж айт қан-

дар да бол ды. Қазір де пікір таласты-

рып жү ретін азаматтар бар. Азаттық 

алған жы лы көпшіліктің қолдауымен 

елі міз дің қазіргі «Қазақстан» деген 

аты қа был данған болатын. Тәуелсіз-

ді гімізге 20 жыл толып жатыр, осы 

кез де елдің атын өзгерту дегеніміз 

қи сынға келмей ді. Қазақстан осы 

жү  ріп өткен азғана жолында әлемге 

ай шықты істер жасап, өзінің әлемдік 

қа  уым дас тықтағы  имиджін  қалып-



тас  тырып  үл гер ді.   

3-бетте

Әзімбай ҒАЛИ, 

саясаттанушы:

Ерлан АРЫН, С.Торайғыров атындағы 

Павлодар мемлекеттік университетінің 

ректоры, профессор:

Еліміз Тәуелсіздігіне 20 жыл толса да, 

мемлекетіміздің «Қазақстан» деген ресми 

атауын «Қазақ Республикасы» деп 

өзгертуге байланысты пікір әлі де бар. 

Қазақстан болып әлемге танылдық, 

абыройға кенелдік. Яғни бұл ресми ата-

удан зиян шекпегеніміз анық. Бірақ 

«Қазақ Республикасы» деп атауға 

құлықты азаматтар осы арқылы ұлттық 

бірегейлікті, тіл мәселесін шешуге болаты-

нын айтады. Ендеше, осы тақырыпқа бай-

ланысты әртүрлі ұстанымдағы 

азаматтардың пікіріне кезек берейік.

Бүгінгі дамыған мемлекет пен қазақ идеясының бірлігі

Әлемдік нарықты жаулап алу арқылы қарқынды өсіп келе жатқан 

Қытай экономикасы бүгінде талайға таңдай қақтырып отыр. Көрші 

елдің қазіргі даму жолының негізін қалаған Дэн Сяопинді қазір ғалам 

жұрты білгір басшы дейді. Мәдени революциядан кейін билік басына 

келген ол 1978-1979 жылдары дәстүрлі Қытай қоғамын нарықтық 

экономикаға бастады. Сол кездегі саясаттың жемісін қытай қоғамы енді 

көріп отыр. Яғни 32-33 жылдан кейін Қытай ІЖӨ бойынша АҚШ-тан 

кейінгі екінші сатыға көтерілді. Енді мына бір ұқсастықты қараңыз, 1997 

жылғы халыққа Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 

– 2030» даму стратегиясын жариялады. 1998 жылдан бастап нақты іске 

асырыла бастаған стратегиялық жоспарды ертегіге балап сынағандар 

да болған. Қытай тәжірибесіне салып қарасақ, 1998-2030 арасы тура 32 

жыл. Демек, Қазақ елінің әуелден жеті рет өлшеп, бір рет кесіп жасаған 

ауқымды жобасы әлі толықтай жүзеге асқан жоқ десе де, кәмелеттік 

жасқа толған «Қазақстан – 2030» қазірдің өзінде өз жемісін беріп 

келеді. Аталған даму жоспары әзірленгенде жан басына шаққандағы 

табыс мөлшері 1000 АҚШ долларына да жетпеген. 

Қазақтың ұлық мерекесі – 16 желтоқсан 

– Тәуелсіздік күні. Бүгін азат Қазақ 

елінің ең қастерлі де киелі құндылығы 

– ел Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. 

Ұлтымыздың мерейлі мерекесіне орай 

кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 

арналған салтанатты жиын өтті. 

Мемлекеттік органдардың басшылары, 

Үкімет мүшелері, Парламент Сенатының 

депутаттары, дипломатиялық корпус 

пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, 

Жоғарғы соттың судьялары, Қазақстан 

халқы Ассамблеясы Кеңесінің өкілдері, 

шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері 

бар 3000-нан астам қонақ қатысқан 

салтанатты жиында ҚР Тұңғыш Президенті-

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеген 

болатын. 

БЕЛ А


С

У

Жалғасы 4-бетте 



Жалғасы 2-бетте 

Салтанатты жиын барысында Елбасы Нұр-

сұл  тан Әбішұлы алдымен Қазақстан халқын 

Тә уел сіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, бай-

тақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күннің ерек-

ше лігін  атап  өтті: 

– Бүгін – бабалар аңсарын ақиқатқа ай нал-

дыр ған еліміз үшін ұланғайыр той. Ендеше, 



бар  ша Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күні ме-

нен, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен шын 

жү  ректен құттықтаймын! Алтын таққа отырған 

ас  қақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған 

кер заманды да бастан кешкен елміз. Сондықтан 

хал   қымыз азаттық рухын терең сезініп, жан-жү-

ре гімен түсіне біледі. Бірлігі кетіп, берекесі қаш-

қан халқымыз «Ақтабан шұбырынды, алқакөл 

сұ ламада» қынадай қырылған. Аласа пы ран за-

манда ағайынның ала уыз ды ғынан басына бұ-

ға лық түсіп, бұлт үйірілген бұл дыр күндер де 

ха лықтың басынан өтті. Сон дықтан да даныш-

пан Абай: «Бас-ба сы на би болған өңкей қиқым, 

Мі неки, бұзған жоқ па, елдің сиқын» деп күңі-

рен ді. Бірақ тағ дырдан талай теперіш көрген 

хал қымыздың рухы жасымады. Азаттық Ұлы 

Да ланы мекен еткен аталарымыздың асыл ар-

маны еді. Біз осы асқақ арманға қол жеткіздік. 

Ер кіндік аңсаған қазақ халқының өршіл мінезі, 

намысты жаныған жастар бұлқынысы Желтоқ-

сан да жанартаудай жарқ етіп, жаңа тари хы мыз-

 ға елеулі із қалдыр ды. 

Жастар жүрегіне жара салған Желтоқсан 

күн  дерін жұрт жадында мәңгі қалдыру мақ са-

тында көптеген шаралар атқарылғанына тоқ-

тал ған Мемлекет басшысы қыршынынан қиы-

лып, Желтоқсанның символына айналған Қай-

рат Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы 

бе    рілгенін,  Астана  мен  Алматы  және еліміздің 

бар  ша өңірлерінде Желтоқсан атына көшелер 

бе   рілгенін,  ескерткіштер  орнатылғанын  айтып 

өтті.

1997 жылдың 10 қазанында Президент халыққа арнаған 



Жол дауының кіріспесінде: «Бұл бізге не үшін қажет? Менің 

ойым ша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен 

ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сү-

руге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді. Өзі-

міз  дің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стра-

те гияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде 

ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-

бұ  рылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз 

бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз», 

– деген болатын. Елбасының осы сөзінен-ақ оның Қазақ стан-

ды қиын-қыстау кезеңнің өзінде қайда, қалай бастайтынын 

аң   ғаруға болады. Тұңғыш Президент әу баста батыл саяси 

ше   шімдерді мемлекеттің игілігі үшін қабылдағанын түсінеміз. 

Ха лықтың әл-ауқаты қазіргіден 9 есе төмен болғанда мем-

ле   кет елорданы Ақмолаға көшірді. Әдетте мұндай страте гия-

лық шешімдерге бұқара наразылық білдіреді. Ал Қазақстанды 

ме кендейтін халық ұлтына, дініне, саяси көзқарасына қа ра-

мастан, Мемлекет басшысының шешімін қабыл алды. Тә уел-

сіз дік алғанына 10 жыл толмаған Қазақстанның жасаған 

ша руа ларына «көтере алмаған шоқпарды беліне байлап» 

де  ген сыни көзқарастар да болды. Алайда қажырлы қайрат-

тың, үлкен парасаттылықтың арқасында бәрі оңтайлы шешіл-

ді. 

«Қазақстан – 2030» даму стратегиялық бағ дар ла ма-



сын да ғы ең негізгі жеті басымдық мемлекет дамуының 

негізін қа лады. Еліміздің соңғы мүшелдегі дамуы мынандай 

жеті мін дет негізінде жүргізілді. Олар: 1.Ұлттық қауіпсіздік; 

2. Ішкі сая си тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. Шетел 

ин вес ти цияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық 

эко но ми каға негізделген экономикалық өсу; 4. Қазақстан 

аза мат тарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. 

Энергетика ресурстары, 6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік 

және байланыс; 7. Негізгі міндеттермен ғана шектелетін 

кәсіпқой мемлекет.

№224 (676) 

16 желтоқсан

жұма 

2011 жыл


Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№222 (676) 16.12.2011 жыл, сәрсенбі          



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№224 (676) 



16.12.2011 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



Д.МЕДВЕДЕВ, Ресей Федерациясының Президенті:

– Қазақстандағы жүйелі жаңарулар біздің елдеріміздің достастығы мен тату көршілігінің бекем дәстүріне негізделген 

Ресей-Қазақстан стратегиялық әріптестігінің жоғары динамикасына оңды әсерін тигізуде. 

Қазақстанның интеграциялық үдерістердегі белсенді рөлін баса атап өткім келеді. Кедендік одақтың оңтайлы 

жұмысы, Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуы, Еуразиялық экономикалық одақ құруға жасалып отырған нақты 

қадамдар екіжақты тиімді әріптестіктің жан-жақты дамуына жаңа сапалық негіз болмақ.

РУХ


Дәуір бізді таңдады

«Бостандықты бағалаудан, азаттықты 

ар дақтаудан, Тәуелсіздікке тәу етуден ар-

тық еш қандай бақыт жоқ. Тәуелсіздік – тә-

уекел еткеннің ғана тағдырына бұйы ратын 

ба қыт. Егемендік алу оңай емес, ал еңсесін 

тік те ген ел болу одан да қиын. Біздің ал-

ды мызда Тә уелсіздікті қорғау, татулықты 

сақтау,  тұ рақ  тылықты  орнықтыру  секілді 

аса күрделі та рихи істер тұр. Мыңжыл дық-

тар тоғыс тыр ған алмағайып кезеңде мем-

ле кет құру, ел болу міндеті бізге жүктелді. 

Ке лер ұрпақ ал дындағы істерді біз абы-

рой мен атқарып шықтық. Дүниежүзінің 

та рихында ешбір мем лекет азаттығының 

ал ғашқы 20 жыл дығында осынша қар-

қын ды өрлеу үлгісін көр сете алған емес. 

Бұл – Қазақстанның сөз сіз мойындалған 

да ра даму даңғы лы ның айқын көрінісі», 

– де ді Елбасы. 



БАҚ БАҒАЛАҒАННЫҢ БАСЫНДА 

ТҰРАДЫ

«Қастерлей білмесек, қасиеттің де құ-

ны қалмайды. Күлтегіннің тұсында «елді 

тү зеген, бәрін бейбіт еткен, азды көп қыл-

ған, кедейді бай қылған, тату елге жақ сы-

лық қылған» де ген сөздер бар. Осының 

бә рі маған дәл бү гінгі Қазақ елі үшін ай-

тыл ғандай  әсер  қал ды рады.  Жұлдыз ды  20 

жыл да біз елдің кө шін аудармай, шаңы ра-

ғын шайқалтпай, ір гесін бекітіп, шекарасын 

заң жүзінде ше ге ледік. Мемлекеттік құ ры-

лым дарды негіздеп, алтын арқаулы үзіліп 

қал ған игілікті дәстүр лер ді қайта жалғап, 

оны берік орнықтырдық. Елтаңбаны ай-

шық тап, күн астындағы алтын қыраны қа-

лық таған көк байрақты шарықтатып, Ән-

ұран ды шырқаттық. Жұлдызды 20 жылда 

ұлт ты ұйыстырып, қаймағы бұзылмаған 

бе рекелі бірлік орнатттық, ұлтаралық ке лі-

сім мен діни түсіністікке негізделген бірегей 

қо ғам қалыптастырдық. Елдігіміз ең се ле-

ніп, дүниежүзі қазақтарының құрылтайын 

өт кіздік, тағдырдың талайымен әлемге та-

ры дай шашылып кеткен қандастарымызды 

құт ты қара шаңыраққа қайта жинадық. Біз 

әлем дік үйлесімнің этностар арасында жа-

ра сымының бірегей үлгісіне айналған Қа-

зақ стан халқы Ассамблеясын қа лып тас-

тыр дық, адамзатты жаппай қырып-жоятын 

жойқын қарудан біржолата бас тартқан 

еліміз бейбітшіліктің белдеуіне айналды. 

Біз әлемнің алпауыт мемлекеттерімен те-

ре  зесі тең жағдайда әріптестік қарым-қа-

ты нас орнаттық. Кеткеніміз келді, кем ші лі-

гі 

міз толды, ұлттық құндылықтарымыз 



ұлық тала  бастады». 

ДҮНИЕДЕ ҚАЗАҚ ДЕГЕН ЕЛ БАРДА 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘҢГІ ЖАСАЙ БЕРЕДІ

«Баршаңыз білесіздер, Қазақстан хал-

қын біріктіретін қуатты құрал – бұл біздің 

мемлекеттік тіліміз. Жойылудың ал дында 

тұр 

ған қазақ тілі мемлекеттік мәр 



тебе 

алып, Тәуелсіздікпен бірге қайта тү леді. Біз 

Тә уелсіздік жылдарында қазақ тілінде бі-

лім беретін 1000-нан астам мек теп тұр ғыз-

дық, 1991 жылы қазақ тілінде білім алған 

шә кірттер саны 32 пайыз болса, ол көрсет-

кіш бүгін 85 пайыздан асты, енді 2020 

жыл ға дейін мемлекеттік тілді меңгерген 

отан дастарымыздың үлесін 95 пайызға 

жет кіземіз. Бұл межеге біз кезең-кезеңмен 

же туді көздеп отырмыз. Қазір елдегі өзге 

эт нос өкілдерінің 30 мыңнан астам баласы 

қа зақ тілінде білім алуда. Тәуелсіздік жыл-

да ры қазақ халқы ұлыстың ұйытқысына, 

қа зақтың тілі тұтас ұлыстың ортақ тіліне ай-

нал ды. Әрине, тіл мәселесі уақыттың ен-

ші сінде. Санның артуы, сананың орны ғуы-

мен барлығы өз орнына келер. Бұл орайда 

біз дің басты байлығымыз ел бірлігі екенін 

еш уақытта ұмытпауымыз керек. Еліміз 

қуат ты болса, мемлекеттік тілдің болашағы 

да сонша лық ты шуақты болмақ. Дүниеде 

қа зақ де ген ел барда қазақ тілі мәңгі жасай 

бе  ре ді!»



«МӘДЕНИ МҰРА» МӘДЕНИЕТКЕ 

СЕРПІН БЕРДІ

«Тәуелсіздік арқылы мәдениетіміз құ-

лашын кеңге жайып, қарқынды дамуына 

зор мүмкіндік алды. Менің тапсырмаммен 

басталған «Мәдени мұра» бағдарламасы 

бұ  ған үлкен серпін берді. Шетелдерден қа-

зақ тың мәдениеті мен тарихына қатысты 

5000-нан аса қолжазба мен көшірмелер 

әке  лінді. Соның бәрі ел игілігі мен мемле-

кет тің мүддесі үшін, ең бастысы, қазақ хал-

қы үшін атқарылды. Қаншама жәдігерлерді 

жөндеп іске қостық. 700-ден астам тарихи 

ес керткіштеріміз қалпына келтірілді, «Қа-

зақ тың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі» 

жа рыққа шықты, қазақ халқы ның көптеген 

кемеңгерлерінің,  философ та рының  еңбек-

те рі қайта басылды, әлемнің көптеген тіл-

де  ріне аударылды. Бұл біздің қазақты дү-

ние жүзіне паш ету үшін, елі міз дің кемеңгер 

ба баларының бар екендігін біл гізу үшін 

жа салған  болатын».

ДІННІҢ ДІҢГЕГІ – ДӘСТҮР

«Егемендік арқылы ата дініміз өркен 

жа йып келеді. Біз Тәуелсіздік жоқ жерде 

діннің де болмайтындығын тарихымыздан 

жақсы білеміз. Осы орайда тарихқа жү гі-

ніп, бір жайтты еске салғым келеді. Діннің 

діңгегі – дәстүр, дін әр елдің дәстүрімен. 

Өз генің қаңсығы бізге таңсық бола ал май-

ды. Біздің ғасырлар бойы қалыптасқан ір-

ге 


лі салтымыз, дәстүріміз, ата-бабадан 

қал ған айқын бағытымыз бар. Сол жолмен 

жүр геніміз  абзал».

 

ТӘУЕЛСІЗДІК САНАСЫН ОРНЫҚТЫРУ 



– ЗИЯЛЫ ҚАУЫМНЫҢ ҚАСТЕРЛІ 

БОРЫШЫ

«Елді бірлікке бастаған абыздар мен 

жы раулардың қазіргі жалғасы бүгінгі орта-

мыз дағы зиялы қауым өкілдері болып са-

на лады. Бүгінгі қоғамда Тәуелсіздік сана-

сын орнықтыру – осы зиялы қауымның 

қас терлі борышы. Арқалы ақындар азат-

тық ты жырлап, жазушылар егемендікті ар-

қау етуі қажет. Бабаларымыз «егемен бо л-

май ел болмас» деп жырлағандай, біз үшін 

Тәуелсіздіктен асқан ешқандай тақырып 

болмауы керек. Тәуелсіздік санамен бірге 

елшіл мүдде, мемлекетшіл мұра нығаяды. 

Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір 

азаматы білуі тиіс». 

ІЗГІЛІК ШУАҒЫН ШАШҚАН – АСТАНА 

«Жұлдызды 20 жылда біз қуатты эко-

но миканы құрдық, оны қарқынды да мыт-

тық. Біз ұзақ мерзімді стратегиялық жос-

пар лар жасап, іргелі бағдарламалар қа-

был дап, оны сапалы жүзеге асырып ке ле-

міз. Жұлдызда 20 жылда біз астанамызды 

Ала 


тау баурайындағы ару Алматыдан 

арқадағы аяу лы Ақмолаға көшірдік. Азат-

тық тың алтын қазығындай асқақ Астана аз 

жыл да жаһандық бастамаларға жол са ла-

тын ақжолтай қалаға айналды. ЕҚЫҰ-ның 

тізгінін ТМД мен Азия елдерінің ішінде ал-

ғаш рет қолға алдық, әлемдік деңгейдегі 

мұндай мәртебелі миссия қазақ баласына 

бұрын-соңды сеніп тапсырылғанын көрген 

емес едік. Ұйымның мыңжылдықтағы ал-

ғаш қы саммитінде адамзат тағдыры та ра-

зы ға  түсіп,  Астана рухы ізгілік шуағын 

шаш ты. Осылайша біз Астанада, яғни Қа-

зақ төрінде батыс пен шығысты тоғыс тыр-

ған Азия мен Еуропаны жалғадық. Осының 

бә рі – сіз бен біздің, барша қазақстандық-

тардың мерейі арқылы еншімізге бұйырған 

ерен бақыт. Сондықтан мен барша отан-

дас та рыма  шын  жүрегіммен  риза шы лы-

ғым ды  білдіремін». 



ҚАЗАҚСТАН – ЖЕМІСТІ 

МЕМЛЕКЕТТІК ЖОБА

«Қазақстан ХХ ғасырдың аяғында бір-

қа тар империялар күйреген тұста жаңа 

мем лекет ретінде ірге тіктеді. Алып им пе-

рия ның бірі – Кеңес Одағы біздің көз ал-

ды мызда қирады. Біз одан орасан зор зар-

дап шектік. Мәселен, ұлы дағдарыс АҚШ 

эко номикасына 29 пайыз көлемінде зиян 

әкелді. Кеңес Одағының тарауы бұрынғы 

ке ңестік елдердің экономикасын 50 па-

йыз дан аса құлдыратты. Кеңес құ ра мын-

да ғы 15 елдің ішінде Қазақстан 13-орынды 

ие ленетін еді. Көпшілік бізді өзара тартысқа 

тү 


сіп жатқан кедей ел деп есептейтін. 

Естеріңізде болса, 1998 жылы белгілі сая-

сат танушы Збигнев Бжезинский Қа зақ-

стан ның Еуразияда ғана емес, тіпті Орталық 

Азия ның өзінде елеусіз, болашағы бұ лың-

ғыр ел екенін айтқан еді. Ал енді биыл, 

2011 жылы Еуропа кеңесінің бас хатшысы 

Ян гланд мырза екеуара әңгіме кезінде бы-

лай деді: «Әлемнің кез келген тұрғыны Қа-

зақ станның тек өңірде ғана емес, әлемдік 

дең гейде де зор табысқа жеткенін айта 

ала ды». Мұндай пікірлерді айтып жүрген 

сая саткерлер аз емес. Бұл – біздің жас 

мем лекетіміз үшін үлкен баға. Қазір ха лық-

ара лық сарапшылар бір ауыздан Қа зақ-

станды жемісті мемлекеттік жоба деп са-

найды. Мен мұнымен толық келісемін».

ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДА

ЖІӨ КӨЛЕМІ 16 ЕСЕ ӨСТІ!

«Бүгін неден бастағанымызды еске 

ала тын кез. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл-

да рында халқымыздың 40 пайызы кедей-

ші лік шегінде өмір сүрді. 1990 жылмен 

са лыстырғанда өнеркәсіп өндірісі екі есе, 

ал ауыл шаруашылығы үш еседей төмендеп 

кет ті. Инфляция 2000 пайыздан жоғары 

шыр қап кетті. Біз тиімді экономикалық 

жаң  ғыруларды  бастадық.  Қазақстандық 

жол бағаны ырықтандыру, ұлттық валю та-

ны енгізу және банк жүйесін құру, мем ле-

кет тік меншікті жекешелендіру және на-

рық тық қатынастарға көшуден басталды. 

1999 жылдан бастап экономика өсімнің 

се німді көрсеткішіне айналды және 2007 

жылға дейін жалпы ішкі өнімнің жыл са-

йынғы өсімі орташа алғанда бір жылда 10 

па йызды құрады. Шағын және орта бизнес 

субъектілерінің саны 35 еседен астам өсті. 

Бұл «Қазақстан – 2030» даму страте гия-

сы ның алғашқы нәтижелері болды. Қа зақ-

стан ТМД-ның өзге елдеріне қарағанда 

на рыққа өтуді табысты жүргізді. Осы жылы 

Бүкіләлемдік банктің бизнесті енгізу бо-

йын ша рейтингісінде Қазақстан 47-орын-

ды иеленді. Ұлттық банктің Ұлттық қордың 

ак тивімен жиынтық резерві 80 миллиардқа 

жуық долларды құрады. Егер 1993 жылы 

жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 

700 долларды құраса, ал бүгінде 11 мың 

дол лардан астам көрсеткішке жетті. Бү кіл-

әлем дік банктің классифика циясына сәй-

кес, Қазақстан табысы ортадан жоғары 

дең гей дегі елдердің тобына енді. Бұл – 16 

есе өсім!» 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет